Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

МАСКҮНЕМНІҢ НӘПАҚАСЫ

 Немерелері үйге сирек келеді. Сирек келгені былай тұрсын, "аталарыңның тынышын алмаңдар" деп күні бұрын келіндері оқытып қоя ма қайдам, әйтеуір, келулерінен кетулері жылдам. Тынышын алатындай мұның үстөлге жабысып, кит еткен сыбырды жақтырмай, керек десеңіз, әйелінің жүрген-тұрғанын да ауыр­сынып, есік-терезені тұмшалап, ақ қағаз­бен алысып жатқаны шамалы. Қолы жүрмейді, шау тартқан кісіше кібіртіктей береді. Кешелі-бері бүйте берсем, жазу-сызуды да ұмытып қалармын деп, өзін-өзі қинап, біраздан бері ойда жүрген бір шағын дүниенің сұлбасын қағазға түсіргенсіген-ді. Алғашында тәп-тәуір көрінген. "Іштен шыққан шұбар жыланның" кем-құтығы бірден байқала қоя ма, араға апта салайын, ысылай ұрынатын әуесқой емеспін ғой" деп, қайта қарауды кейін шегерген. Содан келесі жұмада да тұяқ серіппеді. Басына науалап құйылып жатқан әдемі тіркестерді де аңғара алмады. Бұл кері әсердің неден туындауы мүмкін?

Ішінен күңкілдеді  де қойды, ары қарай терең­деп барғысы келмеді. Екі-үш айдан бері көп нәрсе тындыра алмағандығын өзі де мойындайды. Жазып келе жатады да түлен түрт­кендей, орнынан ұшып түрегеледі. Енді қайтіп үстөлге жолағысы жоқ. Әлденеден үркектейді, әлденеден секем алады. Мұндайда өзін-өзі қинап, езіліп отырмағаны абзал. Қиянат. Кішкене бой жазып, қан таратып, сыртқа шығып серуендегенге не жетсін. Көр­ші-қолаңмен алтын уақытын өткізе алмаған кісіше көди-сөдиді сөз қылып, не саясатты аударып-төңкермесе де, хал-жағдай сұрасып, дидарласқанның өзі неге тұрады?! Мұның жазушылығын маңайдағылардың бәрі біледі. Біледі де алым-берімсіз жанына жақындағысы келмейді. Алыс жүргенді құп көреді. Кінә өзінен. Өзін тумысынан ұстамды жандардың қатарына қосушы еді. Со жолы қандай түлен түрт­кендігін қайдам... адам сөйтіп те алжа­сады екен-ау, ә?! Алжасқанда сұрамаңыз, еске түскенде екі жағы ұяттан дуылдап ала жө­неледі. Кімнен көреді. Өзінен, ондай жеңіл­тек­тікке енді өлсе бармас. Бармағаннан бұрын көптің көзіне түсуге де кәдімгідей қуыста­нады. Баяғыдан бергі жиған абырой-беделді бір-ақ күнде шашып алды.

Аула атшаптырым. Үлкендердің демалула­рына да, балалардың емін-еркін ойнауларына да жағдай жасалған. Әсіресе, күн қайтқанда әр үйдің кіреберісінен шыққан егде кісілердің немерелеріне бас-көз болғансып, ағаш таса­сын­дағы тақтай орындыққа жайғасып ап, әңгі­ме-дүкен құратын әдеттері қашаннан. Ара-тұра жазушы да қара көбейтеді. Қызу пікірталасқа қосылмайды, тек тыңдайды. Ары кетсе төтен­нен қойылған бірлі-жарым сұраққа жүрдім-бардым жауап береді де, топ арасынан сыты­лып кеткенді жөн көреді. Олар да мұны көп қинамайды. Жазушы жарықтықты өз қиялымен алысып, көк пен жердің арасында қалықтап ұшып жүретін ақ қанат періштеге ұқсатады. Ал, періштенің кіршіксіз көңіліне қаяу түсіру күнә.

