Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

ЕЛ МЕН ЖЕРГЕ МАХАББАТ

  Ұлтыңды, мемлекетіңді сүю, туған жерің мен сол жердің адамдарын құрметтеу - саналы адамды қашанда ізігілікті іске талпындырып тұрады. "Талпынған жетер мұратқа" дейді халқымыз. Өйткені талпыныстың артында адамдық мінез тұрады.Ұлан байтақ қазақ жерінің әр өлкесі өзінше көрікті, өзінше қызық. Ал, ел аузында "Сыр - Алаштың анасы" деп әспеттелетін қасиетті Сыр бойы аймағы ежелден жұмсақ табиғатымен, түрлі кәсіптің қатар дамығанымен ерекшеленеді. Бұл аймақта кезінде мемлекетке астана болған Жанкент, Сығанақ секілді қалалар бой түзеп, әлем саяхатшыларының назарына іліккен.

Қазақстанның басқа өлкелеріне қарағанда ислам мәдениеті де осы аймақта гүлденіп, сол дүниетаным Сыр бойы әдебиеті атты алып әдеби мектептің темірқазығына айналды. Алайда осы бір ерекшелігі өзіне сор боп жабысып, бірнеше ғасыр бойы халқымыздың төбесіне төнген бодандық нәубетінен Сыр өлкесі тудырған әдеби-мәдени жәдігерліктер көбірек азап шекті. Содан болар, еліміз тәуелсіздігін алғанша, Сыр сүлейлері атанған талай ақын-жыраулардың сөзі жалпы халыққа беймәлім болып келді.

Белгілі бір өлкенің рухани әлемі шеккен азабының салмағын сол өлкеде туып-өс­кендер өзгелерден артығырақ біледі. Демек, сонау 1943 жылы Сыр бойында, Тереңөзекте дүние есігін ашып, 1955-1960 жылдарда С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (бүгінгі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) оқып бітіріп, біраз жыл туып-өскен жерінде - әкімшілікте, баспасөз саласында қызмет етіп, соңынан аяулы Алматысына қайтып оралып, ұзақ жылдар бойы халық­аралық "Түркістан" газетінде жұмыс істеген кезінде Сыр бойының би-шешендері, батырлары мен ақындары жайында талай-талай зерттеулерін жарыққа шығарған Тынышбек Майлыбайұлы Дайрабай шығармашылық ғұмырын түгелімен Сыр елінің жалпыға беймәлім қырларын ашуға арнауы - заңды құбылыс.

Деректану мен тұлғатану - тарих ғылымының маңызды салалары. Ол жауырды жаба тоқуға көнбейді, қиялға ерік бере беруге қарсы, дерексіз сөзді мойындамайды. Сондықтан қандай бір тұлға туралы құжаттарға сүйеніп жазылмаса немесе қайсыбір деректің мән-маңызы дұрыс сарапталмаса - ниеті қанша ізгі болса да, онымен айналысқан адамға абырой әпермейтін қыңыр күш. Сол үшін оған баруға өзіңе деген сенім мен мұрағатта айлар бойы шаң жұтқызып, іздегеніңді тапқанша шыдамыңды сарқатын бейнетке деген көнбістік керек. Сондай төзім арқасында Тынышбек Дайрабайдың қаламынан туған "Т.Жүргенов туралы", "Түркістан альбомы", "Сырдың сырлы сыры", "Сыр перзенттері", "Жеті тараудағы - жеті анық", "Билер сөзі - киелі", "Сырым менің, сырласым" секілді кітаптары, сол секілді ол құрастырған ақын-жыраулардың ондаған жинақтары, 200 томдық "Сырдария кітапханасы" сериясымен шыққан бірталай Сыр бойы шайырларының туындылары - өнімді де өнегелі шығар­машылық ғұмырбаянының қаншалықты бай екенінен хабар берсе керек.

Әрине, кітаптың да кітабы бар. Белгілі этнограф-қаламгердің кітаптарына енген материалдардың басым көпшілігі жай ғана деректанушылық қасиетімен ерекшеленбейді, керісінше тарихи оқиғалар мен тарихи адамдарға қатысты жайттар жан-жақты сараланып, мән-маңызы ашылады.

