Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Материалдар

«МЕРЕЙТОЙҒА АРНАЛҒАН ӘРБІР ШАРА ТАҒЫЛЫМҒА ТОЛЫ»

Замана өзгерісіне бейім, сәулеті мен келбеті жарасым тапқан Қызылорда бастауын кешегі өткен ғасырлардан алып, бүгінде даму жылнамасы екі ғасырға жеткен қасиетті қалаға айналды. Қойнауына құт дарыған қаланың мәдени һәм рухани дамуы, білім мен ғылымының өркендеуі қала тарихының қойнауына еніп жатыр. Биылғы айтулы 200 жылдық қала тарихы Елорданың 20 жылдық мерейтойымен сабақтасты. Мерейлі қос тойдың қуанышын барша халыққа сезіндіруде жер-жерде түрлі мәдени шаралар мен рухани кештер, әсерлі шараларды өткізу жергілікті билікке айрықша жауапкершілік жүктейді. Осы орайда қос ғасырлық белеске қадам басқан Қызылорданың мерейтойына арналға тартулар мен айқын жоспарларды білу үшін қала әкімінің орынбасары Шахмардан Баймановты әңгіме алаңына шақырдық.

- Шахмардан Асқарұлы, арғы-бергі тарихты ақтарсақ, кешегі Қызылорданың рухани-мәдени өмірінде айтулы өзгерістердің орын алғанын білеміз. Деген­мен, өткенге шегініс жасамай, бүгінгі Қызыл­орданың даму жоспарын айқын­дасақ. Сіздіңше, қала тұрғындары Қы­зылорда­ның 200 жылдық мерейтойынан қандай тағылым алуы керек?

- Қызылорда қаласының 200 жылдық мерекесін атап өтуіміздің өзі өткеннен өнеге алып, бабалардан қалған бай мұра мен асыл құндылықтарымызды ертеңгі ұрпаққа ама­наттау, ұлттық қасиетіміз бен салт-дәстүрі­мізді дәріптеу деп түсінуіміз керек. Әрине, ме­рейтойдың салмағын саралау әрбір тұрғынның өз қаласына деген жанашырлығы мен белсен­ді­лігіне байланысты. Оның үстіне, биылғы атау­лы дата тәуелсіз Қазақстанның теңдессіз жауһары - Астананың 20 жыл­дығымен тұспа-тұс келіп отыр. Қос мерекені жоғары масш­табта атап өту қала әкімдігінің жоспарына бекі­тілген. Себебі, бұл қарапайым мереке емес, бұл - тарихқа тағзым, болашаққа бағдар.

 

Әрбір қала тұрғыны осынау ерекше мерейтойдан тағылым алуы керек. Өйткені Қызылорда Сыр елінің әкімшілік және рухани орталығы болған, небір тарихи кезеңдердің куәсі, тарлан тұлғаларды түлеткен қасиетті мекен, талай бастамалар мен тың жаңа­лықтар­дың қасиетті ордасы атанған киелі шаһар. Тарих пен дін, мәдениет пен өнердің киесі қонған жерден өнеге алмау мүмкін емес.- Қаланың 200 жылдық мерейтойын атап өтудің басты ерекшеліктері қандай бол­мақ? Халық жұмылатын көпшілік ша­раларда нендей айтулы жаңалықтар бар?

- 200 жылдық мерейтойды атап өтуде ең басты мақсат - тойдың арқасында халыққа жағ­дай жасау, қала халқының жайлы тұрмыс кешуі­не қажетті әлеуметтік, инфрақұ­ры­лымдық мәселелерді шешу, тұрмысын көтеру, қол ұшын созып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.

Сонымен қатар, Сыр өңірінің бас шаһарының 200 жылдық мерейтойына басты тарту - биылғы жылы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауындағы жаңа қаладағы алғашқы құрылыс нысандарын пайдалануға береміз.

Бұл аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы­ның тікелей бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды жоба.

Негізінде қала күнін мерекелеу жыл басы­нан бері жер-жерде аталып өтілуде. Мерей­тойға орай ұйымдастырылған әртүрлі бағытта 40-қа жуық мәдени шара, 2 халықаралық, 2 республикалық, 3 облыстық және 20 қалалық шаралар өтіп қойды. Бұл мерекелеудің басы ғана. Жалпы мерекелік іс-шараларды дайындау мен өткізуді екі негізгі бөлімге бөліп отыр­мыз. Әрбір шараның жоғары деңгейде орын­далуына үкіметтік емес ұйымдардың, этно­мә­дени, ардагерлер мен жастар бірлес­тіктерінің өкілдерін, мәдениет қайраткерлерін, еңбек ұжымдарын, бизнес-қоғамдастықты белсене тартуды дұрыс деп таптық. Күні бүгінге дейін іс-шаралар жоспарының желілік кестесі әзірленіп, нақты шараларды 2 кезеңге жіктеп қойдық. Әрине, облыстық дәрежедегі 17 шара қаладағы мәдени орын Асқар Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде ұйымдас­тырылады.

