Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Материалдар

АРЗАН ОЙЫНШЫҚ – ҚЫМБАТ ДЕРТ бала болашағын бұлыңғыр етпей ме?

Ойын баласы көзін сатып қарардай ойыншықтардың не құдіреті бар? Ойыннан ойылы шықса да, ала таңнан қара кешке дейін қуыршағын тастамайтын қыз, тұлымшағы желбіреген ұл көп. Бағзы дәуірге бет бұрсақ, әр кезеңнің өз құрал-жабдығы, соған сай ойыншықтары болған. Ауыздығымен алысқан асау тайды көрген бала тұлпарға, қыштан жасалған құмыраға қызыққан қыз ыдыс-аяқ ойыншықтарға құмартқан-ды. Осыған қарап-ақ тәрбие тамырының тым тереңде екенін түйсіну қиын емес. Қос қолына имек ағаштан жасалған қылышты ұстаған баланың арманы "елім-ай" деп боздаған жұртына қорған болу. Сол үшін соғыс өнерін ерте жастан меңгеру еді. Бұғанасы қатпай жатып, етек-жеңін жиған жігіттер он үшінде отау иесі атанып, жиырмасында жауға қарсы айбат шеккен. Енді мына заманда сырға тағып сырланған, мұрынын тесіп мырыңдаған жігіттерге қарап, көңіл терезесінің кірлейтіні белгілі. Ойынпаз балалар бір-біріне оқ атып, ойыншық көліктерімен көрікті болып жүргенде не үйреніп, қандай тәлім алып жатыр? Қырық үйден тыйылған қыздарымыз шет елдің ойдан құрастырылған батырларына ғашық болып, өзіміздің шынайы тарихи тұлғаларды танымайтыны да талайдың көңіліне қаяу салады. Қазақ батырларының бейнесіндегі ойыншықтар жоқ болғанымен ертегі кейіпкерлерінің ойыншық нұсқалары нарыққа ептеп еніп келеді. Оның өзі қалтасы көтере қоймайтын қара халық үшін қолайсыз. Айтпағымыз, ұлттық ойыншықтар дегенде танымал әнші Қыдырәлі Болмановтың "Бал бала" жобасы ғана айтылады. Қ.Болманов шығара бастаған қазақы ойыншықтар қазақша ән айтып, би де билейді. Бірқатар ойыншық­тарының прототипі қазақ ертегілерінің кейіп­керлері болса, енді бірі әйелі Қарақат Әбілдинаның бейнесінде. Иә, мұндай қуыршақтар ұлттық тәрбиені санаға сіңіруде орасан күш емес пе? Бөрікті батырлар мен көрікті сұлуларға еліктеп өскен бала "ұлтым" деп еміреніп, "жұртым" деп жауға шабар батыр болары хақ. Қазақ ертегілерінің бәрі тәрбиенің тал бесігін тербететінін ескерсек, Болмановтың жобасы қолдауға тұрарлық. Бірақ, ұлттық ойыншық бағасының қымбат болуы халық үшін тиімсіз екені де жасырын емес. Саудадан ұлттық сана маңыздырақ дейміз. Әйткенмен арзанның сорпасы татымайтыны тағы бар.

Арзанқол, сырты жылтырап тұратын дүниеге қарай жүгіретін халық мұндай қымбат ойыншыққа қаржысын қиғысы келмейді. Одан да Қытайдан келген тауарды тұтынуды жөн санайды. Бірақ, мұның соңы жақсылық әкелмейтінін көпшілік жақсы біледі. Бұған нақты дәлел де келтіріп өтейін. Бірде досымның үйіне қонаққа бардым. Алты жасар інісі үйін басына көтеріп ойын ойнап жүр екен. Шулы дауысынан басың мең-зең болады. Қолында ойыншық қару. Енді аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып жатыр. Лас сөзді жиі айтады екен. Қайдан үйренгенін қайдам, әйтеуір боқтық айтқанда беті бір шімірікпейді. Сосын ГАИ-дің ойыншық көлігін қолынан тастамайды екен. Ағасына ол "ертең өскенде мен ГАИ болам. Сол кезде сені ұстап түрмеге жабам. Көлігіңнің артынан қуамын. Алдында "Ауыл ғой бұл" деп белдік таққан жоқсың ғой. Сол үшін жазалаймын",- деп айтып жатыр екен. Ал, ағасы ол сөздерге мән беріп тұрған да жоқ. Бірақ, бұл алты жасар баланың әңгімесі. Дегенмен сол сөздер менің санамда сақталып қалыпты. Ойыншықтың әсері деген осы шығар, бәлкім?

