Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

САҒЫНЫШ

Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қыз­мет­кері, профессор Мүлкаман Сүлейменұлы Қалауов 1938 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, "Қазақстанның 30 жылдығы" ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы консерваторияны 1964-65 оқу жылында бітірген. Труба, домбыра, дирижерлық мамандықтарынан жоғары білімді маман, композиторлық қыры да көпке танымал. М.Қалауов бітірушілердің ішінен консерваторияға ұстаздық жұмысқа қалды­рылып, Мәскеу консерваториясына аспиранту­раға жолдама беріледі, бірақ жанұя жағдайына орай бара алмаған. Аспирантураны оркестрдің дирижеры мамандығы бойынша Алматы консер­ваториясынан бітіреді. Содан кейінгі өмірі ұстаздықпен өтеді. 1964-1982 жылдары Н.В.Гоголь атындағы педагогика институтының кафедра меңгерушісі болады. Осы кездерде М.Қалауов класынан шыққан 270 бітірушіден 1 қайраткер, 2 еңбек сіңірген әртіс, 3 еңбегі сіңген қызметкер, 1 ғылым кандидаты, 3 дирижер өнер өлкесінде биіктен көрініп, ұстазының мерейін көтерді.

1982 жылдан консерваторияда "Оркестр­мен дирижерлау" кафедрасында доцент, ал 1984-1987 жылдары Халық аспаптар факультетінің деканы болған М.Қалауов 1982-2004 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры атанды.

М.Қалауовтың жетекшілігімен 1967 жылы "Сыр сұлуы" ән-би ансамблі құрылады. Ансамбль­дің бас дирижерлығын қолына алған Мүлкаман Сүлейменұлының еңбегінің арқасында 1968 жылы ансамбль "халықтық" атаққа қол жеткізеді. 1978 жылы "Республика мәдениетіне еңбегі сіңген қызметкер" атағын иеленді.

М.Қалауовтың "Қоспан ата", "Желіс", "Бейбіт" сынды оннан аса күйлері, көптеген әндері жеке орындаушылар мен оркестрлер репертуарынан берік орын алған. Т.Ахтановтың "Ант", И.Байза­қов­тың "Ақбөпе", П.Жанаповтың "Қу тазша" спектакльдерін музыкалық көркемдеп, жинақтар баспадан жарық көрді. И.Брамс, Н.Тілендиев, К.Күмісбеков, Б.Жұманиязов шығармаларын екі фортепианоға, көптеген туындыларды оркестрге лайықтады.

Мүлкаман Сүлейменұлы Қалауовтың өмір жолын бір шолып өте келе ұстазыма деген сағынышымды естелік ретінде қалдырғым келеді.

1975 жылдың жайма шуақ жазында, білім атты теңіздің айдынына тәуекелдің жел қайы­ғының желкенін жайып жіберген, албырт жастар Қызылордадағы сол кездегі жалғыз жоғары оқу орнында тоқайластық. Қазақ елінің түкпір-түкпірінен жиылған біздердің тілегіміз де, ниеті­міз де біреу. Ата-анамыз бен ұстазда­рымыз өсиет еткеніндей, "адам болу". Ол кезде тағдырыңды бір күнде таразыға тартып сынақ алатын ҰБТ деген атымен жоқ. Ай бойы төрт пәннен емти­хан тапсырып, студенттер тізіміне ілінгендердің бақыттан басы айналып, көңілі көкте қалқып жүр. Студент атанғандар бойын түзеп, шашын күзеп, жүздері бал-бұл жанып, қыркүйектің бірі күні Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институттың филология факультетінің "Ән және музыка" бөліміне жиналдық.

Екі қырық бес минуттан тұратын бірінші парымыз музыка кафедрасының меңгерушісі Мүлкаман Қалауовтың сабағы екен. Орта бойлы қара шашын шалқасына қарай сілкіп тастап, әңгімелесушісін ерекше баурап алатын жылы жүзді, жайдары ұстазымыз алғашқы көргенде-ақ ерекше ұнамды жан ретінде танылды. Маңда­йындағы бір шоқ ақ шашы өзі ажарлы жанның ақыл-ойдан да кенде емес екенін айшықтап тұр­ғандай. Алғашқы сабақтың бірінші жартысында оқу орнынын негізгі міндеттері, оқылатын пәндер мен музыка әлеміне саяхат жасағандай күй кештік. Сабақтың екінші жартысында жиырма бес студентті кезек-кезек сөзге тартып, сұрақ-жауап түріндегі сабағымыз әсерлі өтсін дей ме, ара-тұра әзіл айтудың шебері екенін танытып қояды. "Оқудың жайы қалай болар екен?" деген күпті көңіл орнына түскендей.

