Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

ТАРИХИ ТҰЛҒА САУРАНБАЙ

  Қазақ елінің рухын көтеру үшін, оның тарихын білу - біздің азаматтық борышымыз. Отан тарихы өлке тарихынан бастау алады. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Қазақ халқының тағдыры мен тарихында қасиетті де киелі Сыр елінің алар орны айрықша. Сыр елі - қазақтың қара шаңырағы. Оның тарихы мен шежіресі - халықтың баға жетпес асыл мұрасы, алтын қазынасы. Іргелі ел болу жолында өзінің тұтастығын, болашаққа деген үкілі үміті мен сенімін қасиетті бойтұмардай қастерлеп сақтай білген қазақ халқы талай-талай қиын кезең-дерді басынан өткерді. Ел азаттығы жолында мың өліп, мың тірілген қазақ халқының тарихында небір ауызы дуалы шешендер, ел қорғаған батыр бабалар, ел басқарған болыс-билер өткені мәлім. Солардың бірі - өзінің қиын сәттерде жол таба білер тапқырлығымен, айла-ақылымен, сұс-айбарымен бүкіл Сыр еліне таныла білген Сауранбай болыс. 

  Сауранбай Құлманов Қараөзек елді мекенінде 1848 жылы кедей отбасында дүниеге келген. Қараөзекке қоныс аударылған орыстардан әліппе үйреніп, орысша тіл сындырған. Жасөспірім шағынан-ақ байлар-дың малын баққан ол орысша сауатты болған-дықтан базардағы мал саудасына белсене араласқан. Өйткені, Сауранбай мал сататын қазақ пен оны сатып алатын орыс арасында тілмаш болған көрінеді. Тереңөзек кіре тартқан орыстардың жолында жатқандықтан малын базарға сатқысы келетін қазақ байлары Сауранбайды іздеп тұратын болған. Әрине, оның қызметіне ақы төленеді. Ол мал бағып жүріп-ақ тұрмысы төмен отбасыларына өзіндік көмек көрсетіп отырған екен. Араб тілін жетік меңгерген. 

  Сауранбай он тоғызыншы ғасырдың соңында Қараөзек елді мекеніне болыс болып сайланады. Осыған дейін жертөлелерде өмір сүріп келген өз халқын қақыра (каркас) үй салуға үйреткен. Сонымен қатар бірыңғай кетпенмен басын Сырдариядан алдырып, бірнеше канал қаздырған. Ол каналдардың барлығы қолдан жасалған арнайы көлге құятын болған. Көпшілікке сол жасанды көлден балық аулатып, оны тұздап, ыстап қала орталығына сатуды ұйымдастырған, яғни ол көшпенді халықты отырықшылыққа, одан саудаға үйреткен. Саудадан түскен қаржы мен ысталған балық өнімдерінен түскен қаражатқа бидай, тары, қауын-қарбыз тұқымдарын сатып алған, дайын балық өнімдерін тұқымға айырбастап, оларды ектірген. Болыстың әріден ойлайтындығы болар, егілген өнімді есептеп алатын жауапты кісі ұстап, артық өнімді сақтайтын қамба қаздырған. Сонымен қатар қарамағындағы кедейлерге жазда пішен орғызып, оны мал аяғы баспайтын жерге жинатқан көрінеді. Малы көп байлар Қарақұм мен Арысқұмды жаз жайлап, қара күзде Сырға құлағанда қырда жиналған шөпті сатып алған, болмаса малға айырбастаған. Сөйтіп кедей отбасында өмірге келіп, кедейшіліктің дәмін татқан, он жылдай жалшылықтың қамытын киген Сауранбай болыс өзі билік жүргізген тұста аймағындағы кедей-кепшіктің хал-жағдайына әр кез көңіл бөліп, олардың қалыпты өмір сүруіне жағдай жасап отырған екен. Қиналғандарға көмек көрсеткен. Сонымен бірге болыс халықты көшпенді-ліктен отырықшылыққа үйретіп қана қоймай, мешіт салдырып, бала оқытуды жолға қойған. Алайда, Кеңес үкіметі кейін ол салдырған мешітті бұздырып тастаған. 

  Қандай іске де қиналмай кірісіп кететін Сауранбай өзі билік құрған Перовск уезі Қараөзек болыстығын отыз сегіз жыл алты ай басқарды. 