Мұндай оқиғалар көп. Жақында көрші үйдің қызынан адам шошырлық әңгіме естігем. Жас шамасы төрт-бестерде болуы керек. Анасына "мама, маған іні мен сіңілі керек емес. Енді босанбаңыз. Маған қуыршағымның өзі жетіп жатыр. Сол менің бауырым болады. Ағам да, досым да осы",- деп қойып қалмасы бар ма? Байқағаным, үлкендер көбінесе мұндай сөздерге назар аудара қоймайды екен. "Баланың сөзі ғой" деп қолын бір-ақ сілтей салады. "Жүк артқан түйеңнен, сүйенген иең күшті болсын" демей ме қазақ нақылы. Сондықтан бала тәрбиесі немқұрайлықты кешірмейді. Жеңіл-желпі қателіктің өзі ауыр зардабын тигізуі бек мүмкін.

Санада осындай ойлар қылаң бергеннен кейін базар аралап, елге нендей ойыншық түрлері сатылып жатқанын бағамдамақ болдым. Бір байқағаным, базарда ненің сапалы, сапасыз екенін ажырату өте қиын екен. Дегенмен ойын­­шық дүң­гіршек­терінде сайдың та­сын­дай тізіл­ген, көз­дің жауын алатын небір қуыр­­шақ­тар, қару түрле­рі, соғыс көлік­теріне дейін алыс­­тан мен­­­­мұн­далап тұр. Кино жұл­дыз­дары мен шетел мульт­фильм­дері кейіп­керле­рі кей­піндегі                           қу­­ыр­­­­шақтарды да оп-оңай ке­зік­тіресіз. Осын­дай ше­тел­дің шекпенін жамылған ойыншықтар арасынан, қазақтың қара домбырасын көріп қалып, жанына барып бағасын сұрадым. Алайда, арзан емес екен. "Мына домбыра Қазақстанда жасалған ба?" деп, саудагерге сұрақ қойдым. Ол: "Қайдағы!? Ешқандай ойыншық қазақстандық емес. Қытайдан әкелінеді бәрі. Домбыраның өзі "китайский". Ресейден келетін тауарлар бар. Олар әлдеқайда қымбат. Ал, дыбыс шығарып, қозғалатын ойыншықтардың бәрі Қытайдан келеді",- деді. Қызық. Аспан асты елі қазақтың аспабын жасап, өзімізге сатып жатқаны ел кәсіпкерлеріне үлкен сын. Қазақ ұлы домбырамен ойнаса, "рухы көтеріледі" деп ойлағам. Ал, Қытайда жасалған домбырамен ойнап отырса, "дүбәра" болып шықпасына кім кепіл? Бұған бас ауыртып жүрген жандар бар ма екен? Болғанның өзінде жасаған жұмыстары тасада қалып, еңбектері еленбей жатқан секілді.

Ойыншық төңірегінде тағы бір мәселе бар. Ол "тамыры тереңде жатқан, қарғатамырлы халықтың балалары ойыншықсыз болған ба?" деген сауал. Тарихтың парақтарын ақтарғанмен мол мағлұматты іздеп табуымыз екіталай. Сондықтан Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне ат басын тіредім.

- Ойыншықтың қазақ жеріндегі алғашқы нұсқаларын Қаңлы мәдениетінен көруге болады. Негізінен Қаңлы мәдениеті үшке бөлінеді. Бірінші Қауыншы, екінші Отырар-Қаратау мәдениеті, үшінші осы Сырда­рия­ның төменгі ағы­сын­дағы Жеті­асар мәдениеті. Мысалға Қаратау мәдениетінде керамикалық ыдыстар бар. Соның кішкентай ойыншық тәріз­дес нұсқалары кездеседі. Ал, археологтар осы кішкентай құмыраларды "ойыншық ретін­де пайдаланған" деп тұжырымдады. Енді екіншісі 2015 жылы Жанкент қаласына қазба жұмыстары жүргізілген кезде аңдық стильдегі кежімдеп ерттелген аттың ойыншық түрі табылды. Ол күйдірілген саз балшықтан жасалыныпты. Бұны ІХ-ХІ ғасырдағы Оғыз мәдениетіне жатқызамыз. Зерттеуші мамандардың айтуы бойынша, бұл дүниелер сол замандарда баланың ойыншық құралдары ретінде пайдаланылған. Содан соң, бегемот бейнесіндегі Баландының мифтік жануар бұйымын да ойыншық болған деуге толық негіз бар. Пішіні шағын. Оны қазіргі аң ойыншықтарының ең алғашқысы дер едім. Бұл дүниелердің барлығы облыстық музейдің қорында сақтаулы тұр,- деді Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Асхат Сайлау.

