Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

Ислам әдебі қоғамды тәрбиелейді

     Бірде адамзаттың ардақтысы сүйікті пайғам­барымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) сахабаларымен отырған сәтінде: "Мен үшін сүйіктілерің және қиямет күні маған ең жақын болатындарың жайында хабар берейін бе?" - деді. Олар да: "Иә, Алланың Елшісі! Бізге хабар беріңізші", - деді.

Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Қиямет күні маған ең жақын болатындарыңыз әдебі ең көркем мінезділерің",- деп айтты. Ал, жаратқан Алла бы­лай дейді: "Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің" ("Қалам" сүресі, 4-аят). Шынында пай­ғамбарымыз (с.ғ.с.) адамзат баласы үшін ең үлгілі жан. Үлгіні сөзбен емес, жүріс-тұрысымен, күнделікті оң іс-әрекетімен көрсете білді. Қандай қоғам болмасын, оны адами құндылықтармен түзе­туге болатындығын және оған әркімнің де өз үлесін қоса алатындығын да дәлелдеп берді.

Өздеріңізге белгілі, ислам келместен бұрын жан­сыз пұтты тәңір көрген араб жарты аралы надандықтың ең сорақысын бастарынан кешірді. Азғындық сондай белең алып, адамгершілік құн­дылықтар аяқ астында тапталды. Соның салда­ры­нан қоғамдағы әлсіз топтар кедейлер, жоқ-жі­тіктер, аналар мен қыз балалар, сәбилер зарда­бын шекті. Ананы ардақтау, қыз баланы құр­меттеу деген санадан мүлдем жойылған дәуір бола­тын. Адам айтса нанғысыз әрекеттер сол кезде­гі қоғам үшін жан түршігерлік жағдайларға әкеліп соқты. Әйтсе де, Алла мұндай азған қоғам­ды нұрға бөлеу үшін соңғы пайғамбарды сол қауымның арасынан шығарып, күллі әлемге тұлға етіп қалыптастырды.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) алғаш уахи түскен жыл­дары насихат жұмыстарын жасырын жүр­гіз­ген болатын. Кейін келе Алла тарапынан ашық жүргізу бұйырылды. "Жақын туыстарыңды ес­керт" деген аят түскеннен кейін пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің аталас, рулас ағайындарын исламға еркін шақыра бастады. Әлгі аят Алладан уахи етілгеннен кейін Алла Елшісі (с.ғ.с.) Сафа тауы­ның үстіне шығып жиналғандарға: "Ей, Абдул­мұт­талиб әулеті, Фиһр әулеті, Луә әулеті! Егер де мына таудың арғы жағында жау әскері сен­дер­ге шапқалы тұр десем, маған сенер ме едіңдер?" - деп жар салды. Сонда жиналғандар: "Әри­не, сенеміз. Бүгінге дейін сен ешбір жалған сөз айтқан емессің",- десті.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) көркем мінезімен надан­дық құрсауындағы Мекке халқын мойын­датып, оларға өнеге көрсете білді. Иә, Пайғам­барымыз (с.ғ.с.) пайғамбарлық келгенге дейінгі қы­рық жыл өмірінде адамгершілік қасиеттің қоғамға әкелер пайдасын дәлелдеді. Ел арасында "шыншыл" деген мағынадағы "Мұхаммадул-әмин" лақап есімімен танылды. Тіпті, Алла Елшісі (с.ғ.с.) сахабаларына: "Мен жер бетіне көркем мінезді кемеліне келтіру үшін жіберілдім",- деген де болатын.

Қандай қоғам болмасын, абыройы асқақтап, онда берекелі ғұмыр кешу үшін әрбір жекелеген адамның өзіндік үлесі қалыптасуы тиіс. Осы арқы­лы да қоғамның өзіндік мәдениеті қалыпта­сады. Кей адамдар "Менің қоғамға керегім не?" деуі де мүмкін. Жекелеген адамның арсыз әрекеті бір жанұяның абыройын түсіргені секілді, сол қоғам үшін де едәуір зиян шектіреді. "Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы" дейді Әл-Фараби бабамыз. Шынтуайтында, тәрбиенің жеке­леген тұлғадан бастап, қоғам үшін пайдасы орасан. Дін - тәрбиенің құралы. Дін қай жерге ұяласа, тыныштық пен береке сол жерден көрініс берері ақиқат. Өкініштісі, тәлім-тәрбиені бірыңғай ығыстырып, құр діни білімге ден қойған жандар­дың қоғамға тигізген зардабын көріп те келеміз. Әсіресе, имандылық жолына бәзбір ағымдардың жетегімен келген бауырлар әдеп дегеннен мүл­дем мақұрым қалып, тар ілімнің шеңберінде қо­ғам ішін ала тайдай бүлдіріп, түзеудің орнына бұзу­мен әлек. Бұл дегеніміз пайғамбар әкелген таза дінге жағылар күйе болып табылады. Асы­лында дініміз ислам адамды тәрбиеге, адам­гершілікке, имандылыққа насихаттары сөзсіз.

