Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

Ұзақбай Құлымбетовтың қоғамдық-саяси газеті

ХХ ғасыр Алаш баласының санасында қор­қыныш пен үрей, жазалау мен қуғындау, жүзде­ген көтеріліс пен 2-дүниежүзілік соғысымен есте қалды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылы сәуір айында қабылданған "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында: Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды. Біз тарихтың сабағын айқын түсінуіміз керек", - деп атап өткен болатын. Бүгінгі отандық тарих ғылымындағы өзекті мәселелердің біріне айналған "тұлғатану" саласы қарқынды дамып келе жатқанына қарамастан, саналы ғұмырын туған халқына қызмет етуге арнаған зиялы қауым өкілдерінің кейбірі зерттеушілердің назарынан әлі де тыс қалуда. Осыған байланысты есімі ұлықталған азаматтардың ұлы істері мен қайраткерлік қырларын ашу, бүгінгі жұртшылық арасында насихаттау кезек күттірмейтін тақырып. Тақы­рыбымыздың өзегі - өткен ғасырдың  20-30 жыл­дарында Ф.И.Голощекиннің төңірегінде қалып­тасқан партия, кеңес қызметкерлерінің бірі және бірегейі Ұзақбай Құлымбетов жайында болмақ. Ұзақбай Желдірбайұлы қарапайым қазақ шаруасының отбасында дүниеге келіп, мемлекет басшысы деңгейіне дейін көтерілген және оның қоғамдық-саяси қызметі Қазақстан тарихының күрделі де қайшылықты кезеңіне тұспа-тұс кезеңіне келіп, Қазан революциясынан бастап өзі репрессияға ұшыраған 1938 жылға дейінгі республика өмірінде болып өткен тарихи өзгерістердің бәрі оның көз алдында өткен. Ұ.Құлымбетов сол оқиғалардың куәсі болып қана қоймай, сонымен бірге республика көлемінде ірі қызметтерді атқара жүріп, олардың бәріне де тікелей атсалысқан. [1].

 

Ұзақбай Құлымбетов 1923 жылы Кирреб­комның ұйғарымымен Ақмола губерниялық атқару комитетінің төрағасы қызметіне жіберіліп, онда өзінің шаруашылық мәселелерін жақсы білетін және әкімшілік жұмыстарды жете меңгерген қызметкер ретінде көрсетеді. Ұзақбай Желдірбайұлының сол кездегі қызметіне берілген губком мінездемесінде оған "Қызмет­керлерді таңдай біледі және оларды жұмсай алады. Саяси жағдайда өз бағытын анықтай біледі. Тұрақты, табанды, еркі күшті, қателігін мойындап, одан қорытынды шығара алады, өсек сөзге және топшылдыққа бейімдігі жоқ" деп, әділ баға береді [2].

1925-1937 жылдары Қазақ АССР Халық шаруашылығы кеңесінің төрағасы, Қазақ Өлкелік ішкі және сыртқы сауда халық комиссары, мемлекеттік Жоспарлау комиссиясының төра­ғасы бола жүріп, Қазақ ССР халық комиссарлар кеңесі төрағасының орынбасары, 1930 жылы бірінші орынбасары, кейін Қазақ Өлкелік Ор­талық Атқару Комитетінің (КазЦИК) төрағасы қызметтерінде болған. Республикадағы өнер­кә­сіптің және ауылшаруашылығының қалып­та­суына, Түрксіб теміржол құрылысының салы­нуына, Қазақ жеріндегі алтын кеніштерін қазақ еліне қайтару жөнінде бірнеше рет мәселелер көтерген [3].

Отызыншы жылдардағы ашаршылық еліміздің басқа қоғам қайраткерлері сияқты Ұ.Құлым­бетовке де үлкен сын болды. Қазақ қоғамының ерекшеліктерінен жақсы хабардар жергілікті қайраткерлердің бір тобы (С.Сәдуақасов, Н.Нұрмақов, Ж.Мыңбаев) төніп келе жатқан апатты болдырмау мақсатымен Ф.И.Голощекин бағытына үлкен азаматтықпен ашық хат жазып, қарсы шықса, екінші бір бөлігі (О.Исаев, І.Құрамысов) бірінші хатшыны көзжұм­бай­лық­пен қолдады, ал үшінші топтағылар (О.Жан­досов, С.Меңдешев) кезінде С.Сәдуа­қасов орынды айтып көрсеткендей, бәрін көріп-біле тұра, еріксіз саяси биліктің зорлығына көнуге мәжбүр болды. Ұзақбай Желдірбайұлы өзінің ұстанған позициясы бойынша осы үшінші топтың қатарына жатты. Оны өзінің төмендегі сөзінен де байқауға болады: "1930 жылдың ма­мыр айынан бастап,- деді ол, - 1934 жыл түге­лімен мен Қазақстан халкомы төрағасының бі­рінші орынбасары қызметін атқардым. Өмірімнің бұл кезеңінің алғашқы жартысы (30-31-32 ж.) Қазақстан өлкелік басшылығының, кеңес және партия ұйымдарының жіберген қателіктері салдарынан ауыл мен селодағы асыра сілтеу­шілікке тұспа-тұс келеді. Мен Өлкелік Комитеттің және оның хатшысы Ф.Голощекин­нің ауылды басқарудағы әдістеріне алғаш­қылардың бірі болып қарсы шықсам да, Өлкелік Комитеттің Бюро мүшесі ретінде жіберілген қателіктерге жауап беремін" деп жазды [4].

