Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Материалдар

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қызылорда қаласы мектеп оқушыларының майданға көмегі

     

   Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда аянбай еңбек еткен жерлестеріміздің, әсіресе мектеп оқушыларының ерен еңбектерін жас ұрпаққа көрсету, оларды патриотизмге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу мақсатында архив материалдарынан деректер жинадым. Ұлы Жеңіс мерекесінде соғыс ардагерлері мен бірге тыл ардагерлеріне де қандай құрмет көрсетсек те артық емес. Майданнан шалғай жатса да, соғыстың бар ауыртпалығын көтеріп, жұмыла еңбек еткен сол кісілердің періште көңілі ұлы жеңісті жақындатты. Қазіргі тыл ардагерлері сол уақыттардағы бұғанасы қатпаған мектеп оқушылары еді.

1941 жылы 22 маусымда КСРО-ға бес жарым миллион адамы бар армия тап берді. Әр елге бір ұрынып, әр жерде соғыс өртін тұта­тып дән­деген фашистік соғыс машинасына қарсы халқымыз қиян-кескі күреске көтерілді. КСРО-ға шабуыл жасаған фашистік Германия дүние жүзіндегі тұңғыш социалистік мемле­кетті құрту, халықтарын құлдыққа салу, мил­лиондаған адамдарын қырып-жою мақсатын көздеді. КОКП ОК "Кеңес халқының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңісінің 40 жылдығы туралы" қаулысында көрсетілгендей, Кеңес Одағы үшін бұл соғыс азаткерлік, әділетті соғыс болды. Өткен онда­ған жылдар және кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңісінің бүкіл дүниежүзілік та­рихи маңызы бұрынғыдан да айқынырақ және толығырақ екенін атап көрсетеді. Қаһарман-дыққа толы 1418 күнде біздің еліміз адам айтқысыз қиындықтарды бастан кешірді. Империализммен шайқасып, кеңестік социалистік және қоғамдық құрылыс жеңіп шықты. Сол кездегі кеңес қоғамының әлеу­меттік-саяси және идеялық бірлігі, жұмысшы табы мен колхозшы шаруалардың мызғымас одағы, майдан мен тылды толық, берік байланыстырды. Ұлы Отан соғысындағы жеңіс әскери ғана емес, саяси да, экономикалық та жеңіс еді. Кеңестік патриотизм мен про­летарлық интернационализмнің, еліміз халықтарының мызғымас моральдық саяси бірлігінің салтанаты болды. Жеңіс күнін жақын­дата түсуге барлық республикалар сияқ­ты Қазақстан да өзінің үлкен үлесін қосты.

"Соғыс" деген суық сөзді естісімен талай қызылордалық ер-азаматтар қолдарына қару алып, батысқа қарай сапар шекті. Тылдағы отбасы, ошақ қасында қалған кемпір-шалдар да бойын тіктеп, бала-шағаға қосыла майданға аттанды. Тірсектері майысқан жас балғындар ерте есейіп, әкелерінің, ағаларының орнын жоқтатпады. Олар жанқиярлықпен еңбек етіп, майданға көмек беріп жатты. Еліміздің өзге тылдағы еңбеккерлері сияқты қызылорда­лықтар да қорғаныс қорын ұйымдастырды.

1943 жылдың 23 қаңтарына дейін Қызыл­орда қаласының тұрғындары майдан үшін 1 миллион 300 мың сом ақша мен 1 миллион 100 мың сомның облигациясын Отан қорғау қорына өткізді. 14 мың жылы киім мен 2 вагон сый­лықты майдандағы жауынгерлерге жөнелтті.

Қаладағы Артем атындағы театр 100 мың, теміржол жұмысшылары 100 мың, "Разно­пром" артелі 20 мың, қалалық аурухана 22 мың, Стройматериал артелі 20 мың сом қаржы және облигация өткізді. Облыстық милиция қызмет­керлерінің майданға жіберген қаржысы 26 мың 420 сом болды.

Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарында неміс фашистері уақытша басып алған жерлер­ден көшіп келген мыңдаған адамдарды қызыл­ор­далықтар да өз бауырларындай қарсы алып, достық құшағын жайды. Соғыс басталған ал­ғашқы жылдың өзінде ғана облысқа майдан ортасында қалған 7653 адам, соның ішінде Қызылордаға 3617 адам келіп қоныстанды. Олар келісімен бірден еңбекке араласты.

Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен-ақ облысымыздың мектеп оқушылары майдан­дағы кеңес жауынгерлеріне үлкендермен бірге көмек көрсете бастады. Олар еңбек даласында, жауынгерлерге жылы киім жинауда, астық өткізуде зор белсенділік танытты.

Соғыс уақытында мектеп оқушылары Отан тағдырымен алға басты.Оқу үлгірімін екі есеге арттырып, металл, жылы киім жинады, жауынгерлерге посылка салып тұрды. Колхоз­шыларға егіс даласында көмек берді. Ертеден кешке дейін қараңғы түн құшағында олар егін орды, жер жыртты, станокта тұрып оқ жонды, бомба жасады, жауынгерлер үшін жылы киім жинастырды. Аналармен бірге бір сәт те тыным алмаған кішкентайлардың дұшпанға деген кегі мен ашу-ызасы Қызыл Армияға деген қолғабыс болып, жау шебіне бұршақша жауды. Соғыс жылғы балалар тылда тыным алған жоқ. Олар байтақ елімізбен білек сыбанған қалың елмен бірге жеңіс сағатын жақындата түсті. Майдан­нан елге оралып келе жатқан Жеңіс жауынгер­лерінің мойнына асылып, алапат соғыста гим­нас­теркаға сіңген оқ-дәрі мен түтін иісін алғаш иіскеген де сол балалар болатын.

Тылдағы ауыр еңбек балғын ұрпақтың бұға­на­сын тез қатырды. Лениншіл жеткіншектер  же­ңіске  үлестерін қосуға бар күштерін салды.

Отты күндерде тимуршылар командасы жақ­сы жұмыс істеді. Қызылорда қаласында соғыс жылдарында тимуршылар командасы 18-ге жетті. Ол өзіне 250-ден астам пионер оқу­шыларды біріктірді. Олар мектептегі тәртіп пен үлгірім үшін белсенді жұмыс жүргізді. Қалалық ВЛКСМ-ның XX жылдығы атындағы мектептің тимуршылары 32 майдангер отба-сына көмек берді. Олар Кеңес Одағының батыры Глотовтың және екі мәрте Кеңес Ода­ғының батыры жолдас Молодченнің отбасы­мен үзбей байланыста болды. "Пионер" само­летін жасауға тимуршылардың көтерген баста­ма­сын қалалық барлық мектеп оқушылары қолдады. Тимуршылардың белсенділігімен майдан шебіне ондаған посылкалар жөнелтілді. Сол жылы Қызылорда қаласында тимуршы­лардың слеті болып өтті. Майданға көмек то­лас­тамады. Әрбір кеңес оқушысымен бірге қала мектептерінің оқушылары да жеңіс сағатын асыға күтті. Сондықтан олар бұл ар­ман­ды орындауға асықты, орындады да. Қы­зылорда қаласы мектеп оқушыларының май­данға көмегі жергілікті органдарда, пионер, комсомол ұйымдарында аталып отырды. Олардың күнделікті жаңа табысы фашизмді талқандауда жауларға оқ болып тиді. Олардың жаңа жетістіктері жергілікті радио, баспа беттерінде хабарланып тұрды. 1942 жылдары қызылордалық мектеп оқушылары үлкен тер төкті. Соның арқасында егін, мал азығы ысырапсыз жинап алынды. Мұндай жұмысқа қала мектептерімен бірге облыс бойынша 9332 комсомол, 13000 пионер және мектеп оқушы­лары қатысты.  Олар майдангерлердің отбасы-ларына, соғыс мүгедектеріне, жаралы жауын-герлерге қалтқысыз қамқорлық жасады. Олар дала қосында, бригада басында, завод цехтары мен госпитальдарда жалықпай өнер көрсетіп, шаршаған жұртты сергітті.

