Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

«Дербес жазусыз егеменді тіл болмайды»

 Ғалымдардың әліпби тағдырына, бүгіні мен ертеңіне алаңдаушылығы, шынын айтқанда, еліміз тәуелсіздік алғаннан бері байқалып келеді. Әсіресе, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты шұбарланған қазақ тілі мәселесін көтеруден танған емес. 1992 жылы институттың бөлім меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Әлімхан Жүнісбеков сол кезде-ақ тіліміздегі өткір проблемаларды жіпке тізіп айтқан-ды. Расында, ол қандай толғақты мәселе еді? Ғалымның айтқаны Тіл туралы заңды қабылдау барысында ескерілді ме? Ширек ғасырдың ішінде ол мәселелер неге шешімін таппады? Жазу әліпбиіміз сол мезетте ұлттық ерекшелігімізге сәйкес неге өзгеріске ұшырамады? Толып жатқан көкейдегі сұрақтарға жауап іздеу үшін өткенге бір сәт көңіл аударайық.

Рас, жазу әліпбиі әрбір халықтың рухани және мәдени өсуінде үлкен роль атқарады. Қоғамның даму заңдылықтарына сәйкес өзгерістерге де ұшырайды. Қазақ жазуы да көштен қалған емес, дамып отырды. Алайда саясаттың шырмауында қалған сәттері де аз болмаған.

- Идеологиялық шідер матап ұстаған ғылым салаларының бірі, сөз жоқ, тілмен байланысты болды. Ортақ "ұлы" тілге бас июдің салдарынан және күнкөрістің тек орыс тіліне телініп қойылуынан туған амалсыздық не бәлеге әкеп соқпады десеңізші: ана тілді іске алғысыз еткеннен бастап ана тілден жерігенді де көрдік. Ана тілде сөйлеуге қысылғанымыз күні кеше ғана емес пе еді?!- деп күрсінген-ді Әлімхан Жүнісбеков. - Кезінде талай ғалымдарымыз араб жазуын қолдаса, кейіннен латынды қорғадық. Одан соң жазуымыз славяндықтардың үлгісіне көшірілді. Бұл жерде таза орыс тілі үшін жасалған жазу мен емлеге өкпеміз де, өштігіміз де жоқ. Ал, бірақ соны табиғаты бөлек қазақ тіліне икемдемей, керісінше, қазақ тілін соған икемдеп келген аға ғалымдарға өкпе айтпай, өте алмаймыз. Соңғы 15-20 жылда кейінгі түлек ғалымдардың қазақ тілінің өзіне ғана тән төл дыбыстық заңдылықтары мен соған лайық жазу үлгілерін іздестіріп жатқаны кездейсоқ болмаса керек. Осы саладағы "ескішілдер" мен "жаңашылдардың" пікір сайысы түркі ғылымында әлі толастаған жоқ. Әрине, бар кінәні идеологиялық мойынтұмар мен "үлкен" үйдің түтінінің бағытына артып қоя салған жаңсақ болар еді. Бұл салада ғылымның да (әсіресе, фонетика ғылымының), ғалымдардың да (әсіресе, фонетист ғалымдардың) кінәсі аз емес,- деп ғалым өз ойын еркін білдірген екен осыдан 26 жыл бұрын. Қазақ тілінің өзіне ғана тән төл дыбыстық заңдылықтары мен соған лайық жазу үлгілерін іздестіру жаңа ғасырға да жалғасып, аяғы латын қарпіне тірелді. Сонда төл тіліміздің заңдылықтарына латын қарпінің лайықты болғаны ма? Бұған дейін тіліміздің ерекшелігіне ешбір ғалымның жаны ашымағаны ма?

- Тілдің шынайы табиғаты өз ұлтының өкілдері зерттегенде ғана түгел ашылады. Ондай мүмкіндік қазақ тілі үшін ХХ ғасырдың басында туған еді. Ахмет Байтұрсынов бастаған бірегей білімпаздар тобы қазақ тілінің дыбыс жүйесін талдап, әліпбиі мен емлесін қалыптастырып үлгерген еді. Осы күнгі ғылым жетістіктері тұрғысынан алғанда олардың қазақ фонетикасын соншалықты зерек зерттеп шыққандығына таң қаласыз да, сол қыруар ғылыми қазынаның бүгінге дейін кәдеге аспай жатқанына ашынасыз. Атақты да, атақсыз да авторлар жазған қазақ тілінің кез келген қазіргі оқулығын алайықшы. "Біссімілләсі" әріптен басталады, содан барып, дыбыс, буын, сөз, сөйлемге жалғасып кетеді. Ал, А.Байтұрсынов болса керісінше, сөйлемнен бастап сөзге, буынға, ең соңынан дыбысқа келеді. Мұнда үлкен мән жатыр. Өйткені, қазақ тілінің тірегі - үндестік заңы. Ғалымның пікірінше, үндестік заңы сөздегі барлық дыбыстарға (дауыстыларға да, дауыссыздарға да) қатысты. Ендеше бүтіннен бөлшекке қарай жүргенде ғана қазақ дыбысын нақты атай аламыз,- деп, тіліміздің ерекшелігін түсіндіріп берген.

