Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

«БІЗГЕ ДЕ ОҚЫРМАНЫ ҚАЛЫПТАСҚАН АНАЛИТИК ЖУРНАЛИСТЕР КЕРЕК»

Қазір ақпарат тауарға айналған уақыт. Уақыт ағымына бағынбайтын желдей жүйткіген сансыз ақпараттар тасқыны оқырманды талғам деңгейіне әкеп тіреп қойды. Алайда, жартыкеш, дәнегі жоқ арзан ақпараттардың алға шығып, салмақты дүниенің сырт қалып жатқан уақытында оқырманның ойын жаңа деңгейге бұру міндеті қалам ұстаған қауымды ой жетегіне апарды. Дәстүрлі медиа мен жаңа медиа арасындағы айырмашылық, ортадағы ойлар мен пікірлер де журналистикаға жаңа бір серпілістің керек екенін аңғартады. Бұл мезеттік оқиғаны баяндайтын, шеңбері шектеулі ақпараттардың орнына сараптамалық, қоғам талқысына түсе алатын тақырыптарды медиа нарыққа енгізу сұранысын қажет етіп тұр деген сөз. Осы ойға жан бітірген, сараптамалық жанрды меңгерген журналист Ержан Қалымбайұлы алғаш рет цифрлық «Ұлыс» журналын ашты. Біз де өз кезегімізде әріптесімізбен халықаралық қарым-қатынастағы саяси-экономикалық тақырыптардың БАҚ-та берілуі, ақпараттық нарық туралы әңгімелескен едік.


- Ержан Қалымбайұлы, несін жасырамыз, жаһандық деңгейдегі ақпараттар, екі ел ара­сындағы санкциялар, сауда соғыстары туралы ақпарларды біз Ресейдің көзімен көріп, орыс позициясы арқылы қабылдай­мыз. Бұл сонда ұлттық танымдағы ақпа­раттық саясат әлі қалыптаспай отыр деген ойға сая ма?

- Қазір әлем шағын ауыл секілді. Мемлекеттік саясатпен қатар жаһандық дәрежедегі саяси һәм экономикалық, әлемдік трендтердегі тақы­рыптардан іргемізді алыс сала алмаймыз. Сырт елдегі санкциялар, соғыстар дүмпуі біздің қасымызда жүріп жатқандай әсер береді. Ал, сол ұстарадай өткір тақырыпты қаузауда өзге ортаның көзімен, Батыстың, Ресейдің көзімен қарайтынымыз ақиқат. Әлемде болып жатқан дүниелерді ұғыну үшін орыстілді ақпарат құралдарының көмегіне жүгінуден әлі күнге дейін аса алмай келеміз. Бұған бірнеше себепті бөліп қарауға болады.

- Ол қандай себептер болуы мүмкін? Сонда мәселе журналистің кәсібилігіне келіп тіреле ме?

- Алыпқашпа сөз бен арзан өсек, сенсацияға құрылған, жамбасы жерге тимес жаңалықтар қашанда бола береді. Сондықтан қазақ оқыр­мандарын арзан ақпаратқа телміртпеу әрі өзге­лердің ақпараттық-психологиялық басқын­шылығы мен пропагандалық экспансиясы соққысынан қорғайтындай қорғаныс қажет. Ол үшін біз салалық тақырыптарға мамандануымыз керек. Экономика, саясат тақырыптарына терең бара алмағанымыздан сараптамалар атүсті жазылады. Оқырманды сендіре алатындай тақырып керек. Біз көбінесе күн тәртібінен шығатын тақырыптармен өмір сүреміз. Ол да дұрыс шығар. Бірақ, салалық бағытқа қазір ойыспасақ, кейін кеш болады. Батыстың тәжірибесіне иек артуымыз керек. Мәселен, мен Түркияда білім алғанда байқағаным, Анадолы елінде экономика тақырыбында жазатын жур­налист Экономика министрімен бірге отырып, сөз таластырып, ойын білдіре алады. Олардың өздерінің көрермені мен оқырманы бар. Тіпті, саланы жетік білетін білікті журналист өзге редакцияға ауысса, жүз мыңдаған оқырман да ол газеттен кетеді деген сөз.  Бізге де осындай оқыр­маны қалыптасқан публицист, аналитик журналистер керек.