Пайғамбар серігі болған сахабалар жанында жүргенде дауыс көтеріп сөйлеуден, артық қимыл мен бос әрекет жасаудан барынша сақтанып, көр­кем мінездің аясында дінді үйрене білді. Осылай сахабалар айнала қоғамына пайда әкеліп, арсыз дүниелердің жойылуына жұмыс жасады.

Адамның иманын және имани құндылық­тарын арттыратын нәрсе ол - көркем мінез. Көр­кем мінез дегеніміз - адам өз қалауымен қоғамда жақсы қарым-қатынасымен өнеге болып, жаманшылықтардан бойын аулақ ұстауы, Алла және адамдардың алдындағы ақыларына асқан жауапкершілікпен қарауы, құрметтеуі.

Бір адам Алла Елшісіне (с.ғ.с.) келіп көркем мінез жайында сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: "Ағраф" сүресіндегі: "(Мұхаммед с.ғ.с.) кешірім жолын ұста және оларға туралықты әмір ет",- деген 199-аятын оқып оған былай дей­ді: "Көркем-мінез - қатынасты үзген адаммен бай­ланысты орнату, сенен қызғанып бермеген адамға сенің беруің және саған зұлымдық қылған адамға кешірімді болуың". Және бір хабарда: "Дін дегеніміз не?" - деп сұрай келген кісіге Алла Елшісі (с.ғ.с.): "Көркем мінез",- деп деген екен.

Енді адам баласы Алла Елшісі (с.ғ.с.) айтқан көркем мінезге қалай қол жеткізбек?! Әрине, ең алдымен мұны сахаба өмірінен біле аламыз. Олар тал бойы көркем болған Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) өздеріне өнеге етіп, асыл қасиеттерінен үне­­мі ғибрат алды. Себебі, пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Адам өз досының дінінде. Кіммен достық құр­ғандарыңа мән беріңдер!" - деп айтқан-ды. Халқымызда "Досыңды көрсет, сенің кім екеніңді айтайын" деген сөз де осыны меңзесе керек.

Иә, адам жанын азғындататын тәкәппарлық, менмендік, қызғаншақтық т.б. секілді дерттерден сақтанып, қайта көңілін нұрландыратын мейірім, кішіпейілділік, қамқорлық секілді мінездерді меңгеру үшін жақсы дос таңдау қажет. Өйткені, қа­те­леспейтін пенде жоқ. Ал қателестің екен, тура жолға шақырып, адамгершілікке үндейтін шы­найы дос әрі дұрыс орта болуы керек. Пайғам­бар (с.ғ.с.) Мекке қаласынан Мәдина шаһарына қоныс аударған жандарды яғни, мұһажирлер мен ансарларды бір-біріне ажырамас дос, жанашыр бауыр ете білді. Міне, осылайша мұсылман үм­метін қалыптастырып, ислам тарихында жақсы бір қоғам орнатты.

Күнделікті өмірде айнаға қарағанда өзімізді түзеп бағатынымыз бар. Түр-әлпетіміз бен киі­мімізде кемшілігіміз болса, қарап отырып рет­тейміз. Міне, сол секілді мұсылман - мұсылман­ның рухани айнасы. Бір мұсылман бауырына қараған сәтте оның бойынан бір кемшілік көрер бол­са, "бұл нәрсе менде де болуы мүмкін" деп өз-өзін көркем мінезділікке тәрбиелеуі тиіс. Ал, Пай­ғамбарымыз (с.ғ.с.): "Мұсылман - мұсыл­ман­ның айнасы. Өзгенің кемшілігін өзінің бойынан көреді",- деп айтқан. Ілім қақпасы атанған хазіреті Әли (р.а.): "Ең алдымен өз нәпсіңе, сосын барып өзге адамдарға насихат ет!" десе, Имам Шафиғи: "Өзіңе қатты, өзгеге жұмсақ бол!"- деп өнегелі сөз қалдырған.

