Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

САРАЛАУ - САНАДАН, ТҮСІНУ - ТЕКТЕН, ҚАДІРЛЕУ - ҚАННАН АБАЙДЫ АРДАҚТАЙ АЛДЫҚ АЛДЫҚ ПА?

Басқасы басқа, белгілі бір дүниеге "Бас" бола білу үлкен қажырды, қайрат пен қасиетті қажет етеді. Шайырлықта күллі Алаштың азулы ақындарының алды болып, "Бас ақын" деген мәртебе алған Абай Құнанбаев ғана. Дәуір адамы дәріптеліп, жер-жерге мүсіні қойылып, тіпті алтынмен әдіптеліп жатыр. Тасқа басылып жазылған өшпейтін жырлары қазақтың ашық аспанында әлі қалықтап тұр. Кемеңгер келбеті том-том кітаптарда кестеленіп, "Абай жолы" арқылы әлемге қарай сапар шегіп кетті. Тоқ етерін айтқанда, Абай ақын ретінде толық танылды. Мойындалды. Бұл мүйізі қарағайдай әлем ғалымдарының топшылауы. Қазақ зиялыларының берген бағасы. Дегенмен кез келген пікірталастың ұшы Абай әлеміне келіп тірелгенде әйтеуір бір дау шаңға сұлаған серкедей бұрқ ете қалады. Тіл тиексіз. Сонда да оның қасиеті сенің діліңе, құндылығыңа, қадірлі тұлғаларыңа тиіп кете береді. Өзі күйелі адамдар ақын әлеміне жақындаған сайын кіршіксіз даналыққа қара жағып, бүлдіріп, бабадан қалған мұраға, дара жолға, аманатқа қиянат қылудан қорқар емес. Абайды оқимыз, білеміз, өмір сүрген жылын жаңылмай жатқа айтып берерміз, ал өзіміз ақын сынды толғанып, өз-өзімізді қолға алып, ойланып, ой бағып жүрміз бе? Бас ақынды жаңа ғасыр адамдары қалай қабылдайды? Пікірі мен көзқарасы қандай? Бүгін соған шолу жасап шықсақ.

Әңгімені бірден жыл оқиғасынан қайырайын. Бірде белгілі кәсіпкер әрі блогер Нұрлан Байділдә қазақтың ақыны Абай Құнанбаевты мойындамайтынын айтып, оның осы заманда өмір сүрсе, әрі кетсе блогер болатындығын жеткізген еді. Осы сөзге қоғам гу ете қалды. Бәрі бас ақынға су жұқтырғысы келмей, блогерді беттен алып, төске шапты.

Оның ойынша, хакім Абай халық үшін ештеңе істемеген. Сол себепті де ол ақынды "ұлы" деп санамайтын көрінеді.

- Айтқаным біреуге ұнамас. Бірақ ақиқатты айтатын кез келді деп ойлаймын. Оны дәл қазір қабылдай алмасаңыздар да, болашақ ұрпақ түсінеді деп үміттенемін. Қазақтың мақтанышы кім десең, бәрі "Абай" дейді. Мен мұнымен келіспеймін. Абайды өз басым мойындамаймын. Абай қандай жақсылығы үшін осынша дәріптеледі? Қиын-қыстау заманда қол бастады ма, батыр болды ма? Ол тіпті ауыл басқарған емес. Ол ақылды, жақсы адам. Бірақ бүкіл қазаққа үлгі боларлықтай кемеңгер тұлға емес. Абайдың әкесі Құнанбай нағыз азаматтығымен көзге түскен. Ел басқарды. Шынымен де үлгі боларлық тұлға. Абай біздің заманымызда өмір сүрсе, ары кетсе танымал блогер ғана болатын еді. Бұл туралы ол өз кітабында сыр ақтарған болатын. Бірінші қара сөзінде "осы жасқа келіп не бітірдім, енді не істемекпін?" деген ойға келеді. Ол кезде Абай 45-те болатын. Демек 45 жасқа дейін Абай түк бітірмеген. Құр қыдырған, домбыра тартқан. Ешнәрсе істегісі келмеген, - дейді кәсіпкер Нұрлан Байділдә.

"Абайға тіл тигізген "қисық ауызға" бірер жауап..." деп Шәріпхан Қайсар бұл іске нүкте қойған-ды. Оның назы былай: "Біз - ұлы Абайдың атын алып, қазақтың жоғын жоқтап, жоғалғанын іздеп жүрген порталмыз. (Абай.кз) Сондықтан да, ұлттың ұстазына қарсы жасалған әр шабуыл бізге, қала берді алты Алаштың бар баласына жасалған қиянат деп білеміз. Нұрлан Байділдә атты кәсіпкер ұлы Абай хәкімге тіл тигізді. "Абай осы заманда өмір сүрсе, әрі кетсе блогер болар еді" деп гөйтті. Әрине, "Абай елді басқармады, халқына ешқандай пайда тигізбеді" деп айту үшін де білім қажет еді. Қазір "аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін" дейтін заман. Сонда да "қисық ауыз" бай баласы айтты екен деп, үндемей қалуға арымыз жібермеді",- дейді ол.

Сөзінің дәлелді болуы ол үшін тек үш мысалмен ғана жауап қатқанды жөн көріпті. Оның бірінші мысалы мынадай:

Бас-басыңа би болған өңкей қиқым,

Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын.

Өздеріңді түзелер дей алмаймын,

Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың,- деп Абай неге айтты?