Мысалы, Т.Дайрабайдың "Сырым менің, сырласым" (Алматы, 2016 жыл) атты соңғы кітабына енген материалдардың ішінде ерекше туындылар аз емес: "Тұрсынбай датқа туралы сөз" атты мақаласында бір мезгілде орыстан заряд-хорунжи, Қоқан хандығынан датқа атағын алып, сол арқылы қарамағындағы елін екі жақты қысымнан қорғау жолында тер төккен Бүркітбаев Тұрсынбай бидің өмірі мен істеген істері мұрағат құжаттарының негізінде баяндалып, ұрпақтары туралы да мол мәлімет беріледі. Сол сияқты "Ханымның хан ордасына қайта оралуы" деген еңбегінде қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының бәйбішесі Күнімжан ханымның орыстар қолына қапияда тұтқынға түскені, оны босатып алу жолында ханның жасаған әрекеттері деректерге сүйене отырып, дәйекті берілген. Мақалада Күнімжан ханымды қосқанда, орыс әскерлерінің 9 әйел, 8 қызды тұтқындағаны айтылып, олардың әрбірі туралы толық мәліметтер келтірілген. Сондай-ақ, мұнда Кенесары ханның әйелі мен бірнеше адамды тұтқындаған орыстар жағының бұл жағдайды пайдаланып, ханды өздеріне тиімді келісімге келуге ынталан­дырғысы келгені де мұрағаттық құжаттардағы жазбалармен дәлелденген.

Кітаптағы "Өзі уығын көтеріскен үкіметтің қиянатын көрген" мақаласында 1937 жылы 33 жасында репрессия құрығына ілінген қоғам және мемлекет қайраткері Ілияс Қабыловтың қиын кезеңдегі азаматтық бейнесі, сол тұстағы қазақ зиялыларымен қарым-қатынасы жайында қызықты жайттарды жеткізеді. "Ақ патшаның сарайында болған ақсақалдар" мақаласында автор сол тұста орыс импе­риясын басқарған ІІ Александр патшаның қабылдауында кімдердің болғанын, олардың не мақсатпен шақырылғанын нақты дерек­көздерге сілтеме жасай отырып түсіндірген. "Сыр бойындағы сансыз көтеріліс" атты деректі материалда өткен ғасырдың оты­зыншы жылдарының басында Кеңес өкіметіне қарсы Сыр бойындағы Қарақұм, Ақмырза ишан және "Асан" көтерілісі жайында ұлттық күрескерлік қасиетімізді танытатын тарих баяндалады. Аталған көтерілістердің қалай өрбігені, оларды қандай тұлғалардың бас­қарғаны, көтерілістің басталуы мен аяқталуы тұсындағы оқиғалар нақты деректермен ашып көрсетілген.

Кітапта халқымызға белгілі өнер адамда­ры­ның тағдыры туралы да тосын әсерге толы мақалалар жетерлік. Мысалы, Т.Дайрабай "Коммунистерден қашқан жыршы" және "Мал­ға жарлы болса да, айтар сөзге, тілге бай" деген жазбаларында кезінде қолдан жасалды делі­нетін Мәйімбет ақын және атақты Тәңірберген Молдабай атты әнші-композитор туралы бұ­рын айтылмай келген шындықтарды алды­мызға жайып салады. Әсіресе, Мәйімбет ақынның өмірде болғаны жайындағы, ақын­дығы туралы пайымдары қызықты оқылады. Өйткені осы кезге дейін қазақ әдебиетінің белгілі тұлғаларының Мәйімбеттің өмірде бол­ғанын жоққа шығарған пікірлерін ешкім терістей алмаған еді. Соған батыл түрде қарсы шығып, сенімді дерек пен дәйектер келтіре отырып, аталған жыршының өмірде болғанын, өлеңдер шығарғанын дәлелдеген Тынышбек Дайрабайдың сөзі дәлелді, ойы қисынды болуы - зерттеушінің ізденгіштігін танытады.

Жалпы Т.Дайрабайдың зерттеушілік қабілеті мен жазғандарының маңызы мен мәні туралы әңгіме бүгін ғана қозғалып отырған жоқ. Бізден бұрын да талай жазылды. Әлі де жазыла берері хақ. Өйткені ол кісі бір кітапты жарыққа шығара сала, тағы бірін жоспарлап үлгеріп, қайтадан іске кірісіп кетеді. Ал, ол кісіні жетпістен асқан шағында да ұлт тарихы үшін өте маңызды деректану ісіне талпын­дырып тұратын құдірет - ел мен жерге деген махаббат. Ізгі сезім әрдайым жүрекке сарқылмас шабыт, таусылмас қуат беретіні хақ.

 

Ахмет  ӨМІРЗАҚ

 Сара ЛӘТИЕВА, журналист-жазушы,

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты:

- Біз 1965 жылы ҚазҰУ-дің (қазіргі Қазақ ұлттық университетінің) журналистика факуль­тетіне оқуға түстік. Курсымызда мектеп партасынан кеше ғана шыққаны бар, жұмыс істеп келгені бар, әскерден оралғаны бар - бір топ жастар арасынан сол жылы әскерден оралған, белсенділігімен ерекше көзге түскен бір жігіт топтың старостасы болып сайланды. Ол Тынышбек Дайрабай болатын.

