Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Материалдар

«ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралары тізіміне енген 16 нысанның тоғызы – Сыр елінде»

     Сыр елі - тарихи жер. Тамырын тереңге тартқан. Тарихи мұралар мен жәдігерлерге толы, ішіне талай сырды бүккен киелі топырақ. Археологиялық қазбалар Сыр өңірінің тарихқа бай екенін дәлелдеп жатыр. Оның үстіне, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тарихты тереңдей зерттеуге мүмкіндік туғызды. Осы орайда Қызылорда облыстық тарихи ескерткіштерді қорғау жөніндегі мекеме директоры Сапар Көзейбаевты әңгімеге тарттық.

- Сапар Әлиасқарұлы, өңірімізде тарихи-мәде­ни мұралар қаншалықты деңгейде қорға­луда, қандай қолдау көріп отырсыздар?

- Қай кезде де болмасын, тарихи-мәдени мұ­ра мәселесі - мемлекеттік саясатының ба­сым ба­ғыт­тарының бірі. Сондықтан да бұл са­ла­ға ай­рық­ша көңіл бөлініп, көптеген жобалар жүзеге асырылатын болады.

Қазіргі таңда Қызылорда облысы бойын­ша 517 тарихи-мәдени мұра нысандары мем­ле­кет қорғауына алынған. Оның ішінде отызы респу­бликалық, 256-сы жергілікті маңызы бар,  231 ескерткіш алдын-ала есепке алынған тарихи-мә­дени мұра объектілерінің тізіміне енгізілген. Ар­хе­ологиялық ескерткіштер - 127, сәулет және қа­ла құрылысы ескерткіш­тері - 390. Осы тұста айта кету керек, 2017 жыл Қазақстан Республи­касының Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы арнайы комиссияның шешімімен республикалық маңызы бар тізімге қосымша 9 ескерткіш ен­­гізі­ліп, нәтижесінде олардың саны отызға жеткен болатын.

 

Аймағымызда тарих және мәдениет ес­керт­­кіштерін қорғау аймағын белгілеу жұ­мыс­тары 2013 жылы қолға алынып, 5 жыл көлемінде қырыққа жуық ескерткіштің шека­ра­лары облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілді. Мемлекет қорғауындағы ескерт­кіштердің әрқайсысына қолданыстағы "Тари­хи мәдени мұра объктілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республика-сының заңы және одан туындайтын қағидалары шеңберінде қорғау шараларымен қатар, ар­хеологиялық зерттеу, қайта қалпына келтіру және тағы да басқа кешенді жұмыс-тарды ұдайы жүргізіп келеміз. Әрине, бұған облыс әкімдігі, Мәдениет басқармасы үлкен қолдау көрсетіп отыр.

Ал, 2017 жылы "Рухани қазына" кіші бағдар­ламасы аясында аталмыш жобаның бірінші кезеңінің нәтижесінде облыс бойынша 12 ескерт­кіш "Жалпыұлттық қасиетті нысандар" және 35 нысан "Өңірлік қасиетті нысандар" кі­тап­тарына енгізілді.

- Өңірдің тарихи-мәдени құндылық-тарын сақтау және пайдалану бағытын-дағы жұмыс­тарға тоқталсаңыз.

- 2013 жылы облыс әкімінің тікелей ықпа­лы­мен өңірдің тарихи-мәдени мұраларын қор­ғау және пайдалану жөніндегі ғылыми әдісте­мелік кеңестің құрылуы саладағы өзекті мәсе­ле­лерді шешу және оның ғылыми маңыздылық деңгейін көтеру бағытындағы шараларды жүргізуге жаңаша серпін берді. Әдістемелік кеңестің құрамында белгілі археолог-тарих­шылар Мадияр Елеуов, Зейнолла Самашев, Жолдасбек Құрманқұлов, Карл Байпақов, Бауыржан Байтанаев, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов сынды елімізге белгілі зиялы қауым өкілдерімен қатар, отанымыздың белді оқу орындарының, ғылыми зерттеу мекемелерінің басшылары да бар. Облысымызда жылына бір рет осы Кеңестің мәжілісі өткізіліп, өңірдің тарихи-мәдени құндылықтарын сақтау және пайдалану бағы­тындағы маңызды жобалар жүзеге асырылып келеді.

2014 жылдан бері облыстық бюджет есебі­нен сақтардың бірегей ескерткіші Шірік-Рабат, төрт хандықтың астанасы болған Сығанақ, оғыздардың ордасы Жанкент, Жент қалаларына зерт­теу жұмыстары жүргізілуде. Зерттеу жұ­мыс­тары аясында маңызды мәдени нысандар аршылып, Сыр елінің археологиясы тың де­рек­термен толықтырылуда. Қазіргі уақытта археологиялық зерттеулер барысында тек қаз­ба жұмыстарымен ғана шектелмей, аршылған нысандарды сақтау, қалпына келтіру шарала­рына да көңіл бөліп келеміз. Сондай-ақ, табыл­ған құнды жәдігерлеріміз облыстық музейге өт­кі­зіл­ді.

