Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

АҚМАЯ

Көкжиегінде сағым бұлдыраған, көк зеңгір аспанында шөкімдей бұлт жоқ, шақырайған күні жер дүниенің апшысын қуырған, шетсіз-шексіз сайын даланы шарлай, өскен өрісіне, атажұр­тына тартып келе жатқанына екі тәулік болды. Бір кездері теңіздің тайдай тулаған ақбас тол­қын­дары соғып тілгілеген, дәл қазір селт етпей мел­шиіп тұрған, бір-біріне тізбектеле қатар тү­зеген, бірнеше тұмсықты жарлауытты жағалап, ескі жолдың сорабына кеше келіп түсті. Ара-тұра алабота мен балқурайдың, ақбас пен жантақтың басын шалғаны болмаса, жайылып та келе жат­қан жоқ. Есіл дерті туған топырағы, өз жайы­лымы, тобымен жүретін келелестері болғанымен, енді артынан қуғыншы келмейтінін білгендей, жалпақ табанымен саздауытқа мөр басып, жайбарақат аяңдап келеді.

Мойын шудасы, бауырлығы мен тізесінен жоғарғы жүні жүнделіп алынған, бүйірлеріндегі қысқалау аппақ жүн термен көтеріліп, қылшық­танып тұрғандықтан ода-дода болып ұшып келеді. Әбден арыған кәрі нардың өркеші қам­шылар жағына құлап қалыпты, алдыңғы жағын­да кезі бар. Бір кездегі биік, ірі денесі шөккен, артқы тірсектері иінағаштай майысқан, жамба­сы­ның ұршықтығы, дулығадан төменірек құйым­шақтың қоспасы шодырая білініп келе жатқаны, тым арықтығы жануардың осы кезге дейін көрмеген азабы қалмағандығын көрсете­тіндей. От пен судан қағажу көрген, үнемі бақылауда болған еді, енді ғана еркіндіктің дәмін сезінгендей.

Осы түрімен қашықтығы жақындаған ауылға, таныс қораға асығып келеді. Ондағы алақанмен тәттісін беретін, мойнынан сипап еркелететін, ақ орамалын желкесінен тартып байлаған, ажарлы әйелді аңсап келеді. Қыс болса, тоңдырмай жабу жауып, баласындай еркелететін Жаңылға асығып келеді.

Былтыр қыркүйектің ортасында Қосамандағы Солтыбайға сатылып кеткеннен бері үшінші рет қашып шыққаны еді. Алғашқысында салқын күздің аяғы болатын, тұсауымен көп ұзай ал­мады, қуғыншылар оңай-ақ тауып алысты. Екіншісінде қыс ортасында қалың қарды омбалай қыр асып кетпек болған, иесі Шөмішкөлдің кезе­ңінен із қуып келіп алып қайтты. Бұл жолғы­сында түйелермен бірге жүргендіктен, кете қоймас деумен қапы қалды. Аптасына екі мәрте малын түгелдейтін Солтыбай нардың жоқ екенін білсе, енді білген болар.

Қосаманға сатылып келгелі иесінің қырағы бақылауында болды. Оқшау жайылып жеке шықса болғаны ұзатпай қуып келеді. Шелектеп беретін сүтіне бола сатып алған Солтыбай түйе­нің алғашқы жылдары жат қонысқа үйренбей, шығына қашатынын білетін. Буаз нардан бір-екі бота алып қалсам деп ойлайтын.

Осында келгелі көбіне қора маңынан ұзамай жатады да қояды. Жайылса да басқаларға қосыл­май дара жүреді. Буазында өркеші тығыншықтай болып етке шығатын Ақмая азғантай күнде жүдеп кетті. Басын жерге қойып шөгіп жата бе­реді, жиі-жиі зарлана боздайды.

