Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

АҚМАЯ (жалғасы)

Басын көтеріп, жан-жағына қарап тағы біраз жатты. Талма түске жақындаған сайын күннің ыстығы көтеріліп барады. Әуелі артын кейін­нен алдын алып орнынан тұрды, құйрығын жыл­дам бұлғаңдата қағынып, бірер құмалақ тастады. Бойын тіктеп, иір мойынын көкке соза керіліп алды. Буын-буындары сыртылдап, денесі ширап қалғандай. Артқы аяқтарын алшайта, бұтын талтайып зәр шығарды. Бір ішкенде жеті-сегіз шелек суды сімірсе де, шап­тырғаны ұзаққа созылмады. Алдыңғы аяғымен төсін сарт еткізіп салып қалды, жал­пақ табанымен бауырын былайша ұрғылау қол­тығына быжынай жабысқан қансорғыш кене­лерге қарсы әрекеті болатын. Тойынып бармақ­тай болған немелердің қанға тойғаны ештеңе емес, қадалған жерін жан төзбестей қышы­татыны бар.

Теңіз жақтан жайлы самал соқты, су ішпе­геніне үш күн болыпты. Ұзақ жолында шөл қан­дырар еш көлшік, не қақ кездеспеді. Қалың жал шоқалақты кесіп өтіп, белдеу құмнан әрі асса, осы жерден қашық емес суат бар, соған жетсе кермек теңіз суына қанары анық.

Маңдайын самалға төсей, теңізге қарай салды. Аунаған жерінен әріректе індікештен үш-төрт тышқан шоқия қарап отыр, дыбыстап шиқылдап қояды. Онысы: "Мына неме қай жақтан келді?" дегендері сияқты. Ақмая маң-маң басып әлгілердің жанынан өте шықты.

Көптен мал айналып, адам аяғы баспаған­дық­тан болар бұрынғы ескі мал жүретін сүр­леуді шөп басып кетіпті, бір кездері мұның жол болғаны білінбейді. Үш ай қыс бойы қалың қардың астында жатып, күн жыли, көктем шыға түрленіп кететін атыраптың соңғы жылдары қалыңшылыққа айнала бастағаны байқалады. Жерді жеке қожалықтар алғалы иесіз қалған мұнда еш адам келмеген.

Бауырын сабалаған қалың жыңғылды, дүзгінді, тізесінен асып тұтаса өскен көкбұта мен жантақты кесіп өтіп, аспа белдеу құмға жетті. Қиыршық теңіз құмында қатар жүрген үш мотоциклдің ізінен басқа ештеңе байқал­ма­ған еді. Енді жиырма қадамдай жүргенде жағаға жақын құм үстімен жүрген айыр тұяқ бес-алты сиырдың ізі көрінді. Мұның бір ұя шошқа болуы да мүмкін. Осы тұстың батпақ-ұйықтан ада, даңқайыр алап екенін бұрыннан білетін, талай тобымен құлаған жерлері. Жалғыз жортқан кәрі нар мейірін қандырар суатқа келіп қалған.

Теңіз айдыны тып-тынық. Жиектен баста­ла­тын айдар-айдар бола тізбектелген ну пішен қалыңдап кетіпті. Жағаны майда толқындар шылп-шылп соғып жатыр. Қамыс арасынан сан түрлі құстың үйректің, қасқалдақтың, қаздың дыбы­сы естіледі. Ұя басып, балапан еріткен­дері пішен арасындағы тынық алаңқайларда жүзіп жүр. Мазасыз тіршіліктің тамыр соғысы, жүрек дүрсілі қай-қай көріністен де сезіледі. Анау тереңіректегі қос аққу, мына жағадан қа­шық емес тайызда балық аулап, топтана жүзген шағалалар соның айғағындай еді.

Әбіш ақ наршасын енесімен бірге жылда­ғыдай бақташыларға қосып жібермек еді, түйеші Нұртуған:

- Қараүлек ақ наршаның атасы, өз баласын оған салуға болмайды,- деді.

