Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

Тылда қызмет атқарған батыр әйелдер

Архив және музей қорындағы материалдарды ақ­­тарып отарсақ, Ұлы Отан соғысы жылдарында тыл­да еңбек еткен Қызылорда облысындағы әйел­дердің рөлі мен атқарған қызметінің орасан зор екенін көруге болады. Мұрағат құжаттарын ақтара оты­рып, Сыр елі еңбеккер әйелдерінің шаруашы­лық­тың қай саласында болмасын, ерен еңбектерімен көз­ге түскеніне куә боласың. Көктемгі егісті орын­дау, егін­нен мол өнім алу, малды қыстан аман алып шы­ғу, мал төлдету науқанын үлгілі өткізу, өнер­кәсіпте жос­парды артығымен орындау, поездардың кідіріссіз, кес­тесімен жүріп-тұруын қамтамасыз ету, сауатсыз­дықты жою - облыс әйелдерінің атқарған жұмыс­та­рының бір парасы ғана.

1941 жылы қазанда қалалық пионерлер үйінде Қызылорда еңбекші әйелдерінің фашизмге қарсы митингісі болды. Митингіде майданның негізгі тірегі - тылдағы еңбекті күшейту, колхоздарға көмекке баруға шақырды.

Соғыстың алғашқы күндерінен бастап әйелдерді әртүрлі мамандыққа үйрету керек деген жоғарғы жақтың тапсырмасы үлкен қолдауға ие болып, ау­дан­дарда көпшілік мамандықтарды игеруге қысқа мерзімді курстар ашыла бастады. 1941 жылдың маусымынан желтоқсанға дейін курс бітірген әйел­дердің 2357-сі токарь, слесарь, тракторист, шофер, ком­­байнер болып жұмысқа орналасты. [ҚОММ, "Ленин жолы", 08.03.1975 ж., №45].

Қызылорда қаласы қыздарының бастамасымен ұйымдастырылған ең алғашқы шоферлар курсында 37 қыз болды. Көп ұзамай бұл бастаманы қуаттаған облыстың 700 қызы комбайндар мен тракторларды тізгін­деуге аттанды. Олардың ішінен Ұ.Қасымо­ва­ның (Ақжар МТС-і), Р.Қамбарова мен Орын­бае­ва­ның (Сырдария МТС-і), У.Өмірзақованың (Шиелі МТС-і), Г.Теңізбаеваның (Аламесек МТС-і), Қ.Кәрім­­­баеваның, Қ.Түлкібаеваның, Р.Усанованың, М.Нарымбетовалардың (Жаңақорған МТС-і) есімдері республикаға танылды. Олар тракторис­тердің республикалық және облыстық жарысында оза шауып, бәйге алған жеңімпаздар еді. [ҚОММ, 283-қор 1-т. 82-іс, 35-п.].

Колхоздар мен машина-трактор станцияларында еңбек еткендердің 70-80 % әйелдер болды. Облыс тракторшыларының 62 %, комбайнерлердің 85 % әйелдер болған. 1942 жылы 40-тан астам әйелдер Шиелі МТС жанындағы трактор курсында оқыса, Шие­лі ауданынан Қызылордада комбайнерлер кур­сында 7 колхозшы оқыды. 1944 жылы республикада өткен тракторшы қыздар жарысында Сұлутөбе ма­шина-сынау станциясының тракторшысы Разахия Қамбарова І орын алды.

1942 жылы 1 тамызына дейін әйелдерден облыс бойынша 4336 маман еңбеккерлер дайындалып, олардың 2341-і қазақ әйелдері болды. Партия ұйым­дарының ұйымдастыруымен халық шаруашы­лы­ғында еңбек ететін әйелдердің саны күрт артты. Өн­дірісте еңбек ететін әйелдер 1942 жылы 41 пайыздан 1945 жылы 50 пайызға, темір жолда 23 пайыздан 40 пайызға көбейді. Егер соғысқа дейін Арал ауда­ны­ның балық колхозында 700 ғана балықшы әйел еңбек етсе, соғыс жылдарында олардың қатары 1470 адам­­­­ға жетті. "Жаңа жол", "Тастүбек", "Қазақстан" кол­хоз­дарында балықшы әйелдер 50 пайызға кө­бейді. Облысымыздың колхоздарында 14 мың әйел еңбекке араласты. Көптеген колхоздарда еңбек ететін адамдардың 70-80 пайызы әйелдер болды. [ҚОММ, 283-қор.  1-т. 91-іс, 72-п.]

Сонымен қатар, вагон, паровоз жөндеу депола­рының жанынан ашылған курсты бітірген 33 әйел жол бойындағы станцияларда жол күзетшісі, аға жол жөндеуші болып жұмыс атқарған.

"Аралсульфат" өндірісінде 223 әйел жұмыс істеді. Олардың қатарында Хакимуллина, Ержанова, Жол­да­сова, Жарқылбаева сияқты еңбеккерлер сульфат өндіру жұмысын 150-170 пайызға орындап отырды.