Қала күнін мерекелеу тек қана ән-думаннан ғана емес, әлеуметтік бастамалармен де жалға­сады. Бұл туралы қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы нақты шаралардың бағыты мен міндеттерін айқындап берді.

Айталық, шаралар барысында тұрмысы төмен 1000-нан аса отбасыға арналған қайы­рым­дылық акциялары, "Абай дана, Абай дара қазақта" тақырыбымен облыстық әдеби жыр марафоны, "Жүрек жылуы" қайырым­дылық ак­циясы аясында көпбалалы отбасылар, халық­тың әлеуметтік осал топтары, яғни 2000-ға жуық отбасыға көмек береміз деп жос­парлап отырмыз.

- Жастарды ортақ іске жұмылдыруда қандай жобалар қолға алынды?

- Жастар бірлескен шараның көпшілікті қызықты ететіні рас. Белсенді, ортақ іске біріге алатын жастармен өткізілетін думанды шаралар әртүрлі бағытта аталып өтіледі. Ең алдымен, аймақ үшін жаңалық болып келген "IMAQORDA" технопарк жобасының ресми ашылуы болмақ. Бұл ізденіске ден қойған жастарға айрықша мүмкіндік сыйлайды. Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтар ара­сында "Үздік маман-2018" облыстық байқауы ұйымдастырылмақ. Бұл байқау еңбекке епті, іске бейім жастардың өнерін таразылауға айқын жол сала алады.

Тағы да маңызды 8 ірі шара да қала қонақ­тары мен тұрғындарына мерекелік шуақ сый­лайды. Мәселен, жеке кәсіпкерлердің есебінен жаңа өнеркәсіптік және әлеуметтік-мәдени объектілер саналатын "Ажар", "Эврика" сауда үйлерінің және "КазАгроМир" ЖШС жылыжай кешенінің ашылу рәсімі қала халқын күтеді.

Спорттық шаралар да назардан тыс қалған жоқ. Түрлі жастағы санаттар үшін сауықтыру іс-шараларын қамту мақсатында "Алыптар шықты айқасқа" атты түйе палуандар сайысы, "Сыр тұлпары" бәйге түрлерінен ат жарысы өтеді. Ал, әлеуметтік іс-шаралардың ішінде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне де екпін бе­рілді. Қаланың бірнеше аумағында тұрғын­дарға арналған төмендетілген бағамен ауыл шаруашылық өнімдерінің облыстық жәрмеңкесі жоспарда тұр. Бұдан бөлек, ұйым­дастыру комитетінің қатысуымен Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған тақырыптық дөңгелек үстелдер, фестивальдар, көрмелер мен семинарлар да тақырыптық бағытқа сай мерекенің салмағын сезіндіреді.

- Сөз барысында думанды шаралардың екі бағытта өтілетінін атап өттіңіз. Шара­лар тізбегінің екінші бөлімінде нендей өзгешеліктерді көре аламыз?

- Қызылорданың 200 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде атап өту үшін қала билігі түрлі бастамаларды қолға алды. Әрбір тұрғын, сырттан келген қадірлі қонақтар мерекеден ерекше әсер алып қайтуы керек. Осы себепті де шаралар тізбегін екі кезеңге бөлген едік. Екінші кезеңнің алғашқы шаралары 23 қыр­күйек күні Тасбөгет кентінің 70 жылдығын атап өтуден басталады.

Сіз сұрап отырған думанды шаралар 28 қыр­күйектен бастау алады. Ең басты шара орталық деңгейдегі басшылардың қатысуы­мен өтетін "Сыр Ана" монументінде "Этноауыл" фестивалімен ашылып, "Сыр сүлейлері" аллеясында өтетін "Қымыз-шұбат", "Қауын-қарбыз" фестиваліне ұласады. Бұл мерекені тойлауға келген тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды деп ойлаймыз. Сондықтан, қызықты кешті думанды өткізуге қала халқын шақырамыз.

Қала билігі мереке күнінде тұрғындарды әрдайым қуанышқа бөлеуге дайын. Дәл осы күндері мерекелік шаттыққа кенелген қала тұрғындарына өзге де тартулар жасала бермек.

