Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

«ШАШТЫ АТА» және «ЖАНАЗАР БАТЫР» КҮМБЕЗДІ КЕШЕНІ өскелең ұрпақтың рухын көтеру үшін жасалып отыр

Өнердің арнасы кең екеніне дау болмас. Себебі жара«Шашты ата» және «Жаназар батыр» күмбезді кешені

өскелең ұрпақтың рухын көтеру үшін жасалып отыртқан­ның тылсым күші һәм дарыны дарыған данагөй пенделерге қарап көңіл қуанады. Мұратбай Үмбетовпен кездесіп, тілдескендегі көңілге түйгеніміз осы. Жаназар батырдың тікелей төртінші ұрпағы болып саналатын тұлғаның қазір жасап жатқан жұмыстары мен Жаназар батырға байланысты тың ойларын жіпке тізгендей етіп айтып берді.

Мұратбай Үмбетов - КСРО және Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі. Мәдениет саласының үздігі. С.Нұрмаған­бетов атындағы төсбелгісінің иегері.

- Жаназар батырдың өмірдерегіне үңілмес бұрын баба бейнесін қалай жасап шыққа­ныңыз жөнінде айтып берсеңіз. Жалпы, Жаназар батыр өмірде қандай болған?

- Жаназар батыр - менің төртінші атам. Шежіреге иек артсақ, Досқана деген атамыздан Жаулыбай, Алыбай, Малдыбай, Бекназар, Жаназар, Ораш, Бектеп, Нұран болып өріледі. Бұл кісінің бел балалары Есеке деген кісі Ғани Мұратбаевпен бірге жұмыс жасаған. Содан қуғыннан қашып, Өзбекстанға өтіп, Юсуп болып жазылып кеткен. Қазір бел балалары Сайрамда өмір сүруде.

Ал, Жаназар батырдың түр сұлбасын аға­йындары жақсы біледі. Қара сұр, ат жақты кісі дейді. Екі иығына екі адам мінгендей. Сондай алып, ірі болған екен. Сосын көзі өте өткір, ашу­ланса адам қарай алмайтындай болыпты. Сол көзі ұясынан шығып кетердей болған. Батырдың суретін салып, мүсінін жасағанда осылар ескерілді. Оған қоса көп жылдар бойы жиналған тәжірибе мен шығармашылық шабытым да бұл туындының әсерлі шығуына ықпал еткен болу керек. Қол шеберлігі қалыптасып қалғасын ба, сурет салғанда ешқандай қиындықтар туындай қойған жоқ. Ойға шомып отырып, батыр бабамның батыл бейнесін дүниеге әкелдім.

 

- "Ер қанаты ат" дейді. Жаназар батыр­дың шашасына шаң жұқпаған жүйрік жыл­қысы жайында сыр бөліссеңіз. Төрт тұяғын тең басқан тұлпары қандай болған?

- Жаназар батырдың жауға мінетін аты Қылқұйрық атанып кеткен қарақасқа, сүліктей қара ат болған. Баласы Жүсіп би мен құрдас аталас-туыс Бәймен әкеміз 95 жасқа келіп, бәрі де 1948 жылы қайтыс болды. Бәймен әкеміз батыр атамның өзін де, атын да көрген екен.

Қылқұйрық өмірі белдеуден кетпеген арық та емес, семіз де емес, қамшыдай қатқан күйі күн-түн демей жауға міне шабуға дайын тұратын тұлпар болыпты. Осы Қылқұйрықтың үстінде талай жекпе-жекте батырдың мерейі үстем болған, дос та тапқан...

