Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

Мырқы Исаев – Текей батыр мұрасын алғашқы зерттеуші

Қазақ журналистикасында Мырқы Исаев­тың орны бөлек. Оның публицис­тикалық дүниелері, өткір мақалалары, шыншыл сатирасы, тыңғылықты зерттеу­лері өз заманында-ақ құны жоғары болатын. Қазақ әдебиетінің дамуына да қосқан еңбегі сүбелі. Қазақ тарихында да оның есімі тарихи тұлғаларды тірілткенімен есте қалады. Текей батыр мұрасын алғашқы зерттеуші ретінде танылғаны оның тынымсыздығы, еңбекқор­лығы өз алдына, тарихқа жаңаша көз­қараспен қарап, қоғамдық сананы өз­гертудегі еңбегін айрықша айтуымыз керек. Ал, өмірінің ақсақалдық кезеңінде "Боздақ­тар" кітабының шығуына бар шығарма­шылық қуатын арнауы оның азаматтық ұстанымының беріктігін таныта түсті. Оның артындағы өшпес мұралары бүгінде қайта зерделеп, ғылыми айналымға қосуға сұранып тұр.

Биыл Мырқы Исаевтың еске алу шаралары Қызылорда облысында аталып өтті. 1926 жылы 5 мамырда Қармақшы ауда­ны, бұрынғы Ленин атындағы кеңшарда, қазіргі Тұрмағам­бет ауылында туған ол 1998 жылы 31 тамызда 72 жастан асқанда дүниеден озған. Саналы ғұ­мырында М.Исаев баспасөз саласында жарты ғасырға жуық еңбек етті. Журналис­тикасы бір төбе, көркем әдебиетте қалдырған дүниесі қомақты. "Бір үзім нан", "Қарақұм", "Тың тағылымы" поэмалары оқырманда­ры­ның ықыласына ие болды. "Әбжылан құрсанған қылмыскер" атты деректі повесі Қазақ ССР Ішкі істер министрлігінің сый­лы­ғына ие болған. "Иса Тоқтыбаев" деректі-пуб­лицистикалық, "Әз Тәукенің Текей ба­тыры" тарихи-деректі повестерінің және "Жүрек лүпілі" поэзиялық әрі сатиралық кітабы көзі ашық оқырман үшін салмақ­тайтын дүниелер.

Біз қазақ журналистикасының майталманы, ақын, жазушы Мырқы Исаевты еске ала отырып, тарихшы Бақытжан Ахметбектің мақаласын жария етіп отырмыз 

Қарымды қаламгер Мырқы Исаев бүкіл саналы өмірін өзінің сүйікті кәсібі - зерттеушілік жұмыстары, шығармашылыққа арнады. Бітімі бөлек тұлға, ақ көңіл, кесек мінезді азамат өз ісіне адал, тәртіпті сүйетін кісі болған. Мырқы Исаев ағамыздың жақсы тактикасы, жарыққа жарияланбай жүрген мақала иелеріне: "Онда қайта жаз!" - деп талап қойып отырады екен. Осындай талапты Мырқы Исаев ағамыз өзіне де қоя білді. Жылдар бойы зерттеп келе жатқан еңбегі, бабасы Текей батыр жайлы кітабын "Әз Тәукенің Текей батыры" деген атпен 1997 жылы жарыққа шығарды. Бұл үлкен жұмыстың нәтижесі ерлікке пара-пар еді. Өйткені Мырқы ағамыз Кеңес Одағының соңғы жылдары мен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарының күрделі кезеңінде Ресей Федерациясында Текей батыр жайлы деректерді оңайлықпен іздестірген жоқ. Мырқы ағаның бұл кітабы қалың оқырманның жүрегіне жетіп, оң бағасын алды.

Сыр бойы халқы батырлардан ешқашан кенде болмаған. Сыр өңірі батырларының есімдерінің көпшілігі архивтерден гөрі ауызша айтылған тарих болып бізге жетті. Аңыз түбі - шындық екені әмбеге аян.

Сыр бойы батырларының үлкен ерлігі 1725 жылы Сыр өңіріндегі Қармақшы ауданында Жауғаш деген жерде қазақ-жоңғар соғысында алғашқы рет жеңіске жетуінде. Әйгілі Аңырақай шайқасы кейін болған. Бұл дерек бізге айтылған тарих болып атадан балаға жетіп отыр. Біз Жауғаш шайқасымен мақтанамыз, бірақ өкініштісі кітаптарға енгізілмей тұр.

Текей батырдың атқарған қызметі, тарихи рөлі мен алар орнын жастарға айта беру керек, олардың санасына сіңіру керек. Біз келесі ұрпаққа патриот бол десек ол патриот болмайды, оған батыр бабаларының ерліктерін, есімдерін таныстырған дұрыс.

Текей Қарпықұлы (1667-1752) қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы өңірінде өмір сүрген. Текей батыр, қолбасшы, палуан, әнші болған.