- Шахмардан мырза, әдетте қаланың мерейтойында жергілікті жұрт түрлі тосын-сый, ірі деңгейдегі гала-концерт­терді күтеді. Эстрада жұл­дыздарының қа­тысуымен өтетін шаралар тізбегін оқыр­ман­ға тізбектей кетсеңіз.

- Дұрыс айтасыз, қаланың 200 жылдық мерей­тойы қайта айналып келмейді. Тұрғын­дар­дың тосын-сый, сый-тарту күтуі заңдылық. Ең әуелі басты жаңалықтың бірін айта кетейін. Нартай Бекежанов атындағы драма театрында орталық деңгейдегі басшылардың, облыс активінің қатысуымен Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған салтанатты шара өтпек. Мұнда қоғам қайраткерлеріне, аймағы­мыз­дың қоғамдық-саяси, экономикалық дамуына үлесін қосқан бірқатар азаматтарға арнайы әзірленген мерейтойлық медальдарды табыстау рәсімі ұйымдастырылмақ. Қаланың қалыптасу жолындағы еселі еңбектің құрметі ретінде берілетін мерекелік төсбелгілердің орны ерекше болмақ. Осымен бірге бүгінгі күні имидждік өнімдер, сувенирлер әзірлену үстінде.

Ал, өнер қонған өлкеде тұратын қызылор­да­лықтар үшін орталық алаңда эстрада жұл­дыздарының қатысуымен Қызылорда қаласы­ның 200 жылдығына "Мерейлі мерекеңмен, Қызылорда" атты гала концерт ұйымдасты­рылмақ. Қала тұрғындарына мерекелік шоу-концерт ұсынатын сахна жұлдыздары көпшіліктің көңілін көтеріп, әнсүйер қауымның ықыласына бөленетініне сенімдіміз.

Ән-думанмен қатар мерейтойлық жылды атап өтуде облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы Хатшылығының ұйымдас­тырумен өтетін республикалық "Сабантуй сомбэле" татар мерекесінің өткізілуі ерекше маңызға ие екенін айтуға тиіспіз.

Сұхбаттың сәтін пайдалана отырып, бұқаралық ақпарат құралдарының да мерей­тойға ықпалы зор екенін атап өткім келеді. Қызылорда қаласының 200 жылдығын мере­келеудің идеялық мәні мен маңыздылығын түсіндіруге бағытталған бейнероликтер жергі­лікті телеарналар мен әлеуметтік желілерден көрсетілетін болады. Арнайы 200 жылдық мерейтойға тарту ретінде "Qorda.kz" ақпарат­тық сайты жұмысын бастайды. Бұл бағытта барша журналистердің ортақ іске бірігуін қалаймыз. Жалпы қала күнін тойлаудың басты шараларының бірі осы. Барша қызылорда­лықтарды қала күнін мерекелеуге шақырамыз.

- Мерейтойдан қаланың даму деңгейіне ойыссақ. Қала әкімінің идеология жөнін­дегі орынбасары ретінде білім, мәдениет, спорт, ішкі саясат салаларын бақылауда ұс­тай­сыз. Қызылорданың соңғы жылдар­да­ғы даму қарқынын қалай бағалауға болады?

- Тәуелсіздік алған жылдардан бастап қаламыздың көлемі бірнеше есеге ұлғайып, халқының саны өсті, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер, демалыс орындары, саябақтар, жаңа мөлтек аудандар мен көшелер пайда болып, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті артты. Жыл артына жыл қосып қаланың рухани дамуы, түрлі салалардың жанданып келе жатқаны тұрғындардың мерейін өсіруде.

Енді салалардың даму перспективасына тоқталып өтейін. Алдымен, мәдениет сала­сындағы өрелі істерге келер болсақ, бүгінгі таңда қалада 11 ұлттық-мәдени орталық, 25 діни бірлестік, 6 саяси партияның филиалдары жұмыс жасайды. Қала ішіндегі түрлі мерейтойлар мен айтулы мерекелер жоғары деңгейде ұйымдастыруда. Осы уақытқа дейін 472 мәдени-көпшілік шаралар өтті. Бүгінде қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты 85 үйірме жұмыс жасаса, үйірмеге қатысушы өнерпаздар саны 1067 адамға жетті. Өнерлі өрендер мен талапты жастардың арқасында Сыр өнері мен мәдениеті жаңа белеске шықты.

