Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

Сыр өңірінің қасиетті орындары

Шыр етіп дүниеге келген әрбір нәрестеге өсе келе ең бірінші жүрегіне иман құю керек, екінші кезекте білім, ғылым үйрету ләзім. Имансыз берілген білім мен ғылымда қайыр жоқ. Біз әлхамдулиллах мұсылманбыз, оның ішінде қазақ болғанымызға Аллаһқа шүкіршілік қылып, мақтана жар салып айта саламыз. Өйткені, біз қазақтар, жеті атамызды жатқа айтып, тілімізбен, дінімізбен, ділімізбен оқшаулана аламыз. Біздің ғасырлар бойы жазылған тарихымыз тасқа қашалып басылған. Қазақ жерінде дүниеге келген әрбір перзент жеті жасқа келгенше туған жерінде тәрбиеленіп, тілін, дінін, табиғатын, ауасын, суын, тау мен тасын, қыр мен сайын жүрегімен сүйсініп, бойына сіңіріп өсу қажет. Қарт Қаратау етегімен сұлу Сырдың бойы - тұнып тұрған тарих. Өз тарихын білмеген, жерінің, табиғатының сұлулығын сезінбей, басқа елден жанына тыныштық іздеп еліктеген кісіден қайыр жоқ. Өйткені, білген кісіге жеріміздің табиғи байлығы мен сұлулығына баға жетпейді, тарихы өте бай.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында жазылғандай, қазақ жеріндегі ұлттық бірегейлікті қалыптас­тырудың тәсілі ретінде қасиетті орындарға деген қызығушылық 90-жылдың аяғында Елбасының "біздің жолымыз - Қожа Ахмет Яссауи жолы", сонымен қатар "біздің өзіміздің толерантты, дәстүрлі қазақ исламымыз" бар деген сөздерінен бастау алады. Демек, қасиетті орындар мен киелі жерлер тек діни наным-сенімдерге ғана емес, мемлекеттің ұлттық бірегейлік көзқарасын қалыптастырып, қазақтың салт-дәстүрін дәріптейтін, мәдениетін көрсететіндігін түсінеміз.

Ұлттық құндылығымыз болып саналатын, Қазақ жеріндегі қасиетті орындарды мағынасына қарай топтастыру қажет:

-    Қазақ елінің тарихына байланысты жер, су, тау-тас, петроглифтер;

-    Қазақ даласының мәдениеті, археологиялық орындар;

-    Қазақ даласындағы ислам өркениеті, дін таратушылар;

-    Ұлттық мәдениет пен білімді насихаттаушы ұлы тұлғалар, ғұламалар;

-    Қазақ халқының азаттығы, бостандығы және жері үшін күрескен батыр бабаларымыз.

Атам қазақ "Өлі риза болмай, тірі байымайды" деген. Осыған байланысты Аллаһ тағала ризашылығы үшін ата-баба әруақтарына құран оқып, сый-құрмет көрсету рәсімдерін жасап, зиярат ету дәстүрі кең етек алуда.

Кейбір киелі де қасиетті орындарға жанымызға дауа таппай, медицинаның күші жетпей жататын сәттерде, миымыз шаршап, рухани қуат іздеп барып, сол жерден бір табиғаттың тылсым күшімен жан дүниенің рахатын басқа бір әлемге кіргендей болып, тазарып қайтамыз. Қасиетті де киелі орындардың дінмен байланысты және табиғаттың күшімен пайда болған емдік сулар, емдік балшықтар тән мен жанға рухани азық берері сөзсіз.

Осындай ойларды тұжырымдай келе қазақстандық дінтанушы, ғалым Ә.Муминов­тың "Родословное древо М.Әуезова" [б, 206-207 бет] еңбегінде "қожалардың көшіп-қону үрдісінің негізінде Қазақстанның көптеген киелі жерлерімен қасиетті орындарының пайда болғандығы" туралы дәлелдері негіз болады. ("Мәдени мұра" №3(72) 2017 ж, 20-б).

"Қызылорда облыстық мәдени және тарихи ескерткіштер" жинағына, Жаңақорған ауданынан 265 тарихи орын енген. Қазіргі таңда соның 40-ы ғана есепке алынып, құжатталған. Оның 5-і республикалық, 16-сы жергілікті, 19-ы алдын ала тіркеу тізіміне еңгізілген.

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы бойынша "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасының жалпыұлттық тізіміне ортағасырлық Сығанақ қаласы, Төлек ата, Қылышты ата, Хорасан ата кесенелері, аймақтық тізімге Қарасопы, Айқожа, Сунақата кесенесі, Ақтас мешіті еңгізілді.

