Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

КӨМБЕ

Шет-жұрттан қазақ даласына келген адам ұшы-қиыры жоқ, аспанмен астасқан баябан да­ла­­ны көріп, тілсіз-сұлқ жатқан меңіреу далаға ада­сып қалғандай күй кешері анық. Сырт көзге солай болар. Ал, көзі қарақты жан әр төбесін түртіп қал­са ескі көзе, құмыра, қыш кесектер сынығына кезі­гері сөзсіз. Одан әрі індете түс-сеңіз, өткен ғасыр­лар­дағы өркениет орны қала-ларға жетелей жө­не­лері анық.

Өзіміз ғұмыр кешіп жатқан қазақтың кең саха­расы тұлпардың тұяғы мен түйенің таба-нымен жа­зыл­ған тарих дастаны құм суырған далада көмескі тартқан беті ашылып, зерделі жанға сы­рын ашар. Инемен құдық қазғандай шыдам мен бі­лік­тілік танытсаңыз, көшелері бау-бақшаға көмкерілген, кәріз жүйесіне дейін сақталған қыштан қаланған әсем қаланың үстінен түскені­ңізді білесіз.

Қағазға түсіп, хатталған тарихтан белгі та-рих осы­дан он ғасырға жуық уақыт бұрын қоныс болған, бүгінгі Қоғалыкөл ауылын өркениет көшінің ұлы жолына жалғап жатыр. Тораңғыл сай - Жаңадария мен Қожарық  ортасында орна­ласқан шығыстан батысқа қарай бір, солтүстіктен оңтүстікке қарай біржарым шақырым шақырым жерді алып жатқан Баршынкент. Баршынкент бала кезі-мізде қой жайып жүріп қыш кесек­терімен, оюлы әшекейлі кесе сынықтарына қы­зы­ға қарап, мол қазынаға кенелеміз деп көмбе іздеген жеріміз. Ересектердің талай аңыз әңгімесі­не арқау болған қаланың орны. Қазынаға қызыққанымызбен терең құдықта-рына түсуге жүрегіміз дауаламай, есесіне мол қаржы тапсақ қалай жұмсасақ болар деген қиялға берілген жұмбақ мекен...

1219 жылы 150 мың моңғол қолы Сыр бойы­на бағытталды. Шыңғысхан ұлдары Шағадай мен Үгедейді Отырарды қоршауға қалдырып, үл­кен ұлы Жошыны Сырдарияның төменгі бойын  жаулауға аттандырды. Әске-рінің үшінші тобын Сырдың жоғарғы тобын-дағы қалаларды талқан­дауға жұмсап,  өзі кіші баласымен Бұхара-Самар­хандқа бет бұрды. Араб және парсы жазба­ларын­да отызға тарта қалалардың моңғол шап­қын­шыларының  басып алғандығын жазады.

Жошы қолы Сығанақтың он мың тұрғынын аямай қырып, одан әрі Үзгент, Баршынкентке бағыт ал­ды.

Сырдарияның төменгі бойында ірі қалалар­дың бірі Баршынкент моңғолдарға  көпке дейінгі берілмегендігіне қарағанда бұл мықты бекітілген қала, ол Жентке және Жанкентке баратын іргені қорғаған. "Один город под именем Барчин долго противился ему (т.е. Окедаю)", - деп жазды Плано Карпини. "Бар-шынкент" атануы халық поэмасының кейіпкері Алпамыспен байла­нысты. Оғыз феодал ақсүй-ектерінің өкілі Баршын сұлу есімді атақты әйел Сырдарияның төменгі бойындағы қаланы өз есімімен атады, осыдан Қыз қала атауы шыққан. Аңыз бойынша Сырда­рияның оңтүс-тік жағасындағы Көккесене Баршын сұлудың құрметіне салынған. (Әлкей Мар-ғұлан шығ. 9 том).

Қоғалыкөл іргесіндегі Баршынкент, Қыз-қала, Қышқала атауымен  тарихта таңбаланған бұл қалаға 1992 жылы М.Елеуов пен Т.Мамидің  қаты­суымен  археологиялық зерт-теу жүргізілді. Айнала ор қазылған қаланың оңтүстігінен солтүстігіне қарай орналасқан орталық көшенің  орны анықталды. Мешіт және үй орындарына қазба жүргізіліп тиын, керамика өнімдері жиналып ертедегі қаланың төлқұжаты жасалды. Қабырғасы 19 қабат кір-піштен қаланған бір бөлмеге зерттеу жұмыс-тары жүргізілді. Бөлменің шығысында өрнекті қаптамалардың сынық тары табылды. Онда араб тілінде жазылып, көгілдір ақшыл түспен өр-нектер салынған. Қазба барысында керамика сынықтары, әйнек, моншақ үзінділері кез-десті.

