Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

1917 жылғы қос төңкеріс кезіндегі Перовск уезінің қоғамдық-саяси жағдайы

1917 жылдың ақпан айында патша өкiметiнiң тақ­тан құлап, елде республикалық саяси жүйенiң қа­лыптаса бастауына күллi империя халқының басым көпшiлiгi, соның ішінде қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. Ақпан револю­ция­сының жеңісі Ресей империясының құрамында болған барлық халықтарға бұрын болмаған көп­теген ұлы демократиялық бостандықтар берді: сая­си партиялар құру, сөз бостандығы, баспасөз бос­тандығы, түрлі митингілер ұйымдастыру мен манифестациялар бостандығы. Орталық езгінің құлауы Ресей империясының шет аймақтарын­дағы, оның ішінде қазақ халқы да ұлттық-саяси бостандыққа жетуге жол ашады деп сенді [Рад­жа­пов А.О. Оңтүстік Қазақстан қос рево­лю­ция тұсында. Тарих. ғыл. канд. дисс. - Алматы, 1997. - 58 б.].

Ресейдегі Уақытша үкімет 1917 жылы 5 нау­рызда жергілікті жерлерде басқару жұмысымен айналысатын мекемелер құру туралы қаулысын шығарып, облыс, уез, болыс және ауылдарда құлаған ескі үкіметтің орындарына Уақытша үкі­меттің жаңа басқару орындарын құра бастайды. Бүкіл Ресейдегі сияқты қазақ даласында да Уақытша үкіметтің билік орындары алғашқы ке­зеңде Азаматтық комитеттер есебінде пайда бол­ды. Осындай жағдайда қазақтарға ескі әділетсіз патшалық билік жойылып, оның орнына жаңа билік келгенімен де, сол тағы ұлттық мүддені қорғап, талап-тілекті білдіретін Мемлекеттік меке­мелерсіз қалу қаупі төнді. Сондықтан да Аза­маттық комитеттермен бірге стихиялы түрде об­лыстық және уездік деңгейде Қазақ азаматтық ко­митеттері қалыптаса бастайды. Қазақ коми­т­ет­те­рінің өкілдері облыстық және уездік Азаматтық ко­митеттерінің атқару органдарына мүше болып енеді. Қазақ комитеттерінің құрылуы ұлт-азат­тық қозғалыстың Ақпан революциясынан кейінгі кезеңдегі дамуының нәтижесіне айналды. Ал оның өзінің түпкі мақсаты - мемлекеттік тәуел­сіздікке ұмтылысының табиғи көрінісі - ұлттық мемлекет болуға жасаған қадамы болатын. Со­нымен съезд қаулылары өлкелік, облыстық, уез­дік, болыстық және ауылдық комитеттер құру­дың жолдарын, тәртібін, олардың жұмыс істеу қағидаларын белгілеп берді. Комитеттің жұмы­сын жасауда қазақтың зиялы қауым өкілдері де өз үлестерін қосып отырды. Мысалы, М.Шоқай Сырдария облысының облыстық, уездік, болыс­тық, селолық және аудандық атқару комитет­те­рінің Ережелері мен Жарлықтарын жасауда ұйыт­қы тұлғалардың біріне айналды [Раджапов А.О. Оңтүстік Қазақстан қос революция тұсын­да. Тарих.ғыл.канд.дисс. - Алматы, 1997. - 67 б.].

 

Түркістан комитетінің жергілікті халыққа деген көзқарастары мен пікірлеріне ұлттық зиялы қауым өкілдерінің наразылығы күшейіп, оларға қарсы тұру үшін Түркістан өлкесі мұсылман­да­рының комитеттері құрыла бастайды. Мұндай комитеттерді құруда талай жылдар отарлық езгі­де келген елдің зиялы азаматтарының аздығы се­зілмей қалған жоқ. Мысалы, бұл туралы 1917 жыл­дың маусымынан жарық көрген және алғаш­қы редакторы М.Шоқай болған "Бірлік туы" газеті былай деп жазады: "Ең алғаш өзгеріс болған уа­қытта Ақмешіт қазақтары бұл таныс болмаған жа­ңа бір жолға басшы табайық деп, телеграмма үстіне телеграмма беріп, Петербордан Мұстафа Шоқайды, Термізден Серәлі Лапинді, Самар­қан­нан Хұсан Ибрагимовты, мұғалім Табанбаевты, Қоқаннан Серікбай Ақаевты, Әндіжаннан Қоңырқожа Қожықовты, Қармақшыдан мұғалім Ибрагим Қасымовты шақырды" [Өзбекстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты, 17-қор, 4-тізбе, 9599-іс, 68 п.].