Сосын жас түйесін ауылдасы Елеместің ақ бура­сына салды. Елемес бурасын қыс басынан қолға алып, қорасында ұстады. Өзінің және Әбіш сияқты ауылдастарының тайлақты түйе­лерін, қайымалдарын жинастырып, қыс орта­сын­да келеге салып жіберді. Сақылдаған сары шұнақ аязда басталатын Ойсылқара тұқымы­ның махаббат маусымында ішін аш арыстандай тартып, тісін шықырлата қайрап, жан-жағында­ғы­ларға кірпік қақпастан қарайтын алты жыл келеге түскен бура дер шағына келген екен. Ал­ғаш­қы күні-ақ келедегі буыршындарды тыр­қыратып қуып жіберді. Айбаты асып, азуын айға білеген сақа бура келесіндегі тайлақты түйе, жас қайымалдарды шиыра үйіріп, күйті келгендердің бірінен соң біріне шөге бастады. Осы қалпында ұрғашы түйелерден басқа еш­теңе көрмейді, бұл кезде жалғыз жарым адам оған жақындай алмайды. Аузынан аппақ көбігін шұбыртып, қап-қара шайырлы жел­кесін иығына үйкеп, үнемі шабынып жүретін қауіпті жануарға айналды.

Бураның табиғат заңдылығымен бойындағы еркектігін көрсеткені сол: қынулы жануар тойым­­сыз ұрғашылардың нәпсісін қанағаттан­дырады. Келеге түскенінен бастап-ақ наршаға ықыласы өзгеше болды. Алғашында бураның деге­ніне көнгісі келмеген, иығынан басып, қолдауынан тістеп, еріксіз шөгеріп, мақсатына жетті. Ақ бураның тегеурінді тақымы балдай тәтті ләззат шырынына батырды, ендігіде нар­ша еркегінің ыңғайына икемделе білді.

Құм қайырға төрт табанымен мөр басқандай із тастап, теңізде тізесіне келгенше кешіп ба­рып, салқын суды басын алмастан қылғыта ұзақ жұтты. Жұтынған сайын өңешінен жоғары қарай домаланған су жүгіріп өтеді. Шөлін қан­дыра ішіп, басын көтерді де, шұлғынып, ернін­дегі тамшыларды жан-жағына шашып жіберді. Енді әлгіндегідей емес, аз ғана жұтып, тағы шұл­ғынды. Бұлардың су ішкенде осылай шұлғынатыны ежелгі әдеті. Тізерлігінен келе­тін суда тұрып, алдыңғы аяғымен екі-үш рет төсін ұрып, тұрған жерін лайлап, су шашып қызықтағандай еді. Онысы кене тескен жұқа қолтықтың қышуы үдеп кеткен.

Теңізді шалпылдата келген ізімен кері шық­ты, сәл аялдап, дүр сілкініп алды. Енді ауылға тура тартса болады.

Шөлі қанып, бүйірі шықты, отын алып, жайы­­лымдағы әр түрлі шөптің басын шалып, маң-маң басқан маңғаз қалып танытты. Дәл төбе­сіндегі бір уыстай жүн басын өткір күн сәу­­лесінен қорғаса, әлгі бір әзірде қалың жың­ғыл арасынан өткенде бүйір жүні бұтақтарға ілініп, ода-додасы шығыпты. Алға жылжыған сайын түтілген жүн шұбатыла желбіреп, үзіле ұшып келеді. Түп жыңғылдың күнгейі мен көлең­кесіне қаулай өскен алаботаны жүріп келе жатып жұлып алды.

Ақ нарша тұмсасында Ақмая атанды. Ұзын си­рақты, биік қазақы нар келісті, шудалы бола­тын түрі бар. Төрт түліктің ішіндегі төлін ең көп көтеретін түйе ғана. Жыл асқаннан кейін де бір-бір жарым айдан аса уақытта төлдеп, ботасы аяқтанып болмайды.

Әбіш Ақмаясын жиырма күн асқасын ұстады. "Тұмса неме көп көтере қоймас" деп ойлаған.