  Сыр бойында қанша уақыт озса да, аты мен заты өшпеген теміржол өткелі болған Сауранбай көпірі - тарих таңбалаған ескерткіш-тердің бірі. Сыр бойына темір жол құрылысы келген кезде (1903 - 1905 жылдары) Қараөзек тұсынан өтетін теміржол көпірін салуға байланысты мәселені ақылдасып шешуге Сауранбайды инженерлер мен уезд басшы-лары шақырған екен. Себебі, Сауранбай "Өгіз кеткен" арнасын кетпенмен қаздырып, оның үстінен өтетін темір жол көпірін салудың барлық шығынын өз мойнына алыпты. 1903-1904 жылдар шамасында Қызылордадан 15 шақырым төменде "Өгіз кеткен" деген жерде ояз әкімшілігімен, темір жол құрылысын жүргізетін басшылармен алғашқы келіссөз нәтижесіз аяқталады. Араға біршама уақыт салып екінші рет жолыққанда темір жолдың қазіргі құрылысына келіскен Сауранбай канал үстінен салынатын темір жолдың көпірінің барлық шығынын өз мойнына алған. Темір жол көпірін салдыруға өзі 300 түйе мен қаражатын қосқан. Міне, содан бері Қараөзектегі көпір "Сауранбай көпірі", ол қаздырған канал "Сауранбай каналы" аталып келеді. Көпірдің ұзындығы 78 метр, биіктігі 5,3 метр. Темір металдан жасалған. 

  Сауранбай болыс канал мен көпірден өзге темір жол бойына разьездер мен депо, су құбыры башнясы, станса салу жұмыстарының ұйымдастырушысы болған. Оның басшылы-ғымен салынған су башнясы бір ғасырдан астам уақыт асса да, Қараөзек ауылының тұрғындары әлі күнге дейін ауыз суды осы башнядан тұтынып келеді.

  Сол кездегі Сыр еліндегі қаңлы Жүсіптің Нақып қожамен айтысқанда: 

  Сауранбай, Бисенбай мен һәм Медетбай,

  Олар бір халық ішінде қадірлі адам, - деп ел ішінде сыйлы адам болғанын айтып, таныстырады. 

  Сауранбай болыс туралы 1970 жылы белгілі ақын Асқар Тоқмағанбетов өзінің "Жыр күмбезі" деген кітабында "Сауранбай аз сөйлеп, көп тыңдайтын адам болған, тәкаппар-лығы да, қадалып қараған адамын жасқан-дырып тастайтын уыты да бар болған кісі. Көзінің қарасынан аласы көп, шағырлау келген жолбарыс мінезділігі үшін жұрт оны "Шағыр көз жолбарыс" деп атап кетіпті" деп жазды. Көпті көрген шежіре қарт Мұңайтпас Ағынбаев ақсақалдың айтуы бойынша, қазақтың атақты палуаны Қажымұқан Мұңайтпасов әр кез Қараөзекке келіп, Сауранбай ағасына сәлем беріп тұрған. Сауранбайдың атасы Құлман мен ағасы Елікбай - жалайыр руының биі болған адамдар. Ал, Сауранбайдың үлкен ұлы Ыбырай 1914-1920 жылдары Қараөзек болысының басқарушысы болған. Сол жылдары кете Жүсіп пен қаңлы Жүсіптің арасындағы 8 жылға созылған ұзақ айтыс осы Ыбырайдың үйіндегі қонақасы үстінде татулықпен аяқтал-ған екен. "Әке көрген оқ жонар" дегендей, Сауранбай баласының бұл ісі көпшілік арасында жақсы әсер қалдырды.

  Жүсіп, Оңғар, Жарылқап ақындар жырла-рында Сауранбай туралы деректер кездеседі. Жарылқаптың 1912 жылы Сауранбай болысты атқанда шығарған толғауы (336 жол) сақталынған. Жарылқап ақынның "Ақмешіт жақсыларына айтқан арнау сөзі" өлеңінде:

- Әммеден ілгерірек аман айтып,

Мақтанды сол арада мәртебесі.

Мұңайтпас, Ақберген мен мырза Аббас, 

Болыс Сауран, бұл ерлер - сайдың тасы,- деп сол кездегі елдің қамын ойлаған азаматтарды мақтай отырып жырлаған.

Лайық заманға сай айттың ақыл,

Болар деп шорт қайырсам көңіліңе обал.

Мүліктеніп әркімдер өз көңілінде, 

Айналды ауа жолда ақылы дал.

Кеселеп кедергіден кейін қалмады,

Қайқайып қапелімде бір-екі шал,- деп жырлаған Қаңлы Жүсіп Қадірбергенұлының "Сауранбайға" атты туындысынан Сауранбай болыстың Сыр еліне ақылымен де, айбарымен де  дара тұлға болғанын байқаймыз.