Тереңөзек ауданы "Қызылөзек" колхозындағы Қалтай Мақашева соғыстың алғашқы жылындағы астық жинауда өзінің жоспарлы тапсырмасын 250 па­йызға дейін орындады. Сондай-ақ, Қармақшы ау­да­нының "Қызыл жұлдыз" колхозының звено же­тек­шісі Күлипа Өтегенова да өзінің жоспарлы тап­сыр­масын екі есеге жуық орындап, аудан бойынша ас­тық қабылдау пунктіне бірінші болып астық өткізді. [ҚОММ, 283-қор, 1-т.].

Соғыс кезінде тылда атқарылған ауқымды жұ­мыстың бірі канал қазу болды. 1941 жылы үлкен су магистралы Шиелі каналының екі кезектегі жұмысы жүргізілді. Осы жұмыстың нәтижесінде аудан кол­хоз­дарының егіс көлемі артты, ғасырлар бойы тың жатқан небір шұрайлы жерлерге егіс бітік шықты. Каналды қазуға 1485 адам тартылды, оның ішінде әйелдердің үлесі зор.

Қазалы ауданындағы канал құрылысы респуб­ли­кадағы қазылған каналдардың үлкені болды, ұзындығы 60 шақырымға жуық, 3,5 кубометр топы­рақ шығарылуы керек болатын. Канал қазу жұмы­сында "Бозкөл" колхозынан Аймаханова 5,5, Тасығұ­лова 25,5 кубометр жер шауып, ерен еңбектің үлгісін көр­сете білді. [ҚОММ, "Ленин жолы" газеті, 12.10.1941 ж №241].

1943 жылы майдандағы қазақ жауынгерлеріне жазыл­ған: "Қазақстанның ардақты ұлдары! Құрмет­ті балаларымыз, ерлеріміз бен туысқандарымыз! Өздеріңнің туған үйлеріңнен алған хатты қалай оқы­саңдар, бұл хатты да сондай сезіммен оқың­дар...",- деп басталатын хатта Жалағаш ауылдық ке­ңе­сі­нің төрағасы, Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің де­путаты А.Ізтілеуова, Қармақшы механика зауы­тының стахановшысы Қ.Жүзжасарованың да өзіндік қол­таңбасы бар.

"Қазақстан колхозшысы" танктер колоннасын жа­­сауға арнап өз қаржыларын беру колхозшысы әйел­дер арасында кең өріс алды. Соғыс майданынан азық-түлікпен, жылы киіммен қамтамасыз етуде өз міндеттерін артығымен орындады. "Авангард" кол­хо­зы әйелдері 1380 пұт астықты жоспардан артық тап­­сырса, "Қасқақұлан" балық колхозының брига­ди­рі Нұржанова балық аулау жоспарын 129 пайызға артық орындаған.

Әйел-аналарымыздың еңбектегі жетістіктері еле­ніп, үкімет тарапынан жоғары наградаларға ие бол­­ды. 1943 жылы 22 ақпанда Қазақ ССР Жоғарғы Ке­ңе­­­­сі Президумы Жарлығымен қоғамдық мал шаруа­шылығын өркендету мен нығайтуда үздік табысқа жеткені үшін грамота және бағалы сый­лықпен Арал ауданы Куйбышев атындағы колхоз­дың комсомол ұйымының секретары Қ.Дәріғұлова, Шиелі ауданы "Қызылту" колхозының сауыншысы Н.Қаржауова марапатталды. [ҚОММ, "Ленин жолы" газеті, 25.12.1941 ж. №304].

1941 жылы Бүкілодақтық ауылшаруашылығы көрмесіне Жалағаш ауданы "Жасқайрат" колхозынан З.Төретаева, Сырдария ауданы "Бірлестік" колхозы­нан Ұ.Ембергенова қатысты.

Облыстық және аудандық партия комитеттері әйелдердің басшылық жұмысқа тартылуына, олар­дың Отанымызға қауіп төніп тұрған қатерлі уақытта колхоздар мен бригадаларды, мал шаруашылығы фер­маларын басқаруына назар аударды. Егер со­ғыс­қа дейін облысымыз бойынша 8 ғана әйел кол­хоз басқармасында төраға болса, 1943 жылы олар­дың қатары 17-ге көбейді. Төраға орынбасарлары бо­­­лып 37 әйел, егіс бригадирі болып 86 әйел жұмыс істе­ді. Арал ауданында колхоз басқарма мүшелері­нің 42, звено мүшелерінің 48, өндірістегі жұмысшы­лардың  50 пайызы әйелдер еді.

1944 жылы облыс бойынша колхоз төрағалары­ның 6 пайызы, звено жетекшілерінің 43 пайызы, ферма меңгерушілерінің 20 пайызы әйелдер болды. Тіпті көптеген колхоздардың барлық басшылары әйел­дер болғандығы, олардың өте жоғары көрсет­кішке жеткен кездері аз емес.