Жаңылды көрсе соңынан жүгіретін әдеті қал­мапты. Сонан да әйелі оған беретін нанын қал­та­сына салып жүреді, келе қалғанда аузына салып жібереді. Тұмса ризалығын білдір­ген­дей баяғысынша қолынан, қарынан тісін батырмай тістелеген болады.

- Қоя ғой енді, мазаны ала бермей,- десе де, Ақмая­ның балаша еркелегісі келіп тұрады. Желінін ұстап, емшегін тартып көрген Жаңыл:

- Үрпін шанышқан екен, ұзамас,- деген.

Таңының жүнін ашып, әуелі сүтін ағартқан, тұмса отыз күн асты дегенде толғақ қысып, қора­ның ішін кезумен болды. Әбіш кешкілік аулаға бос тастап, түн ортасында қарап қайтқан, Ақмая ыңырсып тұр екен. Ертеңгілік мал шыға­руға барса, боталапты. Ботасы аяғын жинай алмай, киімі сыпырылмай жатыр. Ақмая көзі шатынап, ботаға адам жолатпай, тұмсығын көте­ре, айбат шеге, аяғымен жер тарпып, пысқырынып тұрды.

Ақмаяның аман боталағанына үйдегі балалар да қуанып қалды, жас ботаны қызықтап қораға қайта-қайта бара берді.

Әбіш Жаңыл екеуі тәлтіректеп аяғын зорға басатын ботаны Ақмаяның бауырына апармақ болған, тұмса қызғанып айналып кете берді. Желінін сипағанға, емшегін тартып көруге де тыпыршып орнынан қозғалып кетті. Сосын басын байлап, ботаны алдына әкеліп, Жаңыл емшегін тартып көрді. Айналып толғануды, адамның өзіне деген мейірімін мал да біледі. Жаңыл қарағымдап барғанда Ақмая момақан қалыпқа енді. Жаңылдың:

- Түз тұр!- дегеніне, артқы аяқтарын алшайтып, тұра қалды. Ақмая тұмса болса да, сүті мол болатынын көрсетті.

Аспаннан жауып, жерден бораған жылқы жылғы қыс жанға да, малға да оңай болмады. Қолдарына аяқты малдарын ұстамай, төлдер кезінде жинайтын ел қыс бойы түзге шығып, мал қарай алмады. Баяғыдай емес бас білгі түйе, қолға ұстап мінер ат ұстамайтын жұрт тек мотоциклмен ғана мал түгелдейді. Қыстың ауыртпалығы ең әуелі сиыр бейшараны жайпап кетті, қораға жете алмай, әр шоқалақ түбінде қалғандары көп болды.

Қыс аяғы ұзарып, арты жаңбырлы көксоқ­таға айналды. Шөп басына тұрған мұздақ жылқыға іш тастатты. Тек түйе ғана жағадағы қалың қарасораңға түсіп, күйін кетірмеді.

Осы жылы Ақмая далада боталады. Көкжал бөрімен ұшырасып, ботасы үшін ажалмен бетпе-бет келгені де осы қыста болды.

Қақпанға түскен ақ қаншықты адамдар со­ғып алған. Арланы жалғыз қалды, екі аяқ­тыларға деген өшін төлдеп жатқан малға тиісіп алды. Талай бота мен құлынды бауыздап, қанын ішті. Өзі өлтірген өлескеге соқпайды, жас төлдің етін сол бойда тауысып кетеді. Далада туып аяқтанған мал қай тұста да өріп жүр.

Алдындағы сорды айналып өткен, қарсы алдынан шөгіп жатқан ақ нарды көрді. Көк­жалды байқаған Ақмая атып тұрды, жанындағы ботасы тұрмаққа ұмтылғанмен, бойын билей алмай құлап қалды. Арланның көзі жайнап кетті. Құйрығын бұлғаңдата түйеге жақын­даған, Ақмая танауы шуылдап, тісін қайрап қасқырға ұмтылды. Ботасына жолатпай, жер тарпып, қайрат көрсетті.