- Қызылорда өңіріндегі тарихи нысан-дарды әлемдік аренаға шығару бағытында қандай жұмыстар жасалынып жатыр?

- Қазіргі уақытта "Жібек жолы: Сырдария-Ферғана дәлізі" сериялық трансшекаралық номинациясы бойынша ЮНЕСКО-ның бү­кіләлем­дік мұраларының алдын-ала тізіміне Қазақстан бойынша 16 нысан енгізілсе, оның тоғызы Сыр өңірінде орналасқан. Бұл үлкен же­тіс­тік. Олар: Сығанақ, Жанкент, Жент, Ші­рік-Рабат, Бәбіш молла, Бұланды, Кескен-Күй­ік қалашықтары, Жетіасар мәдениетінің ескерткіштері және Сауысқандық петроглиф­тері.

Оған қоса, ЮНЕСКО-ның тізіміне нысан­дар­ды енгізу мәселесін ілгерілету мақсатында облыс әкімдігі тарапынан облыстық бюджет есебінен Сығанақ, Жанкент, Жетіасар мәде­ниеті ескерткіштері және Сауысқандық петро­глиф­терінің толық құжаттамалар топтамасы әзірленді.

"Мәдени мұра" бағдарламасы аясында да облы­сымыздағы отыздан аса ескерткішке қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілсе, кейінгі уақытта да бұл жұмыстарды жалғастыру Ке­ңес­тің назарынан тыс қалған жоқ. Оған дәлел ретінде түркітілдес елдердің рухани орталы­ғына айналдыру мақсатында белгілі сәулетші Бек Ибраевтың жобасымен республикалық маңызы бар Қорқыт ата мемориалдық кешені реконструкциядан өткендігін айтуға болады. Бүгінгі күні бұл кешен шетелдік қонақтардың қызығушылығын тудыратын еліміздің бірден-бір туристік нысанына айналды.

Сондай-ақ, соңғы жылдары облыс орталы­ғын­дағы жергілікті маңызы бар Асқар Тоқма­ғам­бетов атындағы мәдениет үйі, бұрынғы ка­зарма, облыстық музей ғимараттары мен "Аш­ар­­шылық және саяси-қуғын сүргін құрбанда­рына арналған" ескерткіш, Қармақшы ауданын­дағы Қалқай ишан кесенесі қайта жаңғыртудан өтті. Қолда барды қастерлеп, оны насихаттау жұмыстары үздіксіз жасалынуда. Сол себепті де Сыр өңірінің сыршыл жәдігерлері еш елден кем емес деуге толық негіз бар.

- Жасалынып жатқан жұмыстарды жүзеге асыруда мәселелер толыққанды шешілген бе? Тарихи орындарды туризм көзіне айналдыру мүмкіндігі қандай?

- Қазіргі таңда ортағасырлық Сығанақ қалашығының қоршау жұмыстарына 20,0 млн. теңге бөлініп, түрлі тұмыстар жүргізілуде. Қалашықты толыққанды туристік нысанға айналдыру - алдағы міндетіміз. Осы жылы Мә­де­ниет және спорт министрлігі тарапынан қалашықтағы қайта жаңғырту жұмыстары және облыстық бюджет есебінен археологиялық зерттеулер басталады. Бұл мәселеге Жаңақор­ған ауданының әкімдігі де атсалысып, қала­шықтың толық инфрақұрылымын, яки жол, автотұрақ, жарық бағаналарын орнату шарала­рын атқаруды жоспарлауда. Осы жұмыстардың нәтижесімен Сығанақ қалашығының автомо­биль жолы магистралінің бойында орналас­қанын ескеріп, алдағы уақытта республикалық қорық-мұражайын ашуға ұсыныс беретін болады.

Тек бұл ғана емес, археологиялық зерттеу жұмыстары Сығанақ қалашығымен қатар, Жан­кент, Сортөбе, Бәбіш молла, Қышқала қала­шықтарына жүргізілмек. Сонымен қатар, өңірлік маңызы бар Қалжан ахун мешіт-медресесі және Қармақшы ауданындағы Марал ишан кесенесі реставрациядан өткізілді.

"Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында тарих және мәдениет ескерткіштерін сандық форматқа көшіру мақсатында Қызылорда об­лы­сы­ның тарихи-мәдени мұра объектілерінің 3D форматтағы интерактивті картасын әзірлеу және облыс көлеміндегі тарих және мәдениет ескерткіштеріне QR-код орнату жұмыстары жүргізіледі. Жобаның нәтижесімен әрбір ескерткіштің толық сипаттамасы жасал­ған мәліметтер базасы дайындалады. Интерак­тивті картада 3D форматтағы ескерткіштің сұлбасы, фото және видео турлар беріледі. Бұл өз кезегінде туристер мен зерттеушілер үшін де тиімді болады деп есептейміз.

- Әңгімеңізге рақмет.

Айдар ӘДІЛЖАНҰЛЫ

 

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Сіз қалаған ұялы телефон қандай?

Айфон - 50%
Нокиа - 5.6%
Самсунг - 11.1%
Хуавей - 5.6%
LG - 27.8%

Дауыс саны: 18
The voting for this poll has ended on: 10 Қар 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Тамыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.