Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

ҮЗДІК КОНЦЕРТМЕЙСТЕР

1984 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемле­кеттік консервато­риясы­ның студенті атанып, оқуға кірісіп кеттім. Алғашқыда бәрі қызық. Күндіз сабағы­мызға барып келіп, кешкі­сін әсем Алматыны аралау­дан жалықпайтынбыз. Уа­қыт осылай зымырап өтіп жатты. Емтихан аралары тым жақын көрінді бізге. Әр емти­хан­ға бірнеше күйлермен қатар форте­пианоға қосылып, бірді-екілі шы­ғар­ма орындайтынбыз. Оқу бағдар­ламасына сәйкес талап солай болатын. Форте­пиано сүйемелдеуші концертмейс­термен дайындық аз болған кездері олар реніштерін айтып, емтиханға кірмейтін. Әрине, кінә өзімізден, күйлер мен шығарма­лары­мызды жаттап алып жүре береміз. Концертмейс­термен қосылу дегенге мән бере бермейміз, сөйтіп емтихан болатын күні іздейміз ғой. Кезекті бір емтихан алдында менің де концерт­мейс­терім "сенімен емтиханға кірмеймін, рен­жі­ме" деді де кетіп қалды. Не жаздым күйге түстім. Әр емтихан алдында осы бір көзіл­дірікті, биязы, сыпайы, сыбырлап ғана сөйлейтін, жас шамасы өзімнен шамалы үлкендеу келіншекті жиі көретінмін. Концерт­мейстер екенін де білемін, естуімше керемет маман. Ұялып тұрсам да, басқа амал таппай, өтініш жасадым. Орындайтын шығарма­ларымның нотасын сұрады. Қандай жылдамдықта, қандай қайталау белгілері бар, бәрін сұрап алды да, сәл ғана жымиып кеттік деді. Күнде қосылып орындап жүрген­дей емтиханнан бес алып шықтым.

2014 жылы ҚР еңбе­гі сіңген қайраткері, про­фессор Карима Сүндет­қызының шақыр­туымен Құрманғазы атын­дағы қа­зақ ұлттық консерва­тория­сына жұмысқа қабыл­дандым. Консерватория ішінде бұрын­ғы мені "құтқарған" концерт­мейс­терімді көріп қалдым. Көзіме оттай басылды. Ол кісі де мені ұмыта қоймапты. Құшақ жая қарсы алып, шын ықыласымен ниетін білдіріп жатты.

- Менің концертмейстерім боласыз ба?- деп едім,

- С удовольствием,- деп жауап қатты. Жүгіріп Карима апайыма келдім.

- Карима апай, маған концертмейстер етіп...- дей бергенім сол еді, Карима апай өзіне тән тік мінезімен: "Сен немене, келмей жатып адам таңдап" деді. Ыңғайсызданып қалдым. Соны байқады ма, апайым райынан тез қайтып, "жарайды" деп келісімін берді. Содан бері менің концертмейстерім елімізге белгілі, тәжірибелі, өте білімді, еңбекқор, ҚР Мәдениет саласының үздігі Сәуле Жанұзақова болды.