Бұл жөнінде мұз бетіне шыққан қызыл судай ел арасына жайылып кеткен аңыз әңгімелер жетерлік. Бірде бір жас батыр "Мен мұны сынайыншы, Жаназар деген кім соншама?" деп ойлап, қам қылады. Қылқұйрықты Өзбекстан жақтан бір досы тай кезінде атаған екен. Жана­зардың көзі қызыққан соң "өскен кезінде келіп алып кетерсің" деген екен. Сол тұлпарын алуға бара жатқан жолда жанына атқосшы ертіп алады. Жолда бір көлдің жағасына жайғасып, сәл көз шырымын алуға аялдапты. Сөйтсе, ол жер ордалы жыланның мекен ететін аймағы екен. Жаназар батыр шөлін басып жан-жағына қарай бастайды. "Бұл өзі ненің ізі болды екен?" деп зерделеп қарайды. Бірі келіп, бірі кетіп жатқан жыланды аңғарады. Бір қапталы қалың шеңгел, ақ тоғай. Содан екеуі атқа мініп жүріп кетеді. Бірақ қасындағы атқосшысы кешігіңкіреп шы­ғады. "Мына атқосшы неге кешікті?" деп қара­са, жаңағы қалың шеңгел өртеніп жатыр екен. "Ей, не істедің? Обал болды ғой. Ал, енді атқа қамшы бас" деп, екеуі қаша жөнеледі. Артына қараса, құй­рығы шала күйген жыландар көзге көрінеді. Атты болдырғанша шауып келіп, тағы бір жерге аялдайды. Жаназар батырдың құс ұйқысы бо­лады екен. Дереу басын қойып ұйықтап кеткені сол екен, атқосшының шыңғырған даусы шыға­ды. Екі аралықта ордалы жылан атқосшының мойнына оралып, шағып өлтіріпті. Сөйтіп батыр атқосшысынан айырылып қалады. Сол жерде бетін жауып кетеді. Ол кезде көметін уақыт та жоқ қой.

Жаңа айтқан жас батыр аңдып, бір тораң­ғылдың үстіне жайғасып, төтелеп келе жатқан Жаназардың үстіне құлай жөнеледі. Жаназардың ірілігі сонша, аттан құламай міз бақпай тұрып қалады да: "Әй, нәлет, бұның не, қарақшысың ба жол торыған?" деп айқайлайды. Сонда әлгі жі­гіт Жаназардың көзіне қарап, сескеніп қалады. Құдды бір тажалдың көзі секілді әсер қалдырады. Сонда "ойбай, аға" деп кешірім сұрап, "менен бір ағат­тық кеткен екен" деп, батырдың мықтылы­ғына шүбә келтіре алмапты. Осындай шытырман оқиға арқылы Қылқұйрықты еліне алып қайтқан екен.

- Аға, сізді жақсы мүсінші ғана емес тағы­лымды тарихшы деп тануға да болады. Сол тарих беттеріне көз жүгіртсеңіз, әр батырдың өзіне тән әруақтары болған деседі. Мысалы, Наурызбайдың қобыланы, Жанқожаның жол­барысы деген сынды. Ал, Жаназар ба­тыр­­да қандай тылсым, ерекше күш болды?

- Бұл сұрағыңызға да әсерлі әңгіме арқылы жауап берейін. Наурызбай батыр 1844 жылдары Қырғызға аттану алдында әскер жасақтайды. Адам, мал, қаржы жиған. Ол бірде біздің ауылға да келеді. Көрші ауылдың адамын найзалап, ма­лын айдап кетеді. Сол бейбастақтықты Жаназар ауылына да жасамақшы болады. Мұны тоқтату керек. Жаназар батыр мен Наурызбай батыр бір-біріне қарсы тұрып арбасады. Жаназар батырдың екі иығынан екі үлектің басы аузын арандай ашып, айбат шегіп тұрады, төбесінен бұлт көрі­не­­ді. Наурыз­байдың атының зәрі шығып кетеді. Наурызбай былай шыққаннан соң қасындағы қырық сарбаз "Наурызбай, не болды ханның бұй­рығын орындамай кетеміз бе? Бір адамнан сес­кенгеніміз жарамас" дейді. Сол кезде Наурызбай:

- Қырығың түгелімен қосылып, қырық бір болсақ та жеңе алмаймыз,- депті. - Өйткені оның иығында екі қара үлек аузын арандай ашып, айбат жасап тұрды. Оған менің қаба­ным қарай алмай, сескеніп, аттың астына кіріп кетіп, кіші дәретін жіберіп қойды. Оны өздерің де көріп тұрдыңдар ғой,- деген екен.

- Үлек екі иығынан алып болып көрініп, тұрғанда ешқандай жау қарсы келе алмай, мысы басылып қалатын болған. "Батыр бастас" демекші, Жаназар Наурызбайды өлтірмейді.