Ауыр кезеңде Қызыл Армия жауынгер­леріне сыйлық ретінде қалалық №1 май мекте­бінің оқушылары 500 кг. күріш, 50 кг. балық, 350 бет орамал салып жіберді.

Қызылорда қаласындағы ВЛКСМ-ның 20 жылдық атындағы мектеп, Ленин, Сталин және Ворошилов атындағы мектептердің оқушыла­ры мың килограмнан астам металл сынықтарын жинап тапсырды.

Оқытушылар мен оқушылардың бастама­сымен қалалық Ворошилов атындағы мектепте гитлерлік басқыншылардан азат болған аудандардың мектеп оқушыларына көмек ре­тін­де оқу құралдарын, дәптерлер жинады. Осылардың бәрі дер кезінде азат болған аудандағы мектеп оқушыларының адресіне жіберілді. Мектеп оқушыларының Кеңес жауынгерлеріне жылы киім жинау жұмысы толастаған жоқ. Мектеп оқытушылары мен оқушыларының үлкен белсенділігі арқасында 1942 жылы 1қаңтарда 6450 жылы киім, солардың ішінде 48 қысқа тон, 163 пар пима, 272 телогрейка, 406 шапка тапсырылды.

Кеңес жауынгерлеріне жылы киім жинауда мектеп оқушылары "Жылы киімдерді жинау комиссиясын" құрып, белсенді есеп жүргізіп отырды. Әсіресе, қалалық М.Горький атын­дағы мектеп оқушылары белсенділік көрсетті. 22 қаңтар күні оқушылар жиналысында әрбір оқушы шығып сөйлеп, өз жұмыстарын одан әрі жалғастыра отырып, неміс басқыншыларына қарсы күресте аянбай еңбек ететіні туралы айтты. Жиналыста екінші сынып оқушысы Миссури сөйледі. Ол: "Біз мектепте үлкен­дерден қалыспаймыз, біз де кеңес жауынгер­леріне жылы киім жібереміз. Біздер Кеңес жауынгерлерінің жылы киініп, фашистерді аяусыз күйретуіне аянбай еңбек етеміз. Мен өзім тоқыған қолғапты қосамын",- деді.

Сол күні М.Горький атындағы мектеп оқу­шы­лары 30 пар пима жинап, майданға жіберді.

Мектеп оқушыларының еңбегі мұнымен шектелмеді. Олар сонымен қатар көктемде күнде егіс даласында еңбек етті. Жауынгер­лерге шын балалық балғын жүректерімен тебірене отырып, хат жолдады. Осындай хаттарды мектеп оқушылары майданға жіберіп, жауынгерлерден ерлікке толы хат алып отыр-ды. Солардың бірі қалалық Ленин атын­дағы мектеп оқушылары еді. Олар былай деп хат жазды: "Қымбатты гвардиялық жолдастар, үлкен қуанышпен біз Сіздердің хаттарыңызды алып оқыдық. Неміс басқыншыларынан Отаны­мызды азат ету үшін күрескен ерлік істеріңіз бізді қатты тебірентті. Біздің мектебіміз соғыстың алғашқы күнінен бастап майданға көмек жұмысына 5150 сом ақша жинады. Бұл қорлар "Қазақстан пионері" танк колоннасын салуға жиналды. Біздің мектеп оқушыларының көпшілігі оқу озатының қатарында келеді. Құрметті гвардия жауынгерлері, біз сіздердің хаттарыңызды асыға күтеміз".

