Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

100 жаңа оқулық – жаһандық білімнің қайнар көзі

Ғылым мен білім дамудың жа­ңа сатысына аяқ басуда. Десе де қашанда ілімнің жолы өткен тарихтан тамыр алады. Мәсе­лен, ежелгі Шығыс өркениеті білім мен ғылымның түпқазығы сана­лып келді. Себебі алгебра, ме­дицина, геометрия, астро­но­мия, поэзия дәл осы шығыстан бастау алғанын білімділер әл­деқашан мойындап қойған. Бірақ, заман өзгеріп, дәуір ал­масқан тұста жаһанның жуан елдері білім кеңіс­тігіне батыс­тың ілімін алуды көз­деді. Содан бері батыс мәдение­ті­нен тара­ған гуманитарлық білім­дер тех­нологиялық төңкеріс уақы­тында білімнің шамшырағына айналды. Соның бір айқын дә­лелі адамзатқа қажетті білімнің қайнар көздерінің ағылшын тілінде тарауы.

Қазір көп жұрт әлем елде­рінде шығатын ақпараттың 90 пайызы шет тілінде жарияла­на­тынын жа­рыса айтып жүр. Де­мек, біздің қо­лымызға тиетін ақ­параттың түп­тамыры ағылшын тіліне байлаулы екенін мойын­дайтын кез келді. Сол себепті де уақыт ағысындағы қажет­ті­лік­­ті сезінген Президент Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің үздік 100 оқулығын қазақ тілінде аударуды тапсырды. Гумани­тар­лық бағыттағы жаңа кітап­тар­ды шығаруда Ұлттық аудар­ма бюро­сы құрылды. Саланың жүрек соғысын сезіне алатын сауатты аудармашылар мен кә­сіби маман­дар қазақ жастары­ның білімін көтеретін 100 оқу­лықты аудару ісімен айналыс­ты. Өткен аптада Ұлттық бюро қызметкерлері Елба­сыға алғаш баспа жүзін көр­ген 18 оқулық­тың дайын болғанын жеткізіп, көпшілік қауымға  таныстырды.

 

Тарих, саясаттану, әлеумет­тану, экономика, философия, пси­хология, мәдениеттану жә­не филология ғылымда­рын­дағы іргелі ізденістер мен бола­шаққа болжам жасаған шет ел­дің маң­дайалды құнды еңбек­терін енді әрбір қазақ оқи алады. Бұл бағы­тын жаңа арнаға бұр­ған ел жас­тарының саяси сауа­тын, әлеу­меттік білімін, филосо­фиялық көзқарасын, тілдік дә­режесін арттыруға сеп болмақ.

"Ұлттық аударма бюро­сы­ның" атқарушы дирек­торы Рауан Кенжеханұлының айтуына қара­ғанда, бастапқыда елдегі универ­ситеттер оқытушылары бір жыл бұрын 800 кітап ұсын­ған. Сарап­шылар оқулықтың әлемнің үздік 100 универси­тет­тің оқу бағдар­ла­масына енуі, ке­мінде 3 басылым көруі, маз­мұны өзекті әрі идеялық тұрғы­дан бейтарап болуына баса мән берілгенін айтады.

- Бір оқулықты құрастырып, басуға дайындау құны 500 мыңнан 3 миллион долларға дейін жетеді. Сондықтан да, оқу­лық­тардың бағасы әдетте өте жоға­ры. Мысалы, біз аудар­ған профес­сор Мэнкьюдің "Эко­номикс" атты оқулығын амери­калық студенттер 280 долларға сатып алады. Оның үстіне, оқу­лықты өзге тілге аударып, басуға да авторлар қатаң бақы­лау жасайды, -дейді Рауан Кенжеханұлы.

Рауан Кенжеханұлы сал­мақтай кеткен "Экономикс" оқулығында авторлар қаржы дағ­дарысы мен оның себептері, дағдарыстан кейінгі әлем және жаңа теориялардың пайда бо­луына қатысты соны деректерді топ­тастырған. Ал, дүйім жұрт жата-жастанып оқып келген, бел­гілі экономист Клаус Шваб­тың "Төртінші индустрия­лық ре­волюция" атты кітабы сәт са­йын өзгерген ақпараттық қо­ғам­дағы тіршілік әлеміне енген жасанды интеллект, роботтар мен нано­технологиялар, 3D басып шығару, биотехноло­гия­ның дамуы жайын­да ой тол­ғай­ды. Тек ойлап ғана қоймай, берісі 5-10 жылда іске асатын ала­пат өзгерістерге кәсіби көз­қараста қарайды. Қазір­дің өзін­­де бұл кітап әлем елде­рінде қол­дан-қолға өтіп, бірнеше тілге ау­дарылып, жарық көрген. Ен­ді, тікелей аудармадағы кітап қа­зақ аудиториясына ұсынылды.