Жастар саясаты ісінде де ілгерілеушілік бар. Бұл бағытта түрлі бастамалардың рет-ретімен орындалып, қарқынды жетістіктерге жеткені бізді қуантады. Әрине, ішкі саяси мәселелердің тұрақтануына үкіметтік емес ұйымдардың да рөлі зор. Бұрынғыдай емес, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік-маңызды жобаларын, жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру бағытында 22 млн. 521 мың теңге қаржы бөлініп, түрлі бағыттағы 14 әлеуметтік жоба іске асырылуда. Қысқа қайырғанда, бүгінде қалада қоғамдық-саяси, діни ахуал тұрақты.

- Білуімізше, қала бюджетінің 45-50 пайызы білім саласына бағытталады. Бәсе­кеге қабілетті азамат қалыптас­тыру­да білім саласындағы бастама­лардың барысын қалай бағалауға болады?

- Өзіңіз тілге тиек еткендей, қазір білім­дінің заманы. Бәсекелестіктің қызған уақыты. Бұл білім көгіне ұмтылған жастардың сапалы білім, саналы тәрбие алуын қажет етеді. Әрине, Сыр ұстаздарының тәлімі мен тәжірибесі, педагогикадағы әдіс-тәсілдері қала абыройын асқақтатып, балалардың жарқырап көрінуіне мүмкіндік береді. Қазіргі саладағы ең басты жаңалықтың бірі білім саласын цифрландыру.

Бұған дейін, мемлекеттік және жеке меншік балабақшаларға балаларды орналас­тыру үшін Қызылорда қаласының білім бөлі­мі­мен Е-акимат базасы арқылы жолдамалар беріліп келді. Бұл қала халқының уақытын үнемдейді, әрі сапалы қызметтің ашықтығына жол ашады. Мұнан бөлек, цифрландыру аясында іске асқан "Е-ДДО"-тұғырнамасы базасында "Data Evolution" ақпараттық жү­йесімен "Балаларды балабақ­шаға автоматты түрде бөлу жүйесі" жобасы қолға алынып, бұл жобаны жүзеге асыруға қалалық бюджет есебінен 67 млн. 864 мың теңге бөлініп отыр. Жобаның нақты мақсаты айқын. Ол балабақша жұмысын автомат­тандыру процесіне көшіру, балаларды кезекке қою, жолдама беру, персо­налды басқару, балабақшаларға балаларды тіркеу, анали­тикалық-статистикалық есеп жасау. Жобаның 1-кезеңінде барлық жеке және мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарға оқу курстарының базасы енгізілді. Қазірде курстың 2-кезеңі жүріп жатыр, яғни "Е-ДДО" базасына барлық 245 мектепке дейінгі ұйымдарының мәліметтері енгізілуде. Әрбір мектепке дейінгі ұйым "Е-ДДО" базасына балабақша туралы мәліметті, тәрбиеленуші балалардың тізімін, ондағы кадрлық бос орындар жөнінде толық мәліметтер енгізеді. Қарап тұрсаңыз, мұның бәрі халықтың бұрынғыдай кезек күтіп, уақытын жоғалт­пауына себеп болады.

Жалпы айтқанда, өткен оқу жылының қорытындысымен қалада оң өзгерістер орын алды. Қала мектептері Ұлттық бірыңғай тесті­леуге қатысу мен орташа балл жинаудан жоғары нәтиже көрсетіп, 90,9% баллмен облыс бойынша көш бастады. Нәтижесінде тест тапсырған 1 мың 670 оқушының  980-і мемлекеттік грант иегері атанды.

Бұл көрсеткіш 2017 жылы 612-і құраған болатын.

2017-2018 оқу жылының қорытынды­сымен 2 мың 141 мектеп бітіруші түлектің ішінен жоғарыда атап өткендей, 980 түлек мемлекеттік грант иегері атанса, 98 түлек "Алтын белгі", 103 түлек "Үздік аттестат" иегерлері атанды.

- ІТ сала демекші, қаладағы бір топ жастардың идеясынан шыққан "Ақылды қала" жобасының қазіргі аяқ алысы қалай?

- Елбасының "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауында адам өмірін жақсарту үшін барлық салаларды цифрланды­ру­ды іске асыру керектігі баса айтылды. Бұл міндетті орындауда Қызылорда қаласы әкім­дігі қалада тұрмыс сапасын арттыру, жаңа инно­вацияны кеңінен тарату мақсатында "Ақылды қала" жобасын іске асыра бастады. Қала тұрғындары мен қонақтарының қала әкімдігімен тікелей байланыс жасау үшін мәселелерді дер кезінде шешуге арналған "Q Сity" атты мобильді қосымша жақын күндері іске қосылмақ. Бұл мобильді қосымша бюд­жет­тен тыс көздерден қаржыландырылған, арна­йы Android және IOS платформаларына жасалып, екі тілде барлық ұялы телефондарға жүктеуге қолайлы.

