Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

МЕН СЕНІ ҚҰШҚАН ҰЛЫ ТҮН ҚАЙДА?...

Ақын

Ақын!

Ақын!

Ардың жүгін арқалап.

Қасіреттің көз жасынан, қасиетін қалқалап.

Сыймайды олар қалыпқа да, табытқа да, тәйірі.

Жүрегіңе сыйдырып ал,

Сыйдырып ал,

Мархабат.

 

Ақын!

Ақын!

Жай отындай жарқылдап.

Жанға зікір салады әні, қарға ғұмыр қарқылдап.

Өз отына өзі күйіп, өз Құдайын жазғырып,

Мына жалған дүниядан,

шындық іздеп

Шарқ ұрмақ.

 

Рақым!

Рақым!

Жер тартады, құм бесік.

Жалғыз мола қалады олар, жалғыздықпен күн кешіп.

Мұңазасын айтады олар, айтады олар тағдырға.

Қайтады олар,

Маһшар таңда

Тәңірімен тілдесіп.

 

Ақын!

Ақын!

Бастан аумай ғаріп бұлт.

Тумысын да, болмысын да біле алмайсың танып түк.

Кенезесі құрғап жатса, көзесіне мұң құйшы.

Жылайды да,

Жырлайды да

Басылады жарықтық.

 

Ақын!

Ақын!

Арыстандай ақырады

Алысқандай бірімен.

Нан ұстайды, аһ ұрады намыс жайлы жанымен.

Жұрнағының бірімін ғой, бүрімін ғой десе де.

Тырнағының ұшына да татымаймын әлі мен.

 

 

О, Құдірет.

Құдірет!

Таусылмайтын, сарқылмайтын ақыл ол.

Бізден гөрі Тәңіріне, Тәңіріне жақын ол.

Кіндігін кескен тұл қазақ,

Тұсауын кескен мұң қажап.

Иран-Ғайып - адам емес,

Ақын ол.

 

Өгей ғұмыр

Шарасыздың күйін кешсем дәл бұлай,

Панасызбын демес едім бар Құдай.

Өгейлігі әлсін-әлсін жылатып,

Туғанындай көре алмаған тағдыр-ай.

 

Шарпып өткен шақалақ нұр шала мұң,

Тауқыметтен тоз-тоз болған бала күн.

Қайда маған басқалардай тәтті өмір.

Қайда менің қасіретсіз ғаламым.

 

Ғазиз бастан мұң аунайды не түрлі,

Ғаріп қайғы қаратпайды бетімді.

Кедейліктің тұзын сорған тағдырда,

Өгейліктің өші кеткен секілді.

 

Бесік ғұмыр тербелмесе сірә да,

Кешіп түңіл, тірлігіңді сұрама.

Туғанынан қаймығады бір әке,

Туғанына қайғырады бір ана.

Қанатына іліп алып құс қайғы,

Құдайыма алып неге ұшпайды.

Қарттар үйі, жетім жанар, жесір мұң,

Мейірімсіз ғаламшарға ұқсайды.

 

Туды тағы көкке керді ай төсін,

Шалқаяды шаруаға, әй несін.

Тастан ауыр тағдырларға Тәңір-ау,

Тас төбемнен тас атқылап қайтесің.

 

Қабырғамды қажытқанда құса мұң,

Өксіп-өксіп өкінішті тұсадым.

Мешіттердің ауласынан іздеймін,

Адамдардың мейірімді құшағын.

 

Бүгін менің апамның туған күні

Балалық-ай, балпаңдап жазым басқан,

Тағдырыма мехнат жазылмастан.

Мына менің табаным жарақатсыз,

Ал, апамның маңдайын әжім басқан.

 

Қадір қашқан менен де ұят налып,

Аспан неге жылайды жиі ақталып.

Ажарына апамның әжім түсті,

Әжемді жеңген тағдыр сияқтанып.