Сонымен қатар іргетасы қыш кірпіштен қа­лан­ған мешіт немесе медресеге зерттеу жүр­гізілді. Кіреберіс есігі шығысқа қараған бұл ғима­рат­тың  төрт бұрышы дүниенің төрт жағы-на бағытталып, құрылыс құбылаға бағдарлан­ғандығы анықталды. Қазба тереңдеген сайын ыдыс сынықтары сирек кездесті. Қыш сынық­тары үстіңгі мәдениет қабатында кездесті. Соны­мен бірге теңгелер де табылды. Мұн-дағы кіре беріс бөлме қойма болып, тандыр шығу есігіне қарай орналасқан. Орталақ бөлме шаруашылық  және тұрғындық қызмет атқарған.

Археологиялық зерттеу Алтын Орда мен Түр­кістан өлкесіндегі экономикалық  дамыған аймақтармен бірге тауар - ақша қатынаста-рында маңызды рөл атқарғандығын дәлелдеп берді.

"Қыз қала", "Қышқала", "Баршынкент". Бүгін бұл жерге тағы келдім. Көлемі әртүрлі төбелер бір-біріне жалғасып, бар сырын бүгіп сұлық жатыр. Айнала қазылған ор, ойпаңға өскен шоқ-шоқ шеңгел, дария жағалай өскен жиде, жыңғыл, тоғай. Мамыр айының бар сұлулығын паш ету үшін алқызыл гүлін, жапырағын жайып жай­қалып тұр. Үп еткен самалмен ырғалған жиде, шеңгелдің жұпар иісі бас айналдырып, бойыңды балқытып барады. Биылғы жылға тән жаяу бұрқасын жүре бастады. Сәлден соң жел кү­шейіп, тұтасқан қалың бұлт түтілген жүндей ыдырап түте-түтесі шықты. Теріскейдегі айдау жолдың шаңы көтеріліп, борай бастады. Тура сегіз жүз жыл бұрын шығыстан қалың қол дәл осылай қаптаған болар. Топыраққа көмілген жұмбақ қалада қауырт жұмыс. Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ профессоры, тарих ғылым­дарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мадияр Елеуов пен Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының бас ғылы­ми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Дөкей Талеев бастаған археологтар зерттеу жұмысын бастағалы айдың жүзі ауды. Дөкей Әбдікерімұлы бастаған топ бар сән-салтана­тымен бауырына басып, құлаған алып қабыр­ғаны аршып жатыр. Жапырақ гүл ақ, көк түспен боялып қиюластырылған мозайка маңдайша жақтауларды, көлемі 40х40 см болатын бетіне ою-өрнек бедерленіп күй-дірілген қыш плиталарды ашып алу инемен құдық қазғандай ыждағаттылықты талап ететін қиын жұмыс екен. Мадияр Елеуов бастаған  топ мешіт пен медресе орнын аршып, жергілікті халық талап кеткен қыштан қаланған табанын төрт қатардай өріп, бұрынғы әсем ғимараттың сұлбасын келтіруде. Бұрыштары дөңгелек колона болып өрілген ауқымды алып ғимараттың орны өткен ғасыр­лардың сән-салтанаты жарасқан өркениет ерлерінің мекені екенін айшықтап тұр.

Қазба жұмыстарын жүргізуші археолог- ғалымдар Баршынкент қаласына жақын маңда тағы да қалалар болу керек екендігін, «сол қала­лар­дың орнын көрсете алатын жер жағдайын білетін жан болса» деген ниетін білдірді. Ізде­генге сұраған. Бала кезден әкеміз қой қыстатқан, әкеге еріп қоғам малын өз төл есебінен көбейтіп абы-рой тапқан Мұңайтпас аталатын алқапта талай қала мен қоныстың орны бар екенін жайып салдым.

Осы Қоғалыкөл ауылынан қол созым жерде ғана ондаған шақырым жерге созылып жатқан Көксеңгірдің етегіндегі Сырлытам, оған жапсарлас жатқан Заңғарқала. Көксең-гірдің шығысында Мортық қоныстары, оған іргелес Ашнас, жоғарыда әңгіме болған Баршынкент - Қышқала сияқты елді мекендер көп болған. Бұл біздің өлкемізде осы кезеңде қала мәдениетінің өркен жайып, жоғары дамығандығының айғағы.

