Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

«Ақпараттың мерзімін ұзарту журналистің қолын байлап отыр»

Қазір қас-қағым сәтте ақпарат алмасып, ой-пікір еркін кейде жабайы түрде ортаға тасталып жатыр. Бірақ, осы жаңалығы желмен жарысқан жаһандық ақпараттану журналистиканың функциясы мен жауапкершілігін өзге арнаға бұрып барады. Тексерілмеген ақпарат, өсек-аяңға құрылған мақалалар мен арзан атақ жолындағы жұлдыздардың өмірі журналистикадағы тақырыптарда талғамның қалмай бара жатқанын көз алдына әкеледі. Оған ортақ мүдде аясында қызмет атқаратын кәсіби журналистердің алдын орап, жеңіл-желпі ақпаратты сан құбылтып, қоғамдық санаға салмақ салып жүрген әлеуметтік желі белсенділерін қосыңыз.

Ал, жаңадан қолданысқа енген БАҚ туралы заңдағы жеке азаматтардың келісімі негізінде ақпарат алу, ақпаратты сұратудың мерзімінің ұлғаюы, заңдағы кейбір құпия ақпараттардың берілу формасының өзгеруі төртінші билік өкілдерін шатастырып отыр. Төл мерекеге орай жаңа заң аясында Алматыдағы Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоциациясының Бұқаралық ақпарат құралдарына қолдау көрсету орталығының заңгері Салтанат Қалдыбекованы сұхбат алаңына шақырдық.

- Салтанат ханым, өткен жылы "жаңа БАҚ туралы заң қабылданады" дегелі бері журналистер елең ете қалды. Әсіресе, әріп­тестер арасында "кейбір өзгерістер журна­лист жұмысын одан әрі шектейді" деген алаң­даушылық болды. Биыл заң қабыл­дан­ды, өзгерістер енді. ҚР Ақпарат және комму­никация министрі Дәурен Абаев заңға қатыс­ты ашық мәлімдемелер жасағанымен, жур­на­листер арасында әлі де заңға қатысты басы ашылмаған сұрақтар бар. Заңгер ретінде ай­тыңызшы, билікке БАҚ туралы заңға өзгеріс енгізу не үшін керек болды деп ой­лайсыз?

- Қоғам алға жылжыған сайын заңнаманың нормалары да өзгереді. Бұл халықаралық практикада бар дүние. Себебі жаңарған уақытта ескі талаптармен қалуға тағы да болмайды. Өздеріңіз білесіздер, қазір ақпаратты алу ашық, сондықтан кез келген қоғам мүшесі өзіне қажетті ақпаратты ала алады. Оның үстіне бүгінде электрон­ды ақпарат құралдары мен интернет ресурстары көптеп ашылып, ақпараттардың арнасы кеңеюде. Дегенмен осы жекеленген сайттардың жауапкершілігі әлі де орныға қойған жоқ. Ендігіде БАҚ туралы заңда ақпаратқа деген жауапкершілік күшейді. Осы үшін де заңға толықтырулар енді. Жалпы Заң аясында 6 кодекс­ке, 16 заңға толықтырулар енгізілді.

- Жаңа мәтін таныстырылған сәтте жур­на­листер ақпаратты сұрату мерзіміне қатыс­ты ұлардай шулап кетті. Ресми органдардан ақпаратты алу мерзімін ұзартуда билік қандай саясат ұстанып отыр?

- Бұрынғы "Бұқаралық ақпарат құралдары" туралы заңнама нормалары бойынша мемле­кеттік орган мен басқа ұйымдарға өтініш келіп түс­кен күннен бастап  журналистерге жауап беру мерзіміне 3 күн белгіленген еді. Ал, жаңа талаптарға байланысты ресми хабарларға түсі­нік­теме беруге 2 күн, журналистің сұранысына 7 жұмыс күні ішінде және бір мәрте күнтізбелік 15 күн  берілді. Мұнан бөлек, билік төтенше жағ­дай­ларға байланысты міндетті хабарламаларға 3 сағат ішінде жауап беруі тиіс. "Мерзімді неліктен ұзартып отыр?" деген сауалға келер болсақ, құзырлы министрлік журналистерге ресми тараптан сапалы әрі сенімді ақпарат беру үшін осынша уақыттың қажет екенін алға тартады. Себебі қоғамда жалған ақпарат, тексерілмеген деректер көптеп таралып кетті. Осыған тосқауыл қою үшін жеті күн мерзім бекітілді. Кез келген оқиғаға байланысты ақпарат иесі не лауазымды тұлға оны зерттемей ақпарат бере алмайды. Бірақ, практикалық тұрғыда қарайықшы. Болған оқиғаны дер кезінде журналист бере алмаса, ол ақпараттың қоғамға қажеті қанша? Негізі ақпарат 3 минут сайын өзгеріп отырады. Мәселен, 10 минут ішінде сөзге ілігерлік оқиғалар орын алса және соны журналист 7 күннен кейін халыққа  таратса, оның мәні де болмай қалады. Демек, ақпараттың мерзімін белгілеуде ең бірінші журналист, екінші қоғам зардап шегуде. Қалай десек те, ақпараттың мерзімін ұзарту журналис­тердің қолын байлап отыр.

