Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

КӨРЕГЕНДІЛІК КӨРЕРМЕН ӘДЕБІНЕН-АҚ КӨРІНЕДІ

  Өнер - өте кең ұғым. Шығар­машылық өмірдің ыстық-суы­ғын бастан кешіріп, шабытты шақтың қызығы мен шыжығын сезе алатын да осы өнер иелері. Олар рухани бай, жан дүние­лері жасампаздыққа толы жан­дар. Қазіргі кезде күні-түні қойы­лымға дайындалып, кейіп­­кер сомдайтын ұжымның еңбегін еш кетіріп, театр мәде­ниетін сақтамайтын жастардың да кездесетіні жасырын емес. Парасат-пайымы келіскен, із­гілік пен ілтипаттылыққа тәр­биелеп, рухты көтеретін орын­да орынсыз әрекеттер жасап, көрермен түгілі актер шығар­ма­шылығына кері әсер ететін қы­лықтар жасау жастар арасында жиі байқалады. Бұған тұсау жасап, көрермен әдебін қалып­тас­тыру үшін қандай қарекет­тер керек? Бұл тақы­рыпты талдап, егжей-тегжейлі зерттеп көрдік.

Көрермен театрдан тағы­лым­ды ой түйіп қайту үшін спектакльдерді тамашалағанды жөн санайды. Өйткені даңғаза музыка, жеңіл-желпі әуендер­дің "берері" аз. Дегенмен де, көп­теген жасөспірімнің таңда­уы осындай дүниелердің айна­ласынан әрі аса алмай қала­тынын көз көріп жүр. Қаржы­сын шет елдің киносы мен жа­рық жұлдыздарынан аямайтын адамдар, спектакль десе ат тонын ала қашады. Кітапқұмар, рухани азыққа аш жастар театр­дың табалдырығын тоздырып, кезекті қойылымдардың уа­қытын аңдып жүріп күтеді. Өзіне мол байлық алып, жан дүниесіне сергектік пен серпін алатын мұндай жердің ғұмыры ұзақ екені сөзсіз.

Театр мен көрермен ара­сын­дағы байланысты жетік білетін, осы саланың майын ішіп, жілі­гін шағатын жанның бірі Оңталап Нұрмаханов. Ақын, режиссер, сценарист ағамыз­дың бұл жөніндегі ойын біл­мек­ке театр қарашаңырағына іздеп бардық. Қызыл­орда об­лыс­­тық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры­ның көрермендер залында оты­рып алып, ре­жиссер көрген-түйгенімен бөлісті.

- Көрерменге қойылымды абстракциямен ұсынғанды жаным сүйеді. Қарапайым түрде сахналап берсең, кітапта бар дүниені дәлелдеп, сол күйін­ше ғана халыққа жеткізген көрермен өспейді, өшеді. Бәрі түсінікті болса, көрермен ой­ланбайды. Ал, абстрактпен қойылған спектакльден соң көрермен үйіне жетем дегенше ойланып, сараптап, жолдас­тарымен талдап барады. Бұл көрерменнің ойын дамыта түседі. Олар да «режиссер не айтқысы келіп отыр?» деген сауал­ға жауап іздейді,- деді О.Дүйсенәліұлы.

О.Нұрмаханов ішкі дүниесін мазалап жүрген әңгімесін бізге ашып айтып берді.

- Көрермен мәдениетіне ойысар болсақ, біз оларды қашанда "аса мәртебелі" деп есеп­тейміз. Бір ескере кететіні, шығармашы­лық ұжым көрерменнен көш ілгері, алда жүруі тиіс. Олармен теңесіп немесе артта қалуға әсте бол­майды. Көрермен біздің алдымызға түссе, он­да өнер өледі. Театрға келу, көрермен мәде­ниеті деген үлкен түсінік. Қазіргі кезде көрер­менін жинай білген тәжірибелі театрлар бар. Тиісінше, халықты "зорлап", мәжбүрлеп залға әкеліп отырғызып қоятындар да жетерлік. Олар спектакльді бір көзімен көріп отырса, екінші көзі сыртта, далада жүреді. Алаңдап, кеткісі келіп отырады. Сондықтан ондай көрермендердің келгенінен келмегені жақсы,- деп, әңгімені төтесінен қайырды.

