Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

САТИРА САРДАРЫНЫҢ ЖАНСАРАЙЫ

Әзіл-оспақ жазатын жандардың саны сиреген бүгінде. Сол соқпақты қалап, фельетон жанрының жанын кіргізген Асқар ақынды елі әлі күнге сағынады. Шығар-маларын жастардың өзі іздеп жүріп оқып, туымды туындыларына таудай талабы бар-лар ғана тоқталады. Сондықтан да архивтың ақтаңдақ парақтарының ішінен алтын іздеп, бұл жолғы айдарымызда Тоқмағамбетовтың тағдырына тоқталғанды жөн санадық.

Өр тұлғалардың өмір жолының өзі өнеге. Асқар Тоқмағамбетов 1905 жылы қазіргі Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданында кедей шаруаның жанұясында дүние есігін ашады. Әкесі Тоқмағамбет арабша хат танитын, адалдықты, әділдікті сүйетін адам екен. Ол 1930 жылы дүниеден озады. Ақынның ақжүрек анасы Ақжан 1945 жылы қайтқан, оны білетіндер "қой аузынан шөп алмайтын" өте жуас кісі болған деседі. Ақжанның жеті қызы болған. Еркек кіндікті баласы болмай тарығып жүргенде Асқар туылыпты. Бұл жайды еске алғанда ақынның өзі "жеті қыздың желкесінде жүріп өсіппін" деп еске алатыны бар екен. Асқар әуелі ауылдық мектепте Жайсаңбай деген молдадан тәлім алады. 20-жылдардың алғашқы жартысында Ташкентте су шаруашылығы техникумында, ал 30-жылдың алғашқы жартысында Мәскеуде баспасөз қызметкерлерін дайындайтын институтта оқиды. Бірақ, түрлі себептермен институтты бітіре алмайды. Ол республикалық, облыстық газет-журналдарда және Қазақстан Жазушылар одағында жұмыс істейді. Бұл мақаламызда осындай сүрлеулі соқпақтар арасынан тұлғаға айналған таланттың тағдырына терең бойламақпыз.

 

Кемеңгерлік келбеті

Ақын-жазушылар жайында толымды мәлімет бір-ақ жерде болады. Ол - кітапхана. Біз де кейіпкеріміздің кемеңгер келбетін ашу үшін кітапханаға қарай ат басын бұрдық. Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында газеттер мен томдықтарды парақтап шықтық. Әуелі ақынның өмір мен өнер жолына бір көз жүгіртіп шығып, одан өнеге іздедік.

Қаламды қару еткен қаламгер алғаш 1926-1930 жылдары "Лениншіл жас" және "Еңбекші қазақ" гезеттерінің редакциясында жұмыс істеген. Тіпті Ұлы Отан соғысына да қатысқан. Асқар Тоқмағамбетов баспасөз бетінде 1924 жылдан бері белгілі. Тұңғыш баспа бетіне шыққан "Ленин суретіне" деген өлеңі "Еңбекші қазақ" газетінде 1925 жылы, "Еңбек жыры" атты алғашқы өлеңдер жинағы 1928 жылы жарық көргенін осы кітапханадан білдік. Кейіннен өлеңдері мен поэмалары, очерктері мен фельетондары бірнеше рет жеке кітап болып басылып шыққан. Ойлы оқырман ол туындыларды осы кітапханадан алып оқуларына болады.

Сонымен қатар, "Екі заң", "Сайлау", "Алдар Көсе", "Бір семья" атты пьесалары бар. Ол қалам ұстағаннан бастап қазақ еңбекші шаруасының өмірі мен тіршілігін, кеңес дәуірі шындығын түсіну жолындағы қиыншылықтары мен ізденістері туралы жазды. Оның "Мұғалім", "Жас дәрігер", "Шойынқараның ойын қара" өлеңдері жаңа дәуірде өсіп келе жатқан жаңа адамдарды суреттесе, "Сәуле", "Фатиманың хаты", "Ағасының жауабы" өлеңдері қазақ әйелінің азат өмірге ұмтылысын бейнелеп береді.