- Заң мәтінімен таныстыңыз. Маман ретінде пікіріңізді білсек, жаңа заң журна­листерді биліктің алдына тіреп қойған жоқ па? Ақпарат көзін алуда жеке бастың жазбаша рұқсатын алу сынды заңдағы тағы қандай тұс­тарды атап өте аласыз?

- Бұл сұраққа былай деп жауап берейін. Негізі заңның тиімді тұстары жоқ деп айта алмаймын. Ең әуелі, журналисті жауапкершіліктен босатты. Себебі бұрындары журналистерді таратқан ақпараты үшін жауапкершілікке алса, ендігіде ақпарат ұсынған адам жауапты. Ол автор сөзі не ресми мәлімет болсын, негізгі жауаптылық сол дереккөзді ұсынған тұлғаға бағытталады. Осы тұста мына мәселені де айта кетейін. Көптеген ақпа­рат құралдары бізге жарнамаға қатысты сұ­рақ тастайды. Айта кету керек, редакцияға келіп түскен жарнама мәтініне журналист те, редактор да жауапты емес. Ол тіпті ресми орган­дардан болса да, журналист міндеттіліктен құты­лады.

- Салтанат ханым, заңның бір-біріне қай­шы келетін тұстарын байқай алдыңыз ба?

- Кез келген заңда, нормативтік құжаттарда қарама-қайшылықтар болмайды емес, болады. Мысалы, заң тілінде "немесе, мынаны сана­ма­ған­да, өзге де себептерді атамағанда" деген ұғым­дар беріледі. Дәл осы сөздер практикалық жағдайда көптеген сұрақтарға жетелейді. Себебі "немесе, не, мынаны есепке алмағанда" деген тіркестер заңда ашылып түсіндірілмейді. БАҚ ту­ралы заңға келсек, журналистің қызмет бабында жазба аппараттарын қолдануға рұқсат береді, бірақ "заң актілерінде тыйым салынған жағдайды қоспағанда" деп көрсетіледі. Ол қандай жағдай? Ол тәжірибеде әкімшілікке немесе құзырлы органға кіргенде қолданылып жүр. Бұл дыбыс не аудиоқұрылғылар журналистің жұмысын жеңілдетеді. Менің ойымша, журналистің сенімді болуына оның қызметтік құралдары көмектеседі. Осы ретте жас журналистер үшін айтарым, кез келген дыбыс жазба мәліметтерін пайдаланғанда лауазымды тұлғадан сұхбат не пікір алғанда міндетті түрде сол күнді және жауап беруші адамның қызметін өз аузынан сұрап алу керек. Себебі сотқа дейін жететін жағдайларда аудио­жазбаның қашан, кім жасағаны мәлім болмаса қолдан жасалды деп жалтаруы мүмкін. Сон­дықтан, лауазымды адамның қызметін біле тұра өзін таныстыруын өтінген жөн.

- Қызметіңіз БАҚ өкілдеріне заңдық кеңес беру, қолдау екен. Ірі қалаларда журналис­тер­мен кездескен сәтте әріптестер тарапы­нан заң­ға қатысты сұрақтар түсті ме?

- Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Тара­тушылар Ассоциациясының құрамына енетін БАҚ-қа түсіндіру жұмысын өткіздік. Жасыра­тыны жоқ, бұл заң журналистерге де қолай­сыз­дық тудырды. Себебі электронды БАҚ-та қызмет ат­қа­ратын журналистер үшін ақпараттың жыл­дам берілуі маңызды. Қоғамда болып жатқан қан­ша­ма жағдайларды зерттеп, саралау үшін ақпа­рат­тың мерзімі рөл ойнайды. Негізінде ресми тарап дайын тұрған жауапты 7 күн уақытқа со­зып отыр­мауы керек. Себебі ақпарат лезде қоғам­ға жетуі тиіс. Міне, журналист дерекке сүйенемін де­ген­ше жалған ақпарат әлеуметтік желіде тез тарап кетеді. Содан кейінгі эфирге берілген не басы­лымда басылған дерекке көп жұрт мән бере бермеуі мүмкін. Бұл – қазіргі күннің проблемасы.

- Журналистердің әуелгіде қарсылығы болды деп қалдыңыз. Қалай ойлайсыз, заң­дағы түсінбеушіліктердің орын алуы жауап­ты министрліктің ел-елді аралап түсіндіру жұмыстарын жүргізбеуінде ме?

- Заң күшіне енбес бұрын ҚР Ақпарат және коммуникация министрінің халық алдында бейнежолдауы берілгені рас. Жаңа заңға қатыс­ты қысқаша түсініктеме де айтылды. Кейіннен министрлік вебинар ұйымдастырды. Бірақ веби­нарды көру үшін оған жоғары жылдамдықтағы интернет керек. Яғни интернет жылдамдығы әлсіз аймақтағы БАҚ вебинарды көре алмайды. Ал, министрліктің журналистермен бетпе-бет кездесіп, заңға түсіндірме бергені туралы жеке басым әлі де естімеппін. Ол көбінесе медиа отырыстар мен медиа іс-шараларда ішінара айтылып жүр, дегенмен журналистермен еркін кездесу ұйымдастыру біз секілді ресми емес ұйымдардың мойнына түсіп отыр.