Оқушылар майданнан үшбұрыш хат алды. Майданнан келген хат әркімге ыстық еді. Әрбір оқушының майданда әкесі, ағасы, апасы болды. Оқушылар Кеңес жауынгерлеріне көмектесе отырып, Отанды оларша сүюді үйренді. Жауын­гер Васильевтің қызы оқитын осы мектептің 3 "е" сынып оқушылары да майданға хат жол­дады. "Біз сіздің қызыңыз Ида оқитын сынып оқушы­ларымыз, жақсы оқи отырып, біз май­дан­ға да көмегімізді аямаймыз. Біз жауын­герлерге жылы киім жинадық және эскадрилия тұрғызуға ақша қорларын жинап тапсырдық. Біз Иданы өте жақсы көреміз. Ол жақсы оқушы және жақсы жолдас, белсенді пионер",- деп әкесіне жігер берді. Сынып­тың озат алты оқушысы қол қойған хат майданға жалынды сәлеммен ұшып кетті.

Майданға жолдаған хат жолдарында пио­нер­лер өздерінің майданға қолдарынан келген­ше көмек жүргізіп жатқанын, әсіресе, өзде­рінің металлолом сынықтарын тапсыру туралы және ақша қорын РКК-ның келе жатқан мере­кесіне танк колоннасын салуға жұмсап жатқан­дығы туралы жазды. Мектеп оқушылары майданға жолдаған хаттарында тылдағы ерен еңбекті баяндаса, майдандағы жауынгерлер ұрыстағы ерлік істерін жазды. Жауынгерлердің ерлік пен жігер, батырлыққа толы хаттары оқушыларға үлкен қайрат берді. Олар тылда майдандағы жауынгерлердің ерлігіне сай еңбек етуге жігерленді. Майданнан хат алып, хат жолдаған мектеп оқушылары көп болды. Қалалық Ленин атындағы мектеп оқушылары сол жылдары №48898 әскери бөлімінен хат алды. Хаттың соңында комсомол хатшысы Григоренко, бюро мүшесі Кирилин, Кузнецов қол қойған үшбұрыш хат келіп жатты.

Майдан мен тылдың бірлігін насихаттаған мақала 1943 жылы 17 ақпанда "Казахстанская правда" газетінде жарияланды.

Майдан мен мектеп соғыс жылында осылай бе­рік жалғасып, ортақ жаумен бірлесе күресе-тінін көрсетті.1942 жылы Қызылорда мектеп оқу­шылары жылы киім жинауға белсене араласты. Мұндай жұмыстарға белсене араласу әрбір оқушының Отан алдындағы үлкен боры­шы болып есептелді. Облыс бойынша сол жыл­дары 90 мың жылы киім 9 вагонмен май­дан­ға қарай жол тартты. Осындай жұмыста №14 Теміржол мектеп оқушыла-рының үлесі зор болды. Оқушылар қабылдау пунктіне 42 пар жылы шұлық, 12 пар жүн қолғап, фуфайка, екі жылы шарф және тағы басқа көптеген жылы киімдер тапсырды.

Соғыс жылдарында Кеңес жауынгерлері заманға лайық қару-жарақпен қамтамасыз еті­луі керек болды. Ол үшін металл қорын көп өндіруге тура келді. Қала мектебінің оқушы­лары бұл іске де бір кісідей жұмыла кірісіп, 60 тонна металл сынықтарын жинады. Алда кеңес жауынгерлерін киіммен, қарумен қамта­ма­сыз етумен бірге астықпен де қамтамасыз ету міндеті тұрды. Кешегі шат өмірдегі жай­дары балалардың соғыс уақытында есей­гендері байқалды. Олардың бойында фашистік Германияға деген кек бар еді. Ол кегін оқу­шылар тылдағы жемісті еңбегімен алып отыр­ды. Әр бала майданнан әкесінің, ағасының келуін, соғыстың жеңіспен аяқталуын күтті. Кү­тіп қана қойған жоқ, сонымен бірге жалын атқан жас ғұмырлар сол жеңісті жақындата түс­ті. Қызыл Армияны астықпен қамтамасыз ету үшін тыл еңбеккерлерімен бірге мектеп оқушылары да бір кісідей егін егуге кірісті. Колхозшыларға жұмыс күші өте қажет болды. Осындай уақытта мектеп пионерлері, ком­сомолдары білек сыбана көмекке келді, жоға­ры сынып оқушылары трактор жүргізуді үйреніп, өздерін егіс даласында саналы түрде жұмыс істей алатындығын көрсетті.