Көңіл қуантатыны, бұрын­ғыдай емес, оқулықтар тікелей ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылған. Аударма бағытын­да да ауыртпалық аз болмапты. Сондықтан да сарапшылар тер­миндердің тігісін жатқызып, бұ­қараға тілдік қалыпты сақтай оты­рып жеткізуді мұрат тұтыпты.

Сиясы кеппеген оқулықтар қатарында Дэвид Майерс пен Жан Туенждің "Әлеуметтік психоло­гия" кітабы да бар. Ав­тор­лар күн­де­лікті өмірде кезд­е­се­тін әлеу­меттік құбылыс­тар­дың психоло­гиялық астарын жан-жақты бер­ген. Ал, Дональд Куратоның "Кәсіпкер­лік: теория, процесс, прак­тика" атты оқулығы кәсіп­керлік идея­ны нарыққа шығаруға қажет ойлау жүйесі мен иннова­ция­ның рөлін кеңінен ашып көрсе­туді мақсат еткен. Мұнан басқа әлемнің үздік университет­те­рінде кеңінен қолданатын про­фес­сор Алан Барнардтың "Ант­ропология тарихы мен тео­рия­сы" кітабы ант­ро­пология пәні­нің қалып­тас­уын­дағы көзқарас­тардың даму тари­хын зерттеп, теориялар мен мек­тептердің шығу тегін талдап, түрлі идея­лар төңірегіндегі пікірталасты сараптап, жүйе­леген.

Гуманитарлық пәндерге бағыт­талған кітаптар қоғам сана­сын өзгертіп, бәсекеле­с­тікке үндейді. Мұны Елбасы ке­ңейтілген жиында түсіндіре кеткен еді.

- Энтони Джон Патрик Кен­нидің "Батыс философиясының жаңа тарихы" мен Реми Хесстің "Философияның таңдаулы 25 кітабы" атты туындылары те­рең философиялық пайымдарға жетелейді. Ғалымдар 2050 жылы адамның барлық зият­кер­лік әлеуетін басып озатын жа­санды интеллект болаты­нын айтып жүр. Бұған дайын болу үшін әлемнің универси­тет­тері қазірден өздерінің зерт­теу орталықтарын ашып жатыр. Оксфордта адам бола­ша­ғы, Гарвардта болашақ адам қоға­мы атты философиялық инсти­тут­тар құрылып жатыр. Бізге де ойлану керек,-деді Елбасы.

Бас-аяғы бір ай ішінде 18 кітаптың электронды нұсқа­ла­ры оқырманға қолжетімді бол­мақ. Ал, қағаз жүзіндегі кітаптар қыркүйектен бастап Қазақс­тан­ның барлық университтеріне тегін таратылады. Жауапты қыз­метте жүрген сарапшылар тобы осы жылдың аяғына дейін тағы 30 кітапты аударып, көпке ұсына­тын­дықтарын жеткізді. Осы­лайша, уақыт ағымымен 100 жаңа гуманитарлық кітап­тар білім жолына түскен жастар­дың жаһан­дық білімнің нақ қайнар көзімен танысуына жол ашады.

Түйін. Қазақ зиялылары та­­лай жылғы текетіресте де ағар­тудан алыс кете алмады. Ше­тел әде­биетін санаға тоқи оты­рып, заман ағымын бол­жай біл­ді. Ал, бүгінгі ақпарат­тық иі­рімдерге толы техноло­гия­лық төң­керісте жастар жаһан­дық білім моделіне еркін мойын соза ала­ды. Себебі бі­лім мен ғылым­ды игеруде аяқ­тан тартатын тұ­сау, қолды бай­лайтын қиын­дық жоқ. Ал, жаңа гумани­тар­лық білім сол өрке­ниетке ден­деп енетін қадамның бірі бол­мақ.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

"Рухани жаңғыру" идеясын қалай түсініп жүрсіз?

Ұлттық құндылықтарды қайта жаңғырту - 56.3%
Адамның өзін-өзін жетілдіруі - 6.3%
Тарихты тірілту және өткенді зерттеу - 0%
Ата-тегіңді түгендеу - 6.3%
Тарихи мұраларды шетелге таныту - 31.3%

Дауыс саны: 16
The voting for this poll has ended on: 10 Қаз 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Мамыр 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 11 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.