Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

Мәдени мұра мәйегі

   

    Тарих сөзі көне грек тілінен аударғанда "сұрастыру, зерттеу" деген мағына береді. Қысқаша айтқанда, адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым. Сол себепті де бұрынын білуге құмар халық тарихтан сабақ алып, ұлы оқиғалардан ой түйеді. Сондықтан да әдеби-мәдени, тарихи-танымдық, "Әлімсақ" журналының ұжымы Сыр өңірінде ішіне бүккен сырлары бар тарихи орынға саяхат жасады. Төрткүл әлемге танымал, дүниенің төрт бұрышынан мәңгілік ғұмыр іздеген Қорқыт ата жайында аңыз-әпсаналар көп. Ал, тарихи тұлғаның жерленген жері мен оған арнап салынған мемориалдық кешеннің бүгінде туристік әлеуеті зор. Жер кіндігінде жерленген баба басына барған біз Қорқыт ата тарихы хақында мол мағлұмат, тағылымды естеліктерге қанық болдық.

Қорқыт ата мемориалды музейінің экскурсо­воды Айгүл Бермаханова қайта жөндеуден өткен ке­шен­­ді бастан-аяқ таныстырып, тың мәлімет­терімен бөлісті. Маманның айтуы бойынша, Қор­қыт ата мемориалдық кешенінде қайта жаң­ғырту мақсатындағы құрылыс жұмыстары төрт жыл бұрын жүргізілген. Жаңа мемориалдың бұрынғыдан өзгешелігі 2,5 метр биіктікте орна­лас­қан және стелласы 12 метрге дейін ұзартыл­ған. Сондықтан болар, кешен бұрынғыдан мүл­де өзгеше болып, біздің көзімізге тым алыс­тан менмұндалап тұрды. Ал, кешен құрылы­сына соңғы үлгідегі материалдар қолданылған. Ке­зінде қайта жаңғырту жұмыстарына 960 мил­лион теңге қаржы жұмсалған екен. Бұл нысан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі кезінде қонақтардың айрықша ықыласын аудырған ескерткіш болды. Содан бері  адам аяғы үзілмеген киелі орынға келушілер қатары сире­меген.

Қорқыт ата ескерткіші - сәулет өнерінің ай­рық­ша үлгісі. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен 18 км жерде, Қорқыт станциясының түбінде алғаш рет 1980 жылы бой көтерген. Идея авторлары - Б.Ә.Ыбыраев, С.И.Исатаев. Бұрынғы Қорқыт ата ескерткіші темірбетоннан жасалған биіктігі 8 м, 4 тік стел­ладан тұрған. Әрбір стела әр тарапқа қаратып тұрғызылған құлпытастарға ұқсайтын. Жоғары жағы кеңейе келіп, шөміш пішінінде түйісетін стеллалар қобыз бейнесін меңзейтін-ді. Түйісер түбіндегі орталық тесігінде 40 металл түтік бар. Олар жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады. Аңыздарда айтылғандай, Қорқыт ата мазарында соққан желге үн қосатын қобыз қойылған. Қорқыт ата ескерткішінің ішкі жағы мәңгілік өмір сырын іздеген Қорқыт атаның желмаясының шартарапқа жол тартқан ізін жобалайтын "түйе табан" өрнегімен безен­дірілген. Ал, қазір бұл жерлер түрлі оюлармен көмкерілген. Әрбір стеланың үшкілдене біткен төбесі күмбезге ұқсатылып, ерекше сәулеткерлік композициялық шешім тапқан. 1997 жылы ескерткішті қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары жүргізілген. Одан соң Елбасының тапсырмасы­мен төрт жыл бұрын ескерткішке қайта жан біткен. Жөндеу жұмыстары кезінде өзгерістер болған. Бірақ, нақты Қорқыт аңызы идеясынан ауытқу болмаған. Барлығы дерлік қатаң бақылау мен сарапшылар сүзгісінен өте отырылып, құры­лыс жүргізілген.

- Қасиетті Қорқыт бабамыздың кіндік қаны тамған жер осы өлке. Біздің заманымыздың 7-8 ғасырында өмір сүрген Қорқыт бабамыздың жер­лен­ген жері осы кешеннен екі шақырым жердегі Сырдария өзенінің жағасында. Табиғаттың құбылмалылығына байланысты ол жерді кейін су шайып кеткен. Дегенмен біздің музейде осы қабірдің, Қорқыт мазарының басында түсірілген дәлел суреттеріміз бар. Қорқыт ата мемо­риалды кешенің ғарыштан, яғни жоғарыдан қараған көрінісі қобыз бейнесін көз алдыңызға әкеледі. Кешеннің қақ ортасында бәйтерек ағашының бейнесі бейнеленген. Қорқыт өзі Сыр суының бетіне кілем жайып қойып, күй ойнаған. Бірақ, суға батып кеткен кезі болмаған.  Аңыз­дарға сүйенсек, бабамызды су жыланы шағып өлтірген. Ал, туған жері Қазалы ауданы, Өркен­деу ауылы жанында Жанкент деген оғыздардың қаласы бар. Сол жерде Қорқыт бабамыз дүниеге келген. Әкесі оғыз, анасы қыпшақ тайпасы­ның руы. Қазіргі таңда Жанкент қаласында қазба жұмыстары әлі күнге жүргізілуде. Одан бөлек оғыздардың қалашығы болған Сортөбе деген жерден тас қобыз табылып, ол Алматы қаласына зерттеуге жіберілді. Жалпы, Қорқыт пен қобыз төңірегіндегі әңгімелерді таңды таңға ұрып айтуға болады,- деді Қорқыт ата мемориалды музейінің экскурсоводы Айгүл Бермаханова.

