Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Материалдар

Оқшы ата қорымындағы көне кесенелер құпиясы

Қызылорда облысының Шиелі ауданы ау­ма­ғында орын тепкен Оқшы ата қорымы көне кезеңде елдің ризашылығына бөленген қа­сиет­­­ті кісілердің мәңгілік дамыл тапқан меке­ні ретінде бағаланады.

Аталмыш орын тоғыз жолдың торабында жатыр. Дәл іргесінен бұрын Түркістан мен Сібір арасын жалғаған теміржол өтсе, бір жағында "Батыс Қытай - Батыс Еуропа" көлік дәлізі орналасқан. Өткен ғасырдың басында шойын жолды тартқан адамдар оны әулиелер жатқан жерден жүргізбек ниет танытқан екен. Шолақ белсенділер қазақтың ерте­ден құрмет тұтқан қасиетті кісілерінің бақилық мекенін трактордың күшімен бұзып тастаудан да арланбапты. Алайда ол дегеніне жете алмайды. Кесенелерді бұзуға бет алған трактор өздігінен тоқ­тап қала берген. Дәл осы көрініс бірнеше мәрте қай­таланады. Ақырында дымы құрыған құры­лыс­шылар қасиетті мекенді айналып өтетін теміржол тартуға көшеді. Осының өзі бұл жердің құрметті орын екенін дәлелдей түседі.

Қасиетті орын неге Оқшы ата атанған? Ол кісінің азан шақырып қойылған ныспысы жайында халықтың арасында бірнеше болжам айтылады. Ол кісінің шын есімін біреу Көгентүп десе, екіншісі Ибраһим дейді. Тағы бір деректерде азан шақырып қойған аты - Ибраһим, лақап есімі Көгентүп делінсе, халықтың қойған аты Оқшы болған деседі. Белгілі әдебиет зерттеушісі Әуелбек Қоңыратбаевтың айтуынша, ол кісі оқ, қару жасаған оғыз батыры деп көрсетілген. Оқшы ата жас кезінде жетімдіктің ащы дәмін татып, күндердің күнінде бір шал мен кемпірге өкіл бала болады. Кейбіреулер секілді пендешілікке бой алдырмай, пәни дүниеде талайға өнеге көрсетеді. Алланың жердегі тұрағы - мешіт үйін салып, ағайын-туысты ислам дініне шақырған. Күндердің бірінде ол асырап алған ата-анасынан Түркістан төріндегі Қожа Ахмет Яссауиге сәлем беріп қайтуға сұрана­ды. Сол заманда Ақмешіт ханы елдің арасынан са­лық жинаумен қатар кезекпен әр жұрттан бір қыздан алып келуді талап еткен екен. Ата-анасы Оқшы атамызға осыны айтып: "Балам-ау, сен кеткенде қа­рындасыңды хан алып кетсе, біздің күніміз не бо­лады?" - дейді. Сонда еш абыржымай, сөз алған ол: "Менің атымды үш мәрте айқайлап айтсаңыз болды, заматында осы жерге келемін",- дейді. Айт­қандай, ханға алым-салық жинап беретін межелі күн де келіп жетеді. Нөкерлер Оқшы ата тұратын қо­нысқа келе­ді. Оны асырап алған әкесі дәл осы кезде ол кісінің атын үш мәрте айқайлап айтады. Елдің үрейін алған нөкерлерімен бірге жеткен хан аяқ астынан аттың үстінен ауып, жерге құлап түседі. Әр­кім "ханның көзін мен құрттым" деп даурығып жатады. "Халайық, бостан-босқа даурыға бермейік, ханды кімнің атқанын жүрегіне қадалған арпаның қылтығынан аңғаруға болады. Егер оның көзін мен құртқан болсам, оның жүрегінде арпаның қылтығы тұруы тиіс",- дейді Оқшы ата. Расында да, дәл солай болып шыққан. Жергілікті жұрт Көгентүп есімді жігіттің тегін адам емес екенін ұғынып, оған құрмет көрсетеді.

Бұл қорымда өзге де әулие кісілердің жамбасы жерге тиген. Олардың қатарында Есабыз әулие, Асан ата, Ғайып әулие, Қыш ата, Бала би, Досбол би секілді халықтың ықыласына бөленген адамдар бар. Қазақ ұлты Асан қайғы атап кеткен әйгілі дала данышпаны да осы мекенде өмірден өткен көрінеді. "Оқшы ата түркілер арасында ис­ламды наси­хаттаған діндар адам болды" деген де­ректер бар. Бұл жер ХІV ғасырда Қожа Ахмет Иассауидің даңқ­ты кесенесін Ақсақ темір салғанға дейін осы Оқшы ата жері ежелгі Тұран, оғыздар мен түркі-қып­шақтардың бекзат азаматтары жерленген пантеон болған екен. Демек, бұл қабірстанда қадым ғасырларда біз білетін аталардан басқа жасаған небір арыс азаматтардың жатуы мүмкін. Оқшы ата, Есабыз, Асан қайғы, Ғайып ата, Қыш ата, Досбол би сияқты ұлылар - халық зердесінде сақталғандары ғана. Оқшы ата ХІ ғасырда өмір сүрген, халықты жаудан құтқарып, елдің болашағы үшін күрескен ұлы тұлға. Сондықтан да халық Оқшы ата маза­ратын ерте заманнан құрметтеп киелі жер санаған",- дейді Қызылорда облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесінің ғылыми қызметкері Еркебұлан Елеуов.