Адам өмірде тетігін тауып, өзіне, жанұясына және барша адамзатқа пайдасын тиігізіп, қоғам­нан өз орнын табу үшін тәрбиеге баулу керек. Жүрегінде иманы, ар-ұяты бар мұсылман ешқа­шан өзге жандар үшін тілімен де, ісімен де зиян тигізбесі хақ. Өйткені, дүниеде жасаған жақсы-жаман іс-амалына ақыретте жауап беретіндігінен қорқады. Сондай-ақ, жасаған жақсылығының бақытқа, ал жамандығының зиянға себепкер екен­­дігін жадында ұстайды. Саңлақ сахабаның бірі Мұғаз бин Жәбәл былай дейді: "Йеменге басшылық қызметіне кетейін деп, үзеңгіге аяғым­ды қойған сәтте Алла Елшісі (с.ғ.с.): "Ей, Мұғаз! Адам­дармен қарым-қатынаста жақсы көркем мінез­ді бол!" - деп маған соңғы өсиетін айтты. Шы­­нында басшыға да, қосшыға да керек нәрсе көркем мінезділік. Ол - адамның арын сақтап, абыройын асқақтата түсетін дүниесі. Қай қоғам­ды биік шыңға сүйрейтін нәрсе әрбір адамның өз алдындағы жауапкершілігін сезінуі. Сол үшін күнделікті пенде өзін тәрбиелеп, өзгеге жаман­шылығын тигізбеу үшін дұға-тілекте де жүргені дұ­рыс. Мәселен, Алла Елшісі (с.ғ.с.) намазды бас­тамай тұрып, Жаратқанға былай дұға ететін бол­­ған: "Иә, Алла! Мені ең көркем мінезге ба­ғыт­та. Се­нен басқасы мені жақсы мінезге бастай ал­­майды. Менен жиіркенетін мінезді алыс қыл. Бұл істі Сенен басқа ешкім орындай алмайды". Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Аллаһым! Бей­­немді қандай әдемі етіп жаратқаның секілді мі­­­незімді де сондай көркем ете гөр!"- деп дұға еткен.

Сахабалар пайғамбарымыздан қандай амал көрсе, оны іске асыратын. Сондай ардақты саха­баның бірі Әбу Дәрда (р.а.) түнде тұрып пай­ғамбарымыз (с.ғ.с.) секілді: "Аллаһым! Бейнемді қандай әдемі етіп жаратқаның секілді мінезімді де көркем ете гөр!" - деп таңға дейін дұғасын жал­ғастырды. Таң атқаннан кейін әйелі:

- Әбу Дәрда! Бүкіл түнгі дұғаң және қаже­тіңнің барлығы көркем мінез жайында сұраумен болды ғой. Неге сонша таңға дейін дұға еттің? - деп сұрайды. Оған Әбу Дәрда:

- Ей, Умму Дәрда! Бір мұсылман құл мінезін әде­мілей-әдемілей, онымен ғұмыр кешетін болса, көркем мінезі оны жәннатқа жетелейді. Егер мінезін жаман етіп, онымен тіршілік жасар болса, оның жаман мінезі жәһаннамға итермелейді",- деп себебін мысалмен жеткізген екен.

Қазір қит кетсе заманды кінәлау әдетке айналды. Бүкіл қоғамда болып жатқан жағымсыз әрекеттің баршасын үйіп-төгіп алтын уақытқа жаба салғымыз келеді. Әйтсе де, адамның азғын­далып, қоғамның бұзылуын заманмен ұштас­ты­руға тағы болмас. Заманды жақсарту, ынтымағы артқан берекелі қоғам қалыптастыру жекелеген әрбір адамның іс-әрекетімен тығыз байланысты. "Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді" демекші, адам­дардың бір-біріне деген ықылас ниеті мен пейі­лі дұрыс болса, бір-бірінің адамгершілік құн­дылығын сыйласа, жақсы қоғам қалыптаспақ.

Қайырбек Тоқтықбайұлы,

 

дінтанушы

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Мамыр 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 66 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.