Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

МҮКАЛМАН ҚАЛАУОВ – КӘСІБИ МУЗЫКА ӨНЕРІНІҢ ШАМШЫРАҒЫ

1978 жылдың көктем айының бірі болатын. Әдет­тегідей музыка мектебінде домбыра пәні өтіп жатқан. Класқа мен танымайтын бірнеше кісі келді. Тасболат ағайымызбен төс түйістіріп, амандық-саулық сұрасып біраз шүйіркелесіп алды. Сәлден соң Тасболат ағай маған қарап: "Кәне, Төлеп, мына ағаларыңа "Жайлауда" күйін тартып берші",-деді. Мен іркілместен тарта жөнелдім. Келген кісілердің бірі орнынан тұрып: "Ой, айналайын, сен бұл күйді менен тәуір тарттың ғой",- деп басымнан сипады. Бұл кісі белгілі күйші-композитор, дирижер Мүлкаман Қалауов екенін кейінірек білдім.

Уақыт сынаптай сырғып өтіп жатты. 1984 жылы Қызылорда музыкалық училищесін тә­мам­дап, әсем қала Алматыға да жеттім. Құр­ман­ғазы атындағы консерваторияда алғашқы емти­ханды қазақ музыкасының корифейлері Құбыш Мұхитов, Мәлгаждар Әубәкіров, Меруерт Кален­баева және Мүлкаман Қалауов қабыл­дады. Емтиханға бірнеше күймен сол кезде домбырада орындалуы күрделі шығармаға жататын Альябев­тің "Соловей" және осы күнге дейін домбы­рада әлі ешкім орындамаған Паганинидің "Вечное движение" шығармасын орындадым. Тым-тырыс. Үнсіздік ұзаққа созылып бара жатқан сияқты. Өзімді ыңғайсыз сезіне бастадым. Меруерт апай: "Что за ветер?" деп қалды. Кетуге ыңғайланып орнымнан тұра бергенімде Құбыш ағай:

- Динаның "Бұлбұлын" білесің бе?-деді.

- Ия, білемін.

- Тарта ғой. Тартып бердім.

- Бұлбұл қандай құс өзі, сен көрдің бе?-деді Құбыш ағай.

- Жоқ ағай, көргенім жоқ.

- Ей! - деп дауысы қаттырақ шығып кетті Мүлкаман ағайдың. - Қызылордада әр бұтаның түбінде бірнеше бұлбұлдан бар емес пе? Көрмегені несі ей?- деп басын шайқады. Емтихан аяқталған соң Мүлкаман ағай келіп, қолымды қысып, жылы лебізін білдірді.

Қателеспесем, 1989 жылы факультетімізде үлкен жиналыс болды. Бүкіл студенттер мен мұғалімдер үлкен аудиторияға сыймай отырмыз. Төрде ректор Д.Қасейінов және бірнеше прорек­тор сөз сөйледі. Бір кезде бүкіл студент өре түре­геліп қол соға бастады. Мен артқы жақта отыр­ған­­мын, ештеңеге түсінбей қалдым. Отырған орындығыма түрегеліп қарасам, деканымыз Мүлкаман ағай кіріп келе жатыр екен. Ағай төрге шығып отырғанша қол соғу тоқталмады. Мүлкаман ағай қолын көтергенде ғана тыныш­талдық. Осы кезде ректор: "Вас как Ленина встречают" деген еді, студенттер тағы қол соғып жіберді. Міне, бұл тұлғаның шынайы бет-бейнесі еді. Мүлкаман ағай мұғалімдер арасында да, студенттер ортасында да үлкен беделге ие айтулы азамат болатын.

1990 жылдың мамыр айы, 4-курс студентімін. Алматыға жақындау Киров совхозында пәтер жалдап отбасыммен тұрып жатырмын. Бір күні кешкілік үйіме Мүлкаман Қалауов, Айтберген Жаңбыршиев және менен бір курс жоғары оқитын қызылордалық Рыспанбет Рысдаулетов кіріп келді. Барымызды жайып, ағайларымызды қарсы алдық. Шайдан кейін Рыспанбет кетіп қал­ды. Оның неге келгенін де түсіне қойдым. Ағай­ла­рынан "құтылу­дың" амалы ғой, сірә. Мүлкаман ағай мен Айтберген ағай үйімізде екі күн болды. Айтылмаған әңгіме, шертілмеген сыр, тартыл­маған күй қалмады. Біраз сырға қанық­тым, бүкіл өнер адамдарына тән бір нәрсені ұқ­қан­дай бол­дым. Өмірін өнерге арнаған адамға отбасының бақыты бұйыра бермейтін сияқты. Мысалы, Паганини, Бетховен, Моцарт, Тілен­диев, Мұқа­ғали т.б. Үнемі жарқырап, жадырап жүретін, ҚР еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, профессор атағы бар Мүлкаман ағай «жұпыны» көрінді. "Өтпес пышақ, шабан ат, жаман қатын, жігітті осы үшеуі қартайтады" деген сөзді дана қазақ бекер айтпаса керек.