Сәуле Тельманқызы Жанұзақова 1961 жылы 9 мамырда, Алматы қаласында жазушы-журналистердің отбасында дүниеге келеді. Әкесі белгілі жазушы-журналист Тельман Жанұзақов домбыра мен скрипкада бірдей жақсы ойнайтын, анасы жазушы-журналист Фарида Жанұзақова да әнқұмар кісі болатын. Осындай отбасында дүниеге келген Сәуленің музыкалық дарыны ерте біліне бастайды. Тілі шығар-шықпастан сол дәуірдегі ең танымал әнші Эдита Пьеханың әндерін құйқылжыта айта бастайды. Ата-анасынан дарыған қабілет кішкентай Сәулені К.Байсейітова атындағы республикалық арнайы музыкалық мектебінен бір-ақ шығарады. 4-кластан бастап Сәуле жинаған тиын-тебеніне тек қана нота кітапта­рын сатып алушы еді және нотаға қарап оқумен қатты шұғылданады. Жаңа шығар­маларды жаттап, композиторлармен танысу оған қатты ұнайтын. Музыка мектебінде Сәулеге Д.И.Камалиева, А.П.Иса­кова, Л.Л.Кельберг сынды керемет музыкант-ұстаздар сабақ берді. Пианист әрі композитор А.П.Исаковада оқып жүріп, Сәуле компози­торлыққа қызыға бастайды. 10-класта Н.Ақжігітовадан композициядан сабақ алады. Сөйтіп Сәуленің алғашқы балаларға арналған әндері мен фортепианоға, скрипкаға жазған шағын шығармалары өмірге келеді. Ленинград консерваториясына жолдама алған Сәуленің әкесі Тельман беймезгіл өмірден озады. 1979 жылы Сәуле Құрманғазы атын­дағы Алматы мемлекеттік консерваториясына, фортепиано класына түседі. Мұнда доценттер Н.И.Потешкина, Г.М.Бакиева, Л.И.Ошкунова­лар дәріс береді. Консерватория қабырға­сында А.Скрябин шығармаларына арналған конкурстан лауреат, қатарынан екі рет нотаға қарап орындау және камералық ансамбльдер конкурсында лауреат атанады. Сәулені консерваторияның екінші курсында оқып жүргенде елімізге белгілі скрипкашы В.С.Хесс өзіне концертмейстер ретінде жұ­мыс­қа қабылдайды, виолончельші Гор­новской, валторнашы А.Димонт, дирижер С.Онайбеков, қобызшы З.Бисембаева және опералық студияда да концертмейстер болып жұмыс істейді. 1984 жылы консерваторияны бітіріп, В.С.Хессте концертмейстер болып жүрген Сәулені, 1985 жылы елімізге танымал, керемет ұстаз Н.А.Лапченков концертмейс­терлікке шақырады. Міне, осы уақыттан бастап Сәуле өз өмірін халық аспаптарына арнайды.

1986 жылы домбыра кафедрасының меңгерушісі, профессор Қ.Мұхитов У.Гаджі­беков атындағы халықаралық конкурсқа екі апта қалғанда З.Ізмұратова, Е.Мұстафаев, К.Жолдасоваға және А.Жайымов та шәкірті А.Үлкенбаеваға концертмейстер болып баруын өтінеді. Студенттер лауреат атанып абыроймен келсе, Сәуле "үздік концерт­мейстер" деген Мәдениет министрлігінің дипломымен марапатталады. Сәуле Н.Лапчен­ков, Қ.Мұхитов, М.Қалауов, Т.Мерғалиев, Г.Модакаримова, Қ.Қаламбаева, Е.Басықара, З.Ізмұратова, С.Садықов, С.Құдайбергенова­ларға концертмейстер, ал бірнеше кон­курстарға М.Каленбаева, К.Сахарбаева­лардың студенттеріне де концерт­мейстер болған. Сәуле үлкен концерттерге Қ.Ахме­дияров, Ғ.Молдака­римова, А.Райымбергенов, А.Үлкенбаева, Б.Көбенғалиевтермен қатар шығып, концертмейстер болғанын мақтан тұтады. Өз өмірінде отыздан аса респуб­ли­калық, халықаралық конкурстарда концерт­мейстер болған Сәуленің студентте­рінің барлығы да лауреат болғандығын атап өткен жөн. 1995, 2014 жылдары Мәдениет ми­нистрлігінің грамоталарымен, ал 2015 жылы "Мәдениет саласының үздігі" белгісімен марапатталған Сәуле өз мамандығы мен сту­дент­терін шексіз сүйетіндігімен ерекше­ленеді. Композиторлар Е.Андосов (марқұм), Н.Таңатар, Г.Ақпанбетова, Қ.Жұмағалилармен тығыз байланыста болды. Өз басым күні бүгінге дейін фортепианоға байланысты тақырып­тарымды Сәулеге көрсетіп алатыным жасырын емес. Бүгінгі күні К.Сахарбаева, А.Райымбергенов, Б.Игілік, А.Жұмағалиева және маған концертмейстер қызметін атқарып жүрген Сәуле Тельманқызының еңбекқор­лығы, жауапкершілігі, мамандығын шексіз сүйетіндігі студенттер мен өзімізге де үлгі бола алады. Ештеңемен шаруасы жоқ, өз жұмысын адал атқарып жымиып ғана жүретін, таза адам Сәулеге денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілегім келеді.

Төлепберген Тоқжанов,

 

Алматы

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Сіз қалаған ұялы телефон қандай?

Айфон - 50%
Нокиа - 5.6%
Самсунг - 11.1%
Хуавей - 5.6%
LG - 27.8%

Дауыс саны: 18
The voting for this poll has ended on: 10 Қар 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 24 25
26 27 28 29 30    

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 39 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.