Көзімізбен көрген көрініс әдемілігі, оған үйле­сім ретінде желмен бірге күй дыбысын беретін алып кешен, барлығы Қорқыт атаның бітім-болмысын айшықтай түседі. Қазіргі жаһандану үрдісі кезеңінде әрбір ұлт өзінің дәстүрлі мәдени­етін сақтай отырып, оны жалпы адамзаттық құндылықтармен ұштастыруға ұмтылады. Сон­дық­тан Қорқыт ата тағылымын қайта жаңғыр­тып, оларды өскелең ұрпақтың эстетикалық тәрбиесіндегі маңызды құрал ретінде қарастыру - заман талабы. Бұл  бір қоғамның қажеттілігінен туындап отырған құбылыс екендігін сезіне отырып, халық музыка шығармашылығы құрал­дарын өскелең ұрпақтың тәрбиесінде пайда­ланудың тиімді жолдарын онан әрі қарастырған жөн. Себебі руханият дегеніңіздің түп тамыры осы абыз бабалардың басында жатыр.

Ал, қазақтың белгілі этнографы Шоқан Уәли­ханов Қорқыттың балгерлігі, ақындығы, музы­калық өнері жайында пікірлер қалдырған. Одан бөлек, Қорқыт атаның өзі туралы бұл тақырыпты ұзақ жылдар бойы зерттеген ғалым Ә.Марғұлан төмендегідей пікір айтады: "Қорқыт - тарихи дәуірлерде Сырдария өлкесін қоныс еткен оғыз-қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан данышпан қария, ақылшы батагөй, асқан ақын, болашақты болжап сөйлеген сәуегей кісі болған. Ол кісі туралы айтылатын қария сөз Азиядағы тү­рік тілдес елдердің көбінде бар. Бірақ қазақ халқы ескі оғыз-қыпшақ тайпаларының тарихи қонысына мирас болған, олардың түбегейлі ұрпағы болғандықтан Қорқыт туралы айтыла­тын тарихи жырлар, аңыздар, ән-күйлер қазақ пен түркімендерде көбірек жолығады" деген екен. Бұл жөнінде музейдің экскурсоводы келген қонақтарға жиі айтып отырады екен. Содан соң Қорқыт бабаның атағын асқақтататын тағылым­ды тарихқа музей ішіндегі құнды жәдігерлер арқылы байи түстік.

Музейдің де өзіндік тарихы бар. Ол 2000 жылы кешен жанынан мемориалды музей болып ашылған. Оның қорында 700-ге жуық экспонат сақталған. Бүгінде жәдігерлердің қатары толы­ғып, жаңа дүниелер әкелінуде. Мұражай экспозициясында Қорқыт өмір сүрген дәуірдің тарихы мен мәдениеті жайлы мәліметтер беретін материалдар қамтылған. Бұл ескерткіш кешен күллі түркі халықтарына ортақ қасиетті зиярат орындарының бірі болып саналады. Кешенге келген барлық адам көкейінде жүрген сұрақтарға осы музейден мәлімет те, жауап та ала алады.

Қазақстандағы киелі мекендердің қатарын толықтыратын "Қорқыт ата" кешенімен бірге музей ғимараты да жаңадан салынып, толық­қанды реэкспозиция жұмыстары жүргізілген. Музей экспозициясынан Сыр өңірінің ежелгі дәуірінен бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарихынан толыққанды мәлімет алуға болады. Музейде Қорқыт ата мұралары, ұлттық музыкалық аспап­тар және сирек кездесетін кітаптар мен қолжаз­балар бар.

Осындай құнды жәдігерлер арасынан бізді қошқар мүсіндері таң қалдырды. 2005 жылдан бастап ортағасырлық Жанкент қалашығының орнында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің, Ресей Ғылым Академиясы Миклухо-Маклай атындағы Этно­ло­гия және антропология институтының және Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология инсти­тутының біріккен археологиялық экспедициясы тұрақты түрде қазба жұмыстарын жүргізген екен. 2014-2015 жылдары Жанкент қалашығынан табылған керамикалық ыдыстар, культтық бұй­ым­дар (қошқар бейнесіндегі керамикалар) экспо­зициядан орын алған. Ал, руханиятқа жанашыр­лықпен қарайтын жандар осындай құнды дүние­лер­дің қазақтың сан ғасырлық тарихының куәгері ретінде құрмет тұтады. Ал, мәдени мұра­мыз бен терең тарихымыз насихаттала беруі үшін Қорқыт ата кешенін тарихи туристік орындар тізімінен әсте түсірмегеніміз абзал.

Айдар САЙЛАУОВ

 

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Сіз қалаған ұялы телефон қандай?

Айфон - 50%
Нокиа - 5.6%
Самсунг - 11.1%
Хуавей - 5.6%
LG - 27.8%

Дауыс саны: 18
The voting for this poll has ended on: 10 Қар 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Тамыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.