Одан бөлек ауылдан 20-30 шақырым жердегі "Қорғанша", "Мыңшоқы", "Тазтөбе" аталатын қо-ныстардан табылған жәдігерлер  осы өлкенің бай тарихының айғағы. "Қорғаншадан" табылып, Бесарық ауыл музейінде сақталған диаметрі бір метр бола-тын тас диірмен, шығырмен су шы­ғаруға арналған қыш құмыралар өткен күннің біз­ге қалдырған сыйы, ата-бабаларымыздың  өрке­ниетінің құнды жәдігерлері.

937-1050 жылдары өмір сүрген  ортаазиялық  энциклопедист-ғалым Әбу-Райхан әл-Бирунидің айтуынша, Сырдың орта  және төменгі ағысы атырабында үш жүз қала болғандығын жазды. Академик  Ә.Марғұлан мен археолог К.Байпақов жасаған картада 37 қаланың атауы берілген.

Көлік иесі Нағи Ілиясов ауылының қоғам-дық кеңес төрағасы Нұрмағанбет Қуандықов, ғалым­дар Мадияр Елеуов, Дөкей Талеевпен бірге Жаңадарияның сол жақ беті, Бесарық ауылынан батысқа қарай бет алып келеміз.

Археолог-ғалымдар «баға жетпес байлыққа кенел­ген, сәтті сапар болды» деп бағалаған, Дөкей Әбдікерімұлы жазған сапардың қоры-тын­ды анықтамасында біз топырағын басып жүрген жердің әр төбесі тарихты бауырына бүгіп жатқан­дығынан анықтап бергендей.

Тазтөбе (Жұмабай) қалашығы. Бесарық ауы­лынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км, Қоға-лыкөл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км шама­сында Жаңадарияның сол жағалауынан біршама жерде орналасқан.

Қорғанша қалашығы. VІ-Х ғғ. Бесарық ауы­лынан оңтүстік-батысқа қарай 28 км, Қоғалыкөл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде, көне арнаның оң жағалауында орналасқан. Географиялық координаттары: С.44035'46,23''; Ш.65004'58'', теңіз деңгейінен биіктігі   т.д.б. 120 м. Сыртында қорғаныс қа-бырғасы бар ұзын қорғанды қала орны. Жалпы аумағы 8 га шамасында. Орта тұста орналасқан цитаделінің көлемі 65х75 м, биіктігі 2-2,5 м. Төрт бұрышында төрт мұнараның орны бай-қалады. Қақпасы оңтүстік шетінде. Қаланың ұзын қорғанының ішіндегі аймақта қыш ыдыстардың ұсақ сынық­тары өте көп кез-деседі. Арасында диірмен тастар мен темір шлактары да бар. Сырлы ыдыстың сынықтары сирек және ұсақ ыдыстардың сынықтары кез-деседі. Оңтүстік-шығыс бұрышына салынған барлау шұңқырынан  көзешарықта жасалған қыш ыдыстардың сынықтары, темір қорыт-пасы, қазанның, шығыр құмырасының, табаның т.б. көптеген ыдыстардың бөліктері табылды.

Мыңшоқы қалашығы.  Х-ХІV ғғ. Бесарық ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 18 км, Қорғанша қалашығынан солтүстік-батысқа қарай 8 шақырым жерде орналасқан. Геогра-фиялық координаттары: С.44037'04,25''; Ш.65010.'31,71'', теңіз деңгейінен биіктігі т.д.б. 123 м. Төрткүл түріндегі қалашықтың көлемі 90х90 м, мәдени қабатының биіктігі 0,5-0,8 м. Бұрын белгісіз болып келген. Үстінен табылған қыш ыдыстар мен бірнеше мыс бақырлар, қолайна, моншақтар қалашық-тың жоғарғы қабатының ХІV ғасырға жата-тынын білдіреді.

Рухани жаңғыруға  жол ашып отырған игілікті іс жалғасын табу үшін кейінгі ұрпаққа жеткізе біліп, оны сақтау, зерттеу жұмысын жалғастырар деген үмітпен аз-кем әңгіме еттік.

Жұмабай БАЙЗАҚҰЛЫ,

Қазақстан журналистер

Одағының мүшесі,

өлкетанушы.

Сырдария ауданы

 

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

"Рухани жаңғыру" идеясын қалай түсініп жүрсіз?

Ұлттық құндылықтарды қайта жаңғырту - 56.3%
Адамның өзін-өзін жетілдіруі - 6.3%
Тарихты тірілту және өткенді зерттеу - 0%
Ата-тегіңді түгендеу - 6.3%
Тарихи мұраларды шетелге таныту - 31.3%

Дауыс саны: 16
The voting for this poll has ended on: 10 Қаз 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Тамыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 15 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.