Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

СЫР БОЙЫНДАҒЫ ШАЙҚАСТАР

Сығанақтағы  шайқас. 1219 ж.

1219 - 1220 жж. Сығанақты Жошы әскері ба­сып алып, өзіне қатты қарсылық көрсеткендерді қырғынға ұшыратты. Осы кезден бастап қала Жошы ұлысына қарады. Сығанақ кейін Ақ Орданың, көшпенді қазақ-өзбек Шайбанид Әбілқайыр ханның және Қазақ хандығының астанасы болған.

Қарақұм  құрылтайы. 1710 ж.

1710 жылы қазіргі Қызылорда облысы, Арал ауданында үш жүз өкiлдерiнiң жоңғар басқын­шылығына қарсы күрес ұйымдастыру үшiн құ­рыл­ған жиын. Ол Арал теңiзiнiң солтүстiгiндегi Қарақұм алқабында өттi. Бұл басқосуға ықпал жасаған Тәуке хан болды. Ол қазақ жасақтары мен қазақ руларын басқаруды құрылымдық тұр­ғы­дан қайта ұйымдастырудың жоспарын ұсын­ды. Қазақтардың қорғаныс қабiлетiн нығайту үшiн сұлтандар билiгiн шектеп, үш жүздi жауапты би­лер арқылы басқаруға ұмтылды. Жиынға қатысушылардың пiкiрлерi ортақ болған жоқ. Олардың бiр бөлiгi жоңғарларға бодан болуды жөн көрсе, кейбiреулерi аңдысын аңду пиғылын ұстанды. Табын Бөкенбай батыр халықты жоң­ғар­ларға қарсы шабуыл жасауға көндiрдi. Бұл басқосуда хандар арасынан жоғарғы қолбасшы сайлау туралы мәселе көтерiлдi. Оған үмiткерлер Қайып сұлтан мен Әбiлқайыр болды. Жасақ­тарға табын Бөкенбай жетекшi болып сайланса, хан билiгi Әбiлқайырға берiлдi. Қазіргі уақытта осы жерге белгі қойылса, тарихи орынның құны артар еді.

 

Жауғаш шайқасы. 1725 ж.

Бұл XVIII ғасырдағы қазақ-жоңғар соғы­сындағы қазақтардың ең алғашқы рет жеңіске жетуі еді. Сыр бойы батырларының үлкен ерлігі 1725 жылы Сыр өңіріндегі Қармақшы ауданын­дағы Жауғаш деген жерде болған. Әйгілі Аңыра­қай шайқасы кейін болған. Бұл дерек бізге айтыл­ған тарих болып атадан балаға жетіп отыр. Өкі­ні­ш­тісі, кітаптарға енгізілмей жүр.

Ақиректегі шайқас. 1836 ж.

Хиуа хандығы Аллақұл ханның тұсында 1835 жылы Қуандарияның батысындағы Құр­төбе деген жерге бекініс салып, онда 200 әскер ұс­тайды. Хиуа ханы Аллақұл Сыр бойының ба­ты­ры Жанқожаға арқа сүйеп, алым-салық төлеу­ден бас тартып, Хиуа бегі Бабажанның озбыр­лы­­ғына көнбей жүрген Сырдың төменгі саға­сындағы қазақтарды тәртіпке келтіру үшін түрік­мен Аймұхамед палуанды жасақтарымен жібе­реді. 1836 жылы Ақирек деген жерде Сыр бойы ба­ты­ры Жанқожа әскерлерімен Хиуа әскері шайқасады. Осы шайқаста Аймұхамед палуанды Жанқожа жекпе-жекте өлтіреді. Басшысы мерт болған палуанның жасақтары бас сауғалап қашу­ға мәжбүр болды. Жанқожа бұдан кейін де Сыр бойындағы қазақтарды хиуалықтардың езгі­сі­нен құтқару үшін, олардың бекіністеріне жиі-жиі ша­бу­ыл жасап отырды. Оның бұл жорықтары нә­ти­желі болып, Хиуа бекіністері көп шығынға ұшырады.

Ақмешіт түбіндегі шайқас. 1853 ж.