Қыс өтіп, түйенің боталар уақытына дейін Ақмаяның арса-арсасы шықты. Солтыбай түйесін ілеленіп жүр деп ойлады. Білетіндерден сұрастырып көрсе, малдың да өз қонысын аңсайтыны, құсаға ұшырайтыны болады екен.

- Бір-екі жылдан кейін үйреніп кетеді, алғашында бұлар да адам секілді туған жерін сағынады,- десті.

Жылдан отыз-қырық күн асырып төлдейтін түйенің боталар кезі келгенде таң жүнін түсіріп, желін сабасын салып тағы біраз күн жүрді. Ақыры бір күні боталады, бірақ бота аяғын баса алмады. Ботаның жүні тым қалың, ұзын, аяғы­ның буындары жуантақ, ерні жырық еді. Білетіндер:

- Күні асып кеткен,- десті.

Мешел бота емізікпен құйылған сүтті де еме алмайды, езуінен ағып кетеді. Төлінің аяқтанып бауырына келмегені Ақмаяның ызасын келтірді. Желкесінен тартып тұрғызбақ болды, бақырып орнынан тұра алмайды. Ботасын қызғанғаны бар, ашуланғаны бар, ешкімді қасына жолатпады, алдынан келгенді тістеді, артынан келгенді тепті. Бауырына бармақ болғандарды жолатпады. Ақыры кемтар ботаны тарпып өлтіріп тастады.

Иесі жасаған тұлыпты иіскеп, ұзақ-ұзақ зарлана боздады. Басын мықтап байлап, талбұрау салғанда да саудырмады, аспанға аты­лып, жынын шашып, ешкімге бағынбады. Сосын басынан, тұла бойының сау тамтығы қалмай төпелеудің көкесін көрді. Сонда да саудырмай, табандап шөгіп жатып алды, болма­ғасын өріске жіберілді.

Мезгіл мамырдың соңғы күндері болатын. Төңіректегі көктемді жазға айырбастаған табиғаттан сиыр сәскенің өзінде ауа райының ыстық болатындығы сезіледі. Тас төбеге жақын­даған сайын шақырайған күн бүгін де мыс қаза­нын қайнататын сыңайлы. Осы өңірде мамыр туысымен сәл самал соқса түрлі-түсті кілемдей құлпырып жататын қоңырбас пен мортықтың сарғая бастаған, түйе түлігі сүйсіне теріп жейтін түйетабан жапырақтың рауғашы ұшып, өзі қурап кетіпті.

Ақмая маң-маң баса, жүре жайылып, жол жиегіндегі түп алаботаға тоқтай қап, түбірімен жұлып алды да, шөптің ашқылтым дәмін алып, шайнаңдап жұтып жіберді. Екі бүйірі қабысып, шөл қысып келе жатқан кәрі нар жақын маңайдан сай-жыралардан су кездесердей қарағанымен, қары қалың түскен жылдары ойпаңға түсетін су бұл кезге дейін кеуіп қалған болатын. Осы арадан теңізге тартып кетсе, шөлі қанып, бүйірі шыға­тынын біледі, әйткенмен ұзақ мерзімге шыдас беретін Ойсылқараның ұрпағы өз келелестерін іздеп келеді. Жылда шашырай ұзап жайылатын олардың енді кездеспеуі мүмкін емес. Алдыңғы тұмсықты айналып, Сарыкөлдің табанына түссе, желдеп шығандап өрістейтін Қарүлектерге қосылса, өз қонысына жеткені.

Жал шоқалақтан асқаннан кейін жел соқса, құм суырып жататын төбе-төбе жазықтық бар. Қарсы алдыдағы Талпақтың Ащықұдығында ілгеректе малшы ауыл отырған. Олар жаз жайлауды қызықтап, күн суыта, алғашқы қармен қабаттаса ішке көшіп кететін. Малшылар бір-біріне іргелес, қатар қонатын. Ақмаяның енесі ақ інгенді Әбіш бақташыларға қосып қойып, боталайтын уақытында қолға алатын.