Соғыс жылдарында Орталық Комитет және Совнаркомның егіс даласында еңбек күнін ұзарту туралы қаулысы шықты. Сол қаулыны қолдаған Қызылорда қаласының 15 жастағы мектеп оқушылары 80 еңбек күнін орындауға, 16 жастағылар 100 еңбек күнін орындауға мін­дет­теме қабылдады. Бұл бастаманы облыстың барлық мектеп оқушылары қолдады. 1942 жылы 4 маусымда республикалық газетте Жамбыл облысының қаладағы "Октябрь Революциясы" атындағы мектеп оқушыла­рының колхозға көмек көрсетуді арттыру мақсатымен республика пионерлеріне үндеу хаты жарияланды. Осы үндеуге жауап ретінде Қызылорда қаласы мектептерінде оқу жылы-ның аяқталуына байланысты салтанатты жиналыс болып, онда мектеп оқушылары мен пионерлері колхоз­шыларға көмекке аттануға үн қосты. Олар облыс колхозшыларына көмектесе отырып, жақсы егін жинап алуға міндеттенді. Мұндай бастамаға үлкен ерлік пен жігер керек еді. Осындай ерлік пен жігер кеңес оқушыларының әрқайсысында болды. Олар жеңіс үшін аянбай еңбек етуге міндеттенді. Бұл олардың Отан алдындағы үлкен борышы еді. Оқу жылы аяқтала салысымен мыңдаған мектеп оқу­шылары бір кісідей егіс даласына аттанды. Қаладағы Ворошилов атындағы мектеп оқушы­лары мен пионерлері "Огородник" колхозында еңбек етті.

Егіс даласында күні-түнгі жұмыстармен қатар пионерлер мен мектеп оқушылары  Ке­ңес жауынгерлеріне жылы киім жинау жұмы­сын тоқтатқан жоқ. 1942 жылдың тамыз, қыркүйек, қазан айларында Қызылорда қаласы мектеп оқушылары 16805 жылы киімдік заттар, солардың ішінде 862 қысқа тон, 3267 пар пима, 1880 шапка, 2640 пар қолғап және 4337 кг. шерст жіптерін жинап, майданға жіберді.

Егіс даласында еңбек ете отырып оқушы­лар көркемөнерпаздар  үйірмелеріне қатысып, өз өнерлерін көрсетіп отырды. Иә, жақсы өлең мен жыр еңбек табысының көрінісі бола білді. Балалар өнерлерімен үлкендерді жігерлендіре түсті десек қателеспейміз. 1942-1943 жылдың қорытындысы бойынша оқушылар егіс даласындағы патриоттық қозғалысында үлкен жауапкершілікпен 11 мың мектеп оқушысы және 1475 мұғалім облыстың кол­хоздарында еңбек етті. Жыл бойғы еңбек қорытын-дысында  14232 гектар жерден өнім жинады, 682 гектар жерден шөп орылып, Отанымыз-дың қорғаныс қорын нығайтты. Мектеп оқушыларының еңбек вахталарындағы жұмыстарын бағалай отырып, қалалық Горький атындағы, Ворошилов атындағы мектеп оқушылары грамоталармен марапатталды.

1944 жылы майданға көмек одан әрі жүргізілді. Батыстан жеңіс желі сезіліп жатты. Мектеп оқушылары Қызыл Армияның 26 жыл­дық мерекесін атап өтуге қызу кірісті. Осыған байланысты Қызылорда қалалық Во­ро­шилов атындағы мектеп оқушылары кеш өткізді. Олар жаңа өлеңдер мен әндер жаттап орын­дады. Оқушылар мен оқытушылар майданға көмек ретінде 3 мың сом ақша жинап жіберді. Жаңақорған ауданының "Қызыл Жұлдыз" колхозында жұмыс күшінің жеткіліксіздігінен күріш жинау жұмыстары нашар жүргізіліп жат­қан кезде де көмекке қалалық мектеп оқу­шылары келді. 1943 жылғы мектеп оқушы­ларының социалистік жарысының қорытын­дысы 1944 жылы шығарылды. 2000 сом ақшалай сыйлық және грамота Казақ ССР қаулысымен біздің жерлестерімізге берілді.