Мүлкаман Қалауовтың өмірі ауыр болған. Әкесі Сүлеймен сталиндік репрессияның құрба­ны болғаннан кейін жетімдік көріп, балалар үйінде, интернатта тәрбиеленген. Музыкалық қабілеті ерте дамыған бала Мүлкаман домбыра, сырнай, мандолин аспаптарын еркін меңгеріп ғана қоймай, өзі де ән-күй шығаруға талпынған. Жастайынан өзіне таныс жайлаудағы малшы­лардың өмірін күймен суреттеуге тырысқан Мүл­ка­манның алғашқы күйінің бірі "Жайлауда". Кейде түйемен, кейде жылқымен желе жортып жүріп, мал бағатын кездерінің куәсіндей "Желіс" күйі де дүниеге келеді. 1957 жылдың жаз айында өткен Қызылорда облыстық жастар фестиваліне арналған "Фестиваль жыры" Мүлкаманның ал­ғаш­қы әні болатын. Осы фестивальде жүлдегер болған Мүлкаман "Отаным" әнін шығарады. Осылайша өзінің ондаған ән мен күйін "арқалап", Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына бағын сынауға келеді. Қазақ музыкасының көрнекті қайраткерлері, компози­тор­лар Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің ризашылығына бөленген Мүлкаман консерва­тория студенті атанады. Міне, нағыз қайнаған өнер­дің ортасына, өзі қалаған мамандығына түс­кен Қалауовтың жаңа өмірі енді басталады. Көп ізденеді, сабақтарының бәрінен үздік болады.

1965 жылы консерваторияны домбыра, труба, оркестр дирижеры мамандықтары бойынша үз­дік аяқтаған Мүлкаман ағайды өзі бітірген кон­сер­ваторияға ұстаздық қызметке қалдырып, Мәс­кеу консерваториясының аспирантурасына жол­дама береді. Өкінішке орай, отбасылық жағдайға байланысты Мүлкаман ағай туған жері Қызылордаға қайтып кетеді. Н.В.Гоголь атында­ғы педагогикалық институттың музыка және ән ка­фед­расының меңгерушісі болады. Сыр елінің ғана мақтанышы емес, бүкіл қазақ халқының қуанышына айналған "Сыр сұлуы" ансамблінің іргетасын қалап, өзі жетекшілік етеді. Қызығы көп шуақты күндерде шабытына шабыт қосылып, шығар­машылық өнері толыса бастайды. "Ана туралы жыр", "Көл жағасында", "Сыр бойы", "Сағыныш", "Жұлдызым", "Аруларға айтар сөз", "Күзгі бақта" әндері, "Бейбіт", "Той", "Қоспан ата" күйлері дүниеге келеді. "Сыр сұлуы" ансамблінің де репертуары толысып, кәсіби шеберліктері де арта түседі. Қазақ елін түгелге жуық аралаған "Сыр сұлуы" Ресей, Молдавия, Болгария, Иемен елдерін де өз өнерлерімен тамсандырып қайта­ды. Республикамызда алғашқы болып "халық ансамблі" атағын алған "Сыр сұлуы" ансамбліне Мүлкаман ағамыздың еңбегі орасан зор. Ағайы­мыздың өзі айтпақшы, "1982 жылға дейін менің өмірім "Сыр сұлуымен" бірге болды. Қызығы мен қуанышы мол ең бақытты кездерім еді" дейтін.

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік кон­серваториясының шақыруымен 1982 жылы Алма­тыға көшкен Мүлкаман ағай консерва­ториядағы ең жарқын тұлғаның біріне айналады. Алғашқыда оркестр дирижерлау кафедрасында, аз ғана уақыттан кейін "Халық аспаптары" фа­куль­тетінің деканы болған ағайымыз адамгер­шілік, қарапайымдылық, үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты өмірлік қағидаларды берік ұстанады. Өнердің "Қарашаңырағы" консерваторияға келгелі көптеген шығармалар жазады. Т.Ахта­нов­тың "Ант", И.Байзақовтың "Ақбөпе", П.Жанаповтың "Қу тазша" спектакльдерін музы­камен көркемдеп, көптеген кітап-жинақтары баспадан жарық көреді. И.Брамс, Н.Тілендиев, К.Күмісбеков, Б.Жұбаниязов шығармаларын екі фортепианоға түсіріп, көптеген ән-күйлерді оркестрлерге лайықтады. Ондаған өнер жайындағы мақалалары жарыққа шықты.

Араға 32 жыл, яғни 2014 жылы Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы мені жұмысқа шақырды. Жалпы, үстіміздегі жылы консер­ваторияның 75 жылдығы аталып өтпекші, осы жылдар ішінде Сыр бойынан Мүлкаман аға мен мен ғана шақырумен келген екенбіз. Бір қызығы, Мүлкаман ағайға концертмейстер болған Сәуле Жанұзақова бүгінде менің концертмейстерім. Бірде Сәуле: "Төлеп, биыл Мүлкаман ағайдың 80 жылдығы ғой, Сіз оның "Бейбіт" деген шығармасын білесіз бе?" деді.

Мен "Бейбіт" деген күйін естігенімді айттым. Ертеңіне Сәуле Жанұзақова "Бейбіт" деген М.Қалауов­тың өз қолымен жазылған шығар­ма­сын әкеліп берді. Ауған соғысында қаза тапқан боз­дақтарға арнаған екен. Неліктен күні бүгінге дейін орындалмай жүргеніне таңдандым. Мүл­ка­ман ағай өз шығармаларын көп насихаттай бер­мейтін. Сол баяғы қарапайымдылық қой. Ұста­зымыздың "Жайлауда", "Желіс" күйлерін білетінбіз, ал, "Той", "Қоспан ата" күйлері барын консерваторияның соңғы курстарында естідік.

Мүлкаман ағайымыздың 80 жылдығы тым болмаса облыс көлемінде, жоғары деңгейде ата­лып өтеді деп үміттенемін. Сыр бойында кәсіби музыка өнерінің деңгейін биік ұстаған маман ағаларымыз көп емес ғой...

Төлепберген Тоқжанов,

 

Алматы

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Сіз қалаған ұялы телефон қандай?

Айфон - 50%
Нокиа - 5.6%
Самсунг - 11.1%
Хуавей - 5.6%
LG - 27.8%

Дауыс саны: 18
The voting for this poll has ended on: 10 Қар 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 24 25
26 27 28 29 30    

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 39 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.