Ақын сол мезеттегі тарихи оқиғаларды да ой елегінен өткізіп отырыпты. 30-жылдары "Түрксіб түйіскенде" өлеңінде Түркістан - Сібір темір жолының салынуымен байланысты кірген өзгерістерді жырлаған. Ақын лирикасының бір саласы 1930-1940 жж. жазылған "Біздің Сәуле", "Қош, аман бол", "Күт мені", "Сүйген жарға", т.б. әндерге арналған. Проза саласында "Сыр диқаны", "Асыл азамат", "Әке мен бала", Ы.Жақаев өмірін бейнелейтін "Қыран тұғырдан ұшады", Қазан революциясы қарсаңындағы ауыл өмірін суреттейтін "Ақмоншақ" повестерін, ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақ ақындары туралы "Жыр күмбезі" атты тарихи романы жұртшы-лыққа жақсы таныс. Романға ХІХ ғасырдың ІІ жартысында өмір сүрген Базар жырау Өтемісұлы және белгілі ақындар Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары, т.б. шығармашылығы мен өмірі арқау болған.

 

Мәйек пен дәйек

Адуынды ақынның атын мәшһүр етіп тұрған Тоқмағамбетов атындағы мәдениет орталығы десек те болады. Мәдениет үйі бүгінде қырғи тілді ақынның есімін ұлықтап түрлі шаралар өткізіп келеді. А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет орталығы Қызылорда қаласы Қазыбек би көшесі, 21-үйде орналасқан. Біз бұл жерге де соғып, ұлы ақын атындағы ғимарат жайында толымды ақпар іздеп, оған қол жеткіздік. Ғимарат жалпы құрылысы үш қабатты күйдірілген кірпішпен қаланып салынған екен. Қасбеті сыланып, әкпен боялған. Ғимараттың төменгі қабатының сыртқы беті қара жапсырмалармен қапталған. Ескерткіштің ішкі және қасбет бетінде ұлттық нақышта кесіліп дайындалған гипстермен қапталған. Ғимарат-тың жоспары үш негізгі симметриялы түрде орналасқан. Орталық бөлігінде көрермендерге арналған зал мен дайындалуға арналған бөлме-лерден тұрады және қызметкерлерге арналған бөлме мен киім сақтайтын гардеробтары бар. Ескерткіштің екі бөлігінде де дайындыққа арналған бөлмелер мен әкімшілік қызметкер-лерге арналған шағын бөлімшелерден тұрады.

Жергілікті маңызы бар қала құрылысы және сәулет ескерткіші қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, клубтар және халықтық ұжымдар, 6 ұлттық-мәдени орталық орна-ласқан. А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет орталығы үш қабатты, көрермендер залы 300 адамға есептелген. Ғимарат 1959 жылы салын-ған. Облыстық музей 1983 жылы паспортын жасап шығыпты. 2009 жылы төлқұжаты жаңа-ланып, 2010 жылы қорғау тақтасы орнатылған. Ғимараттың алдыңғы фасады Қазыбек би көшесіне қараған. Мәдениет мәйегіне айналған алтын шаңырақ турасындағы дәйектер осылар.

 

Еске түскен есек

Қаламгерлердің қағытпалары, қырғи тілді келетіні барша оқырман қауымға таныс. Орайы келгенде ойындағысын айтып қалатын тұлғалардың шеберлігіне сүйсінбеу мүмкін емес. Жазушы Сәбит Мұқановтың сондай бір оқиғаға байланысты айтқанын бала кезімде баспа бетінен оқығаным бар еді. Сол есіме түсіп тұр.

Бір күні Сәбең (Мұқанов) Мәскеуден келе жатып Асқар Тоқмағамбетовтың үйіне келіп, аяқ суытады.

- Асқар, мен саған әдейі соқтым. Адам қартайыңқыраған соң сағыныш бола ма, оның үстіне мына "Сырдария" романын бітірдім. Соны саған оқиын деп келдім. Бірден "Жақсы" дейді Асекең. Сәбең қызыл қою шайдан алып, романды оқи бастайды. Бір кезде: "Каналдың жағасынан қырық мың есек ақырды", - дегенде, Асекеңнің көзі шарасынан шығып кетіпті.