Жас та болса өмір көрген Тәкең өзі басқарған топтағы бүкіл жағдайды барлап, бақылап отыратын. Кімдер стипендия алып жатыр, кімдер алмай жатыр, кімнің мінез-құлқы оқытушыларға ұнамай, келіспеушілік болды - солардың бәрін қадағалап, қысыл­ғанға қол ұшын беріп, қамқорлық танытып жүретін-ді.

Тынышбек досымыздың тарихи әділетке деген жанашырлығы, ұлт тарихының ақтаң­дақтарына алаңдаушылығы сол университетте оқып жүрген кезінде-ақ байқалатын. Мәселен, 1969 жылы университетті бітіретін кезінде Тынышбек қазақ өнерінің дамуына мол үлес қосып, кейін отызыншы жылдардың қанды қақпанына түскен халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Темірбек Жүргеновті диплом жұмысының зерттеу нысаны етіп алды. Ол кезде Т.Жүргенов саяси жағынан ақталғаны­мен жұрт әлі ол туралы емін-еркін әңгіме айту­дан үркектейтін. Ал, Т.Дайрабай болса, сол кездің өзінде мұрағаттарда отырып көптеген деректерді оқып, қорытып жүреді екен. Сол сияқты тұлғалар жайында айтылатын ел арасындағы әңгімелерді де хатқа түсіріп жүрген көрінеді. Демек, оның тұлғатанудағы көптеген еңбектерінің іргетасы сол кезде-ақ қаланғанын кейінірек білдік десек, артық болмас. Әлгі дипломдық жұмысы басқала­ры­мыздан ерекше, қызықты болды. Жұмысын жақсы қорғап, оқуды бітіргесін еліне кетті.

Әрине, Тынышбектің ғылым академиясына орналасып, тарихи зерттеулермен айналысуына мүмкіндігі болды, бірақ отбасылық жағдай­лармен болса керек, кіндік қаны тамған Сыр еліне барып, біраз жыл мемлекеттік қызмет атқарды. Сонымен бірге ел арасындағы шежі­ре ақсақалдардың әңгімесіне үнемі құлағы түрік жүретін ол көптеген тұлғалар, оқиғалар туралы мол мәліметтер жинады. Оларын кейі­нірек Алматыға көшіп келіп, халықаралық "Түркістан" газетінде еңбек еткенде кәдеге жа­ратып, өзі істейтін газет бетінде Сыр бойы өлке­сіне қатысты көптеген құнды деректерді, қызықты мәліметтерді жариялады. Сол елде өт­кен сөз бастаған би-шешендер, қол бастаған батырлар туралы көп жазды. Оны әлі күнге жалғастырып келеді. Бұның бәрі, кейбіреулер ойлайтындай - сенсация қуу емес, елін-жерін сүйген қаламгердің азаматтық парызын өтеуі ғана.

Тынышбектің танымдық кейбір мақала­ларын оқығанда риза боламын. Мысалы, оның "Түркістан" газетінде жарияланған қазақ да­ласында мөрдің пайда болуы туралы мақаласы мен үшін таң қаларлық дүние болды. Қарап отыр­сақ, мөрдің де өзіндік тарихы, мән-маңы­зы бар екен. Қазақта ғылым-білім дамымай жатқан кезде, адамдар қол қоюды білмей, құ­жатқа саусағын сияға малып басатын "сауат­сыз" кезеңде кейбір тұлғалар мөр жасатып, сол ар­қылы құжатта айтылғанды растауы - шы­нында да саяси дамуымыздың бір белгісі еді. Соны Тынышбектің жазғанынан танып-біліп отырмыз. Бұны өз басым зерттеушінің зерделілігін көрсететін дәйек дер едім. Бір қызығы, Т.Дайрабай әлі күнге мұрағаттан қол үзген емес, ылғи да тұлғаларға қатысты қы­зықты бір деректер тауып, сол жайында мақала жазып, кітап қылып бастырып жүреді.

Сөзімнің басында айтып өткенімдей, Тынышбек досымыз студенттік шақта ғана емес, өмірде де бізге "староста" болған кезі көп. Елінде кеңес-партия қызметінде жүрген кезінде жұмыс бабымен ара-тұра Алматыға келгенінде осындағы курстастардың басын бір жерге қосып, думандатып кететін. "Сендер неме­не, қалада тұрамыз деп қазақшылықты ұмытып кеткенсіңдер ме?" деп қалжыңдап қоятын. Кейін ойланып қарасақ, онысының да жаны бар екен.

Тынышбек Алматыға қоныс аударғаннан кейін де "старосталығын" ұмытқан жоқ. Әлі күн­ге дейін бірге оқыған достардың үйінде бо­лып жататын той-мерекелерге баруға басы­мызды қосатын өзі. Осы бір мойнына алған "артықша міндетіне" өзі де риза сияқты. Қабақ шытқанын көрген емеспін. Оның бәрі ата-анасының бойына сіңірген тәрбиесінен болса керек.