 

СЫҒАНАҚ ҚАЛАСЫ

Кезінде қазақ халқының басын құрған Ақ Орданың астанасы болған, Сыр бойының мәдениетті, сәулетті де көрікті, әрі саудасы мен қолөнер кәсібі дамыған, он бес мұнаралы қорғаны, Ұлы Жібек жолының бойында жатқан басты қалаларының бірі - Сығанақ шаһары. Сығанақ қаласының бұл күндегі орны - "Сунақата" ауылының орталығынан солтүстік батысқа қарай екі шақырымдай жерде 7-8 гектардай алқапты алып жатқан бес бұрышты төбе. Қаланың жалпы аймағы 20 гектардай. Ұзындығы солтүстіктен - 275 м, солтүстік батыс жағының ұзындығы - 175 м, оңтүстік-батыс жағы - 190 м, оңтүстік жағының ұзындығы - 175 м, оңтүстік-шығыс жағының ұзындығы - 320 м. Оңтүстік-шығыс бетінің сол жағында кіреберісінің орны сақталған. Үйіндінің сыртқы қабатының кей жерлері тік тұр. Шахристан қалдықтарына  ұқсас  осы ауданның үш жағынан рабад қалдықтары қосылады, рабадта биіктігі 1 м, төменгі ені 3-4 м құрайтын үйіндімен қоршалған. Рабад солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған бесбұрышты формадан тұрады. Қалашық айналасында түрлі көлемдегі құрылыс орындары мен үйінділер кездеседі. Төбесінде ортағасырлық керамика қалдықтары шашылған. Кейбір деректерге қарағанда, қаланың алғашқы негізі V ғасырдан басталғандығын аңғаруға болады. Ұлы Жібек жолының бойында жатқандықтан, әуел баста шағын бекініс, керуен сарай ретінде салынған. Сығанақтың бірте-бірте маңызы арта түседі. Оның үстіне қала табиғи қолайлы жерден бой көтерген. Қаланың аты араб жазба деректерінде Х ғасырдан бастап белгілі бола бастайды.

Түрлі заманалар мен шайқастарды басынан өткізген қала ХҮІІІ ғасырға дейін өмір сүріп келген. Сығанақ қаласы жайлы мәліметтер М.Қашқари, В.В.Бартольд, Ә.А.Диваев, В.А.Каллаур, И.А.Кастанье, П.И.Лерх, В.Ю.Якубовский және тағы басқа ғалымдар мен археолог-зерттеушілердің, саяхатшылар­дың еңбектерінде кездесіп отырады. 1927 жылдың жазында А.Ю.Якубовский Сығанаққа келіп, қираған қала орталығын аралап, ғимарат қалдықтарын суретке түсіріп, бірқатар зерттеу жұмыстарын жүргізген.

 

ТӨЛЕГЕТАЙ КЕСЕНЕСІ

Төлегетай - Найман тайпаларының негізін қалаушылардың бірі, Қаракерей, Матай, Садыр, Төртуыл руларының ата-бабасы. Кесене Жаңақорған қонысынан 30 шақырым жерде Әбдіғаппар ауылынан 7-8 шақырым жерде орналасқан. Кесене толық қираған соң орнына силикат кірпіштен қарапайым күмбезді кесене тұрғызылған болатын. Кейіннен жаңа кесене салу үшін ол кесене сырылып тасталып, 2005 жылдан бастап бабаның ұрпақтарының демеуімен 2 күмбезді, төрт мұнаралы, 8 сынтасты керемет ансамбль болып қайта жаңғырды.

Төлегетай ата жөнінде аңыз әңгімелер көп. Бұл атадан тараған ұрпақ бүкіл елге тарап кеткен. Төлегетай ата кесенесі Қылышты ата кесенесімен бірге. Қылышты ата діни сауаты күшті әулие болған адам. Төлегетай да тегін адам болмаған. Ол ХІІІ ғасырдың басындағы Күшілік ханның ұрпағы. Наймандарды жер-жерлерге бөлген кезде Төлегетай Өзгент-Түркістан өңіріне жіберіледі. Бұрын да бірінің атағын бірі сырттай білетін Төлегетай мен Қылышты Сыр өңірінде кез болып, бірін-бірі құрмет тұтады. Төлегетайға Қылышты ата өзінің өкіл қызын береді, күйеу бала етеді.

Міне, осы Төлегетай атадан 4 ата найман тарайды. Төлегетайдан тараған төрт түлек найман Қылышты ата ұрпағына жиен болады. Қылышты ата дүниеден өтерде: "Менің қабатыма Төлекті қойыңдар, зияратқа келген адам бірінші Төлекке барып дұға оқып сәлем берсін, сосын маған келсін", - деген екен. Міне, екі ата қатар жатыр. Шындыққа жүгінгенде, найман ұрпағының түп атасы Төлегетай ата екені негізделуде.