Осыған дейін екіұшты болып келген "Қазақ тарихында ойыншық болған ба?" деген сұраққа да жауап алдық. Ер-тоқымы бар тұлпар ойыншықты жанына серік еткен қазақ ұлы шабандоз болуға ұмтылары хақ. Тарих қатпарларынан байырғы қыз балалар да ыдыс ойыншықтарға құмар болғанын байқадық. Кішкентай қыш құмыралар соның айқын дәлелі. Шынымен де мұның астарында тәрбиенің жатқаны сөзсіз. Қызы үйде, ұлы түзде батыр болған қазақия баланы жас кезінен тәрбиелеген екен. Сондықтан бала батыр болып өсуге ұмтылған. Ал, қазіргі ойыншықтардың тәрбиелік мәні қандай? Балаларымыз бабаларымыз тәрізді тұлпармен, ыдыс немесе аң бұйымдарымен ойнай ма? Қару-жарақ асынып ойнаған баланың болашағы мен "кукла" құшақтаған қыздың тәрбиесі қай арнаға бұрмаланып жатыр? Бәрі де сұрақ күйінде қалуда.

XIX-XX ғасыр ойыншықтар тарихындағы ерекше кезең. Ол бүлдіршіннің логикалық дамуына, есептеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіруге үлкен әсерін тигізетін ойыншықтар ойлап табылып, қазіргі ойыншықтар әлемін ашуға ықпал етті. Әр халықтың ойыншық­тарының өзіндік өрнектері, ұлтқа тән нақыштары болғанымен, бәрінің де балаға берер тәрбиелік мәні зор. Демек, ойыншық ежелден келе жатқан қолөнердің бір түрі. Белгілі суретші Н.Д.Бартрам "Ойыншық - өмір айнасы" деген екен. Ойыншықтар әлемін зерттей отырып, осы сөздің растығына көз жеткізуге болады. Егер де бір ойыншық ертеден келе жатқан дәстүрді білдірсе, кейбіреулері өмірде болған тарихи жағдайларды паш етеді.

Ерте замандағы ойыншықтың бір түріне қуыршақ жатады. Ең көне Египет қуыршақтарына төрт мың жыл толған. Сол секілді ежелгі Грек пен Римде де қуыршақтардың көптеген түрлері табылған. Олардың көпшілігі мәдениеттік сипатқа тән болған. Осы сияқты ағаштан, бал­шық­тан жасалған қол аяқтары қимылдатуға келетін ойыншық қуыршақтардың да болғаны белгілі болды.

Қазіргі таңда тарихи ойыншықтар халық арасынан да, нарықтан да ысырылып барады. Оның орнына сапасы пен сыны сенімсіз жаңа ойыншықтар көбейіп келеді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Қоғамдық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанның тұтынушылық нарығында бала­лар ойындары мен ойыншықтарының басым бөлігі Қытайда (65%), Ресейде, Беларусь Республикасында, Өзбекстанда, Қырғызстанда және Украинада (23%) жасалған және 12% ойыншықтың шығарылған елдері белгісіз екені расталған. Осы елдердің ішінде сәйкес емес көрсеткіштер бойынша сегментті елдердің көшін Қытай, Түркия, Украина елдері өзгелердің көшін бастап тұр.

Негізінде нарық айналымында жүрген ойыншықтардың жартысынан көбі Қытайда жасалады. Кейбір дереккөздерде ойыншық құрастырудың жолын таба білген аспан асты елінде 8000-нан аса компания жұмыс істейді екен. Олар жылына ойыншықтың 30 мың түрін шығара алады. Енді ойлана беріңіз, ерте тұратын елдің ойыншықтары күллі әлемге, оның ішінде біздің сауда нүктелерінің төрінде самсап тұр. Тіпті сапасын бақылау мүмкін емес.