Қазақ комитеттерi сөз жүзiнде Уақытша үкi­мет­тi қолдағанымен, оның барлық iс-әрекетi ұлт­тық мүдделерге қызмет еттi: Мұстафа Шоқай Уа­қытша үкiметтiң Түркiстан комитетiнiң құрамына ен­гiзiлдi. Сырдария облысында ұлттық коми­тет­тер­ді құру аса қиын жағдайда жүрді. Аштыққа, қыр­­ғынға ұшыраған халықтың саясатқа, ел би­леуге араласа алмауы үрдісінде кей жерлерде ұлт­тық ұйымдардың басына бұрынғы атқамі­нер­лердің келіп, халыққа тағдыр тау­қы­ме­тін тарт­тырды. Осындай себептерге бай­ла­нысты олар Сырдария облысының кей жер­лерінде та­мыз айына дейін ұлттық ұйым құруда ымыраға ке­ле алмады. Өлке орталығында қа­лып­тасқан осын­дай саяси жағдайда жергiлiктi халықтардың саясатқа белсендi түрде араласа бастаған өкiлдерi екi саяси ұйым құрды. Олар­дың бiрiншiсi қоғам­дық-саяси өмiр мәселелерiне белгiлi дәрежеде консервативтiк бағыт ұстаған "Ғұламалар одағы" (Улема жамиғаты) болса, екiн­шiсi қоғамды буржуазиялық демократиялы тұр­ғыда өзгертуге бейiм тұрған "Ислам кеңесi" едi.

1917 жылдың көктемiнде Ислам кеңесiнiң ұйымдары (бөлiмшелерi) Сырдария облысының Черняев (Шымкент), Әулиеата (Тараз), Перовскi (Қызылорда), Қазалы уездерінде болды. "Шора-и-Исламның" Қазалыдағы ұйымы осы партия­ның Ташкентте ресми түрде құрылғанынан жар­ты айдай бұрын пайда болды. [Өзбекстан Рес­пуб­ли­касы Орталық мемлекеттік мұрағаты. 1044-қ., 1-т., 3-іс,с.48.]. Ақпан революция­сы­нан кейін Сыр­дария облысында құрылған кейбір ұлттық ко­митеттердегі жағдайдың қандай бол­ғандығын Ақмешіттегі комитеттердің қызметінен көруге бо­лады. Ол жөнінде М.Шоқай былай деп еске ала­ды: "Мен Ақмешітке келгенде, ол жерде үш ұйым бар болатын. 1. Ақмешіт ұлттық кеңесі, төрағасы Ерәлі Қасымов. 2.Ақмешіт халық өкіл­дерінің ке­ңесі, төрағасы Серәлі Лапин. 3.Ақмешіт жұмыс­шы-солдат кеңесі" [Раджапов А.О. Оңтүстік Қазақс­тан қос революция тұсында. Тарих. ғыл. канд. дисс. - Алматы, 1997. - 70 б.].