Цифрландырудың игілігі де жер қаты­настары саласына ене бастады. Қалалық бюд­жеттен бөлінген 21 млн. теңгеге жер қатынас­тары саласындағы заң бұзушы­лықтарды анық­тау, жұмсалатын жұмыс уақытын азайту мақ­сатында GPS геодезиялық құралы мен ArcGIS (АР ГИС) бағдарламасы алынды. Ал, GPS гео­де­зиялық құралы жердің кез келген жерінде, кез келген ауа-райында, сондай-ақ жер маңын­дағы ғарыштық кеңістіктегі объектінің орналасу орнын мен жылдамдығын анықтауға мүмкіндік береді.

Аталған жоба жер қатынастар саласындағы заң бұзушылықтарды анықтауға жұмсалатын уақытты 15 күннен 2 күнге дейін қысқартады. Осы арқылы облыстық жол картасына енгізілмеген 2 жоба қалалық деңгейде жүзеге асырылатын болады.

Қалалықтар үшін ерекше жаңалықтың бірі болғалы тұрған WI-FI тегін интернет желісі қосылмақ. Бірінші кезеңде пилоттық режимде Ыбырай Жақаев көшесі бойына орнатылады, ұзындығы 1 км, ені 50 м болатын ауқымда секундына 100 мегабайт жылдамдықтағы, жаңа технологиямен жабдықталған (Ubiquiti UniFi AC Mesh) құрылғы орналастыру көзделуде. Бұл жобаға қалалық бюджеттен 3 млн. 500 мың теңге бөлініп, жобаны іске асыру жұмыстары басталып кетті.

- Шахмардан Асқарұлы, Сыр спорты да өзге аймақтан кенде емес. Намыс туын жо­ғары қойып, толайым табыстарға жет­кен спорт­шыларға қолдау қай деңгейде? Спорт секторындағы бүгінгі ахуал қан­дай?

- Сыр спортында саңлақтар жетерлік. Әр түрлі спорт түрінен елдің туын жоғары көтеріп жүрген майталмандар әлі де қалыптаса бермек. Соңғы кезде халықаралық, республикалық додаларда бақ сынаған спортшылар қатары көбеюде. Сандармен сипаттасақ, қалада спорт саласын дамыту бағытында жыл басынан бері дене шынықтыру ұжымдарымен бірлесіп 61 спорттық шара өткізіліп, облыстық, респуб­ликалық деңгейдегі жарыстарға барлығы 25 мыңға жуық жас қатысты.

Бұқаралық спорттың дамуы жаңа спорт алаңдарын ашуды қажет етеді. Бұл орайда қала бойынша 67 спорттық ойын алаңы салынса, биылғы жылы осы жұмыстардың жалғасы ретінде қала бойынша 22  спорттық-жаттығу алаңы, 4 Стрит воркаут алаңы, 6 Еуропалық стандартқа сай шағын футбол алаңы демеу­шілер арқылы салынды.

Биыл "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры "Менің елім" әлеу­меттік инвестициялар бағдар­лама­сын іске асы­ру аясында қаламыздағы Титов және Астана мөлтек аудандарынан әмбебап спорт және балалар ойын алаңын салуды жоспарлауда.

Ағымдағы жылдың шілде айында, Байқоңыр қаласында өткен "Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесіне" арналған VI облыстық халықтық спорт ойындарында қала спортшылары үздік нәтижеге қол жеткізді.

Спорттың 12 түрі бойынша мыңнан аса адам сынға түскен дүбірлі додада Қызылорда қаласының спортшылары жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынды иеленді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасында бұқаралық спортпен қамтылған халық санын 30 пайызға жеткізуді тапсырса, Қызылорда қаласында бұл көрсеткіш бүгіннің өзінде 27,8 пайызға жетті.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

 

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

"Рухани жаңғыру" идеясын қалай түсініп жүрсіз?

Ұлттық құндылықтарды қайта жаңғырту - 56.3%
Адамның өзін-өзін жетілдіруі - 6.3%
Тарихты тірілту және өткенді зерттеу - 0%
Ата-тегіңді түгендеу - 6.3%
Тарихи мұраларды шетелге таныту - 31.3%

Дауыс саны: 16
The voting for this poll has ended on: 10 Қаз 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 26 27 28 29 30

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.