Ескі жұртқа жеткесін үйіндіге айналған қора орнын, қой қамалған дөңгелек көңді, көбіне түйелер тобымен келіп аунап жататын, шаңдағы бұрқыраған аумақты тегістікті көрді. Келісімен әлгі шаңдаққа шөге қалып, екі жағына кезек аунап, біраздан бері басылып жатқан шаңды аспанға көтерді.

Бұл Ойсылқара тұқымының со-о-нау ескі заманнан жалғасып келе жатқан қанына сіңген қасиеті еді. Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, баяғы, бағзы кездерде жер бетіндегі барлық жануарлар мен аңдар үлкен жиын өткізіпті. Бар­шасы жиналған соң кім жыл басы болуға лайық десіп таласыпты. Кімнің қандай ісі мақтауға тұрады, адамға пайдасы қандай деп, әрқайсысы өз сөзін дұрыстап, біріне-бірі бағын­бай ұзақ шуылдасыпты. Ақыр соңында кім жаңа жылды бұрын көрсе, сол жыл басы болсын дегенге тоқтап келісіпті. Өзгелерден биік бойы бар, иір мойын, қос өркеші баладай түйе түлігінің түп атасы бәрінен бұрын жылды көретініне сенімді еді. Әйтсе де аңқау түйені кішкентай тышқан алдап соғып, тақырға отырғызып кетіпті. Ол шөгіп жатқан түйенің үстіне өрмелеп шығып, өркешіне жайғасыпты. Басқа жануарлар мен аңдарға жаңа жылдың келе жатқанын хабар­лапты. Онымен тұрмай түйенің ашуын қоз­дырып, жақын жердегі күл төгілген, жел көте­рілсе, бұрқырай, көтерілетін төмпешікке қашып барып тығылыпты. Ал түйе түлігі атасы әлгі төмпешікті таптамақ болып аунай беріпті, аунай беріпті, алайда қу тышқан қашып құтылып аман қалыпты. Сөйтіп көк тіреген бойына сенген түйе жылдан құр қалыпты, басқалардың жыл иесі атанып бағы жаныпты.

Ертегіден бүгінге көктеп өтіп қанға сіңген әдет кәрі нарды бағзы заманда атасы аунаған күлдік-төбешікке құмар етті.

Май шаңдақта екі жағына кезек-кезек аунады да, енді біршама уақыт аяғын соза қозғалмай жатты. Дәл осылай жатысында өлексе іздеген қарға қонса, көзін шұқып, қарқ болмаққа ниет­тенуі мүмкін еді. Ендігі сәтте бойын тіктеп, аяқ­тарын бауырына ала шөгіп жатты. Басын жерге қойып, көзін жұмды. Ұзақты күнгі тынымсыз жү­ріс кәрі денені қалжыратып кетіпті, осы жаты­сында бойына қуат құйылып, аңсаған өрісіне аман жететіндей.

Со-онау, со-онау алыста сағымша бұлдыраған кездер. Енесінің қасында ойнақ салған, көзі тостағандай қар-қара, үлпілдеген аппақ түбіт жүнді, тірсектері майысып, уызға тойған ақ бота. Елес суреттер мен таныс бейнелер Ақмаяның түйелік түйсігінде жаңғырып, жаңарып жатыр. Төрт аяқты жануардың миындағы сезім тере­зелері ашылғандай.

Екі өркеші баладай, қалың ұзын аппақ жүні жануардың шыққан тегі осал еместігін байқа­татын. Өзі етті, сүйегі ірі, сүті де тәп-тәуір ақ інгенді білетіндер алыстағы Еділ бойынан келген астрахан тұқымды десетін. Басшылар түйе тұқымын жақсарту мақсатында алыстағы қалмақ жұртынан үш бура әкелген көрінеді, ұзақ та қалың қарлы қысқа шыдамды, оншалық арықтай қоймайтын осы секілді бірлі жарым түйе жеке­лер­дің қолында екен.