Қазір ше? Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиі бірнеше рет талқыға салынды. Соңғы нұсқасы бойынша үйренуге кірістік. Онда да өткен ғасырдың қателігін қайталап жатырмыз. Себебі бәрінің тілі кириллицамен сынған. Тағы әріптен бастап үйренуге көштік. Үндестік заңына қарап жатқан ешкім жоқ. Мемлекеттік баспасөз құралдары тапсырмаға сәйкес, оқырмандарына әріп арқылы көздерін үйретуге көшті. Бір шара болатын болса, латын әріптермен жазуды шығарды. Оның дұрыс-бұрыстығын айтып, жанашырлық танытып жатқан адам көрмедік. Байтұрсыновтың сөзі айдалада қалды.

Әлімхан Жүнісбековтің сөзімен айтқанда, "әттең, амал не, қазақ тілінің ғылыми және әдістеме жүйесінің жөнін тапқан зиялылар да, олардың еңбегі де опат болып кетті. Сонымен бір сәт бас көтерер ешкім қалмады". Сонда біз дұрыс сөйлеп жүрмегенбіз бе? Сөзімізге қарап бізді қазақ деп айтуға болмай ма? Ұлттық ерекшелігімізді жоғалтып алғанбыз ба? Бұл басы ашық әңгімені айтулы ғалым ширек ғасыр бұрын айтса да, әлі күн тәртібінен түскен емес, ұлт тілі үшін қайта көтерер мәселе!

- Мойындауымыз керек, ұзақ жылдар бойы ұлттық жазуымызда жіберген қателіктеріміз көп. Қазақтың аса бөлектеніп тұрған 7-8 дыбыстарынан басқа дыбыстардың бәрін орыс әріптерімен белгілеуіміз де содан Ал, шын мәнінде, екі тілге бірдей ортақ бірде бір дыбыс жоқ. Керек десеңіз, А дыбысының өзі орыс тілінде бір түрлі, қазақ тілінде бір түрлі айтылады. Басқа әріптер де солай,-дейді.

Біз сонда көрер көзге өз тілімізді бұрмалап, өз әрпімізді жұлмалап келіппіз. Орыс тілінде Омарды "Амар", Оралды "Арал" дейтіні сондықтан екенін енді түсінгендейміз. Көзіміздің алдындағы әріптердің өзін өз тілімізде айта алмайтын халге жеткенімізді қарасайшы!

Осы секілді қазақ сөздерінің жазылуы мен айтылуын салыстыра қарастырған ғалымдар бір-бірімен үйлеспейтін сексенге жуық қарама-қарсы қиғаштыққа тап болған. Мұның өзі тіліміздегі жазу ережелері мен оқылу ережелерінің арасындағы алшақ жайлардың көп екендігін байқатады. А.Байтұрсыновтың: "Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек" дегенін ескерген жөн.

- Жазу айтылуға икемделу тиіс, - дейді ғалым. - Өйткені сөйлеу адамзатпен жасасып келе жатқан көне құбылыс болса, жазу - кеше ғана қол жеткен табыс. Ол үшін үйлесімді әріптер мен тыңғылықты жазу ережелері керек. Қазақтар орыс тілін тез үйренеді. Себебі ол жазудың ортақтығынан. Жазуы бөлек грузин, армян, эстон т.б. халықтардың орыс сөзін бұзып сөйлейтін себебі жазудың бөлектігінен. Жазу бөлек болған соң сырттай ортақ көрінген дыбыстардың өзін халық өзінше дыбыстайды.

Шынына келсек, араб жазуы да, латын жазуы да, орыс жазуы да қазақ (түркі) тілі үшін құрастырылмаған. Өйткені ол тілдерде үндестік заңы жоқ, олардың жазуы "бір дыбысқа бір әріп" болып келеді. Ал, қазақ тілінің жазуы буын үндестігін ескергенде ғана қазақ сөзінің айтылу нұсқасын бұзбайтын болады. Яғни, "бір буын - бір әріп" болғаны жөн. Сондықтан араб, латын, орыс жазуын қанша икемді келтіргенмен "өзіңнен тумай ұл болмастың" кері келеді де тұрады, - деп қынжылады ғалым ағамыз.

Расында, қазір біз "сақауланып" барамыз. Кейде сырттан келген қандасымыздың тіліне таңырқап қараймыз. Кейбір сөздердің айтылуы басқаша естіледі. Орыс тілінің салқыны тимегені байқалады. Қазақ сөзі қазақы дыбысталатындай көрінеді. Ал, біздің ондай дәрежеге көтерілуімізге мүмкіндігіміз бар ма? Қолданысқа енгелі отырған латын қарпі көсегемізді көгерте ала ма? Ұлттық тіліміздің бойымызға ұлттық қадір-қасиетімізді сіңдіру үшін қандай қадамдарға барғанымыз дұрыс? Қорытынды сөзді филология ғылымдарының докторы Әлімхан Жүнісбековке берейік. "Қазақтарда көне түркі жазуы болған. Көне түркі жазуының әріп үлгісіне қайта оралғанның жөні бола қоймас, бірақ емле-ережелерін алғанның еш артықтығы жоқ. Араб, қытай, грузин, армян жазбалары тәрізді мекеме маңдайшаларына қазақша атауы бөлектеніп тұрса, көп газет-журналдың ішінен қазақша жазу оқымай-ақ мен мұндалап тұрса дейміз ғой. Өйткені дербес жазусыз егеменді тіл болмайды".

 

Н.Меңдібай

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Сіз қалаған ұялы телефон қандай?

Айфон - 50%
Нокиа - 5.6%
Самсунг - 11.1%
Хуавей - 5.6%
LG - 27.8%

Дауыс саны: 18
The voting for this poll has ended on: 10 Қар 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Тамыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
28 29 30 31    

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 46 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.