Бұл арадағы Абайдың "Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың" - деп отырғаны - рухани тәуелсіздік. Яғни, басыбайлы бодандық. Ырық, жігер, қайрат, билік, заң, мұқым ел - жатқа, жаттың ырқына тәуелді. Себебі, қанша ұмтылсаң да сенің еңбегің еш болмақ" деген. Автор қалған екі мысалымен де блогерді оңдырмай табалайды.

Абайды күстаналағыш Нұрлан Байділда дәл осы дәргейде бүкіл Алашқа үн қата алды ма? Қазірдің өзінде қазақтың мың сан проблемасы бар. Соның біріне Абайша үн қатып па? Өз тілінде емес, өзге тілде көсіліп отырған ол нені бітіріпті? Осы порталда "Құл - қожайынның тілінде сөйлейді" деген мақала бар. Соған шалақазақтар бір көз сүзіп шықса игі. Тым құрығанда құлдық қамыттан мойнын ажырата алмай отырып, Абайды сынаған ешкімге де опа бермесі айқын.

Осындай "Бас ақынның" бағалы сөздеріне бас білмейтіндерге қоғам керемет соққы жасап жатыр. Тіпті, 2020 жылы ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толады. Осыған орай, 30 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын республикалық деңгейде тойлау туралы жарлық шығарған болатын.

Ел Президентінің бастамасынан кейін ұлы ақынның мерейтойын ауқымды түрде атап өтуге жан-жақты дайындық жұмыстары басталып кетті.

Жақында 9 жастағы мектеп оқушысы Ләйлім-Шырақ Ерланқызы "Абай өлеңдерін жатқа оқу" эстафетасын бастап, оны Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдады. Тоқаев "Абайды ұлықтау арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық рух дарытамыз" деп келелі істі қолдай кетті. Сөйтті де қазақстандықтар Абай өлеңдерін жатқа оқып, бір-бірлеріне жолдау үстінде. Осы тұста Мырзатай Жолдасбековтің мына бір сөзі ойға оралады: "Бүгінде Абай туралы тың ой, жаңа сөз айту да қиын. Әңгіме Абай туралы жазуда, Абай жайында сөз айтуда ғана емес, Абайды оқып, ұғына білуде, Абай сөзіне құлақ аса білуде, Абайды жан-тәніңмен бойға сіңіре білуде. Абайды ғана емес, бағзы замандардан бері үзілмей келе жатқан даналығымызды, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би секілді бабалар сөзін, Асанқайғы, Қазтуған, Ақтамберді, Махамбет, Мұрат, Дулат, Жамбыл, Мұқағали мұраларын жаттатып, жас ұрпақтың санасына ұғындыруды парызымыз деп есептеуіміз керек. Мұның өзі түптеп келгенде қазақты қазақ ұғыну, қазақты қазақ түсіну деген сөз! Қазақты сырттан келіп ешкім жарыл-қамайды. Қазақты жарылқаса, тек қазақ қана жарылқайды" деген еді. Жатқа айтып, жарысу бір бөлек, Абай сөзін орындап, даналығымен табысудың жөні бір басқа.

- Біздің осы "Абай жырларын оқу эстафетасы" түріндегі игі шарамыз да "Ән салар, жатқа алар, түбінде құр қалардың" кезекті бір даурықпа мысалы сияқтанады. Әншейін, кезекпе-кезек тақпақ оқыған балдырғандарға ұқсаймыз. Сонымыздың өзі - Абай мерейтойының қарсаңында бірімізді біріміз алдап, құр босқа мәздене, әлеуметтік желіде "эстрадалық шоу" жасаудағы әдеткі бір пысықайлығымыз болып шықпаса екен! Олай болмас үшін не істеуіміз керек? Ол үшін "эстафетаға" қатысқан әр адамның өлеңді құр ғана оқи салмай, оның мән-мағынасын, мәнісі мен маңызын қысқа да нұсқа түрде тағылымдап өзінше айтып бермегі абзал. "Айтушы мен тыңдаушы, көбі - надан: бұл жұрттың сөз танымас бір парасы". Көрдіңіздер ме, "Сөз танымас" дейді Абай. Сөзтанымнан мақұрымдықты айтып отыр. Сөзтаным - Өзтанымға апарады. "Өзін таныған - Тәңірісін таниды" дейді дана қазақ,- деп ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлы фейзбук желісіне жазып, өзі де эстафетаға қатысып, өлең оқыпты. Осында айтылған түйдек ой бұл бастаманың түйініндей Һәм шешімі.

Абай сөз шешендігімен, әрекет шеберлігімен өмірге тыныс әкелді, мекем мінез шымырлығымен адамгершілік тұғырын көтерді. Мұнда күнделікті даралық пен саналылық айқын. Оған тілмаштың керегі жоқ. Әркім тапқырлықты өзінше қабылдап, өзінше бағалайды. Абай "өткен заманның" адамдарынан гөрі өз замандастарының зиянды қылықтарымен көп арпалысты. Ал, ұрпағының оған титімдей де тіл тигізуге қақысы жоқ. Абай үшін даналық өмірлік тәжірибенің дәйегі, дәлелі, тіпті адамгершілікті асқақтайтын рухани-көркем әрі әлеуметтік қызмет көрінісі. Қазақтың жан әлемі мен рухын жайып салатын белсенділік, болашағын жарқын ететін бітім болмыс. "Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!". Сөз маржанын терген асылдарымыздан асып ешкім ештеңе айта алмас...

 

Айдар ӘДІЛЖАНҰЛЫ

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Журналистердің ақпаратына қаншалықты сенесіз?

мүлдем сенбеймін - 45%
журналистке байланысты - 15%
күмәнмен қараймын - 10%
толықтай - 5%

Дауыс саны: 20
The voting for this poll has ended on: 28 Маус 2019 - 17:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Тамыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 323 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.