- Айналайын, Сәбе-ау, "қырық мың есек" демей төрт мың есек десеңіз қайтеді? - депті. - Айтқасын қырық мыңы не, төрт мыңы не? Бара берсін, дұрыс! - деп көнбепті. "Ойпырым-ау, Сәбе-ау, мынау есегіңіз көбірек екен" деп Асекең күбірлеген де қойған. Бірақ қырық мыңның қай бетте екенін байқап қалып, Сәбең ұйықтағанда көп нөлдің біреуін өшіріп қояды Асекең. Кітап қырық мың емес, төрт мың болып басылып кетеді. Арада бір-екі жыл өткенде Сәбең Жазушылар одағында ұстап алып: «Ей, Асқар, мен сені ұрлықтан таза деп ойласам, сен де "ұры" екенсің ғой. Менің отыз алты мың есегім қайда?» - деген екен.

 

Құс қанатындағы хаттар

Қырғи тілді ақынның шағала жүрек жанға жазған көгершін хаттары да бір тарих. Бұл жөнінде толыққанды түйсінуімізге Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің "Археология және этнография" ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Ә.Бекқұлиева көмектесті. Асқар Тоқмағамбетовтың Зейнолла Шүкіровке жазған хаты жөнінде музей қорынан мол мәлімет ала алдық.

"Зейнулла! Аман боларсың, Біз де аманбыз. Сенің "Корей қызы" деген поэмаңды мен өзім дұрыстап, аздап жөндеп, "Ленин жолы" газетіне бердім, жақында басылады. Ол қашан бітеді? Басқа не істеп жатырсың? Райком қандай жағдай жасады? Неге маған хатты аз жазып кеттің? Сенің жинағаныңды биыл ұсынуға келісіп отырмыз. Көктем туралы жаз. Хош, Асқар. 13.03.52. Газетке шыққан соң қалай жөнделгенін өзіңдегіні салыстыр".

Асқар ақын тағы бір хатында былай дейді:

"Зейнолла! Денсаулығың қалай? Біз де аман жүріп жатырмыз. Көптен бері хат та сала алмадым, оған толып жатқан себептер болды. Осы өткен февраль айында Чимкентке коман-дировкаға барамын деп машина соқтығысу әрекетіне кез болып, әйтеуір өлмей қалдым. Бет-ауыз быт-шыт болды. 6 тіс сынып кетті. Сөйтіп Ташкентте бір ай больницада жатып тәуір болдым. Онан келісімен Алматыға кетіп, жақында келдім. Издательство сенің жинақ-тарыңды күтіп отыр. Мариям Хакимжанова өзіңе қайтарыпты да, оны ондағылар білмей қалыпты. Планда барсың, тілек жібер. Мен Ғабитте болғанда сенің курортың туралы сөйлестім, олар Алматы жанындағы "Аяқ қалған" деген ыстық сумен емдейтін  курортты қолайлайды, оны алыс десе Жаңақорғанға жіберейік деп отыр. Соған тиісті документ, врачтардың заключениясы керек, әрі сенің неше айға, қайда баратыныңды айтқан арызың керек. Сәлеммен, Асқар. 14.V.60".

Ә.Бекқұлиева "Хаттан мейірімге толы әкелік қамқорлық сезіледі. Әкесі сынды "Көктем туралы жаз" деп тақырып беріп, жинақтың жақында баспаға шығып қалатынын, оның ұсынылғанын жаттай емес, жақын адамындай жеткізген" деп баға берді.

Тағы бір сараптауында, 1960 жылы жазған хатында Асқар Тоқмағамбетов ақ көңілімен ақтарыла өзінің денсаулығын, басынан өткерген қиын күндерін баян еткенін, соның өзінде Зейнолланы қанатының астына алып, баспаның шығармаларын күтіп отырғандығын айтып, тез жіберуі жайында айтады. Хаттан Зейнолланың Қостанай жерінің тумасы, ақын, ҚР Халық жазушысы Мариям Хакімжановамен таныс болғандығы, пікір алмасқындығы анық байқалады.