Тура ұмтылған әрекетінен ештеңе бітіре алмаған қасқыр шоқиып отырып аңдысын аңдады. Ақмая ботаға жан жолатар емес. Қа­сында сыңары болғанда мұндай олжаны оңай жеп кетер еді, бірі түйені алдандырып, екіншісі ботаны жарып тастайтын. Тұмсығын көтеріп езуінен ызалы дыбыс шығарып ұли бастады. Ұзақ ұлыды. Дос іздеп берген дыбысын дұшпаны да есітетінін көкжал аңдаған жоқ.

Көп күттірмеді, алыстан мотоцикл ды­бысы естілді. Бірте-бірте жақындаған дыбыс қас­қырдың дегбірін қашырды. Отырған орнынан созалаң тұрған көкжал жылыстап кетті, әйтпесе өз басына қауіп төнерін білген еді.

Жаңыл ауырып қалғалы Ақмаяны сауатын ешкім болмады. Осы кезге дейін одан басқа ешкім сауып көрмеген түйенің бір мінезі бөгде адамды білсе болғаны теуіп жібереді. Жаңыл өзі болмаса көбіне ботасын салдырып алады. Нардың мұндай ашуы үстінде жазым етуі де мүмкін еді.

Көршісі Күнзада Жаңылдың халатын киіп, нарды саумақ болды. Әбіш нарға жақындап қарағымдап тұрды. Емшек тартқан саусақтың басқа екенін сезген нар дерткен желінін бота еміп, сауылып босағанша тырп етпеді. Күнза­даның киімін иіскеп, иіс таныс болғанмен Жаңыл емес екенін білген бойда теуіп жіберді. Шелек толы сүт ақтарылды да қалды.

- Мынау неткен мал! Сүтінің бәрін төгіп тастағанын қарашы! - деген бөтен дауысты естігенде, тұмсығын көтеріп, көзі аларып кетті.

- Қап, мынаның күйігін-ай, бұған Жаңылдан басқа ешкім жақындай алмайды демедім бе? Өзіңнің бір жеріңді ауыртып алмадың ба? - деді Әбіш.

- Тепкенде иығыма тиді, ештеңе еткен жоқ. Қасық қанын қимайтын бұл не қылған пәлекет!

- Бұған не қылайын енді? Осындай ғой мұның әдеті!

Әбіш шарасыздығын танытты.

- Өзіне арқан салса қайтер еді?

- Ашуланса, тіпті құтырып кетеді.

Әбіш қолындағы қысқа таяғымен нардың жамбасынан салып қалды. Ақмая қиқаң етіп, бар жынын лақ еткізді.

Ақмаяның саудырмағанын естігенде Жаңыл:

- Бір жерлеріңді жазым етпеді ме? Басқа адамды біліп тұрғаны ғой,- деді.

Түйенің қайырмасын саууға өзі шықты. Белін шаршы орамалмен байлап алды.

Айналып-толғанып қасына қасына келгенде, Ақмая да иіс алып, ыңырсып қоя берді.

- Ақмаям-ау, Ақмаям! Неге тентек боласың? Қарағым, Ақмаям, олай ете көрме.

Айтқанды ұғатын едің ғой,- деді.

Ақмаямен баласындай сөйлесті.

- Өзімнің ауырып жүргенім ғой, әйтпесе сені басқаға саудырармын ба? Мына науқасымнан қорқамын, балаларымның қызығын көремін бе дегенде, не боларымды қайдан білейін... Ақмая, қарағым...

Жаңылдың жылы сөзіне Ақмая түсінгендей басын иығына үйкеп қойды.

- Айтқанды түсініп тұрғанын қарашы,- Әбіш әйеліне Ақмаяның көрсеткен қылығына таңырқап тұр.

Науқас қажытқан әйел шелекті тізесіне қойып, нардың емшегін тарта берді. Сауып болғанша әлі құрып, демігіп қалды. Сүт толы шелекті Әбішке беріп, Ақмаяның мойнынан сипады.

- Ботасынан қолға ұстаған Ақмаям-ау, сөйлер тілің болмаса да, бәрін түсінесің. Бұдан кейін бауырыңа келе алмаспын... Балаларға қасық сүтіңді қисаңшы, мен емі жоқ аурудың қолына түстім ғой... Сендер аман болсаңдар болды да...