Ұлы Отан соғысы аяқталған соң да сол жет­кіншектер бейбіт еліміздің әлеуметтік-эконо­микалық дамуында аянбай еңбек етіп, кеңестік патриотизмнің жарқын үлгісін көр­сет­ті.

Қандай соғыс болмасын, адам баласына қайғы мен қасіреттен басқа ешқандай жақсы­лық әкелген емес. Тарихқа көз жүгіртер бол­сақ, 60 миллионнан астам адамның өмірін жалма­ған сұрапыл сұм соғыс Кеңес үкіметін де айна­лып өтпеді. Осы орайда діні, ділі, тілі бөлек он бес одақтас мемлекет, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, жұдырықтай жұмылып, фашистік басқыншыларға қасқа-йып қарсы тұрды. Бұл жеңіс бізге оңайлықпен кел­меді. Кеңес үкіметі 30 миллионға жуық халқынан айырылды.

Соғыстың бастапқы жылдары КСРО-ның эко­номикалық жағдайы және әскери қару- жарақпен жабдықталуы  Германиямен салыс­тыр­ғанда әлдеқайда артта еді. Соған қара­мастан "елім, жерім" деген Кеңес үкіметінің халқы қолында қаруы болсын-болмасын, отан алдындағы борышын өтеу үшін немістік фа­шис­тердің көзін құртып, елін қорғауға қан май­данға аттанды. Осы соғыста жеңіске жетуі­мізге қомақты үлес қосқан, тыл еңбеккер­лерінің сіңірген еңбегі орасан зор. Майдандағы жауынгерлерді азық-түлікпен, жылы киіммен, оқ-дәрімен қамтамасыз еткен тыл еңбек­керлері болды. Тыл жұмысының ауыртпа­шылығы, колхоздар мен совхоздарда қалған қариялар мен әйелдердің және балалардың мойнына жүктелді. Жұмыс уақыты таңғы 5-тен түнгі 10-ға дейін ұлғайтылып, тыл еңбек­кер­лері жеңіс үшін аянбай қызмет етті.

Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңісі адамзатты фашизм қаупінен құтқарды. Қазақ халқының бұл жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандық­ты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. Қазіргі таңда қаншама елдің бірлігінің бұзылған уақытында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан біздер, шыны­мен де бақыттымыз. Бұл тәуелсіздік біздің Ота­нымызға берілген тәңірдің сыйы, сол тәу­елсіздікті нығайту жолында қазіргі жас ұрпақ­ты туған елінің, жерінің тарихын оқыта отырып, отаншылдыққа тәрбиелеу - біздің басты боры­шымыз. Сол арқылы Елбасының "Мәңгілік ел" идеясының салтанат құруына, ұлттық тарихқа құрметпен қарауға, ұрпақтар арасындағы са­бақ­тас­тықтың берік жалғасуына  өз үлесімізді қосамыз.

Ләззат ЖҰМАБЕКОВА,

№163 орта мектеп тарих пәні мұғалімі.

«Қызылорда - тарих пен тағылым таразысы» облыстық байқауының

 І орын иегері

Жаңақорған ауданы

 

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

"Рухани жаңғыру" идеясын қалай түсініп жүрсіз?

Ұлттық құндылықтарды қайта жаңғырту - 56.3%
Адамның өзін-өзін жетілдіруі - 6.3%
Тарихты тірілту және өткенді зерттеу - 0%
Ата-тегіңді түгендеу - 6.3%
Тарихи мұраларды шетелге таныту - 31.3%

Дауыс саны: 16
The voting for this poll has ended on: 10 Қаз 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Тамыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.