Асқар Тоқмағамбетов 1960 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы қызметінде болған Ғабит Мүсірепов-пен Зейнолланың шипажайға жіберу жайлы сөйлесіп, денсаулығына алаңдайтынын байқа-тады. Хатта Зейноллаға екі шипажайдың таң-дауы ұсынылады. Бірі - Алматыдағы "Аяқ қалған" болса, екіншісі - Жаңақорған шипажайы. Міне, осылайша хат қатпарындағы сезімге толы сырлардан жазушылар арасындағы жанашырлықты аңғарамыз. Бұл қазіргі қоғам қаламгерлерінің ең ақсап тұрған тұсы. Мұндай қарым-қатынас сол буынмен түйінделіп қалған іспетті.

 

Соңғы рет соғылған сағат

Көзі тірісінде паналаған ақын үйі әлі күнге мұрты бұзылмай сақтауылы тұр. Киімдері, жұмыс үстелі, тіпті 1983 жылы 21 тамызда ақынның жүрегімен бірге тоқтаған сағаты да сол қалпы, түк өзгеріс жоқ. Ақын жұмыс үстелінің иесіз бос тұрғанына да 36 жылдың жүзі болып қалыпты. Ол бөлмесіне кіре бергенде жүрегі ұстап қалған, сол мезетте өзі пайдаланып жүрген сағат тілі соңғы рет соғылып, мәңгіге тоқтаған екен.

- Әкем өз кабинетіне келе жатқан еді, сол уақытта жүрегі тоқтап, дүниеден озды. Кейін көз салсам, сағаты да сол уақытта, тура екіде тоқтаған екен. Қазір қолжазбаларын, кітаптарын сақтап отырмыз. Әкемнің көзі тірісінде 70-ке жуық кітабы жарық көрді. Біраз кітаптарын ұлттық музейге өткіздім, - дейді ақынның қызы Аякөз Тоқмағамбетова.

Ол бүкіл өмір жолында кіммен кездесті, қандай тәрбие алды, барлығын қағазға жазып қалдырған. Соның ішінде бір хатында: "Менің ең алғашқы өлеңімді "Еңбекші қазақ" газетіне жариялап, газет бетіне шығарған Сәбит Мұқанов болатын. Қазақтың "Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық көрінеді" дегеніндей, Сәбитті сондықтан да шығар жақсы көретінім" делінген.

Айта кетейік, Садриддин Айнидың "Құлдар" романын Қалтай Мұхамеджанов екеуі аударған. Бұл әлі шаңырақта сақтаулы екен. Сонымен қатар, 1939 жылы шыққан, 80 жылдық тарихы бар Тараз Шевченконың кітабын аударып, қазақ оқырмандарына жеткізген. Оның "Алыптар туралы ертегі", "Базар жырау", "Түрксіб түйіс-кенде" атты кітаптары ақынның үйінде әлі де сақтаулы. Қызы Аякөз Тоқмағамбетованың айтуынша, ақынның былайғы жұрт біле бермейтін тағы бір қыры - қаламгер мәнді де, сәнді киіне білген. А.Тоқмағамбетов дүкеннен алған шляпаларының жиегін қиып, ерекше стильде өзіне ыңғайлы етіп сәндеп алатын болған. Ақынның бөлмесінде сақталған құнды жәдігерлердің бірі - орыс жазушысы Максим Горькийдің қолтаңбасы бар бүкілодақтық Жазушылар одағына мүшелік билеті. Бұл билетті ақын 1934 жылы Мәскеуде алыпты.

Барлық адамның өмір сағатының тілі тоқтары хақ. Ал, Ұлықпандай мың жасау, Асқардай асқар шыңдардан асу әр адамның өз қолында. Тоқмағамбетовтың өнердегі, өлеңдегі өмірі тоқтаған жоқ. Ол уақытпен бірге мәңгі жасай бермек.

 

Айдар САЙЛАУОВ

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Журналистердің ақпаратына қаншалықты сенесіз?

мүлдем сенбеймін - 45%
журналистке байланысты - 15%
күмәнмен қараймын - 10%
толықтай - 5%

Дауыс саны: 20
The voting for this poll has ended on: 28 Маус 2019 - 17:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Тамыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 327 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.