1917 жылдың 2-5 тамыз аралығында Таш­кентте Түркістан өлкесі қазақ-қырғыз­дары­ның жалпы съезі болып өтеді. Съезге Түркістан айма­ғындағы барлық аудандардан арнайы сайланып келген уәкілдер қатысады. Съезді басқарушы төрағаларының ішінде С.Асфандияров съездің құрметті төрағасы, М.Тынышпаев съезд төра­ғасы, төрағалық серіктікке А.Мангелдин, Ә.Ке­не­сарин, С.Өтегенов, хатшылыққа З.Сей­дал­лин, Ш.Көпсаламов және С.Қожанов сайланады. Осы съезде "Түркістан өлкелік қазақ-қырғыз­дар­дың орталық Кеңесі" құрылады. Сонымен бірге съезде Сырдария облысының орталық атқару ке­ңесі құрылып, оған мүшелікке С.Өтегенов, Ә.Кө­тібаров, И.Қасымов, И.Тоқтыбаев, Т.Рыс­құлов және С.Қожанов кіріп, бір орталыққа бірік­кен "Түркістан өлкелік қазақ-қырғыз атқару Кеңес­терінің" жұмысын үйлестіруді Сырдария об­лыс­тық қазақ атқару Кеңесіне жүктейді. Түркістанда бір орталыққа біріккен қазақ-қырғыз Кеңесінің тө­рағалық міндетін алғашқыда Ибраһим Қасымов, хатшылық қызметін Тұрар Рысқұлов атқарса, кейін төрағалық міндетті Ә.Көтібаров атқарды [Өзбекстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұра­ғаты,, 208-209 пп.]. Ал, М.Шоқай осы Ке­ңес­тің құрметті төрағасы болып сайланып, оның жалпы жұмысына бас­шы­лық жасайды. Сыр­дария облысындағы ұлт­тық ұйымдардың атауы қазақ-қырғыз Кеңесі деп аталды. Осы съезде қа­былданған қаулыда "Түркістан аймағында қазақ-қырғыз Кеңесі ашыл­сын. Ал, қазақ-қырғыз Ке­ңестері жоқ облыстарда тездетіп облыстық қазақ кеңестері құрылсын",-делінеді [Өзбекстан Рес­пуб­ликасы Орталық мемлекеттік мұрағаты., 209 п.]. Осы­ған байланысты Сырдария облысында облыстық қазақ атқару Кеңесінің төрағасы Ә.Көтібаров, Перовск уезіндегі Кеңестің төрағасы алғашқыда Е.Қасымов, кейін Қ.Ибраһимов, Қазалыда А.Жанталин сайланды [Махаева А.Ш. Қазақ комитеттері: құрылуы мен қызметінің тарихы (нау­рыз 1917 - маусым 1918 жж). Т.ғ.к. ғылыми дәреж. алу үшін дайын. авторефераты. - Алматы, 1995. - 17 б.].

Ақпан революциясынан кейін Сырдария об­лысында жұмысшы және солдат ұйымдары, әсі­ресе, бұл ұйым Черняев уезінде және оның Түркістан бөлімшесінде, Қазалы, Перовск уез­дерінде басқа қоғамдық саяси ұйымдар ішіндегі ұйымдық жағынан ең жақсы топтасқан ұйым болды. "Бірлік туы" газетінің 1917 жылғы №8 са­нын­дағы "Ақмешіттегі жанжал" атты тақырып­пен берілген хабарда былай делінеді: "Сырдария облыс Кеңесінің 31-ші тамыздағы мәжілісінде Ақмешіт уез комитетінің төменгі мағлұмнамасын оқыды: "28 тамызда күндізгі сағат 5 шамасында Ақмешіт қаласындағы базарда тәртіпсіздік шықты. Онда жергілікті халықтан екі кісі өліп қал­ды. Екі қазақ, бір шаһар солдаты жаралы бо­лыпты. ...жанжалдың шығуына мына жағдай се­беп болған: Базарда жүрген бір қазақтың қо­лындағы былғарыға бірнеше солдат сауда­ла­сады. Солдаттар олай-бұлай сөйлесіп тұрғаннан кейін, зорлық қылып қазақтың былғарысын тар­тып әкетеді. Сонан соң қазақ айқай салса, онан-мұ­нан бес-алты адам келіп қалады. Сөйтіп, қа­зақтар мен солдаттар арасында төбелес көте­ріліп кетеді. Сол уақытта топтың арасындағы біреуі ка­раульный команданың казармасына барып, қазақтар бүлік шығарып жатыр деп хабар берген. Мұны ести салып, команда мылтық, патрон алып келіп жинаған топқа қарап оқ ата бастаған... Шаһар солдаттарының ішінде Жетісу орыстары көп еді. Һәм Ақмешіт уезінің посел­ке­лерінде бір­та­лай орыстар бар еді. Әсіресе, солар қазақтарға тым өшігіп кетіп, жанжалдың ұлға­юы­на үлкен се­беп болды... онан соң солдаттардың мұ­нан бұ­рын да қазақтарға зорлық қылып, күш көрсетіп жүр­гендіктері анық екен. Мысалы, қауын сатып жүрген қазақтардың қолындағы қауынын ақша бер­мей солдаттар талай рет тар­тып алып кет­ті. Әйтеуір халық өте қорқы­нышты: "Солдат күн көр­сететін емес" деп зар-зар жылайды" [Ахме­тов Қ. Ақмешіттегі жан­жал // Бірлік туы, № 8. 18 қыркүйек. 1917.].