- Түркия деп қалдыңыз ғой. Бауырлас елде сараптамалық журналистикаға бет­бұрыс қандай?

- Түркия мен Қазақстан журналистикасын салыстыруға келмес. Ол елде салалық журна­листердің шоғыры қалыптасқан. Редакцияда не телеарнада жұмыс істейтін тілшілердің белгілі бір деңгейде екінші салалық білімі, тіпті ғылыми атақтары да бар. Өзіңіз білесіз, ашық ақпарат болмаса оқырман тартылмайды. Бұл ретте Түркия оқырман не көрермен аудиториясына қызмет етеді. Қазір feedback-тің, яғни кері байланыстың заманы. Түрік журналистері оны жақсы меңгеріп алған. Олардың өз айдары, авторлық хабарлары бар. Пікірталастар ашық өтеді. Мәселен, тарихи бағдарламалардың өзі сағаттап, таң атқанша көрсетіледі. Ал, бізде тарихи бағдарламаларды рейтинг бермейді деп жауып тастайды. Саяси ток-шоулар ашық өтеді. Тіпті оқырманға не телекөрерменге арнайы айдар ашып, микрофон беріп, ішіндегісін айтқызады. Яғни газетке жазылған адам сол басылымды өз қажетіне пайдалана алады. Ал, бізде жазылушы оқырман тек ақпарат оқиды, яғни біз оқырманға толықтай жағдай жасай алмай отырмыз.

- Сараптамалық материалдардың аудито­риясы аз. Оқырман жеңіл тақы­рып­тарға лезде ереді. Қалай ойлайсыз, маман­данған жур­налистикаға түбегейлі бетбұрыс жасауға дайын емеспіз бе? Әлде тетігін таба алмай отырмыз ба?

- Білесіз бе, қазақ үшін саясат тақырыбының алыстығы жоқ. Дүкенге барсаңыз, не таксиге мі­не  қалсаңыз, екінің бірі саяси болжамдар ай­тып, пікірін ашық білдіріп отырады. Демек, сұ­раныс бар. Бұл айналып келіп, тағы да маман­дан­ба­у­ымызға келіп тіреледі. Мұнан басқа бізде са­ланы жетік меңгерген сарапшылар жоқ деуге келеді.

Елімізде шетелдің мықты оқу орындарын бітірген, мәселенің байыбына терең бойлап, ел ертеңіне жанашырлықпен қарайтын білімді де білікті жастар аз емес. Олар тек көрінбей жүр, не біз көрмей жүрміз. Бәлкім, ана тілде ойын ақтаратын арнайы алаң болмай жүр. Осы себепті біз "Ulys" журналын аштық. Мұнда тек жазу қабі­леті бар сарапшылардың мақалаларын топтас­тырдық. Ұлттық мүдде тұрғысынан жазылған ақ­­парат ерекше сұранысқа ие болады. Сондық­тан мен мынадай ой айтқан болар едім. Әлеу­мет­­тік желі мен мессенджерлер арқылы жөн-жо­сық­­сыз, бас-аяғы жоқ вирусша тараған ақпа­рат­тардың анық-қанығын бүгінгі тұтынушыға анық­тау қиямет-қайым. Сондықтан көбі оны бөлісу­ден ары аса алмай қалып жатыр. Мұндай арзан ақ­па­раттар легі сөзсіз бұқараның талғамын түсі­реді. Жалпы алдағы уақытта мемлекеттік дең­гейде ақпараттық сауаттылық туралы іргелі бағ­дарлама қабылданса, ұлтқа үлкен олжа болар еді.

- Цифрлық журналды ашқан алғашқы аза­матсыз. Сарапшыларды сөзге тартып, автор­ларды көндіру қиындық тудырған жоқ па? Мұның бәрі қаржылық мәселеге келіп тіре­летіні түсінікті жағдай...