Ендігі кезекте осы аумақтан мәңгілік мекенін тапқан әулие кісілер жайында тоқтала кетсек. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Нұрсұлу Күзембаеваның айтуынша, бұл қорымда елдің қошеметіне бөленген қасиетті кісілер мәңгілік мекенін тапқан. Асан ата кесенесі ел аузында айтылатын Асан Қайғы баба­мыз жатқан жер деп айтылады. Кесене күйдірілген тақта кірпіштен қаланған. Шаршы үл­гіде, аумағы - 11,5х7,30, биіктігі 7,60 метр. Іргеліктен 3 метр жоғары кірпіштерді тігінен өріп, белдеу жасаған. Асан қайғы XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап жүргендіктен, замандастары есіміне "қайғы" деген сөз қосып, "Асан қайғы" атап кеткен. Сондай-ақ, мазараттағы ең көне кесене Ғайып (Қайып) атаға арналған орын. Бұл кісі ІX ғасырда, оғыз-қыпшақ заманында өмір сүрген, кесене де сол тұста салынған деген пікір айтылып жүр. Кесенеге қарағанда, Ғайып ата көптің бірі болмаған. Оқшы ата мазаратындағы Кітап ата деп атаған әулиенің шын есімі жайында да мәлімет жоқ. Ол XI ғасырдан бергі кезеңде ислам діні Сыр бойына тараған кезде өмір сүрген деп шамаланып жүр. Өйткені кітап араб сөзі, есімі - арабша. Атамыз құран кітабын ақтарған дін уағызшысы болуы да мүмкін. Қабыл ата от ауызды, орақ тілді шешен, аузының дуасы бар батагөй, айтқаны мүлт кетпейтін кісі болса керек. Берген баталары әрдайым қабыл болып тұрғандықтан, осы жанама атқа ие болды ма, әлде бұл өзінің шын есімі ме, белгісіз. Ал, Есабыз әулиенің халыққа танымал болғандығының бір белгісі - басына тұрғызылған еңселі кесене. Мазаратта Асан ата, Оқшы ата кесенелерінен кейінгі елеулі ескерткіш Есабызға арналған. Есабыз әулиенің заманы қай тұс екені жөнінде нақты дерек жоқтың қасы. Есабыз туралы бір-біріне қарама-қайшы екі пікір бар. Соның біріншісі - әулиені Оқшының заманында, XI ғасырда тіршілік еткен, жасы одан кіші болған деседі. Бірақ ол туралы ел аузындағы әңгімелерден басқа әулиелерге қарағанда осы күнге егжей-тегжейлі жетуі және оның түп-тұқиянына дейін белгілі болуы, оның тым бергі уақытта өмір сүргенін аңғартады. Бала би шешен (шын аты Бименбет) 1811-1875 жылдар шамасында дүниеге келіп өмір сүрген. Жасынан ел мен жер дауына ерте араласып, Бала би атанады.

 

Досбол датқа Жөлек өңірінде 1800 жылы дүниеге келген. Сыр бойын мекендеген елдің теңдігі мен тыныш­тығы үшін ат үстінен түспеген белгілі жан, даулы мәселе­нің қисынын тауып, қиып айтатын беделді би, буын­сыз қызыл тілдің қызығына ермей, қызырын ел мен жердің еңсесін көтеруге арнаған, шашасына шаң жұқ­пас, шипа сөзді шешен. Жасы отыздан аса бер­генде Қоқан ханының пәрменімен өз руына датқа болып тағайындалған Досбол шешен олардың Қоқан соққысынан қорқып-үрікпей, өз аймағын, ағайын­дарын қорғай білген. Өткен ғасырдың 60-жылда­рында кейбір зиялы азамат­тардың бас болуымен әу­лиелерге кірпіштен кесене орнатылған екен. Оған де­йін көбі қам кесектен салынғанға ұқсайды. Жергі­лікті жамағат қасиетті кісілерді ешқашан жадынан шығарған емес. Алғаш рет 1997 жылы олардың аруа­ғына арналып ас берілсе, содан бері игілікті іс лайықты өз жалғасын тауып келеді.

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Сіз қалаған ұялы телефон қандай?

Айфон - 50%
Нокиа - 5.6%
Самсунг - 11.1%
Хуавей - 5.6%
LG - 27.8%

Дауыс саны: 18
The voting for this poll has ended on: 10 Қар 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.