Әдеб: Шакарим Кудайбердыулы. Родослов­ная тюрков, казахов, и ханских династий. Алма-Ата: "Жазушы", 1990. С. 74. Тынышбаев М.Ма­те­риалы к историю киргиз-казахского народа. Ташкент: Отделение Киргизского госу­дарствен­ного издательства, 1925, с 16-17. Бай­тенов Е. Сыр бойындағы сырын бүккен Төле­гетай-Қылышты ата мазарлары-қазақ сәулет өнерінің бір қазынасы болып табылады. "Егемен Қазақстан", 13.03.1993.

 

ҚЫЛЫШТЫ АТА (САЙИД-БҰРХАНИДДИН) КЕСЕНЕСІ

Қылышты ата (Сайид Бұрханиддин Қылыш) жөнінде жазылған бір көне кітап және бір көне қолжазба бар. Оның біріншісі осыдан 800 жыл бұрын жазылған Нажмеддин Умар Насафи-Самаркандидің "Кадия" (Әл-Канд фи тарихи Самарканд) кітабы болса, екіншісі, "Жамеул-мақамат" Хазірет Сайид Ахмад-Махдуми Аъзам Дахбедий жайлы тарихи жазба.

Қылышты ата өте әруақты адам болған. Аңыз әңгімеге қарағанда, бұрын көлікті адам көліктен түсіп зиярат етпесе, оның өзі немесе аты майып болған. Басына түнеп перзент тілегендер, кеселденгендер шипа тауып отыр­ған. Қылышты атаның әкесі Камалиддин Мекке­ден келіп Ферғана  шаһарының патшасы (Әбу Бәкір Сыдық ұрпағы) Ілгімағзымның қызына үйленеді. Үйленген соң көп кешікпей Камалдин Меккеге қайта кетеді. Қылышты ата шеше ішінде қалады. Анасынан туған соң атын Саид-Бурханиддин қояды. Бала ата қолында тәрбие алады. Өскенде аспаннан ақ боз ат пен қылыш түскен дейді. Сөйтіп, 1001 бәлеге қар­сы тұрып жеңген деген сөз бар. Бір әңгі­меде, атасы Ілгімағзым өлгенде орнына патша бол­ған. Сонда уәзірлері мен билерін алдына шақы­рып алып әңгіме еткенде қолындағы қылыш күннің сәулесіне шағылы­сып тұрған кезде қонған шыбын екі бөлініп түсе берген. Оның мәні кімде-кім адал болмаса, осы сияқты жаза алады деген. Міне, осыдан бастап Қылышты ата деп кеткен.

Ата жөнінде мынадай аңыз әңгіме бар. Тарихи деректерде алтын тағын өз еркімен тастаған екі патша болған. Біріншісі Сұлтан Ыбырахым Адхам, екіншісі Ферғана патшасы болған Сұлтан Сайид Бурханиддин Қылыш еді. Кейін Сыр бойындағы "Узгент" шахарына келіп, ислам дінін елге уағыздап, бір Аллаһқа сыйы­нып, өмірінің соңына дейін әулиелік тарихат жолымен өтеді. Жергілікті қариялар­дың айтуы бойынша, "елге жау шауып қиындық жағдай тап келсе, қасымнан жау келді" деп, дүбірлетіп шауып өтсеңдер, шығамын,- деген екен. Ата­дан балаға осылай айтылып келе жатқан өсиетке иланбаған Қылышты әулиетінің бір күйеу баласы сынамақ ниетпен "жау келді, жау келді",- деп атойлай мазардың үстінен атпен шауып өтіпті. Сонда күн күркіреп, найзағай ойнап, қатты құйын мен көз аштырмайтындай жел тұрып, бес қаруын асынған сауыт-сайманы­мен, жал-құйрығы жерге тиген ақбоз атын кісінетіп жарықтық Қылышты атамыз "жау қайда? жау қайда?"- деп шығыпты. Жаудың жоқ екенін, жалған оймен шақырғанына налыған бабамыз ашуланып былай деп бата беріпті: "Үйде өлме түзде өл, босағадан шықпай жаның шықпасын". Бұл батаның шындыққа жанасат­ынын ағайындар жоққа шығармайтын сияқты. Жаулары оны намазда ұйып тұрғанда шауып өлтірген екен.