Театрдың ішкі аурасын сол жердің қызмет­керінен артық ешкім білмейтіні анық. Осы бір өнер қазанында қайнап, халыққа тұшымды дүние ұсынсақ деп жүрген Н.Бекежанов атын­дағы қазақ музыкалық драма театрында елуге жуық шығармашылық өнер иелері бар екен. Осы тұста театрдың әдебиет бөлімінің меңге­рушісі Ұлбосын Қылышбаевамен де тілдестік.

- Рас, жастардың көбі 4000, 5000, 6000 теңгенің билеттерін атақты жұлдыздардың концерті үшін сатып алып жатады. Ол негізінде адамның есінде мәңгілікке қалмайды, әрі бұл адамға үлкен ой тастай қоймайды. Кон­цертті тыңдап, халық сол мезетте ғана рақат алады, болды. Ал, театрдан қойылым көрсе, жастар бір том кітап оқып шыққанмен бірдей болады. Сан түрлі кейіпкердің ойын түйсіну арқылы түрлі тағдырдан тағылым түюге мүмкіндік мол. Адамдар бұл жерден өмірлік сабақ алып қайтады. Мәдениеттілік бұрынғыға қарағанда көрермен арасында қалыптасып келе жатыр. Көрермен мәдениеті мен әдебі есік алдында ілулі тұр. Сыртқы киімді шешіп кіру, тамақ әкел­меу, тыныштық мәселесі деген сынды дү­ниелер бір ретке түсті деуге келеді. Байқа­саңыз, қазір көрермен қойылым біткен соң апыл-ғұпыл жиналып, сахнадан шығып кетпейді. Аяқтарына тік тұрып, қойылым үшін қол соғып, ыстық ықыластарын жеткізеді. Бұл актерлерге шабыт береді. Ал, Италия елінде халық өнерпазға спектакль басталмай тұрып гүл шоғын табыстайды екен. Осындай әрекет шығармашылық ұжымына шабыт сыйлап, қойылымды сәтті орындап шығуына септігін тигізетін көрінеді. Мұндай игі дүниелер біздің елде де қалыптасса нұр ұстіне нұр болар еді,- деп ой түйіндеді Ұ.Қылышбаева.

Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренетін халық игі дүниені игеріп кететіні қанында бар қасиет. Сондықтан да жастар театр мәдениетін сақтау арқылы өзін парасатты пенде ретінде қалып­тастырып, идеалдыққа бетбұрыс жасайтынын түсінгені абзал.

Өнер ордасына барған жағдайда көрермен өзін мәдениетті ұстау үшін қаперден шығар­майтын қағидалар болады. Көбіміз оларды ескере бермейміз. Ендеше сіз де бізбен бірге көрерменнің есте сақтайтын ережелеріне үңі­ліп көріңіз.  Спектакльге билет сатып алған кө­рер­мен театрдың негізгі ережелерін бұз­бауға, этикалық нормаларды және театр ғима­ратында қоғамдық тәртіпті сақтаған дұрыс. Билет сатып аларда, касса қасында ілініп тұрған зал схема­сын жақсылап қарап алып, өзіңізге ыңғайлы орынды таңдаңыз. Спектакльді ауыстыру немесе кейінге қалдырған жағдайда, сол билет­пен басқа спектакльге келуге бола­ды. Спек­такльді ауыстыру немесе кейінге қалдыру ту­ра­лы ақпаратты театр кассасында, ресми сай­тын­да немесе телефон арқылы білуге болады.