Ақ інген Әбіштікі еді. Аққұба өңді, қарақат көзі мөлдіреген, оң жақ иегінде кішкентай меңі бар, әдемілігімен де, ақылдылығымен де өзіне тәнті ететін келіншегінің есімі Жаңыл еді.

Әбіш ақ інгенді боталайтын жылы қолында ұстаса, келесі жылы кеңшар бақташылардың бағымына қосып қояды. Қыс ортасы ақпан айы басында ылғи айыр түйелерді айырып салғанда бұл Қарүлектің келесінде болады, түйекештің де, Әбіштің де мұнысы түс айыр мен үлектен қазақы нар түседі дегенді білгендіктен еді. Қолға жасынан үйретілген інген мініп түскенге жуас, бас білетін және бір сауымда мол сүт беретін.

Ақ інгеннің аман боталағанына үй іші түгел қуанысты, тірсектері майысқан, көзі мөлдіреген ақ бота сүп-сүйкімді еді.

Алғашында ноқтаға жүрмей, төрт тағандап аяғын баспады.

- Тумай жатып бәлесін қарай гөр өзінің,- деп кейістігін білдіріп қояды.

- Бірден жөнге жүріп кететін төл болушы ма еді? - дейді Жаңыл.

- Көрерсің, мынау қырсықтың нағыз өзі болып жүрмесін.

- Мұнысы бала мінезі шығар, осы әлі-ақ шелектеп сүт беретін мырза қоспақ болады.

Жаңыл артынан итергенде де ақ бота артқа шегінуін қоймады, шегіншектей тартынып тұрып ақыры құлады, басына түскен ноқтадан өмір бойы құтыла алмайтынын білген жоқ. Әбіш дырылдата сүйреп барып, қазыққа байлап тас­тады. Кейіннен байлауға көніп, жетекке жүретін болды. Аз ғана күнде сүтке тойып тез жалданды, Жаңылға әуес болып алды. Енесін еміп болған соң ойнақтап, секіріп-секіріп алады да, саууға барған әйелдің білегін тістелейді, орамалын тартқылайды.

- Қой, қой, ботақаным! Тентек болма! Бота­қан, ботақан,- деп, үстін сипап, мойнынан қақса, ол мұның бетін, қолын ернімен жыбырлатады.

- Өзін тым еркелете береді екенсің,- деген күйеуіне:

- Не қылар дейсің? Бұл да бала ғой,- дейтін.

Ботаның әдемі қара көзі, шөккен енесінің үстіне асылатыны, құлағын не қырқылмаған шудасын тартқылайтыны, емшегін еміп алып ойнақтап секіретіні, кейде жетекке бағынбай қос аяқтап тарпитыны сүйкімділігін ерекшелей беретін. Бе­рілген нанды жеп, қантты қытырлатып шайнап жұтатыны бар. Әуел баста аяқтанғаннан оған қызыл матадан шашақтап ноқта кигізген, мұнысы тіл-көзден аман болсын дегені еді.

Ақ бота бір жыл асқанда тайлақ, күзге салым теспе, тағы жылдан соң құнанша болды. Сүйегі ірі, дере сирақ, тым биік ақ құнанша өзгелер ара­сында алыстан көзге шалынатын. Әбіштің ақ қай­малы атанды. Бір ғажабы қайымал бота кезгісін ұмытпай Жаңылды көрсе, әлдене дәметкендей жетіп келеді, ернімен әйелдің бетін, қолын жыбырлатып қоймайды. Бергенін жеп тастап, тағы да бересің бе дегендей соңынан қалмайды...

Өтебай Серәлі,

Ақбасты ауылы,

Арал ауданы

 

 

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Сіз қалаған ұялы телефон қандай?

Айфон - 50%
Нокиа - 5.6%
Самсунг - 11.1%
Хуавей - 5.6%
LG - 27.8%

Дауыс саны: 18
The voting for this poll has ended on: 10 Қар 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 17 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.