Осыған қарап-ақ, ойыншық мәселесі ойланарлық дүние екенін ойдан шығармаған абзал. Балалар мен ата-аналардың сүйіспен­шілігін тудыратын отандық ойыншықтар өнді­рісін жолға қойған дұрыс болар еді. Сондықтан қазақ жұртына тән тәрбиелік мәні бар ойыншықтар жасап шығаратын "қолданбалы өнер шеберханасы мен сату тораптары өндіріс кешені" ашылса, балаларға - жарқын болашаққа жол салған болар едік. Балдырғандарды халық қолөнерімен таныстыра отырып, жарқын өмірге кіруге, табиғи мәдениеттілікке, табиғаттың әдемілігін сезінуге баулу арқылы, бала жүрегіне сүйіспеншілік пен қуанышты өмір сүру дәнегін себуге болады. Қазіргі техниканың жетілген заманында шығарылып жатқан баланың ойлау қабілетінің жетілуіне себеп болатын ойыншықтар, болашақта оның ғылыммен айналысып, үлкен жаңалық ашып, тұлға ретінде танылып, елінің елеулісі болатынына септігін тигізсе игі. Ал, кері әсер беретін болса, көп адам бармағын тістіп қалатыны да ақиқат.

Ықылым заманнан ойыншық баланы жан-жақты тәрбиелеу мақсатына пайдаланылады. Ол баланың дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі, белгілі бір мақсаттағы, ойластырылған әрекетке үйретеді, қиялын дамытып, еңбекке сүйіс­пеншілігін, техникаға қызығушылығын, білуге құмарлығын, аңғарымпаздығын қалыптас­тырады, талғампаздыққа тәрбиелейді, өнерге ынталандырады. Бірақ, ол баланың қандай ойыншықпен қалай ойнағанына байланысты. Ойыншықпен ойнауға белгілі жағдайда педаго­гикалық, эстетикалық, гигиеналық, техникалық талап қойылады, сондай-ақ ол баланың жас ерекшілігіне қарай өзгеріп отырады. Осы тұста ойыншық саласын жік-жікке бөліп, аражігін ажыратып айта кеткенді жөн көрдік. Бұл ретте көш басында дидактикалық ойыншықтар тұр. Баланың ойлау қабілетін, дұрыс сөйлеу мәнерін дамытуға, оның білімі, шеберлігін және дағдысын қалыптастыруға көмектеcеді. Ойнай жүріп бала затты танып біледі, оның түрін, көлемін, түсін ажыратады, есептік арақатынасымен, санымен, кеңістік жайлы түсінікпен танысады. Дидакти­калық ойыншықтарға жататындар: біртүсті және түрлі түсті сақиналардан жасалған конусты күмбездер, бірінің ішіне бірі салынатын әртүрлі тостағандар, бөшкелер, шарлар, матрёшкалар, әртүрлі серіппелі, бұрандалы ойыншықтар т.б. Бұдан кейін бейнелік ойыншықтардың да балалар арасында өз орны бар. Мұның сапын қазақша нақыштағы ойыншықтар толтырады. Шынында да бейнелік, ишара ойыншықтардың тәрбиелік маңызы өте зор. Оған қуыршақтар (киім-кешек, үй жиһазы, ыдыс-аяқ), адамдар мен жануарларды, табиғат элементтерін бейнелейтін фигуралар жатады. Бұл қуыршақтармен ойнаған балалардың қоршаған орта жайлы түсінігі айқындалып, ұғымы кеңейе түседі, ой-өрісі мен қиялы дамып, сөздік қоры артады. Үшіншісі, қазіргі таңда белең алып келе жатқан техникалық ойыншықтар. Бұған  көліктік, құрылыстық т.б бұйымдар жатады. Балалардың ойын бары­сында көп күш жұмсамай-ақ еңбек процесін бейнелеуіне мүмкіндік береді. Үздік төрттік конструкторлық ойыншықтармен түйінделеді екен. Ол (құрастыр­малы, құрастырмалы алмалы-салмалы) тақырыптық, сұлбалық немесе әмбебап конструк­торлар болып бөлінеді. Құрастырмалы, алмалы-салмалы ойыншықтар мектеп жасына дейінгі балаларға арналады. Олар арнаулы бекіткіштер арқылы құрастылатын аздаған бөлшектерден тұрады. Мұндай ойыншық түрлерін әдетте мемлекеттік білім беру мекемелері жиі қолданады.