Айтатын аманаты көп еді, даусы дірілдеп, көзінен моншақтап жас төгіліп кетті. Ақмая әйелдің қолын иіскеп, ернімен жыбырлатты.

- Қап, қалтама нан салып әкелмегенімді қарашы...

Таныс қораға келіп тоқтаған кәрі нар ыңырсып қалды. Қаншама шақырымды артқа тастап келгенде, Жаңыл алдынан шығып қарсы алатындай көрінген.

Ақмаяның қора жанында жатқанын көрген Әбіш алғашында таңырқап қалды. Алысқа сатылып кеткен түйесі қайтып келер деген ой үш ұйықтаса түсіне кірмеген. Әбден арып, арса-арсасы шыққан түйенің жанына барды.

- Ақмая, мұнда қалай келдің?! Туған жеріңді сағынып жеткен екенсің-ау, жарықтық?! Ақмаям-ау, Ақмаям, Жаңылды сағынып келдің бе? - деп түйенің мойнынан сипады, нар тағы ыңырсыды.

- Жаңылдан айрылып қалдым ғой! Ол жоқ енді саған да, маған да...

Әбіштің даусы дірілдеп, тамағына тас тығылғандай.

Ақмая Әбіштің айтқанын түсінгендей омырауынан иіскеп, тағы да ыңырсыды.

Әйелі қайтқалы бері Әбіш үйінде жалғыз еді. Үйленген баласының қызметі бар, қалада тұрады. Кенже ұлы институтын бітірмеген, қыздары тұрмыс құрып кеткен, өз отбасылары бар.

Біраз уақыт қаладағы баласының үйінде болды, бірақ қала тіршілігіне үйренісе алма­ды. Бірі-бірімен араласуы жоқ, көршілерінің кім екенін білмейді. Жас ортасынан асқанда қосағынан айрылу жүрегіне салмақ салды. Ауылға қайтып келіп, үйінде жалғыз тұрып жатқан оның жалғызілікті тірлікке үйренуі оңай болмады. Көбіне көршілері не туғандары тамаққа шақырады. Былайғы уақытта даңғарадай үлкен үйде жалғыз өзі.

Жас кезінде сонау қиырдан әкелінген аруананың туған жеріне өзенді кешіп өтіп қашқаны туралы оқығаны бар еді. Аруана артына қарамасқа ботасын шайнап өлтіріп кетеді деуші еді.

"Апырым-ай,- деп ойлады Әбіш,- туған жерге деген сағыныш мал екеш малда да болады екен-ау! Әйтпесе сонау қашықтағы Қо­са­маннан Ақмая қашып келер ме? Өз қорасына, Жаңылды іздеп келіп тұр ғой жарықтық". Өзінің де қалаға бауыр баса алмай ауылға қайтып келгені Ақмая екеуінің өскен ортасын, туған топырағын қия алмай жүргендігінен екенін енді түсінгендей болды.

- Екеуімізге де Жаңыл керек еді, енді оның орны толмайды. Бізді одан айырған тағдырымызға не шара?! Сен іздеп келген Жаңылды мен іздемей жүрмін бе, қайтейін!..

Әбіштің көз шарасы жасқа толып, жүзін айғыздады. Көптен бергі шерін шығарып, еңкілдеп жылап жіберді. Иесінің ұсынған қолын иіскеп тұрған Ақмая айтқанды түсінгендей, мұның да тостағандай көзінен екі тамшы домалап түсті.

Өтебай Серәлі,

Ақбасты ауылы,

 

Арал ауданы

Жалғасы. Басы алдынғы санда. 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Сіз қалаған ұялы телефон қандай?

Айфон - 50%
Нокиа - 5.6%
Самсунг - 11.1%
Хуавей - 5.6%
LG - 27.8%

Дауыс саны: 18
The voting for this poll has ended on: 10 Қар 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 24 25
26 27 28 29 30    

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 37 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.