Әдеб: Байтенов Е. Сыр бойындағы сырын бүккен Төлегетай-Қылышты ата мазарлары-қазақ сәулет өнерінің бір қазынасы болып табылады. "Егемен Қазақстан", 13.03.1993.

 

ХОРАСАН АТА КЕСЕНЕСІ (ӘБДІЖӘЛИЛ БАБ)

Сонау Арабиядан Орта Азия, түркі, қазақ жерлеріне, соның ішінде Сыр бойына Ислам діні мен мәдениетін алғаш әкелгендердің бірі - халықты имандылық парасатына тәрбиелеген Хорасан ата атанған Әбдіжәлил баб еді.

ІХ ғасырда Иран мен Тұран бағытында қазіргі Орта Азия мен Қазақстанға ислам дінін тарату мақсатында Әбдірахым баб, Әбдіжәлил баб бастаған топ жіберіледі. Бұл кездері Ысқақ баб пен Әбдіжәлил бабтың әкесі Әбдірахман баб Шам шаһарының патшасы еді, ол қайтыс болған соң орнына үлкен ұлы Ысқақ баб таққа отырып, патшалық құрады. Ал, Әбдірахманның інісі Әбдірахим баб Бағдаттың (қазіргі Ирак), Әбдіжәлил баб Иеменнің патшасы болатын-ды.

Әбдіжәлил баб ондаған мың қолмен Исфа­хан, Тебриз, Мазандаран, Балх шаһарларын ба­сып алып, Иранның Хорасан қамалын қоршай­ды. Үш күн, үш түн шабуылмен бұрын ешкім ала алмай жүрген 32 темір қақпалы Хорасан қама­лын Әбдіжәлил баб басып алады.

Әбдіжәлил баб иемденген жерлердің бәрі­нің халқын ислам дініне кіргізіп, мешіт-медре­селер салдырып, арабша сауатын ашып, мәде­ниетінің өсуіне де ықпалын тигізіп отырған. Хорасан өлкесіне де осындай игілікті тірліктер жа­сап, Әбдіжәлил баб осы елден бастап Хора­сан ата атанады. Ол ірі қолбасшы, әрі жолбарыс жүректі батыр болады.

Хорасаннан қалың қолмен аттанған Әбдіжәлил баб Термез, Бұқара, Ферғана, Шаш­тан өтіп, Өзгент, қазіргі Жаңа­қорған өңірін, Баршын­кент, Жалтырсек, Жаркент елдерін қамтиды.

Сонымен Хорасан ата атанған Әбдіжәлил баб Сейхундарияның (Сырдария) сол жаға­лауындағы Қызылқұм өңіріндегі "Тотықұс" ара­лына (қазіргі Жаңақорған ауданының аума­ғында) келіп табан тірейді, осы жерде тұрақты мекен етеді. Мешіт-медресе салдырады, бала оқытады, емшілік те жасайды, мәдениетін өркендетеді.

Әбдіжәлил баб (Хорасан ата) Мұхаммед пайғамбарымыздың ұрпағы болып табылады. Олай дейтініміз, шежіре деректеріне сүйенер болсақ, Әбдіжәлил бабтың (Хорасан атаның) алтыншы атасы Әзіреті Әлі мен Мұхаммед пайғамбарымыз екеуі Әбділда мен Әзірет Әлінің әкесі Әбутәліп екеуінің әкелері бір - Әбдімүтәліптің балалары. Сонымен қатар, Әзіреті Әлі пайғамбардың әрі немере інісі, әрі күйеу баласы - оның қызы Фатиманың күйеуі.

Ал, Әбдіжәлил бабтың туған ағасы Ысқақ бабтан тараған 6 ұрпақтан кейін, жетінші ұрпақ боп Қожа Ахмет Иассауи дүниеге келген.

Хорасан атаның мәйіті Жаңақорған ауданы орталығынан 35 шақырымдай қашықтықтағы Әбдіғаппар ауылының күнбатыс жағындағы қос күмбезді кесенеде жатыр.

ХІХ ғасырдың аяғында Қорасан ата кесенесі тікбұрышты күйдірілген кірпіштерден (7 х14х28 см) тұрғызылған. Аумақтық көлемі 7,88х16,07 м. 2006 жылдан бастап кесененің бұ­рын­ғы архитектуралық қалпын сақтай отырып, баба ұрпақтары қайта жаңғыртып салған кесененің биіктігі - 14 м., ұзындығы - 16 м., ені - 8 м., қос күмбезді.

Әдеб: Адырбек Сопыбеков. "Жаңақорған" (тарихнама). 2008 ж., 35-37 бет.

Набихан ШАЛАПОВ,

Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану

 

музейі директоры

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Тамыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
28 29 30 31    

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 139 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.