 

Көрмейсің бе тірліктің тербелуін,

Мен өмірге, ал маған келді өмірім.

Есім кетіп тою мен тыныштыққа,

Еңбектеуден басталды-ау пенделігім.

 

Апа мен қырт өмірді көксемедім,

Көксемеуге бар еді көп себебім.

Тоймай қалған қозыдай дүре тиіп,

Етегіңе оралып өскен едім.

 

Шөккен еңсе, ақ түскен тау ғұмырға,

Кәрілік кәрленеді жау қырында.

Аяғыңның астында аят болған,

Жұмақтың иісі бар жаулығыңда.

 

Сайқал күлкі мүжіген мүрде мұңды,

Күпі киген қара өмір кімге нұрлы.

Бүкірейген апама қарап, білем,

Мен кімнің арқасында жүргенімді.

 

Тар құрсағын кеңітіп құндақтаған,

Емізген, еміренген қымбатты адам.

Тас емшегін жібітіп таңдайымды,

Ана сүтінен құрғатпаған,

Мен апамның жастығын ұрлап барам.

 

Қазақы үй, қарт ата-ана, тентегі бір,

Күрмеуге келмей қалған келте ғұмыр.

Әне-міне дегенше түгесілер,

Әжем айтқан әй жалған ертегі өмір.

 

Сөнді жұлдыз, құба таң бозарды да,

Болмай отыр болмағыр мазам жүдә.

Апамның туған күні өткен сайын,

Әжем келе береді көз алдыма...

 

***

Ақымағым...

Ақылымнан туады ақын әнім.

Мақұрымнан қайтесің қайыр күтіп,

Үзіп алсаң үміттің жапырағын.

 

Қылықтым-ау...

Сөнбейді сайтан алғыр үміт мынау.

Түн баласын түртпектеп сені ойласам,

Тауқыметтің барлығын ұмыттым-ау.

 

Күнім менің...

Аспанның ұнатпаймын түңілгенін.

Қаусырып құшақтағым келеді ғой,

Таусылып қалатындай бүгін демім.

 

Қымбаттым-ау...

Тағдырымыз тастан да тым қаттылау.

Қашанғы енді ерімей ерік бермей,

Жанарыңды тұмшалап тұрмақ қырау.

 

Сағым өшті...

Налыған көңілімнің назы күшті.

Көзіңнен көрсетсе ғой шіркін маған,

Біздегі жазмышты.

 

Жалын демім...

Жалғыздықты сүйеді жаным менің.

Жанарларды көремін сондай сұлу,

Әй, бірақ...

Бәрінде мұң...

***

Дейсің бе өмір түбіңе жетіп үлгерем,

Дос керек маған достарсыз өмір дүрбелең.

Адыра қалсын арманда кеткен махаббат,

Дос керек маған махаббатсыз-ақ күн көрем.

 

Құлшынып жатқан, тұншығып жатқан көп себеп,

Итаяғымнан тойынар талай Көксерек.

Сезімнің мынау сергелдеңінен шаршадым,

Ит тірлігімде итімнен адал дос керек.

 

Керуен ғұмыр барады көшіп тағы да,

Барына жүрек батпан мұңдардың налыма.

Ғашықтар мейлі бақыттан кетсін баз кешіп,

Болмаса достық болмайды мүлде мағына.

 

Сұғанақ жандар сығалап күнін амалдар,

Сайтан алғыр-ау кезікпеңдерші маған дәл.

Бұрышқа барып жақынын тұрар жат көріп,

Достығың қайда, дос күнің қайда адамдар?

 

Мүмкіндіктерім мұндалап мені тоспайды.

Дүние дәурен достардың басын қоспай ма?

Жасын ойнаған жанарларында жас ғұмыр.

Асық ойнаған антына адал дос қайда?

 

Дос керек маған достарсыз өмір дүрбелең.

Көрерім болса көбіңді жырлап үлгерем.

Бас тарттым досым бақыттылардың бәрінен.