Осы таяуда кезекті кітабы баспадан шық­қан. Мұқабасы қалың, қағазы сапалы. Көркем­делуінде де мін жоқ. Көпке белгілі үйреншікті жағдай. Талай күн, талай түн сарсылып жазған еңбегіңнің өтеуі - жүз дана кітап. Алсаңыз ал­дың, алмасаңыз кітапханаларға таратады да жібереді. Кенжесі баспа басшыларымен келісіп, жазушыға тиесілі он бума кітапты мәши­несіне салып үйге әкелген. Мұның көңіліне қарай ма, әлде шын тілеуқор ниеттерін білдіргісі келе ме, алдымен келіндері, сосын құда-жекжаттары аяғын жерге тигізбей келіс­тіріп мақтаған. Жаңа романының үзінділерін мерзімді басылым беттерінен оқығандардың қарасы көбірек көрінді. Өзі ұмытыңқырап қал­ған кейбір эпизодтарды еске қайта түсіргенде жан-дүниесі неге жібімесін, неге шабыттан­ба­сын. Көк пен жердің арасында ақ қанат періш­те секілді неге қалықтамасын! Күреп ала­тын қаламақысы бар болсын, жер басып жүрген пендеге осының өзі аз жетістік пе?! Кітап оқитын заман да қайта оралар. Құдай сал­ма­сын, таудан құлаған сел секілді интернетіңіз ырық бермей барады бүгінде. Осы заманға бейімделгенсіген мұның кейбір замандастары: "ана сайтты аштың ба, аша алмасаң немереңе айт көмектессін, сосын менің жазғанымды оқып шық, өкінбейсің" деп үсті-үстіне нығар­лайды. Жә, кейбірін оқиды, кейбірін оқи алмай­ды. Әлденені қағаз бетінен астын сызып оқымаған соң кісінің сірә, айызы қана ма, ләззат ала ала ма? Әлі күнге дейін интернет экранынан қашық жүреді.

Үстөлінің астында жатқан кітап бумаларына сүлесоқтау көз жүгіртудің өзі азап. Тұрғаны­мен қасірет. Қалай дегенде де, соның әрбір жолын тісін қышырлатып отырып, былайғы тірліктің бәрінен баз кешіп, осы көрген қиынды­ғымның орнына ертең, өлмесем елдің аузында жүрем-ау дейтін үміт сәулесі тұс-тұстан өре түрегелгенде шамның жарығына төне түсіп, таң атқанша қағаз шимайлайтын­дығын кімнен жасырады. Байғұс әйелінде не кінә бар. Жер бетінде жазушыға аяушылық білдіретін бір адам болса, сөз жоқ, ол - соның өзі! Түні бойы ұйықтай ма, ұйықтамай ма белгісіз, бірде аяғын ұшынан басып, лимон шырыны қосылған ыстық шайды ың-шыңсыз үстөлінің жанына әкеп қояды. Кессе қан шықпас - бұл болса, сол сазарған күйі немкеттілеу айтылатын құрғақ рақметті де көп көріп, тымырайып қала береді.

Сөйтіп жын соққандай әлі бояу иісінен ажырамаған бір бума кітапты қолына іле салып, тысқа қарай жүгіре жөнелгені. Қандай мақсат көздегені де белгісіз. Бірнәрселер көз алдында көлбеңдеп тұрып алған. "Адал еңбегім ғой, адал еңбегімді бұлдасам несі айып? Тиын-тебен түссе немерелеріме балмұздақ сатып әперсем де нем кетеді? Пойызда, мекеме­лердің есігін қағып, кітабын сатып жүргендер де жынды емес шығар". Табан тіреген байламы осы ғана.

- Соңғы шыққан кітабым еді, - деді арғы жағын толық айта алмай.

- Тегін бе? - Үнемі көзәйнегін бас бармағымен сүрткілеп жүретін қоңқақ мұрын әбжіл қимылдап, буманың орауын дереу шешті де жанындағыларға бір-бірден үлестіріп берді: - Не бітіресіңдер, ертеңнен қалдырмай оқып шығыңдар...

- Оқимыз, ертеңнен бастап түгел оқып шығамыз.

- Жазушымен кездесудің өзі бір ғанибет қой.

- Және жазушы болғанда қандай!

- Өткенде бір профессор-ғалымның сіздің шығармашылығыңызға арналған мақаласын оқыдым. Оқып шықтым да сізді ойладым. Сіз неткен қарапайым адамсыз, а?! - Универ­си­тетте оқытушы болған, қазір құрметті дема­лыстағы филолог өзгелермен салыстырғанда қара жаяу еместігін дәлелдегісі келгендей, біраз езеуреп барып әрең басылды: - Білмей жүр екенбіз сізді...