Текей батыр батырлар әулетінен шыққан, әкесі Асанұлы Қарпық батыр, әкесінің інісі Асанұлы Қарабазар батыр, Текейдің ағасы Құдайназар батыр заманында елін қорғаған айтулы ерлер болған. Осындай әулеттен шыққан Текей де осал болмаған.

Осы аталған батырларды Сыр бойының шежіреші ақыны Әлімбай Әлиасқаров (1908-1990) "Қазақ шежіресі" еңбегінде:

"Асаннан Киікші, Қарпық, Қарабазар,

Жанбақтыдан Нұрымбет, Сары атқа шабар" - деп жырласа, келесі жолында:

"Белгілі батыр екен Қарабазар,

Көрмеген уақытында жаннан азар",- деп жырлаған.

Текей әз Тәукенің бас сардары болған. Деректерге сүйенсек, 1711 жылы Текей батыр Тәуке ханның бас сардары болып үлкен жеңістерге жеткен. Кейін Тәуке ханның өлімінен кейін Әбілқайыр ханның батыры, жақын серіктерінің бірі болады. Текей батырды кезінде жау жағы "Тәуке батыр" деп те атаған. Текей батыр жауға шапқанда сыр мінез Ақбоз атымен шабады екен.

Текей батыр туралы Сыр бойының ақыны Шегебай Бектайұлы (1844-1916):

"Енді бермен келейік.

Қарпықтың ұлы Текейге,

Аударған тауда балықтай,

Басын кесіп тулатып,

Айдаһарды жөндеген.

Уақытыңда тақымын,

Қалды ма жаны кермеген",- деп жырлаған.

Бірде Текей батыр жоңғарлардың тұтқынына түсіп қалғанда, оны босатуға ағасы Құдайназар батыр мен Кіші жүздің табын Бөкенбай батырының ықпалы зор болған. Текей батырдың қазіргі Қармақшы ауданы жерінде Ор деп аталатын қаласы болған. Ол Текей әулие мазарынан 5 км жерде.

Тағы бірде "Текей батыр қырғыздың ханы Әлікенің қолын быт-шытын шығарып, ордасын ортасына түсіріп, Бөке атты сұлу қызын олжалайды" деген мәлімет кездеседі.

Текей батырдың алтын бесікті Ұлтай, Бөке сұлудан Абақан батыр, Ақкөбек батыр, Құтпенбет палуан туылады. Ал, екінші әйелі жоңғар қызынан Кеген батыр, үшінші әйелінен Шымырбай дүниеге келген.

Текей батыр ақылгөй адам болған. Артында өлмейтіндей сөз қалдырған. "Ұлдары батыл, қыздары асыл елдің шегіне жау жетпес, ұлдары жасық, қыздары пасық елдің басынан дау кетпес" деген нақыл сөздері бізге жетіп отыр. Текей батыр "Әке балаға сыншы" деген қағидамен балаларын шақырып алып өсиет айтыпты деседі. Сонда Абақанға бірлікті, Ақкөбекке билікті, Құтмамбетке палуан­дықты, Шымырбайға байлықты, Кегенге батырлықты, Ұлтайға шанышқыны сыйлап, "несібеңді балық аулаудан тап" деген екен.

Енді Текей батырдың ағасы Құдайназар батыр жайлы сөз қозғайын.

Құдайназар батыр қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы өңірінде ХVІІ ғасырдың ІІ жартысы - ХVІІІ ғасырдың І жартысында өмір сүрген.

Құдайназар батыр әз Тәукенің абырой-беделін арттыруда, қазақ халқының биік шоқтығын өзгелерге көрсетіп, танытқан. Әз-Тәуке қайтыс болғаннан кейін, Әбілхайыр ханның кезінде де қазақ-орыс арасындағы бітімгершілік қызметті мінсіз атқарған. Кезінде орыс елшісі Тевкелевтің жазуларында да Құдайназар батырдың аты жазылған. 1731 жылдың М.Тевкелевтің жазуында Құдайназар батыр жөніңде дерек бар.

Ал, 1732 жылдың 5 қаңтарында М.Тевкелевтің сыртқы істер алқасында жазған хатында "Құдайназар батыр бітімгершілік жолында бар күш-жігерін орыс патшасына бодан болудан ештене ұтпағанын біліп, Қызылдың қиясына бойлай еніп, Жаңадария бойын мекендеген" делінген.

Құдайназар батырды Сыр бойының шежіреші ақыны Әлімбай Әлиасқаров (1908-1990) "Қазақ шежіресі" еңбегінде:

"Туғасын Құдайназар, Сойырғасын,

Құдайым көрді деген көздің жасын.

Сойырғастан Тоғызбай, Көбек, Алтай,

Бәбекедей туыпты төрт жауқазын",- деп көрсеткен. Сойырғас - Құдайназар батырдың баласы.