Көп адамның ой түкпірін қозғау үшін ойыншықтардың адамзат өміріне қалай еніп кеткенін және тарих сахнасындағы кейбір ойыншықтардың адамзат үшін тигізген оң әсері жайында жіпке тізгенді жөн көрдік.

Баланың ең алғашқы ойыншықтарының бірі сылдырмақ десек, оны ежелгі Грецияда және Римде жаңа туған балаға сыйлаған. Осындай сылдырмақпен анасы және күтушісі бесік жырын айтқан. Сонымен бірге ежелгі наным-сенімдер бойынша сылдырмақты сылдырлату арқылы жын-шайтандарды үркітеді деп сенген. Бізге белгілі ең ежелгі ойыншық біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырда пайда болған екен.

Өкінішке орай, көптеген ежелгі ойыншықтар біздің заманымызға дейін жетпей қалған. Ежелгі ойыншықтарды ағаштан, саздан, сүйектен және металдардан жасаған. Ежелгі славян халқында көптеген жылдар бойы табиғат анаға құрбандық шалу рәсімі болған. Құрбандыққа тек әйелдерді шалған. Осындай азаптан әйелдерді құтқару үшін бір шебер адам құрбандыққа тірі әйелдің орнына қуыршақ шалуды ұсынады. Сөйтіп ең алғашқы славян халқының қуыршағы осылай пайда болған.

Ойыншықтар қашан пайда болды? Болжамдар бойынша ойыншықтар алғашқы адамдар дәуірінде пайда болды деуге де болады. Археологтар қазба жұмыстары кезінде көне молалардан адамдармен бірге әр түрлі ойыншық­тардың да жерленгенін анықтады. Ежелгі грек балаларының сүйікті ойыншықтары ат бейнесі ағаштан, саз балшықтан жасалынған.

Ең алғашқы адамға ұқсайтын фигуралар адамдардың құдайларға сенуімен басталды. Киелі заттар баланың қолына түскесін, әрине олар ойыншықтарға айналды. Ең алғашқы қуыршақтар әр түрлі заттардан жасалды. Біздің заманымызға дейінгі 4-5 ғасырларда ежелгі гректер саз балшықтарды күйдіріп жасаған. Сол заманда Сордис қаласы – Персиға баратын скуда жолында орналасып, ойыншықтар орталығы атымен танымал болған қала. Ежелгі грек қыздары тұрмысқа шыққанша қуыршақтарымен ойнап, тұрмысқа шығу салтанатында Гера, Артемида және Афродита құдайларына қуыршақ­тарын сыйға берген деген аңыздар да ел арасында көп айтылып жүр. Бұл әлемнің ойыншық дегенде өз тарихы, ерекше естеліктері бар екенін аңғартады.

Ойыншық төңірегіндегі түрлі тақырыптарға қалам тербедік. Күнделікті арзан қаржыға сатып ала салған қуыршақ пен қарулар бала болашағына кесел болмауын ойлаған абзал. Денсаулыққа тигізетін кері әсері мен тәрбиелік мәні басты назарда болған жөн. Ел тарихын түгендеп отырып, ойыншықтың қазақта да болғанына көз жетті. Дегенмен баланың толыққанды азамат болып өсуі үшін ұлттық бояуы қанық ойыншық­тардың көп болғаны дұрыс. Баланың тәрбиесіне аяған қаржы орны толмас ауыр қасіретке душар етуі мүмкін. Сондықтан мемлекет ұлттық өнімнің көлемі мен таралымын арттыруға ертерек күш салғаны ләзім.

Айдар САЙЛАУО

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Сіз қалаған ұялы телефон қандай?

Айфон - 50%
Нокиа - 5.6%
Самсунг - 11.1%
Хуавей - 5.6%
LG - 27.8%

Дауыс саны: 18
The voting for this poll has ended on: 10 Қар 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Тамыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
28 29 30 31    

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.