- Білгенде не істейсіз? - Бұл жазушының аузы­нан шығатын сөз емес еді. Біреу сөзімді сөйлесе қыстырылып не бар деп, үнсіз отырғаны жөн еді.

- Не істейтіндігіңізді біз айтайық, егер шы­ны­мен не істейтіндігіңізді білмей жүрсеңіз.

- Ал?

- Қазір жарнаманың заманы. Және оны да өзіңіз ұйымдастырасыз. Сырт көзге байқатпай, бәріне өзіңіз жүгіресіз. - Филолог "лекциясын" қайта жалғады: - Мен де керекпін-ау, мені де іздейтіндер табылар-ау - қисынсыз тұжырым. Және оған өкпелеудің де қажеті шамалы. Мәсе­лен, менің шәкірттерім әлі де уни­вер­ситетте дәріс оқиды. Бір-бір курстің кураторы. Менікі бір званок. Қалғанын өздері шешеді. Оқырмандармен жүздесесіз. Жаттандылау болса да бірді-екілі сұрақ қойылады. Жауап бересіз, оған бола және шаршамаңыз. Филосо­фияға бармаңыз, астарлы әңгімені түсінетін­дер сирек. Бітті. Ертеңінде бүткіл газет сізбен кездесу жөніндегі хабарламаны түгел жария­лайды. Әне, жарнама! Мейлі, құдай болсаңыз да, жарнамасыз алға жылжымайсыз. Менің де түгім кетпейді.

- Ойланайық, дұрыс екен,- деді тұруға ыңғайланып.

- Мына кітаптарды..

 - Өздеріңіз біліңіздер.

- Оу, біле жүрейік, пұлын айтсаңызшы, құр аяққа бата жүрмейді.

- О жағын да білмейді екем, кітап сатып жүр ғой деймісіздер!

 - Тұтқыннан босанғандай пәтеріне жет­кенше асықты.

 

ХХХ

 

Екі-үш тәуліктен соң дүкенге соғып, одан жиен немерелерін ойнатқансып, тыста біраз жүріңкіреп қалған әйелі қапелімде айран-асыр күй кешті. Көршілері ғой баяғы. Біразымен аяқ-табақ араласқан, жақын, туыс.

- Көрші, бері, бері жақындасаңызшы,- деп қалжыңдасқансиды көзәйнегін үнемі бас бармағымен сүрткілеп жүретін дәу қара.

- Е, аманшылық па? - Жазушының әйелі қам­сыз-мұңсыз отырғандардың жандарына жа­қындаған. Сұраулы кейіппен жүздеріне үңіледі.

- Жазушыны көптен көре алмадық.

- Үйде. - Біз курортқа кетті ме десек...

- Жазып жатыр ма?

- Қарап отырмайды.

- Дұрыс, сол кісінікі табылған ақыл. Артына қарамай, жазарын жазып кеткенге не жетсін. Ал біздікі өлместің күні.

- Сәлем айтарсыз.

- Айтайын.

- Өзімен ауызба-ауыз сөйлесіп, үйлеріңізге кіріп шығуға да болар еді. Бірақ жұмыс үс­тіндегі кісінің ойын бөлгіміз келмейді.

- Не жазып жатыр, тағы да роман ба?

- О жағын бізге айтпайды ғой.

- Қалың роман оқылмайды бүгінде, одан гөрі шағын жанр өтімді. Сол, сол-ақ екен, табан астынан әдеби пікірталастың басталып-ақ кеткені. "Бұларыңды сол кісінің өзіне айтса­ңыздаршы" деп тұрып кетудің және ретін таппады. Тыңдауға тура келді еріксіз.

- Ағамыз жарады.

- Әлі де мықты ғой ағамыз. Бізге берген соңғы романын асықпай-аптықпай екі күн ішін­де оқып шықтым, - деді жұқалтаң өңді жігіт ағасы.

- Ал, не байқадың?

- Мен, әрине, әдебиеттің майын ішкен сыншы емеспін. Қарапайым оқырман ретінде айтарым - роман ұнады.

- Әп, бәрекелді!

- Қартаң филолог екі санын шапаттады.

- Ол кісіге керегі де осы. Кітап қарапайым оқыр­ман үшін жазылады. Роман несімен ұнады және не үшін ұнатқаныңды дәлелде.

- Бұйрық па мұңыңыз?

- Қайдағы бұйрық, бұйрық беретіндей қауқарым болса, отырам ба сендермен бірге итше ырылдасып.