1917 жылдың екінші жартысында барлық қазақ облыстары секілді Сырдария облысында да қоғамдық-саяси өмір шиеленісіп, қарапайым халықтың әлеуметтік жағдайы мүлдем ауырлап кетті. Сырдария облысында егін егетін жердің көпшілігіне мақта егілгендіктен өлкеде аштық басталған болатын. Ашаршылықтың күрт етек алып кеткендігі сондай - аш қазақтардың жағ­­дайы тіпті мүшкіл күйге түсті. Ресейден Түр­кістанға 30 000 пұт астық бөлінгенімен, револю­цияның салдарынан теміржолдар істен шығып, астықтың бәрі Түркістанға жете алмай жолда тоқтап қалды [Ахметова Ж.Қ. Мұстафа Шоқай­дың қоғамдық-саяси қызметінің Түркістандық кезеңі (1917-1919 жж). Тарих. ғыл. канд. дисс. - Алма­ты, 2006. - 147 б., 81 б.]. Ресей құрамын­да­ғы басқа халықтар сияқты Қазақстан, Түркістан халықтары да көп үміт артқан Құрылтай жина­лысына тізім жасауда 1917 жылдың қазан айы­ның екінші жетісінде Ташкентте "Жамия қоғамы" мен "Ғұламалар қоғамының" шақыруымен "Түркістан және Қазақстан" мұсылмандарының съезіне, сондай-ақ 1917 жылдың 17-20 қазан аралығында Түр­кіс­тан қаласында (Черняев уезі) С.Лапин мен шымкенттік ишан Садық қожа басқаруымен болған "Ғұламалар қоғамының" Сырдария об­лыстық мұсылмандар съезіне осы облыстан Құ­рылтай жиналысына баратын депутаттарды сай­лау тәртібі ешқандай сын кө­тер­меді. Сонымен қатар Сырдария облысы Перовск уезінде Е.Қасымов басшылық еткен уездік ұлттық ко­ми­тет пен Х.Ибраһимов басқар­ған қазақ депута­т­та­рының кеңесі арасындағы өзара қатынас та­лас-тартысқа айналып, ауызбірлік таппады [Раджапов А.О. Оңтүстік Қазақс­тан қос револю­ция тұ­сында. Тарих. ғыл. канд. дисс. - Алматы, 1997. - 97 б.]. Бұл екі арадағы өзара кикілжің Қазан револю­ция­сынан кейінгі уақытта да жалғаса берді. Осы жағдайда жа­ңа орыс билік мекемесі - жұмысшы, сол­дат депу­т­аттарының кеңесі өкіл­дері Ақмешіт­тен Таш­кентке дейінгі аралықтағы Жөлек, Шиелі, Жаңа­қорған, Түркістан, Арыс және басқа жер­лер­дегі халықты ашықтан-ашық талап, зорлық-зом­былықтарын жүргізді.

1917 жылдың 25 қазанындағы Петро­-градтағы қарулы көтеріліс Ақпан революция­сының де­мок­­ратиялық реформаларына үміт артқан ұлт­тық қоғамдық-саяси ұйымдарға үлкен соққы болып тиді. Большевиктердің Петрог­рад­тағы төң­керісіне және өлкедегі Уақытша үкіметтің ме­кемелеріне қатынасты мәселесі 1917 жылдың 26 қазанында өтіп жатқан Түркістан өлкесі ша­р­уа­ла­рының екінші съезінде де арнайы қара­лып, он­да ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдардың больше­вик­тер төңкерісіне байланысты ұста­нымдары се­кілді шешім қабылданды. Түркістан өлкесі шаруаларының екінші съезінің делегаттары би­ліктің большевиктер үстемдік етіп отырған ке­ңестердің қолына өтуіне қарсы екендіктерін ашық танытып: "Бүкілресейлік құрылтай жина­лысы ша­қырылғанға дейін Түркістандағы және орта­лықтағы билік Уақытша үкіметтің қолында қалуы тиіс" деген қаулы қабылдаған еді. [Победа Октябрь­ской революции в Узбекистане. Сб. документов. -Т.1. - Ташкент "Фан", 1963. - 658 с., с. 529.].