  Сауранбай атаның бес ұлы, бес қызы болған. Ыбырай, Махан, Ахмет, Әли, Жүсіпбек, Ақсет, Фатима, Бәтима, Патыма, Асия.

  Кеңестік большевиктердің жоғарыдағы тал түстегі әділетсіз тонау саясатына Сауранбай Маңғытұлының көнбегені, наразы болып ішқұса болғаны ақиқат. Бірақ бойдан күш-қуат кетіп, қартайған шағында мұндай зорлық-зомбылық көру ер көңілді, намысты биге ерекше әсер етіп, оны құлатса керек. Көп ұзамай сол жылы 71 жасында дүниеден өтіпті. 

  Көзінің тірісінде көрегенділігімен, қайрат-керлігімен, халқына жасаған қайырымдылы-ғымен өз-өзіне өшпес ескерткіш қалдырған Сауранбай Маңғыт баласы Құлманов-тың атына Қызылорда қалалық мәслихатының шешімімен және қала әкімінің қаулысымен 2010 жылы қала орталығынан бір көше, бір тұйық көше атауы  берілді. Мұның өзі кезінде халқы үшін қалтқысыз қызмет еткен жанға бү-гінгі ұрпағының орнатқан ескерткіші іспетті.

  Бүгінде Сағындық Түгелбаев бастаған ағамыз бен Сауранбай атаның ұрпақтары Сауранбай болыс мешіті мен Сауранбай болыс медіресесін ашу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

  Қазақ руханиятының қайнар көзі ұлт мәдениетінің дамуында жатыр. Қашан да өткен мен бүгінді жалғап келе жатқан қазақ халқы құндылықтары маңыздылығын жоғалта қойған жоқ. Дәстүр сабақтастығы жалғасын тауып, асыл бұйымдарымыз өз мәнерін сақтады. Соның бір айғағы ертеде ата-бабамыз азық- түлік сақтауға арналған үй жиһазы ретінде кебежені және ағаш табақты қолданған. Бұл бұйым ескінің сарқыты, көненің көзі ретінде бүгінгі жас ұрпаққа кеңінен насихатталады. ата-бабамыздың мол мұрасы ретінде сақтаған көне бұйымдардың қасиетін жоғалтпай, өскелең ұрпаққа жеткізу азаматтық парыз.

  Мұны айтып жатқан себебіміз, Тереңөзек аудандық тарихи-өлкетану музейінде Сауранбай ата тұтынған ескі кебеже мен ағаш табақ сақталынған. Негізінен болыстың отбасы пайдаланған кебеженің ұзындығы - 70 см, ені - 41,5 см, биіктігі - 50 см. Бүгінде бұл кебеже құнды жәдігер ретінде Сауранбай болыстың, одан қалды Қараөзектің тарихын айшықтап тұр. Бұл дүниені көре отырып, Сауранбай болыстың рухын сезінгендей әсерде боламыз. 

  Сауранбай болыс Қараөзекте еңбек етіп,  талай бастамаларды  көтеріп, сол заманның бетке ұстарына айналды. Оның еңбегі еленіп, өзі басқарған аумақта Сауранбай көпірі әлі күнге халық игілігіне жарап тұр. Мұндай текті азаматтың әрбір істе жасаған қолтаңбасы болашаққа зор үлгі болары анық. 

  Ұлт тарихында туған жерге деген махаббат-тың маңызы қаншалықты биік болса, ұрпаққа да оның үлгісі, өмірлік өнегесі болу керек. Сауранбай болыс туралы жазу арқылы ұлттық ұлағатты меңзеп, ойлы жүректі оятып, әр жүрекке ізгілік шуағын себуді мақсат тұттым. Өйткені жаһандану заманында жүрек жылуы, елге деген ілтипаты, туған жерге тағзым қасиеттері әрбір саналы азамат сарайында сайрап тұрғаны абзал. Онсыз адамгершілік, құрмет, сыйластықтың құны тереңнен тебі-ренте қоймайды.

 

Лаура САПАРЖАНОВА,

№39 "Қызылөзек" орта мектебінің 

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Қызылорда қаласы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Журналистердің ақпаратына қаншалықты сенесіз?

мүлдем сенбеймін - 45%
журналистке байланысты - 15%
күмәнмен қараймын - 10%
толықтай - 5%

Дауыс саны: 20
The voting for this poll has ended on: 28 Маус 2019 - 17:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Тамыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 105 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.