- Мұныңыз артық, мұныңыз артықтау, көкесі! "Итше ырылдасуды" дереу қайтып алыңыз.

 - Дәу қара гүрзідей жұдырығымен тақтай орындықты гүрс еткізді: - Біздің ешкіммен ит­ше ырылдасқымыз келмейді. Біз қарапайым оқырман ретінде әдебиеттің шаруасын ғана ай­тып отырмыз. Әрине, бұл дискуссияға жазу­шы­ның қатысқаны жөн еді. Оқасы жоқ, сіз осының бәрін айтып барасыз ғой отағасыға. Жазушы­ның әйелі еріксіз бас изеді. Бір жағынан жазушыны осында шақырып келсем қайтеді деп те оқталды. Бірақ ол кісінің көзінше бұл әңгіме жалғаса ма, жалғаспай ма, кім білсін.

- Айта беріңіз,- деді романды бастан-аяқ оқып шыққан кісіге оқыс бұрылып.

Ол дәп бір оқырмандар конференциясының мінберінен сөйлеп тұрғандай, үсті-үстіне тамағын кенеді: - Алдымен айтарым, роман тақырыбының жаңашылдығы. Байқоңыр, космодром маңындағы қазақтардың қам-қаре­кеті бұған дейін бүйтіп жеріне жеткізіп жазыл­маған, бұған дейін бірде-бір жазушы бүйтіп те­реңдеп бармаған. Сосын... ағамыздың тақырып аясы кең. Масштабный. Қорқыт кесенесі мен космодромды қатар алып суреттеуі - табылған тәсіл. Қорқыт қобызының ұлы даланы ерекше әуенге бөлейтін сарыны тап қазір де құлақ тұсында күмбірлеп тұр. Қобыз сарыны Эйфель мұнарасының басынан француздарға да естіліп тұрған дейді жазушы. Эйфель мұнарасының басынан естілді ме, естілмеді ме, онда менің шаруам шамалы. Ал, Қорқыт кесенесіне француз делегациясын бастап келген әлгі жас жігіттің қаны қазақ. Оның бәрін сіздерге қалай түсіндіремін. Ақылымды тыңдасаңдар, ро­манды секіртпей, асықпай түгел оқып шы­ғыңдар.

- Бәрекелді!

- Филолог қопаңдап тағы да қол шапалақтады:

- Ойбай-ау, мынауыңыз дайын тұрған әдеби ре­цензия ғой. Осы айтқаныңыздың қағазға тү­сіріп, қолға ұстатыңызшы. Арғы жағын өзім білем, газет-журнал басқарып отырған шәкірт­терім бар.

Жазушының әйелі одан соңғы әңгімелерді аяғына дейін тыңдай алмады. Көз алдынан елес жүгіргендей, басқа әлемнің құшағына кірді де кетті. Күйеуінің соңғы кездегі жан күйзелісін кімге айтар, кімге дәлелдер. Және оны керек қы­латын бір пенде табылса... Ана жолы көзі қызарып, қолдары қалтырап, жазу үстөлінен таң біліне тәлтіректеп тұрған-ды. Бұл қаннен-қапер­сіз ұйықтап жатқан. Жамбасына біреу ине сұғып алғандай оқыс оянды да, дереу балконға жүгірді. Жүрегі алқынып аузына тығылды. Күйеуі психологиялық қысымның кездейсоқ әсе­ріне шыдамай, мына дүниені тәрк етіп, жетінші қабаттан секіріп кететіндей елестеді. Жетіп барды да белінен қапсыра құшақтай алды. Дәп бір ажалдан арашалап алған күйде-тін. Жазушы аң-таң, бір адамға керек болғанына іштей масайрап тұрмасын жан жүрегі езіліп! Ең болмаса бір адамның іздейтіндігі қандай жақ­сы! Жүзіне болар-болмас қан жүгірді. Тұла бо­йындағы тосын дірілден біртіндеп айыға бас­тады. Өзін-өзі қинап күлді: - Қайдан сезе қой­дың, а?! Енді болмағанда сүйегім шашылып, асфальтта жатар еді. Ертеңінде бүкіл газеттер топырлатып қазанама жазар еді. Жерлеу аяқталған соң сен бәрін жинатып алып, бастан-аяқ оқып шығар ең. Кім білсін, үкімет басшысы неге көңіл білдірмеген деп те ренжір ме ең. Мен одан тіріліп келмеймін ғой. Оған осы бастан бой үйрете бер... Ал, мына жазған­дарым­ның тұзы татымады. Қазақтың қанша сөзін рәсуә еттім. Оқушыны селт еткізе алмайды. Селт еткізе алмаған соң, ол - өлген шығарма. Ал­дымен осыдан құтылайын, сосынғы кезек өзімдікі... - Бір бума қолжазбаны қиқалап жырт­ты да, далаға шашып жіберді. Олары жүргінші жолдың жиегіне барып, ақ кептер секілді қалбалақтап қонып жатты.