Сондай-ақ, ол Өлкелік Комитеттің VI Плену­мында (1933 жылғы шілде), VIII конфе­ренция­сында (1934 жылғы қаңтар) сөйлеген сөздерінде өзіне тән турашылдығымен Қазақстан трагедия­сына қатысты басқа қайраткерлердің де атын атап, қателіктерін дәл көрсетіп берді.

20 ғасырдың 30-жылдарының екінші жар­тысы Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетов үшін, оның өмірінің ақтық кезеңі болды. 30-жылдардың екінші жартысында Қазақстанда орын алған сталиндік саяси террор, қуғын-сүргін тарихы­мызда әлі де толық зерттеле қойған жоқ. 1935-1938 жылдар арасындағы И.Сталин бастаған арандатушы саяси топтың өзінің туған халқына қарсы жасаған аса ауқымды қылмысын шетелдік тарихшы Роберт Конквест "үлкен террор" деп атаса, әріптесі Михаил Геллер мен Александр Некрич "кәдімгі террор" деп сипаттады [5].

Кейбір деректер 1937-1938 жылдар қазақстан­дық­тардың 44 мыңының түрмеге түсіп, 22 мыңның атылып кеткенін айтса, өзге дерек­терде 1930-1950 жылдары жазалау диірменінен 100971 қазақстандықтардың өтіп, оның ішінде 20170 адамның атылғаны айтылуда [6]. Ел өмі­рінде орын алған 1937 жылдың жаппай жазалауы Ұзақбай Желдірбайұлын да айналып өткен жоқ. Сол жылы маусым айында өткен Қазақстан компартиясы І съезінде орталық комитетке кандидатуралар ұсыну барысында Ұ.Құлым­бе­товтың қарсыластары 1919 жылы ақгвардия­шылардың тұтқынында болғанын жау жағына өту фактісі ретінде делегаттар алдына тартады. Осылайша Ұзақбай Желдірбайұлы Қазақстандағы "контрреволюциялық" астыртын ұйымның мүшесі болып шығады. Сонымен жоғарыдағы түрлі деректер көрсетіп отырғанындай, 1937 жылы 21 шілдеде Ұзақбай Құлымбетов Қазақ Орталық Атқару Комитеті төрағасының қыз­метінен босатылып, сол 1937 жылдың 27 қыр­күйегі күні халық жауы ретінде тұтқынға алына­ды. Тергеу барысында оған ешқандай қи­сынға келмейтін, 1930-31 жылдары Қазақстанда өткен шаруалар қозғалысының (Созақ, Қарақұм, Абы­ралы, Қызылқұм, Адай) ұйымдас­тыр­у­шы­лары­ның бірі, құрамында Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Сейфуллин және басқа қайраткерлер бар антикеңестік ұлтшылдар ұйымының мүшесі де­ген айыптар тағылады. Сотта Ұзақбай Құлым­бетов бұл тағылған айып­тар жала екен­дігін, олар­дың ойдан шы­ғарыл­ғанын мәлімдейді [7]. Қатал шешім 1938 жылғы 25 ақпанда орын­далады. Алайда, 20 жыл уа­қыттан соң КСРО жоғары соты­ның шеші­мімен 1958 жылы 22 сәуірде Ұ.Құлымбетов ақ­талды.

Қазақстан тарихына жаңа көзқарастар тұрғысынан бағалар беріліп жатқан уақытта, яғни тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын артқа тастаған шағымызда Ұ.Құлымбетовтей ұлттың айтулы арыстарының өмірі мен қызметін зерттеп, зерде­леу, ұрпақ жадында қалдыру басты пары­зымыз болмақ.

Лаура БАЙМЫРЗА, 

 Қорқыт ата атындағы Қызылорда  мемлекеттік университетінің 1-курс магистранты

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Сіз қалаған ұялы телефон қандай?

Айфон - 50%
Нокиа - 5.6%
Самсунг - 11.1%
Хуавей - 5.6%
LG - 27.8%

Дауыс саны: 18
The voting for this poll has ended on: 10 Қар 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 4 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.