Патша үкіметі Орынбор генерал-губернаторы В.Перовскийге Ақмешітті қалай да басып алу туралы тапсырма береді. Перовский 1853 жылы 22 сәуірде 3 мыңнан аса әскерді бастап жорыққа шығады. Перовский бұл әскери іс-шараға жоғары деңгейде дайындалғаны соншалықты, оған сол уақыттағы орыс әскерінің барлық түрлері: жаяу әскер, атты әскер, зеңбірек батареялары, инже­нер­лік топ, саперлік бөлім, казактар және әскери фло­ти­лияны кіргізеді. Ақмешітке жеткен Перовский бастаған патша әскерлері бекініске тіке шабуылға шығуға бата алмай, қоршауға алып, батареяларды орналастыру үшін оның жан-жа­ғы­нан траншеялар қазады. Бекіністі қорғау­шы­ларға сырттан көмекке әскердің келмеу амалын қарастырған Перовский Жаңадариядағы тоспа­ны бұзып жібереді. Орыстарға көмекке Сыр бойын­да хандық құрған Әбілқайыр ханның шөп­шегі Елікей хан Қасымұлы әскерімен қосы­лады. Ақмешіттің түбінде қазақтар мен қоқандық­тар­дың шайқасы кезінде жекпе-жек болады. Жаппас Құрақ батыр, жаппас Табан батыр жекпе-жекке шығып, орасан ерлік көрсетеді.1853 жылы 8 шілдеде барлық батарея­лардан бекініске қарай оқ жаудыруға бұйрық береді. Бекіністі қорғау­шылар жау күшіне төтеп беріп, қарсы шабуыл жасайды. Олардың ерлігіне Перовскийдің өзі де таңғалып, Булгаков деген досына жазған хатында "Бекіністегі 300 адамды өз еркімен бері­луге мәжбүр ете алар емеспін" деп мойындайды. Қорғанға бірінші болып Сыр бойының қазақтары кіреді. Осылайша Ақмешіт бекінісін қорғаушылар өз күштерінің әлсіздігіне қарамастан, орыс әскерімен үш аптадан аса аянбай соғысып, ақы­ры оқ-дәрісі таусылған соң амалсыздан беріледі. Ал, Ақмешітті қорғаушылар дені қазақтардан бол­ған­дықтан, ұзақ уақыт бойы өздерінің туған қала­сы үшін шайқасты. Сонымен қатар, Ақмешітті қорғаушылардың қазақтардан тұрғанын мұрағат құ­жаттары дәлелдей түседі. Перовскийдің жоға­ры жаққа жасаған мәліметінде Ақмешітті қорғау кезінде өлгендердің бәрін қоқан­дықтар деп ата­ған. "Тұтқынға түскен 74 қорғау­шы­ның біреуі ғана бұхарлық саудагер, ал қалған­дарының бәрі де сол жердің қазақтары" дейді.

Арықбалық шайқасы. 1857 ж.

Қазалы бекінісі түбінде орыс патшасының озбырлығына қарсы Жанқожа батыр (1774-1860) бастаған көтеріліске 7 мыңдай адам қатысқан. Ақтық шайқас 1857 жылы 9 қаңтарда Фитингоф бас­таған жазалаушы әскермен Арықбалық жерін­де өткен. Қазақ сарбаздары орасан ерлік көрсе­теді. Дегенмен Жанқожа батыр бастаған көте­ріліс жеңіліс табады. Орыс әскерінің зеңбіректері жеңісті генерал Фитингофтқа алып береді.

Көжебай сайындағы шайқас. 1930 ж.

Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, орташаларды, кейде тіпте кедейлерді де кулактар қатарына жатқызу, жұртты мал-мүліктерінен айырып және дінге тыйым салғандықтан, Сыр бойы халқы да Кеңестік жүйеге қарсы көтеріліске шықты. 1930 жылы Қармақшы және Тереңөзек аудандарының жерінде молда Жұмағазы хан Бәйімбетұлы мен батыр Қожбан хан Жұбанұлы басқарған көтеріліс болды. Ел аузында бұл көте­рілісті "Алтын көтерілісі" деген. Өйткені көп­шілігі Кі­ші жүздің Алтын руынан болған. Көте­рілісшілер мен Кеңес үкіметі әскерлерімен болған ше­шу­ші шайқас 1930 жылы 8 желтоқсанда Көжебай сайында болды. Көтерілісшілер күші тең емес ұрыста талқандалды. Қанды қырғын бол­ған.