- Жөн, осының жөн, тура табылған ақыл! - Әйелі қайдан тап болған өжеттілік екендігін түсіне алмай, күйеуі үшін жан түршігерлік осы сөздерді ешкімнен қаймықпастан, қасқайып тұрып айтып салды. Алдағы үміті ұшан-теңіз, қолжазбасымен тірілей қоштасқаны қандай жақсы! Онсыз да кітапқа шұқшиып жатқандар шамалы. Өнбес кәсіпке жан қинау неме керек! Және жан қинаудың көкесі - жазу. Жазу - өліп-тірілу. Қалған ғұмырды жазбай-ақ өткізуге болады ғой. Оның үстіне жазғаны оқылып, біреулер жаман, не жақсы деп пікір білдіріп жатпаған соң - қалғаны бос әуре. Одан да елге барып емін-еркін қыдырсын, ағайын-туғанды армансыз араласын. Жазушының әлгі сөзіне ләм-лим тіл қатпағанына таңқалды. Жақсы­лыққа жорыды. Иық түйістіріп, қаздай тізіліп төркін­деріне қай кезде төбе көрсетіп еді. Алдынан ай жарылқап, күн туатындай...

Тақтай орындықтағылар мұнан бір құпия бүккендей, ыбыр-жыбыр күңкілдесті де қалды.

 - Әрине, жазушының өзімен жүздескеніміз оңды еді, бірақ сіз де бөтен адам емессіз, - деп бірі суырылып алға шықты,- аз да болса көптей көрсін. Мынау анадағы бізге берген кітапта­рының ақысы...

- Бұл не, бұ немене, ол кісі сіздерге кітабын сатып жүр ме?! Астапыралла, естімеген елде көп. Ондайы, ондай жоқ еді ғой!..

- Шет-шеті түтеленген мың теңгеліктерді амалсыз бүктеп, қалтасына салды.

 

ХХХ

 

Таң біліне төсегінен тұрып кетті. Көшеден кезіккен бірлі-жарым қайыршыларға мойын бұрмады. Қайыршылардың "хәліміз мүшкіл" дегендеріне де сенім аз-ды. Әлде райынан қайтып, қалтасындағысын мына мүсәпір кемпірге бере салса ма екен, а?! Мырс етіп миғынан күлді. Табан ақы, маңдай терімен тапқан адал ақшасы әлдекімдердің жұтқын­шағына жұғым болмай кете ме деп, содан қауіптенеді. Еңбегінің ақталғаны жақсы қалайда. Байғұс кемпірдің еш жерде жұмыс істемейтін масыл ұлы шешесінің ілмиген саусақтары арасынан жазушы берген болмашы пұлды жұлып әкетсе, одан соңғы оқиғаның қалай өрбитіні белгілі ғой.

Мөлтек ауданның атшаптырым аумағын олай кезгіледі, былай кезгіледі. Дүңгіршектен бір-екі қазақша газет сатып алды. Әлдебір орындыққа тізе бүгіп, баспахананың исі бұр­қыраған газет беттерін жүрдім-бардым па­рақтап шықты. Бірінен-бірі көшіріп басқандай, биліктегілердің жаттанды есептеріне назар салмады. Уақытын қор қылып, неге бүйтіп сенделіп жүргендігін және түсінбеді. Шет-шеті түтеленген мыңдықтар ауыр салмағымен еңсесін басып тұрғандай әсер етті. Тездетіп содан құтылғаны абзал. "Немерелеріме балмұздақ сатып әперсем де нем кетеді" де­генді есіне түсіргісі келмеді. Жүріс-тұрысы мығым. Әсіресе, әйелі баяндаған сол жиын­дағы көршілерінің әңгімелерінен соң іштей түлеп, қайта ширықты. Әзір-мәзір қолына қалам ұстамаса да, мұнан былай ескі сүрлеуді шиырламай, басқаша жазу ләзім деп мың сан мәрте қайталады. Со жолы балконнан құлап кетпегеніне іштей тәу етті. Әлі де керек болатын секілді әлдекімдерге.