- Дұрыс айтасыз, сараптамалық тақырыптағы мақалалар жазу қиын. Сонымен қатар  әрі бағасы да  қымбатқа түседі. Журналды қолға алғанда көп­теген сарапшылармен сөйлесіп, мақсатымыз­ды түсіндірдік. Қолдау білдіріп, жанашырлық та­нытқандар да болды. Қыруар қаржы сұрағандар да табылды. Бірақ, біздің әлі де қаржылық не өзге де ресурсымыз жоқ болғандықтан, келісе отырып сарапшыларға тегін мақала жаздырып жүрміз. Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей мен Солтүстік Кипр Республикасынан сарапшылар да қызығушылық та­ны­тып, сараптама жаза бас­тады. Қазір ақпарат көп, сондық­тан ақ­па­раттың өтімділігіне де қа­рауымыз керек. Әсіресе, саяси-эко­номикалық тақырыптарда оқыр­­манды қызықтыру үшін Digital форматын пайдаландық. Суреттерді жеке кодпен өрнек­теп, әрбір мақаланы графикамен негіздедік. Әрине, қорқыныш бол­­мады емес, болды. Бірақ "ше­гірт­кеден қорыққан егін екпейді" деген. Тәуекел етіп, істі бастап кеттік.

- Білуімізше, Америкаға барып, біліміңізді жетілдіріп келіпсіз. Сіз санамалап айтып отырған мәсе­лелердің бір ұшы журналис­тердің тіл білмеуіне де келіп тірелмей ме? Қалай ойлайсыз, қазақ журналис­теріне тіл білудің бүгінгі қажеттілігі қанша?

- Қазір ағылшын тілі шет тілі емес, жаһандық тілге айналды. Екінің бірі білуге мәжбүр. Егер ағылшын тілін білсеңіз, 60 миллион англо-сак­сон­дықтың тілін меңгере аласыз. Бұл 1,5 млрд. ха­лықты ұғынуға септеседі. Мейлінше білген сайын әлемдік алып ақпараттық нарыққа шы­ғуың жеңілдей береді. Тіпті, журналистеріміз  ағыл­шынмен қатар  өзге де қытай, араб т.б тілдерді үйренсе, біраз әріптестеріміз көрші елдің ақпарат­тық ықпалынан  толық құтылар еді.

- Соңғы сұрақ болсын. Қазір дәстүрлі медиада "га­зет оқылмай қалады" деген қорқыныш бар. Ал, "жаңа медиа сенімсіз ақпараттарға толы" де­ген пікір де жоқ емес. Сіздің болжамыңызды білсек...

- Жаңа мен ескінің арасында үнемі күрес жү­реді. Түбінде жаңа жеңеді. Бірақ, телеарна шық­қан кезде радио өшеді деді, интернет шыққанда те­ле­арналар тоқтайды деді. Меңінше, дәстүрлі медиа мен жаңа медианы бір-біріне қарсы қой­мау керек. Ескі мен жаңаны сабақтастырып, оқыр­манға өтімді дереккөз ұсынуға тиіспіз. Медиа­ның өтімді болуы менеджерлерге бай­ланысты. Сондықтан жастар  арасынан медиа­менеджментті меңгерген редакторлар буынын қалыстастыру қажет. Сонда ғана осы мәселені жеңе аламыз. Ол үшін сүзгі де артық болмайды. Көшір­ме не пресс-релиздік деңгейдегі сайттар мен басылымдарды реттеу, талапты күшейтуді қолға алған дұрыс деп есептеймін.

- Салмақты сұхбатыңызға рақмет!

Әңгімелескен

 

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Сіз қалаған ұялы телефон қандай?

Айфон - 50%
Нокиа - 5.6%
Самсунг - 11.1%
Хуавей - 5.6%
LG - 27.8%

Дауыс саны: 18
The voting for this poll has ended on: 10 Қар 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 24 25
26 27 28 29 30    

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 13 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.