Осыған қоса тағы бір айта кететін жайт бар. Жаназар батырдың бұлты да қаракөк болып, қарсы келген жауын шатастырады екен. Бұлт төмен түскенде қарсыластары өз адамдарын өз­дері өлтіріп алған кездері де жиі орын алыпты. "Төбесінен түнеріп төніп тұрған будақ бұлт Жаназар батырдың күшін еселей түсетін" дейтін көнекөздер.

- Жаужүрек қазақ батырларының бес қаруы да қандай жағдай болмасын, сақадай сай тұрған. Десе де, әр батырдың өзіне ерекше икемдеп алған, қолына ыңғайлы жарағы болады деп айтылады. Батырдың болмы­сымен бітісіп кеткен бес қарудың қайсысы еді?

- Иә, бабам барлық қаруды жетік меңгерген. Алайда, соның ішінде Жаназардың найзасы ерекше құрметке ие. Батырдың найзасы төрт аршын, яғни, үш метрдей болған екен. Бұл басқа батырлардың найзасынан бір метрдей ұзын болған деген сөз. Ол заманда кейбір батырлар атқа отырғанда, жекпе-жекте аттан ауып қалмас үшін тері шалбар киіп, ерге желім жағып алып барып отырады екен. Батыр найзасын солақай ұстаған. Атамыз көбінесе қарсыласын өлтірме­ген, тек қолтық астынан, тақымнан, жуан санын салып атынан аударып кетеді екен. Осындайда найзасы сынып кетпес үшін ешкілердің сирақ сіңірлерін кептіріп, тоздап, сол тарамыстарды найзасының сабына желіммен араластырып жағып алатын болған. Машықтану ойыны кезін­де қамыстан, не қоғадан жасалған адам сұл­басын шауып өтіп бара жатып, үш рет шаншып үлгереді екен.

Жайшылық уақытта найзасын ауыл сыр­тын­да арнайы соғылған тұғырына тік шаншып қоя­тын болған да, оны көрген ұры-қары "е, батыр ауылда екен ғой" деп жоламайтын болған. Ұры демекші, Жаназар батыр дәуірінде өмір сүрген, ұрлық-қарлықпен айналысатын Қарға деген тоқымы кеппейтін ұры болған екен. Ол ауыл адам­да­рына тыным бермей, малын барымта­лық­қа салып, қарапайым елдің барын жоқ қыла­тын адам екен. Ол туралы жазылған дастан да бар. Елді қа­жытып, халықтың мазасын алған осы атышулы ұрының жазасын берген Жаназар батыр. Әйгілі ұрының ізіне түсіп, қуып жетіп жанын алған. Содан бастап ел малын өріске еркін, алаңсыз жая бастапты. Дегенмен ұрлықтың өзін ерлікке санаған жалдамалы ұрылар болған ғой.

- Жаназар батырдың дүниеден озғанының өзінде өзгеше тарих жатыр. Сол жөнінде тарқатып айтып берсеңіз.

- Еруде көш жасап, халық жаздық жайлауға қарай бет бұрған шақ. Сол көште Жаназар батыр бір құсты соңынан қалмай қуып кетеді. Біраз уақыттан кейін аңтарылып тұрып қалған көшке қайта келіп, "мен көп ұзамай о дүниеге аттана­мын, көшті тоқтатпаңыздар. Мені үзілген жерім­де "аманат" қылып қойып кетіңдер. Күзде, жай­лау­дан қайтқанда мені алып барып, "Құлжан түбегіне жерлеңдер,- депті. - Құдай қаласа, денем бүтін болар, әлгі қуып кеткен құс - "бақыт құсым" еді. Кімнің басына қонар екен деп қуып едім, ешкімге қонбай, Арқаға қарай ұзап ұшып кетті" депті.