Соғыс жылдарында Сырдария ауданындағы "Коо­ператор" колхозының звено жетекшісі Алтынкүл Дәуітбаева 20 гектар күріштігінің әрбір гектарынан 40 центнерден өнім жинады. Сөйтіп ол звено жетек­шілерінің социалистік жарысында ауданда бірінші орын алды. Үкіметіміз Дәуітбаеваның бұл еңбегін жоғары бағалап, 1945 жылы оны "Еңбек Қызыл Ту" ор­денімен марпаттады. Сол сияқты  Тереңөзек ауда­ны "Қызыл диқан" колхозының звено жетекшісі Қаныгүл Қалабаева 10 гектар күріштік алқаптың әрбір гектарынан 180 пұттан астық жинап, облыс бо­йынша жоғары көрсеткішке жетті. [ҚОММ, 283-қор, 1-т., 155-іс, 89 п.].

Қармақшы ауданындағы "Ақбел" колхозы ұзақ уақыттар бойы артта қалған шаруашылық болып есеп­­теліп келді. Соғыс жылдарында бұл колхозға Тлеу­баева төраға болып сайланғаннан кейін шаруа­шылықтың жағдайы жақсарып, қысқа мерзімнің ішінде облыстағы озат колхоз қатарына көтерілді. Тлеубаева облыстық Кеңеске депутат болып сай­лан­ды. Оның қажымас қайраты, іскерлігі сол кезде көпшілікті таңдандырды.

Қазалы ауданы "Октябрь" колхозының әйел­дері күріш жинауды ең қысқа мерзімде аяқтау жа­йында жақсы бастама көтерді. Олар өздерінің Үнде­уінде былай деп жазды: "Біздің колхозда жұмыс қо­лы­­­ның 75 пайызы әйелдер. Біз өзіміз үшін де, кеңес­тік еліміздің бостандығы мен бақытын қорғап қалу үшін майданға аттанған балаларымызбен, аға-іні­ле­ріміз, күйеуіміз үшін де еңбек етеміз. Колхоз төраға­сы Зияда Қалиеваның аудан бойынша мемле­кетке ас­тық тапсыруды мерзімінен бұрын орындап шы­ғып, мол өнім жинадық. Біз сіздердің барлығы­ңыз­ды өздеріңіздің табысты еңбектеріңізбен Қызыл Армия­ның тасқынды шабуылына лайықты үлес қосу­ға шақырамыз". [ҚОММ, 283-қор,1-т.160 іс,15-п.].

Арал ауданы "Тастүбек" колхозының балықшы әйелдері барлық балық аулайтын колхоздың колхоз­шыларына Үндеу тастап, 1944 жылдың алғашқы тоқсандық жоспарын мерзімінен бұрын орындауға шақырды. Олар бірінші тоқсанда 1380 пұт балық тап­сыруды межелеп отырғанын, колхозшы әйелдерді аулау құралдарын ұтымды пайдалануға, стаханов­шылардың қатарын көбейтуге шақырды.

Облыс әйелдері еліміздің мықты қорғаныс қорын жасауға барынша белсенді түрде көмек көрсетті. Олар эвакуацияға келген балаларды өздерінің қана­ты­ның астына алып, олардың қаза тапқан әке-шеше­лерінің орнын басып, туған ата-анасындай қамқор­лық көрсетті. Осы жылдары облысымызда 611 әйел жергілікті Кеңестің депутаттығына, үш әйел Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланды. Қаншама аналарымыздың кеудесінде "1941-1945 жыл­дардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін" медалі жарқырады. [ҚОММ, 283-қор. 1-т., 168-іс, 33-п.].

Бір қуанарлығы, қазіргі таңда еңбек майданында есімі елеулі болған тұлғалар туралы деректер облыс­тық музей қорында сақтаулы. Айта кетер болсақ, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері, тыл ардагері Алтынкүл Дәуітбаева өзінің көзі тірісінде осыдан 35 жыл бұрын музей қызметкерлеріне қолындағы құжаттары мен наградаларын өткізсе, Жаңақорған ауданы Екпінді ауылында дүниеге келген Қалипа Түлкібаеваның да наградалары музей қорын толық­тырды. [ҚОТӨМ, түсім кітабы №5, КЗМКП 3946; №7, КЗМКП 4428].

Сонымен қатар соғыс жылдары Жосалы меха­никалық заводының токарі Дәмегүл Желдер­баеваның құжаттары музейдің мемлекеттік кітабына тіркелді. Қазіргі таңда жоғарыда аталған есімі елеулі тұлғаларымыздың фотосуреттері мен құжаттары "Қызылорда облысы Екінші Дүниежүзілік соғысы жылдарында" атты залының экспозициясында орын алып отыр. [ҚОТӨМ, түсім кітабы №1, КЗМКП 1374].

Сұрапыл соғыс жылдарында тылда еңбек еткен облыс әйелдері халқымызға тән төзімділік пен қайсарлық, парасаттылықтың үлгісін көрсетті.

Е.Баймурзаева,

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану

 

музейінің бөлім меңгерушісі 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Мамыр 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 44 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.