Дос керек маған махаббатсыз-ақ күн көрем.

 

Тәуелсіз тағдыр

Тәуелсіздік-тұмансыз атқан ақ таңдар,

Тәуекел еткен Абылай рухты аттандар.

Атыраптан ар азабын арқалап,

Топырақтан төбе болып жатқандар.

 

Тәуелсіздік - қызғалдақ гүлдер тапталған,

Сақалын жуып жас ағып жатты қарт таудан.

Боялып жатты қып-қызыл қанға қасат қар,

Оянып жатты арманда кеткен тәтті арман.

 

Атадан қалған абадан мінез арлымын.

Жаңылған жоқпын жанымнан артық ар құным.

Бөлтірік ғұмыр бөрінің аңсар тірлігін,

Тәуелсіздік, ол - сенің мен менің тағдырым.

 

Қатпар да қатпар, қан-жоса болған қалың ел,

Бабадан түлеп, қарадан шыққан арың ем.

Адырнасынан азалы әуен сарнайды,

Қабырғасынан сөгілген сайын кәрі бел.

 

Күннің де көзін қаңғыған бұлттар тұмшалап,

Қазақтығымды, азат күнімді құрсамақ.

Дүре соққандай дүрлігіп жатыр дүние,

Құбыла соққан құтырған жел де тұр сабап.

 

Желтоқсан айы желімен қыстың желпіндік,

Қашанғы жалап жата береді дертін жұрт.

Қазанда қайнап, ажалға айдап ар намыс,

Желтоқсан айы боздақтар сүйген еркіндік.

 

Атадан қалған, абадан мінез арлымын,

Жаңылған жоқпын жанымнан

                                          артық ар құным.

Арымен қажап құлдықтың үзген шідерін,

Тәуелсіздік, ол - сенің мен менің тағдырым.

 

АРЗУ...

Жанымның жыртып ақ шүберегін,

Дертіме дауа тапшы демедің.

Өтірік күліп, өмір сүрем де,

Өкініп тұрып жақсы көремін.

 

Көрінген едің шуақтай маған,

Шөлдесең жаным бұлаққа айналам.

Күйбеңің қанша қан жылатса да,

Сүйгенін бірақ жылатпайды адам.

 

Мен сені құшқан ұлы түн қайда...

Оның да ертең күні тумай ма!?

Ес-түссіз сүйген есер шағымды.

Ұмыт дейсің бе,

Ұмыту қайда?

...

 

Іңкәр сезімге бөленбей ғалам,

Мұңын шағады өлеңдей маған.

Жұлдыз көрінсе Айдың жанынан,

Есіміңді оқып өлердей болам.

 

Түн мені тағы ойға батырды,

Шығардым жалғыз ойланатынды.

Құдай да шебер ұмытпасын деп,

Аспанға жазып қойған атыңды.

 

Жақсы көрем деп жиі алдайсың ба?

Жан тәніңменен сүйе алмайсың ба?

Менің жүрегім кешірімді ғой.

Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба?

 

Қара түндерде ай таранбаған,

Қолымды созам, қайта орал маған.

Айналмаймыз ба ғашықтарға біз,

Жердің бетінде қайталанбаған.

 

Мұңайды жүдеп осы гүл бағым,

Жылайды жүрек қосылып жаным.

Өмір де өзің, өлең де өзің,

Байқамайсың ба осының бәрін.

 

Қарамады ол ұшықталсам да,

Қара бастым-ау түсіп сарсаңға.

Мұқағалиды тірілтіп алып,

Махаббатыма ішіп барсам ба?...

Ақжол Түменбай

 

 

 

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Сіз қалаған ұялы телефон қандай?

Айфон - 50%
Нокиа - 5.6%
Самсунг - 11.1%
Хуавей - 5.6%
LG - 27.8%

Дауыс саны: 18
The voting for this poll has ended on: 10 Қар 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 24 25
26 27 28 29 30    

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 40 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.