Көп ұзамай батыр атамыз Алланың бұй­рығымен бақилық сапарға аттаныпты. Мүрдесін киізге бал жағып орап, өзі көрегендікпен айтқан­дай, аманат қылып қалдырып кетіп, ел оны қай­тарда алыпты. Денесі бұзылмаған, мүшесі түгел екен. Өзі өсиет еткен Сыр бойындағы "Құлжан түбегіне" жерленген. Үлкен көлемді етіп, қам кесектен төрт құлақ бейіт салынған. Түркістаннан көк тас әкелініп қойған, бейіттің қас бетіне ұзын найзасын орнатқан. 1925 жылы басына тәу ете барғандар бейітінің аман, бұзылмаған, найзасы, көк тасы орнында тұрға­нын көрген. Ал, 1988 жылы мен іздеп тапқанда бейіттің орнында жобасы ғана бар. Тек көктасы ғана етпеттеп жатты. "Жеті ру" Шашты атаның ұрпақтарының батыр атаға деген құрметінің арқасында күмбезді кесене салынып, үрім-бұта­ғы басына барып зиярат етіп, дұға бағыштауға мүмкіндік алды. Қыстауымыз Сұлутөбеден дарияға қарай 8-10 шақырым шамасында Бәйгеқұм, Ақдала, Қалжан түбегі аталып кеткен қалың тоғайлы жер еді.

- Батыр баба кешенін жасауды да өз қолы­ңызға алыпсыз. Осы жұмыстардың жасалы­нуына атсалыс­қан азаматтар жөнін­де әңгіме­леп берсеңіз. Келешекте келісті нысанға ай­на­латын күм­безді кешеннің ескі ескерт­кіштерден артық­шылықтары қандай бол­мақ?

- "Шашты ата" және "Жаназар батыр" күмбезді кешенінің салынуына да көптеген қажырлы шаруалар атқарылды. Өзім осы жобаны арнайы жасап, кіші үлгісін ел ағаларына таныстырдым. Батыр бабаларымызды насихаттауда қол көмегін де, рухани демеу болған азаматтар жетерлік. Өмірден өтіп кетсе де Махмут Шерімбетұлы, Қазанғап Жәрімбетұлы, Зейнулла Әбілдаұлы сынды азаматтарға алғысым шексіз. Топырақ­тары торқа болсын.

"Жаназар батыр" кітабының басылып шығуына қаржылай көмек бергендер: Бақтияр Әбдіраманов, Есен Садықов, Талап Үмбетовтер.

Өз шығармашылығымда бойға жиған, ойға түйген тәжірибемнің бәрін батыр ескерткіші мен суретін салуға, осы кешеннің келісті шығуына аямай арнадым. Ұрпақтарының көңілінен шы­ғып, тез қолдау тапқаны да соның арқасы болуы керек. Негізінен Жаназар батырдың күмбезі 7, Шашты атаның күмбезінің биіктігі 15 метрге дейін жетеді. Ортаға түсетін ұзынша қабырғаға 7 рудың аттары жазылады. Кешеннің басты құндылығы ашық аспан астындағы тағылымды жерге айнала білуінде. Биыл Қызылорданың 200 жылдығы болса, Жаназар батырдың туғанына да 200 жыл болады. Батыр бабамыз 1818 жылы дүниеге келген. Осы сәйкестік пен атаулы күн­дердің барлығы дерлік өз деңгейінде аталып өтсе, нұр үстіне нұр болмақ. Ал, "Шашты ата" және "Жаназар батыр" кешенінің ашылуы 12 мамырда Шиелі ауданындағы Сұлутөбе ауылында өткі­зіледі. Бұған дейін де Сұлутөбе ауылдық округінің Бірлестік, қазіргі Жаназар батыр елді мекенінде өмірлік маңызға ие басқосу бірнеше мәрте ұйымдастырылды. Ер ерлігі ел есінен ешқашан өшпей, өрелі істері ұмы­тылмай, өскелең ұрпақ үшін ұлықтала беретін болады.

- Сіз қазаққа танымал қайраткерлерді де сомдап жүрсіз. Мүсіншіге ең әуелі не керек?

- Иә, қазақтың бетке ұстар ұлдары Қобы­ланды батыр, Бұдабай ақын және Мұстафа Шоқай бейнесін жасап шыққаным тағы бар. Қазіргі уақытта бойға жиған тәлімімді ізімнен ерген шәкірттерге айтып, бойларына дарытуға күш жұмсап келемін.

Мүсіншіге ең бірінші керегі - туа бітті дарын мен талмай жасалған еңбек. Шабытты шақтарда тың туындылар ойға келе қояды. Көзге көрі­ніп, бабалар бейнесі елестейтін шақтар да болып тұрады.

- Әсерлі әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан

Айдар САЙЛАУОВ

 

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Мамыр 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 139 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.