Қарақ  маңындағы шайқас. 1930 ж.

Кеңес үкіметіне қарсы шыққан көтеріліс. Басшысы Ақмырза Төсұлы. Қол астына топ­тасқан үш мыңдай адамды Ақмырза екіге бөліп, "Қарақ" тобын өзі, ал "Кеңтүп" тобын інісі Таймырза (1905 жылы туған) басқарады. Көте­рілісті басуға ОГПУ органдары Қазалы мен Қы­зы­лордадан 2 әскери отряд шығарады. Отряд­тарға өз қандастарымыз жол көрсетіп жүреді. Жа­за­лаушылар Ақмырза қолын батысы мен шығы­сынан қоршайды. Алғашқы соғыс 14 наурызда Қарақ елді мекеніне жақын Ақмырза мешітінің маңында болып, онда көтерілісшілер 170-тей ада­мынан айрылады. Зеңбірек, пулеметпен қаруланған қызылдардың шығыны тоғыз солдат қана. Архив құжаттары осылай дейді. Аталған шайқас кезіндегі Абат және Төлеген Жеке­батыровтар, Әжікерей сынды мергендердің жан­қияр­лық ерліктері ел жадынан әлі өшкен жоқ.

Күші мен қаруы басым жазалаушылармен (бас­шы­лары Жалудь, Цуканов, Ж.Альшанский) бірнеше мәрте шайқасып, титықтаған көте­ріліс­шілерге Ақмырза: "...Жеңілетініме менің зейінім жетеді. Ұлттық мүддені қорғау жолында өлсем арма­ным жоқ! Аман-сау тұрғанда бас сауға­лаңдар!" деп рұқсат береді. Жанында қалған аз ғана жасақтарымен бірге Қызылқұмда 1930 жылғы 26 наурызда болған соңғы шайқаста көте­рі­лісшілердің 107-сі қаза тауып, 150-дейі жара­ланады, ал 200-ге жуығы құтылып кетеді. Қы­зыл­дар мен олардың жергілікті жандайшаптары Ақмырзаны өлтіріп, онымен қоймай, медреседегі барлық кітаптарды, басқа да заттарды үстіне үйіп өртеп, мешіттің төбесін ортасына түсіреді. Ақмырзаның өліміне қатысты ел аузында басқа да әңгімелер кездеседі. Барлығына ортақ ақиқат біреу, ол - Ақмырзаның өртелгені.

Әлсейіт өткелі жанындағы шайқас.   1930 ж.

Кеңес үкіметіне қарсы шыққан көтеріліс­шілердің басым бөлігі Кіші жүздің Әлім тайпасының Асан руынан шыққан. Сол себепті көтеріліс Асан көтерілісі деп аталған. Тамыздың соңғы күндерінің бірінде ОГПУ қызметкерлері астық салығын төлеуден бас тартқан 22-ауылдың бас көтерер азаматтары Д.Асанов, Ж.Тілеубаев, А.Қалдыбаев және Б.Тілеулиевті тұтқынға алған. Оларды ауыл адамдары ертеңінде күшпен босатқан. 22-ауыл көтерілісшілеріне 19, 20, 21, 23, 24, 25-ауылдардың және көршілес Арал ауданының кейбір ауылдарының тұрғындары қосылып, толқуға қатысқан адамдар қатары 1000-ға жуықтаған. Көтерілісшілердің басшысы болып 22-ауыл тұрғыны Имам мақсым сайланған. 1930 жылы 4 қыркүйекте қазақтар жасағы көтерілісті басуға жіберілген 80 адамдық ОГПУ әскеріне тұтқиылдан шабуыл жасады. 6 қыркүйекте олар Алматыдан келген қазақ атты әскер дивизионымен шайқасып, 40 адамынан айрылды. Имам мақсым осы ұрыста қаза тапты. Кейін Сырдария өзенінің Әлсейіт өткелі жанында ескерткіш орнатылды.

Бақытжан Ахметбек,

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті "Қорқыттану және өлке тарихы" ғылыми зерттеу

институтының ғылыми қызметкері

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Маусым 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 29 30  

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 44 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.