Жүріп келе жатып, биік үйдің ішкі қалтарысындағы қоқыс жәшігіне жітілене назар жықты. Өзіне бағынбайтын бір ересен күш артынан өлермендене итеретін секілді; ал өзі сол бағытқа қарай еш қарсылықсыз, басы салбырап жүре беретін секілді. Әйтпесе, қоқыс жағалап не жыны бар. Қоқыстың мұрын жаратын әлемтапырық иісі тұла бойын тітіркендірді. Екі-үш қартаң кісі бұл маңайда да "атшалдырып" жүр. Темір жәшік ішінен әлдене тапқандарына мәз.

Кепкісін көзіне түсіре киіп, тірі жанмен ісі болмай, өзімен-өзі ыңылдап ән айтып жүретін бозбаланы мұнан бұрынырақта да байқап қалған-ды. Ол бұл күйге қалай түсті, ақыл-есі бүтін бе, ауылдан келіп қала тірлігіне сіңісе алмаған бозым болмасын. Кейінірек жолығып, сырласармын деп жүрген. Кейіпкер іздегеннен аулақ, қоқыс жағалағаннан қайбір келіскен кейіпкер сомдамақ.

- Кімді іздеп жүрсіз? -деді қаптаған темір жәшіктің бір бұрышынан сумаң етіп шыға келген сол пақыр. Бет-аузы көнектей. Түс ауса да "бас жазып" үлгермеген сыңайы бар.

- Тағы да жұтып алғанбысың? - деді жазушы салғаннан жанашырлық танытып.

- Кеше бір жолдастың туған күнін тойлағанбыз. Артығырақ сілтеп жіберіппіз байқамай. Ертең адам қалпына өзім түсіремін деп өлгенше уәде беріп еді оңбаған! Жер жұтып кеткендей өзі жоқ.

- Сен оны күтпе, - деді жазушы,- о жағынан мен-ақ көмектесейін.

- О-хо, өлмегенге - өлі балық.

 - Кір-кір қолдарымен жазушы ұсынған теңгені жұлып алды да, біреу қағып кететіндей жан-жағына үрейлене қарап, шалбарының қалтасына сүңгітіп жіберді:

- Рақмет аға, байытып тастадыңыз аяқ астынан. Бұл жақсылығыңызды немен қайтарам?..

- Қайтармай-ақ қой, тек арағыңды қойсаң болды.

- Мен сізді танимын,- деді маскүнем кенет тұла бойын тік ұстап,- суретіңізді бір кітаптан көргем.

- Жә-жә.

- Рас, рас айтамын. Ертең көреғалыңыз, моншаға түсіп тазарамын да, таң азаннан "Абай" кітап дүкеніне жол тартамын. Мына ақшаға соңғы шыққан кітабыңызды сатып аламын. Тамақ жібітуге онсыз да бірдемелер табылар. Сіздің еңбегіңізді өйтіп рәсуә етуге болмайды ғой. Есітіп тұрсыз ба?!.. Рәсуә етуге бол-май-ды!..

Жазушы еріксіз бас изеді де, қол орамалымен танауын басып, үлкен көшеге оқыс бұрылды. Әлгі болмашы тиын-тебеннің орын тауып кеткен түрін қараңыз! Миығынан күлді. "Ендігі жерде көршілерім үшін болса да... жаман жазуға қақым жоқ, қақым жоқ!" - деп біреумен сөйлесіп келе жатқандай, ілгері қарай асығыс адымдады.

Қуаныш Жиенбай,

жазушы

Астана қаласы

 

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

"Рухани жаңғыру" идеясын қалай түсініп жүрсіз?

Ұлттық құндылықтарды қайта жаңғырту - 56.3%
Адамның өзін-өзін жетілдіруі - 6.3%
Тарихты тірілту және өткенді зерттеу - 0%
Ата-тегіңді түгендеу - 6.3%
Тарихи мұраларды шетелге таныту - 31.3%

Дауыс саны: 16
The voting for this poll has ended on: 10 Қаз 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 29 30

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 20 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.