Нағыз азамат туған жерінен, өскен орта­сынан қол үзбейді. Ол - азаматтың ел ішіндегі беделін өсіретін ізгі қасиет. Бұны айтқанда, марқұм курстас досымыз, ақын, жазушы Қаржаубай Омарұлына қатысты бір әңгіме есімізге түседі. Қызылордада дүниеге келіп, жастайынан оқу іздеп елден кетіп, өзі туған мекенмен байланысы үзіліңкіреп қалған Қаржаубайды 60-қа толған кезінде Тынышбек Сыр бойына алып барады. Барған жерлерінде кездесулер ұйымдастырып, қаламгерді жер­лес­теріне таныстырып, оның шығармашылығы жайында әңгіме айтады. Жерлестерінің Тынышбекке деген құрметін көрген Қаржау­бай Алматыға оралған соң, досының ел арасындағы беделінің жоғары екенін тамсана әңгімелеген екен.

 

Тәттігүл ҚАРТАЕВА, әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ профессоры:

- Тынышбек Дайрабай еңбектерінің қазіргі қоғамның рухани ахуалына берері көп. Сыр елінің асыл мұрасын зерттеуге негізделген еңбектері оны "тұлғатанушы", "өлкетанушы", "этнограф", "ескерткіштанушы" ретінде та­нытт­ы. Тынышбек Дайрабайдың "визитті ең­бек­терінің" мәні - визуалды тарихты ғылыми танымдық тұрғыда өңдеп, оны халыққа таныта білуінде. Тарихи тұлғалар мен ескерткіштерді фото­құжаттары арқылы сөйлете алуында.

Еліміздің иллюстрацияланған тарихын тануға, тарихты фотоқұжат арқылы нақты­лауға мүмкіндік беретін тарихи деректер қатарын визуалды деректер құрайтыны анық. Тарихи кезеңдерде түсірілген кез келген фотосуреттер сол дәуірдің болмысын дәлме-дәл бере алады және ол мәңгілікке сақталады. Визуалдық фотодеректің маңызы - белгілі бір тарихи кезеңдердегі адамдардың тұрмы­сындағы этномәдени сипаттарды, дәстүрлі ауылды, дәстүрлі шаруашылықты, материал­дық құндылықтарды, тарихи оқиғаларды нақты, боямасыз түрде шынайы таңбалай алуында. Бұл орайда Тынышбек ағамыздың ХІХ ғасырдағы қазақ даласының тыныс-тіршілігін, өлке тарихын сол кезеңдегі қалпын дәл көрсететін "Түркістан альбомының" этно­графиялық томын өңдеп, көшірмесін жасап, ғылыми айналымға енгізуі және "Сыр өңірінің ескерткіштері" иллюстрациялық кітабын жарыққа шығарып, шикі кірпіштен салынған, табиғат әсерінен бұзылу қаупіндегі ескерт­кіштер фотофиксациясын, анық­тамалығын жасауы - атап айтуға тұрарлық еңбек.

Бүгінде елімізде зор ренессанс тудырып отырған "Рухани жаңғыру", "Қасиетті Қазақстан" бағдарламалары аясында жүзеге асып отырған "Туған жерге туыңды тік" жобасының сұраныстарына Тынышбек Дайрабайдың өлкетануға арналған еңбектері толығымен жауап береді, әрі бұл кісі "өлкетануды" жүзеге асырудың өзіндік меха­низмін қалыптастырған. Мұрағат құжаттарын жинап, жүйелеп, ғылыми өңдеп, оны оқырман қауымға көпшілік танымдық тілмен жеткізуі ар­қылы еңбектері сұранысқа ие. Тарихи дәуір­лерден келіп жеткен тарихи мәдени, рухани, табиғи мұраларын біртұтас қарастыратын мем­лекетіміздің "Мәңгілік Ел" саяси идео­логиялық стратегиясының басым бағыттарына "өлкетанушы" ретінде өз үлесін қосып келеді.

"Адамның басына қонған бақыттың тұрақ­ты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты", - деген әл-Фараби. Тынышбек ағамыздың тұрақты бақытты ұстап тұратын жайлы мінезі, жайлы отбасы, еңбегін тұрақты оқитын халқы бар!

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

"Рухани жаңғыру" идеясын қалай түсініп жүрсіз?

Ұлттық құндылықтарды қайта жаңғырту - 56.3%
Адамның өзін-өзін жетілдіруі - 6.3%
Тарихты тірілту және өткенді зерттеу - 0%
Ата-тегіңді түгендеу - 6.3%
Тарихи мұраларды шетелге таныту - 31.3%

Дауыс саны: 16
The voting for this poll has ended on: 10 Қаз 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 29 30

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.