Алайда большевиктер ұйымдастырған төң­керістен кейін елде мүлдем түсініксіз аласа­пыран саяси ахуал қалыптасады. Осыған бай­ланысты А.Байтұрсынов сол кезге мынадай си­паттама береді: "Қазақтарға Ақпан революциясы қандай түсінікті болса, Қазан революциясы оларға соншалықты түсініксіз көрінді. Олар ал­ғашқы революцияны қандай қуанышпен қарсы алса, тура сондай үреймен екіншісін қарсы алуға мәжбүр болды. Қазақ халқымен таныс адамдар үшін қазақтардың бұл революцияларға деген мұндай қатынасы әбден табиғи және түсінікті болатын. Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алуындағы себебі, бірін­шіден, бұл революцияның оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруына, екіншіден, олардың өзімізді өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін нығайта түсуінде еді" [Байтурсунов А. Революция и киргизы // Жизнь национальнос­тей, 1919.№ 29. 2 августа. 5 б.]. Большевиктердің шы­на­йы тәуелсіздік пен демократия жолы деп кел­ген қазақ даласы мен Түркістандағы кеңес өкі­метінің жеңісі  іс жүзінде патшалық Ресей­дегіден де күшті диктатураға, бюрократиялық жү­йе­нің ор­науына апарды. Мемлекеттік түрге оранған ре­волю­ция­лық зорлық-зомбылық жаңа қоғамдық қарым-қатынасты енгізіп, қолдап отырды.

1917 жылы 30 қазанда жұмысшы, солдат де­пу­­­таттары кеңесінің өкілдерінің ұйымдас­ты­р­уы­мен Перовск еңбекшілерімен жергілікті гар­низон солдаттарының митингісі болып, онда ке­ңес өкі­меті билікті өз қолына алды деп хабарлады. Перовск кеңесі өкімет билігін алғаннан кейін бі­рін-бірі қолдау қажеттілігі туралы нақты іс-шара­ларын ұсынып, Ташкент кеңестеріне хат жазды. Өзара көмек көрсету шараларын жасау мақса­тын­да келісім жасау үшін Қазалыға бес адамнан тұ­ратын делегация жіберілді. Орта Азия мен Қа­зақс­танда бірінші болып кеңес өкіметі Перовскіде орнады. Ал, Қазалыда қара­шаның екін­ші жар­тысында өкімет билігі Кеңес­тердің қолына өтті.

1917 жылы қараша және желтоқсан айла­рында атаман Дутовтың қарулы күштері Орын­борды басып алып, Түркістан респуб­ли­касын орталықтан бөліп тастады. Осы себепті Түркіс­танды қару-жарақпен, азық-түлікпен жабдықтау тоқтатылды. Сөйтіп Ресейдің өзінде ақтар және қызылдар болып бөлінген болше­виктер мен бұрынғы патша жақтастарының арасында билік үшін тартысқан соғыс бас­талды. Бұны тарихта азамат соғысы деп атал­ды. Перовск, Қазалы уездерінде аштық бас­талып, жағдай бұрынғыдан да қиындай түсті. Азамат соғысы жылдарында Түркістан республикасы Перовск және Қазалы уездерінің жағдайында өнеркәсіпті мемлекет меншігіне айналдыру және Кеңес органдарының қолына жинақтау сияқты әскери коммунизм саяса­тының эле­мент­терін жүзеге асырды. Әскери коммунизм саясаты бойынша халық тапқан табыстарының бәрін болшевиктерге көмек ретінде соғысқа салды, егер бермесе кеңес өкі­меті олардан тар­тып алып отырды. Мемлекет меншігіне айнал­дырған кәсіпорын­дарды басқару үшін халық шаруа­шылығы кеңестері ұйымдастырылды. Олардың шешімімен балық өнеркәсібі және Арал кеме шаруашылығы мемлекет меншігіне айналды. Қазақстанда барлық билікті қолда­рына ала бастаған кеңес өкіметі Түркістан және Ақтөбе майдандары­ның жауынгерлерін азық-түлік, киіммен қамта­масыз ету мақсатында олар қайыс бұйым­дарын: өндірді, етік, басқа да киім-кешектерді тігіп шығаруды жолға қойды. Орын­бор-Таш­кент темір жолында әскери жағдай енгі­зіліп, жұмысшылар мен қызметшілер әскер­ге алын­ды. Олар әскери күштерді баратын жер­леріне дейін аман-есен жеткізу үшін көпте­ген жұ­мыс­тар атқарды. Қазалы, Жосалы, Перовск станцияларының теміржолшылары паровоз­дар­ды сексеуілмен жұмыс істейтін етіп қайта жаб­дықтады, артық бөлшектерді өндіруді, паровоздар мен вагондарды жөндеуді тәртіпке келтірді. Азамат соғысы жылдары Перовск, Қа­залы қызыл гвардия отрядтары жұмысшылар мен шаруалар депутаттары Кеңесінің ұйым­дасқан қарулы күшіне айналды. Перовск пар­тизан отряды 1918 жылы қаңтар айында Елек және Орынбор қалаларын азат етуге қатысты, қа­раша айында олар Ашхабад майданына жі­бе­рілді [Сыр өңірі тарихы. (Көне заманнан бү­гін­г­е дейін). Алматы: Атамұра, 1998. 113-144 бб.].