Кафедра меңгерушісінің өзімен қарапайым қарым-қатынаста өрбіген әңгімеден соң жаңа ортаға алғашқы күні-ақ бой үйретіп, еркінсіп қалдық. Сабақ аяқталар тұста музыканың үш тағанындай, группа ұйысқан ұжым болу үшін тағайындаулар жүрді. Біріншісі, топтың профкомы - балалардың әкесі де шешесі, барлық тұрмыстық, әлеуметтік жағдайының жақсы болуына жауапты тұлға. Комсорг - барлық мәдени, саяси жұмыстардың ұйымдасты­рушысы. Ал, топтың жетекшісі - староста. Кәсіподақ басшылығына бізден екі-үш жас үлкендігі бар Балхан Мамытова, комсомол жетекшілігіне Шиелі музыка мектебінің түлегі, бір жылдық еңбек өтілі бар Құдайбергенов Ырыс­дәулет тағайындалды. Қызылорда қала­сын­дағы орта мектепті бітірген соң ауылда бір жыл қой бағып, оң-солыңды танып қалған маған "сен староста боласың" деп, жылдам шығып кетті. Ол кезде бұл тағайындауларды пайымдай қоймаға­нымыз анық. Кейінгі өмір тәжірибесі аузы дуалы, сөзі уәлі Алла талантты етіп жаратқан жанның батасы екенін көрсетті. Филология факультетін тәмәмдаған Балхан Аққұм ауылында ұстаздық қызметтен абырой тапса, Ырысдәулеттің саяси жетекшілігі өмір бойына жалғасып, Шиелі аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы болып абыройлы қызмет атқаруда. Үш жылдай ғана мектеп мұғалімі болған мен мектеп директорынын тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, совхоз кәсіподақ комитетінің төрағасы, мәдениет үйінің директоры, Бесарық ауыл әкімі болып халыққа қызмет жасаудың, Мүлкаман ұстаз қалаған жақсы ісін жалғастырып кеттік.

Сол кезеңде атағы жер жарған "Сыр сұлуы" ән-би ансамблінің дені осы музыка бөлімінің студенттері болатын. Біз де төрт жыл бойы ансамбльдің хорында өнер көрсеттік. Хор жетек­шісі А.Данильченко концерттік бағдарла­мадағы хорды дайындаса, би, оркестр, хор біріктіріліп, "генеральный репетициялар" айтулы мерекелер қарсаңында жиілей түседі. Бұл кезде дирижер­лық пульт тек Мүлкаман Сүлейменұлында ғана болады. Данильченконың дайындығы "ағаның алды ақжайлау" еркіндеу болса, жайшылықта жайдары жүретін Мүлкаман ағамыз жүз адамдық ұжымды "бір дәннің қауызына сыйдыратын" қатал, талабы қатты.

Сазға елтіген сиқырлы қолдары әр нотаны шашау шығармай, соқырға таяқ ұстатқандай көрсетіп, шебер дирижердің қимыл қозғалысына бағынған жүздеген жанды әсемдік әлеміне жетелеп, ақ тер, көк тер етіп ертіп жүре береді. Алла назары түсіп, дарынды етіп жаратқан жанын жан-жақты қылып жарата салады екен. Дарынды жандарға біреулерге алынбас қамалдай көрінетін қиын істер "шемішке шаққандай" оп-оңай шағыла қалады. Шебер домбырашы, күйші, труба аспабының маманы Мүлкаман ағамызға "оң-солы бірдей" кез келген аспапта шебер ойнайтын. 1976 жылы Қарағанды қаласында өнер фестивалі өтетін болып, бірнеше күн бүкіл ансамбль мүшелері жол жүрудің сәті түсті. Осы сапарда орыс бөліміндегі Цой Никита деген жігіттің гитарасын қолына алып отырып, ағайымыз осы аспапты үйренуге ниетті екенін жеткізді. Арада шамалы уақыт өткенде екеуі екі аспапта небір сазды әуендерді төгілдірді дерсің. Бірде акорд, бірде соло, варициялармен ойнап, бәрімізді таң-тамаша еткені бар. Алпыс екі тамырында әуен ойнаған музыканттың сөйлеген сөзі, әзілі тіпті жүрісіне дейін белгілі бір тактіге бағынған әуендей есіліп тұратын.

Сыр бойында туғанмен Мүлкаман аға түйекеш ағасы Жылкелдінің тәрбиесінде жүріп, Сырдан қырға сапар шеккен, түйелі көштің қызығын, сән-салтанатын көрген адам. Әз Жәнібекті хан көтерген таңбасын тасқа қашаған Нұраның сырына қаныққан, хан жайлауы Телікөлдің балығын аулап, Сарысудың сары құмына аунап өскен әсершіл жан. Күй тақырыбы тарлан тарих, сұлу табиғат, жанға жайлы жайлау болса, жылжи аққан Сыр өзені оны мекен еткен асыл жандар, сұлу құрбы, ардақты ана әніне арқау болған бояуы қалың әріппен жазылар композитор.

Екі дүниеде де сауабы үзілмес ұстаз деген мәртебелі мамандық иесінің сексен жылдығына орай еске алу шаралары басталғанда, ұстаздан жұғысты болған әсерге бөленіп, жақсы ағаның жақсылығын ақыретте де жалғасуын тілеп, үш шумақ өлең көкейге тірелді.

Тойың жатыр тойланып туған елде,

Сағыныштан саз келді ойға демде.

Пульт дайын, оркестрде күтіп отыр,

Дауылдатып күй төкші тойға кел де.

 

Сыр Ана жылжи ағып тербетеді,

Бөленіп Телікөлдің гүлге етегі.

Шежірелі шерлі аңыз тарих сыр боп,

Таңбалы Нұрасынан күй жетеді.

 

Қолдадың біздей қанша жас дарынды,

Сағыныштан көзге келді жас та мұңды.

Өзіңнен бастау алған күй-керуен,

Күмбір күймен толтырды аспанымды.

 

Жұмабай Байзақұлы,

Қазақстан Журналистер

Одағының мүшесі

 

Бесарық ауылы

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Сіз қалаған ұялы телефон қандай?

Айфон - 50%
Нокиа - 5.6%
Самсунг - 11.1%
Хуавей - 5.6%
LG - 27.8%

Дауыс саны: 18
The voting for this poll has ended on: 10 Қар 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 24 25
26 27 28 29 30    

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 18 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.