- 21-бап турасында. Заңда журналист шынайы ақпаратты таратуға міндетті деп көрсетілген. Бұл тарау бұрыннан да бар екенін білеміз. Әйтсе де, заңдағы талаптарды орындамай отырған қаншама жеке сайттар бар. Сонда БАҚ туралы заң осы мақсатта көздейтін ақпараттық сайттарға жүрмейді деген сөз бе?

- Меніңше, нақты жалған ақпар таратуды тоқтату  үшін уақыт керек секілді. Қазіргі уақытта заң алдында жауапқа тартылып жатқан сайттар қатарында "Ratel.kz" пен "Forbes"  сайттары. Белгілі бір мәселеге орай редакция "көрінеу жалған ақпарат тарату" ісі бойынша мәселесі сотта қаралды, нәтижесінде сайт тоқталғаны есіңізде болар.

- Дұрыс айтасыз, дегенмен "Ratel.kz" сайты аналитикалық сапалы контент ұсынып келді ғой. Бұл сайттан басқа өсек-аяң, жалған ақпарат таратып жүрген сары басылымдар да жетерлік емес пе?

- Билікке бір сәтте ақпарат құралдарының бәрін күл-талқан еткен тиімсіз. Ең әуелі заңға қайшы әрекет етті деген айыппен танылған ақпарат құралын жауапкершілікке тартады. Бұл өзге де сайттардың аяғын тартып жүруіне белгі болмақ. Қазақта "қызым саған айтам, келінім сен тыңда" деген сөз бар ғой. Мына жағдай тура соған әкеліп тұрғандай.

- Бұлай деп сұрауымның себебі, бүгінде қоғам сенсациялық бағыттағы сайттарға сеніп, журналистиканың функциясы осы деп түсінеді. Біздің көзқарас солай қалыптаспай ма деген қорқыныш бар...

- Ол әрине, әрбір ақпарат құралының арына байланысты. Егер де сенсация қуып, болмағанды болды қылатындай мақсатты көздесе, онда ол ақпарат құралының біркүндігін ойлағаны. Қоғамның назарын бұру мақсатында заңға қайшы емес іс-әрекетті пайдаланған дұрыс. Оқырманға қысқа әрі нұсқа жазылған, қызықты контент ұсыну керек.

 - Журналистің шикізаты - ақпарат деген ұғым бар. Соңғы жылдары елімізде "factcheck.kz" сайты іске қосылды. Ақпараттың рас-өтірігін ажыратып отыратын бұл платформаға журналистер қаншалықты сенсе болады?

- Негізі бұл сұрақты MediaNet мамандарынан сұраған жөн. Қазақстан журналистері тәжірибесінен туындаған екі тілде хабар тарататын бұл сайттың іске қосылғанынан хабардармын.  Сайт қосымша әдіс-тәсілдер арқылы ақпаратты сараптайды. Дегенмен, бұл соңғы нүкте емес. Ең сенімдісі, ақпараттың ресми тараптан алынуы. Мамандар ақпараттың жартылай шындық не өтірігін тануда ақпарат құралында шыққан барлық мақалаларды сараптай отырып, болжам жасайды. Мәселен, "Қытайдағы қандастар елге оралады" деген ақпараттың шындығын тексеруде мамандар оның болжам мүмкіндігі бар тетіктеріне анализ жасай отырып қорытынды шығарады. Алайда, тағы да қайталап айтайын, сенімді жол - ресми тараптың берген ақпарына сүйену. Бірақ ресми тарап, кейде үн-түнсіз болғандықтан, ақпаратты өз тарапымыздан тексерудегі тиімді құрал.

- Білуімізше, төрт жылдан бері жур­налистерге семинар ұйымдастырып келе­сіз. Қазақ тілді журналистердің құқықтық сауаттылығы қай деңгейде?

- Бастапқыда біздің семинар-тренингке адам аз жиналатын. Тіпті бес-алты адаммен семинар өткізген кездерім де болғанын жасырмаймын. Көбінесе орыс тілді басылым журналистері жиналатын. Алайда, уақыт өте келе журналистер құқықтық сауаттылықтың қажет екенін түсініп, семинарларға ағыла бастады. Әсіресе, оңтүстік аймақтың тілшілері белсенді. Сұрақ қойып, білмегенін ортаға салғанда отандық журналистикада серпіліс бар екенін сезініп отырамыз. Біздің де мақсатымыз - журналистердің кәсіби құқықтық сауатын көтеру. Бүгінде барлық аймаққа барып, өңірдегі тілшілермен кездесіп жүрміз. Мақсатымыз - журналистің жауапкершілігін арттыру, әрі өзін-өзін қорғай білуге үйрету.

- Салтанат ханым, уақыт тауып сұхбат бергеніңізге алғыс білдіремін. Әрбір ісіңізге береке тілеймін!

Әңгімелескен

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

 

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Маусым 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 29 30  

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 53 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.