Құдайназар бабасына ұқсап шөбересі Бәбекеұлы Құттыбай да батыр болады. Құттыбай қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында ХVІІІ ғасырдың ІІ жартысы - ХІХ ғасырдың І жартысында өмір сүрген.

Құттыбай батырды Сыр бойының шежіреші ақыны Әлімбай Әлиасқаров (1908-1990) "Қазақ шежіресі" еңбегінде:

"Бәбекеден Қарқын, Дауыл, Мақат, Дәуіт,

Ешкімнен өскен халық етпей қауып.

Жәдігер қоңыраулы батыр Құттыбай бар,

Үстіне қабат-қабат киген сауыт",- деп жырлаған.

Құдайназар батырдың неменесі Бекқожаұлы Бекмырза би, Бекмырзаұлы Тұңғышбай би, Тұңғышбайұлы Тайшық би (1870-1933) ата жолын қуып, елінде қадірменді кісілер атанған.

Енді Текей батырдың баласы Ақкөбек батырдың ұрпағы Пірен жайлы сөз қозғайық.

Пірен батыр Ақкөбекұлы ХVІІІ ғасырда өмір сүрген. Пірен батыр жайлы сырбойылық ақиық ақын Тұрмағанбет Ізтілеуов жырында:

Пірен менен Малқара -

Топқа барса, төрге өткен.

Ағар, ,,тап ағыс өтті" деп,

Ықты қойып, өрге өткен"- деп жырлған екен.

Текей батырдың немересі Абақан батырдың баласы "Текейдің дәуі" атанған Болат батыр ХVІІІ ғасырда Қызылорда облысы, Қармақшы өңірінде өмір сүрген. Батыр бабамыздың бейіті - қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында.

Болат батыр өзі ірі денелі, батыр тұлғалы, сұлу пішінді кісі болған.

Болат батырдың Көкала аты болыпты. Батыр баба осы Көкала атымен жауға шапқанда оны Текейдің дәуі деп атаған екен.

Болат батырдың белгілі ұрпақтарының бірі Есенжол ақын болған. Текейұлы Құтпенбет палуанның Есіркеп, Мүсіреп, Жиенбай деген балалары болған. Жиенбайдан Жанышбай батыр, Байшуақ туылады. Байшуақтың немересі Тышқанбайұлы Жанқозы палуан болған. Жиенбайұлы Жанышбай батыр ХVІІІ ғасырда өмір сүрген.

Батыр бабамыздың Мырзағабыл, Едіге батыр, Нұрымбет, Қаракөт деген балалары болған. Текей батырдың шөпшегі Жанышбайұлы Едіге батыр ХVІІІ ғасырда өмір сүрген.

Текей батырдың баласы Ұлтай батырдың ұрпақтары жайлы айтайық. Ұлтайұлы Нәдірәлі батыр ХVІІІ ғасырда өмір сүрген. Нәдірәлі батырдың Көшбембет, Молдақара, Барақ деген балалары болған. Нәдірәлі батырдың немересі Барақұлы Жұбаныш батыр.

Ұлтай батырдың шөбересі Өтебайұлы Бөрібай батыр. Бөрібайдың Малқар, Шалқар деген балалары болған. Малқардан Қылыбай, Қызбан, Тәукен, Есжан, Биман, Аймахан туады. 

Енді Текей батырдың ағасы Қарабазар батыр жайлы айтайық.

Асанұлы Қарабазар батыр қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында ХVІІІ ғасырда өмір сүрген.

Қарабазар батырдың ұрпақтарынан да елін қорғап, батырлығымен аты шыққан ерлер шыққан. Қарабазар батырдың немересі Өтепбергенұлы Итіке батыр қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы өңірінде ХVІІІ ғасырдың І жартысында өмір сүрген. Итіке батырдың ұрпақтары жөнінде мәлімет жоқ.

Қарабазар батырдың шөбересі Қанайұлы Айтуар батыр ХVІІІ ғасырда өмір сүрген. Қарабазар батырдың сегізінші ұрпағы Алтынбайұлы Қожық та батыр, ХІХ ғасырда өмір сүрген.

Мырқы Исаев ағамыздың орасан еңбегінің арқасында есімі ұмытыла бастаған Текей және оның өңкей батыр ұрпақтарын бүкіл қазақ еліне таныла бастаған тұлғалар деп айтуға толық негіз бар. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: "Бабаларын қалтқысыз қастерлей алған халық балаларының болашағын да қалтқысыз қамдай алмақ" деген сөзі бар. Біз, кейінгі ұрпақ, қазақ деген намысшыл халық екенімізді биік ұстап, тарихымызды қастерлей алсақ, Текей батыр елінен екенімізді мақтан етіп жүреміз. Текейді қазаққа қайта алып келген Мырқы Исаевтың атында қазірде Қызылорда қаласында көше бар.

 

Бақытжан Ахметбек,

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті "Қорқыттану және өлке тарихы" ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкері 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Тамыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
28 29 30 31    

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 184 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.