Спектакльге кешікпей келіңіз. Спектакльге әрқашан көп адамдар дайындалады: актерлер, музыканттар, сахна дайындаушылар және жарық берушілер. Олардың бәрі спектакльді уақытында бастап, сіздің уақытыңызды бөге­меу үшін көп дайындық өткізеді. Және уақы­тында келген басқа көрермендерді де сый­лау керек. Театрға кірген соң сырт киі­міңізді гар­де­робқа еркін өткізіңіз. Сіздің ор­ны­ңыз қатар­дың ортасында болса, отырған адамдарды маза­ламау үшін ертерек келіп, тиесілі орныңызды алыңыз. Кешігіп келген жағдайда, өз орнына отырған көрерменге жүзіңізді беріп өтуіңіз, ақырын дауыспен не­ме­се басыңызды изеп кешірім сұрау сіздің сы­пайы­лығыңызды бай­қа­тады. Егер сіздің орныңыз бос болмаса, отыр­ған көрерменге билетіңізді көрсетіп, орныңызды босатуды сұраңыз. Бір қателік шығып, бір орынға екі билет жазылса, театр әкімшілігіне хабарласқан жөн, олар пайда болған мәселені шешуге міндетті. Басқа адамның орнын алу әдепсіз екенін естен шығармаңыз. Залға азық түлік, су мен басқа ішімдіктерді кіргізуге болмайды. Және алкогольді мас күйде, кір немесе жағажайға арналған киіммен кіруге жол жоқ.

Спектакль кезінде тыныштық сақтау - ең негізгі ереже. Спектакль кезінде сыбырласуға, аяқты тарсылдатуға болмайды, өйткені ондай әрекет көрермендер мен актерлерді алаңда­та­ды. Ережелерді бұзған жағдайда театр әкімші­лігі сізді театрдан кетуіңізді сұрауға кұқығы бар. Ұялы телефондарды қойылым басталмай өшіріп немесе дыбыссыз режимге қою керек. Қойылым кезінде дирекция рұқсатынсыз ау­дио-видео жазылымдар жасауға, суретке түсі­руге болмайды. Залдан кетіп қалу көрерменнің мәдениеті төмен екенін айқын көрсетеді. Қойы­­лым көңіліңізден шықпаса, үзілісті тосып, содан соң бір-ақ зал­дан шығыңыз.  Сондай-ақ, қол шапалақтау - көрер­мен­дер­дің алғыс біл­діруі, ал ысқыру, айғайлау және аяқ топыр­лату театрда орынсыз. Қойы­лым аяқталғаннан кейін жағымды эмоция­ларыңызды жасырмауға болады. Ал, суық тиіп қалған жағдайда театрға келесі кезде келіңіз. Себебі, қатты жөтел тек көрерменге ғана емес, сахнадағы актерларға да кедергі келтіретіні белгілі. Егер өзіңізді кенеттен ыңғайсыз сезінсеңіз, залдан ақырын шығуға тырысыңыз.

Міне, осындай қарапайым қағидалар сіздің мәдениетіңіздің өлшемін анықтап береді. Көре-көре көсем, сөйлей-сөйлей шешен болу да осы сахнадан көңілге түйгеніңіз арқылы дами бермек. Иә, тәңір баққан тоқтыны қасқыр тартпайтыны секілді, театр өнері де сан жыл­дар­дың соқпағын артқа қалдырып, өрке­ниетті заманға жетті. Уақыт сүзгісінен өткен өнер - өскелең жас үшін жасампаздық пен жарқын өмірдің өнегелі үлгісі. Сол себепті де еге­мен­ді елдің еркін өскен ұл-қыздары рухани құнды­лықты ұғыну үшін театрға келіп, адами мәде­ниетті сезіну үшін спектакль тамаша­лағаны құба-құп. Сонда ғана өзіндік ой-пікір жастарда ерте қалыптасары анық. Қоғамда орны бар, көзі ашық, көкірегі ояу зиялы қауым қатарына қосылғыңыз келсе,театрға келіңіз.

Айдар САЙЛАУОВ

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Сіз қалаған ұялы телефон қандай?

Айфон - 50%
Нокиа - 5.6%
Самсунг - 11.1%
Хуавей - 5.6%
LG - 27.8%

Дауыс саны: 18
The voting for this poll has ended on: 10 Қар 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 24 25
26 27 28 29 30    

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 28 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.