1918 жылдың екінші жартысында Түркістан партия ұйымдарының өлкелік съезі өткізілді. Түркістан компартиясы ұйымының қалып­та­суы Перовск және Қазалы партия ұйымдарын кү­шейтіп, жергілікті жерлерде жаңа партия ұйым­дарының пайда болуына себепкер бол­ды. Сыр өңірінде кеңес өкіметі орнаған алғаш­қы жылдары асыра сілтеушілік, әділетсіздік және жергілікті халыққа қиянат көрсету, зәбір-жапа шек­кізу әрекеттері орын алды. Перовск уезіндегі депутаттар Кеңесінің төрағасы Иосиф Гержод басшы қызметте болған екі жыл ішінде (1918-1919 жж) оның жеке бұйрығымен 180-ге жуық адам заңсыз атылып, қалған мұсылман шаруаларының көпшілігі мал-мүлкінен айырылып, зорлық-зом­былыққа шыдай алмай, басы ауған жаққа босып кет­кен. Олар жол үстінде азып-тозып, аштықтан, ауру-сырқаудан қырылған. Мұстафа Шоқай 1935 жылы Парижде басылып шыққан "Кеңестер билігіндегі Түркістан" атты кітабында: Перовскіде Гержод деген әкім отырды. Одан тұтас бір халық қыр­ғыздар (қазақтар) үдере көшті. Бұл үдере көшу барысында бір милионға жуық адам қырылды", - деп жазды. Ақмешіт тұрғындарының 1918 жылы 20 мамырында Гержодтың үстінен жазған өтініш­те­рінде ол қызметке кіріскен бойда уез тұрғын­да­рына 3 миллион сом салық салғанын, Ақмола об­лысына экспе­диция жабдықтау үшін 4000 бас түйенің тартып алынғанын, Перовск түрмесінде ешқандай кінәсі жоқ 300-дей адамның қамалғанын хабар­лайды. Наразылықтар өрши түскеннен кейін Түркістан Орталық Атқару Комитетінен Перовс­кі­ге құрамында республика Орталық Комиетінің мү­шесі Исламов, Ішкі істер комиссариатының нұсқаушысы Магнетштейн, Өлкелік директория өкілі Иванов және Жер істері комиссариатының өкілі Синев бар айрықша комиссия жіберілді. Комиссия мүшелері жергілікті жердегі жағдаймен та­ныса келіп, "депутаттар Кеңесінің төрағасы Гер­жод өзім білемдікке салынған, Орталық өкімет нұс­қауларына бағынғысы келмейді, еңбекшіл­ер­дің, әсіресе, мұсылман шаруаларының ұсыныс-пі­кір­лерімен санаспайды" деген қорытынды жа­сайды. Мәскеуден келген комиссияда күнәсінің көп­тігіне күмән келтірмейді. Осыдан кейін Түр­кістан Орталық Атқару Комитетінің шешімімен Перовск депутаттар кеңесі таратылып, орнына револю­ция­лық комитет тағайындалады. Гержодтың үстінен тексеру жүргізіліп, заңсыз әрекеттері үшін екі жылға бас бостандығынан айырылады. Иркутск қаласында жазасын өтеп жатқан Гержод әйелінің үкімге наразылық білдіруімен кейін мерзі­мінен бұрын босанып кетеді [Сыр өңірі тарихы. (Көне заманнан бүгінге дейін). Алматы: Атамұра, 1998. 116 б.]. