Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

БОЙЫНА БАЙЫПТЫЛЫҚ, ЖАНЫНА ЖАҚСЫЛЫҚ ЖИҒАН ЖАН

   Французхалқыныңкөрнектіжазушысы, философМ.Монтеньөзсөзінде: "Денсаулық - бағажетпейтінжалғызғанаасылдүние. Олжақсыболуыүшіннеуақытты, некүш-жігерді, нееңбекті, тіпті, барлықдүниеніаямайжұмсаукерек. Денсаулықүшінөмірдіңбірбөлігіндеқиюғаболады. Денсаулықсызөмір - қызықсызәлемдепесептеймін",- дегенеді. Қандайкереметайтылған?! Иә, адамбаласыныңденсаулықсызөмірімәнсізекенбелгілі. "Адамжаныныңинженері" депаталатынкүлліақхалаттыдәрігерлердіңалдынанақыл-кеңесалмайтын, емделмейтінадамбұләлемдекемде-кемболсакерек. Бізәңгімеміздеосындайжандардыңбірінайтқалыотырмыз. Кейіпкеріміз - ҚРденсаулықсақтауісініңүздігі, жоғарыдәрежелідәрігер, қоғамқайраткері "АмбулаториялықемханалыққызметібарАралаудандықорталықауруханасы" ШЖҚМКК-ғақарастыаудандықемханамеңгерушісіШарапатАлпысбайұлыМедетов.

 

Расында, дүниеде мамандық түрі сан алуан. Олардың көпшілігі 4-5 жылдан артық оқымайды. Ал, дәрігерлік мамандығын жеті жылдан кем оқымайсьң. Сондьқтан, басқа мамандықтарға қарағанда дәрігерлік кәсіптің өзіндік ерекшелігі, қыр-сыры бар. Шарапат Алпысбайұлы осы мамандықты таңдауыңыздың құпиясы жөнінде сыр шертті.

Қоғамда адам жанының арашасы атанған дәрігер мамандығы жоғары бедел мен құрметке лайық. Ол сол дәрігерлердің бірі болуды кішкен-тай кезінен армандаған. Оған ешкім "дәрігер немесе басқа мамандықты таңда" деп кеңес берген емес екен. Бұл - жүрек қалауы. Таңдаған мамандығы өзіне ұнайды. Қаншама адамның жанына дауа, дертіне шипа болардай ем тауып, өміріне араша түсіп, халықтың алғыс-сауабын арқалаған ак халатты абзал жандарға жас кезінен қызыға қарап өскен. Елбасының: "Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады" - деген дана-лық сөзінде терең мән-мағына жатыр. Нағыз дәрігер болу - өзгенің өміріне өзіңнің өмірің ретінде бойлай отырып, олардың жан дүниесіне кіре білу. Білімді, білікті, адамгершілігі мол, өз мамандығын жақсы көріп, ізденіп жүретін, жан-жақты дамыған, өмірді, жанұясын сүйетін адам ғана дәрігер бола алады. Себебі, алдына келген әр адамның жүрегіне үңіліп, онымен бірге мұңайып, қуанса қуанып, өмірге деген құштар-лығын ояту - дәрігердің басты міндеті. Адам үшін оның денсаулығы мен өмірінен артық құндылық жоқ. Осы құндылықты сақтауға кішкентай да болса үлес қосуды мақсат етіп, қиын екенін біле тұра осы мамандықты таңдаған Шарапат елге шарапатын сыйлаудан танған емес.

Тіпті, кейіпкеріміздің есімімнің өзі ерекше жағдайда қойылған. "Менің ата-анам қиын күндерді бастан кешіп, сұрапыл соғыстың хикметін арқалап, жеңіске жетуге үлес қосқандардың қатарынан. Дәлірек айтсам, әкем Медетов Алпысбай Ізбасарұлы "Отан қорғау парызым" деп білген. 19 жастағы бозбала өз еркімен майданға баруға еріктілердің қатарында болған. Кескілескен қиян-кескі сұрапыл соғыс-тың қызған кезінде ауыр жараланып қалады. Жарақаты жазылар-жазылмастан қайтадан майданға аттанады. Қайсарлық пен ерліктің үлгісі болған жауынгер әкем түрлі марапаттарға ие болып, омырау толы ордендер мен медальда-рымен 1947 жылы елге оралады. "Бәрі де майдан үшін!" деп, күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей еңбек еткендердің қатарында менің анам Малика Әбілдақызы да болған. Екеуі 1948 жылы отбасын құрған. Мен үйдегі жетінші баламын, үйдің кенжесімін. Маған аяғы ауыр кезінде анам түс көреді. Түсінде ақ сақалды, ақ киімді қария ақ боз атқа мініп келіп анама былай дейді: "Өмірге келетін сәбидің ныспысын Шарапат деп қойыңдар, себебі көпке шарапаты тиеді. Бір сендердің емес, халықтың ұлы болады. Жақсы аты елге аян болады", - деп, көзден ғайып болыпты. Содан маған ата-анам осы есімді берген екен", - деп Ш.Медетов есімінің сырын бүкпесіз айтты. Расымен де нағыз дәрігерге лайық, тауып қойылған есім.

Ол 1965 жылдың 29 сәуірінде Арал қаласын-да дүниеге келген. 1972-1982 жылдар аралы-ғында №14 Н.К.Крупская атындағы мектепте білім нәрімен сусындайды. Мектепті үздік бітіріп, 1982 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының "балалар емдеу ісі" факультетіне оқуға түседі.

Жалпы мектепте де, институт қабырғасында оқып жүргенде де қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, жақсы істердің басы-қасында жүретін. Салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданды, белсенділігінің арқасында топтың кәсіподақ төрағасы да бола білген. Жан-жақты болуға талпынып, шахмат, дойбы сияқты интеллектуалдық ойындармен айналысып, әдебиетке деген қызығушылығы да оның қадамын алға бастырған. 1988 жылы Қызылорда қаласындағы №1 балалар емхана-сында интернатурадан өтіп, 1989-1992 жылдар аралығында Қызылорда облысы, Арал ауданы "Арал" кеңшарында ауылдық ауруханада бас дәрігер болып еңбек жолын бастапты. Ал, 1992-1994 жылдары осы ауданда иммунолог дәрігер қызметін атқарған.

Бұдан бөлек, денсаулық сақтау саласында немқұрайлы қарап жұмыс істеуге болмайтынын, қызметтің жауапкершіліктеріне байланысты міндеттердің ұлғаюы мүмкін екеніне еңбек процесінде көз жеткізген дәрігер үнемі ізденіс үстінде. Дәрігерліктің әр түрлі бағыты бойынша сол саланы тереңірек біліп, зерттеу қажет. Ол бұған 1994-1996 жылдары Арал аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінің инфекционист дәрігері және 1996-2000 жылдар аралығында Арал аудандық орталық ауруханасының реанимация бөлімше-сінің анестезиолог-реаниматолог дәрігері, 2000-2003 жылдары реанимация бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істеу барысында көз жеткізген. Осы кезде үнемі өз білімін жетілдіріп, түрлі білім дамыту курстарынан өтіп отырыпты. Жалпы, дәрігерлерге қанша ізденсе де артықтық етпейді. Дәрігерлік - жауапты мамандық. Сондықтан дәрігерлер үнемі біліктілігін артты-рып, ізденіс үстінде болып, өз саласында ем жүргізудің барлық тәсілдерін жетік меңгеруі тиіс. Мұның бәрі оның қызметін сапалы атқаруына оң ықпал етеді әрі жұмыс тәжірибесінің де молая түсуіне септігін тигізген. Қызмет барысында өзгеден талап ету үшін білімің мен біліктілігің басқалардан үнемі алда болуы керек екенін қаперден шығармаған.

Рас, дәрігерлік - үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық. Елбасының "Төртінші өнер-кәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауында айтқан-дай, медицинаны аурудың алдын алуға бағыттап, халыққа әр алты ай сайын уақытылы тексерістен өтудің маңыздылығын түсіндіріп отыру - басты міндет. 2004 жылдан бастап Арал аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары болып 4 жыл қызмет атқарған. Дәрігер осы шақта бір күнде кемінде 50-60 науқасқа дейін қабылдап, сапалы қызмет көрсету үшін тер төгеді. Әсіресе,  ана мен бала денсау-лығы, ардагер қарттардың денсаулығы басты назарда болады. Күніне міндетті түрде 10-15 минут түрлі жастағы азаматтарға кеңес беріп, ағзаға керекті дәрумендер тізімін ұсынып отыратын білікті маман әр іске адалдықпен қарай біледі. "Халық денсаулығы бәрінен қымбат. Бүгінгі дәрігерлерге Үкіметтің қойып отырған талабы өте жоғары. Біздің емханада істейтін әр медицина қызметкері өздеріне жүктелген міндетті түсініп, аудан тұрғындарына қолдарынан келген көмегін көрсетіп, одан еш аянған емес", - дейді ақ халатты жан.

Ш.Медетов 2009 жылдан 2014 жылға дейін I санатты дәрігер-ұйымдастырушы, ал 2014 жылдан жоғары санатты дәрігер-ұйымдасты-рушы болды. Емхананың қоғамдық жұмыста-рына белсене араласып, дәрігерлердің білімін жетілдіру үшін дәрістер оқып жүрді.

- Баспасөз беттерінен де жиі көрініп, іс-тәжірибеммен бөлісіп тұрамын. Жауапкершілікті жете түсініп, өз қызметімді атқару барысындағы талапшылдығым мен біліктілігімнің арқасында емделушілердің ыстық ықыласына бөленіп, Арал аудандық мәслихатына депутат болып сайла-нып, халық қалаулыларының қатарына қосыл-дым. 2009 жылдың 2 қарашасынан бастап Арал аудандық кеңес беру диагностикалық емхана-сының бас дәрігері, облыстық денсаулық сақтау басқармасының Арал ауданындағы уәкілі болып тағайындалдым. Мен ауданның денсаулық саласын басқарған жылдары бірталай игі істердің жаршысы болдым. Атап айтқанда, бала өлімі 28 пайыздан 9,6 пайызға азайса, аналарға қатысты қайғылы жағдайлар мүлде орын алған жоқ. Сонымен қатар халық денсаулығын сақтауда халыққа берілетін медициналық көмектің ауқымын кеңейтуге де өз үлесімді қостым. Халық қалаулысы болғанымда ерекше толқу үстінде болдым, себебі маған сенім артқандар-дың үмітін ақтап, биік белестерден көріну қажеттігін, жауапкершілік салмағының ауырлай түскенін іштей сезіндім. Құрмет пен атаққа лайық болу үшін бұдан да көп ізденіп, еңбегімді еселей түсуім қажет деп шештім, - деп мақсат пен меженің аражігін ашып айтып берді дәрігер. Бастысы нәтиже көз алдыңда сайрап жатыр. Елдің батасынан асқан нендей байлық бар?!

Адам баласының жақсылығы еш уақытта ұмытылмайды, ешқашан жоғалмайды. Ауырған адам үшін ұйқысын қиып, дамылсыз еңбек етіп, қай кезде болмасын, науқастарды ілтипатпен қарсы алып, олардың шағымын ықыласпен тыңдайды, ақыл-кеңестерін береді. Дертіне шипа іздеген жанға кішіпейілділік пен рухани қолдау аса қажет. Халықтың алғысына бөленіп жүру, кейіпкеріміз үшін үлкен жетістік. Жалпы төккен тер, еткен еңбек ескерусіз қалған емес. Бірнеше рет аудандық денсаулық сақтау бөлімінен "Алғыс хат", медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде "Құрмет грамотасы", облыстық денсаулық сақтау департаментінің "Құрмет грамотасы", "ҚР Тәуелсіздігінің - 20 жылдығына", "Желтоқсан оқиғасының - 25 жылдығына" орай мерекелік медалін иеленген. "Арал фестивалі" күндері мен "Мың бала" жылын қорытын-дылауға арналған мерекелік мәдени-көпшілік шараларына белсене атсалысып, ауданның мәртебесін көтеруге қосқан өлшеусіз еңбегі үшін аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталған. Сондай-ақ, 2011 жылы "ҚР Тәуелсіздігіне - 20 жыл" медалімен, 2013 жылы "Қазақстан Республикасының Ұлттық бизнес-рейтингті ұйымдастыру" дәстүрлі комитетінің шешімімен "Қазақстан даңқы" орденінің иегері атанған. 2014 жылдары Шарапат аға үшін табысты жыл болды, осы жылы "Қазақстан мәслихаттарына - 20 жыл" мерекелік медалі және "Нұр Отан" ХДП-ның 15 жылдығы қарсаңында арнайы алғыс хатпен марапатталды. 2014 жылы "Жоғары санатты дәрігер ұйымдастырушы" атағын да нәтижелі қорғап шығып, осы жыл оның өмірінде алтын әріптермен кестеленіп қалды.

"Тәрбие тал бесіктен" демекші, отбасының береке-бірлігі ана болса, болашағымыздың бастауларында жөн сілтеуші - асқар таудай ақылшы әке тұрары сөзсіз. Білімге деген құштар-лығын құптап, қолдап отыратын әкеге айтар ұлдың алғысы шексіз. Көңіліне түйіп, жадында жатталып қалған нақылдарын да есінен ешқашан шығармайды. "Ешқашан істеген ісіңді бұлдама, әрбір істі жауапкершілікпен атқар!", "Сөзің аз, ісің нақты болсын!", "Білмейтініңді үйрен, білетініңді шыңдай түс!" деп, асқар тау әкесі үнемі ақыл айтып отырады екен. Бір сәт те есінен шықпаған осы сөздерді қайталап отыра-тыны сондықтан. "Әкеден жақсы ұл туса игі, әкенің жолын қуса игі" демекші, әке жолымен халықққа адал қызмет етіп келеді.

Шарапат бір әкеден тараған 7 ағайынды. Барлығы - бір-бір үйдің және бір-бір кәсіптің құлағын ұстаған азаматтар. Қазіргі кезде өзі де әке. Зайыбы Мейрамкүл екеуі 4 бала тәрбиелеп өсірді. Тұңғыштары Азамат жолдасы Альбинамен бірге жеке кәсіппен айналысса, қызы Гүлназ Алматыда заңгерлік қызметте. Екінші ұлы Қанағат жоғары оқу орнын бітірді. Отбасының кенжесі Нұрсұлтан да нағыз ер жігіт. Үлкендікке жетіп, ата атанды, қылығы балдан тәтті Қаһарман, Нұртуған есімді немере-лері көңіліне медет. Отбасылық бақыт дегеніміз - ынтымағы жарасқан жанұяң мен сені түсінетін, сыйлайтын, жақсы көретін жақын жандардың ылғи қасыңда болуы, солардың қуанышы мен қиындықтарына ортақ болып жүру деп түсінеді. Жан байлығын бойына дарытып, тән дертімен күрескен абзал жанның жүріп келе жатқан сара жолы осы. Оған талай дәрігерлер қызыға қарап, нақ басқан қадамынан тағылым түйіп отырады.

 

А.Әділжанұлы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Журналистердің ақпаратына қаншалықты сенесіз?

мүлдем сенбеймін - 45%
журналистке байланысты - 15%
күмәнмен қараймын - 10%
толықтай - 5%

Дауыс саны: 20
The voting for this poll has ended on: 28 Маус 2019 - 17:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Тамыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 30 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.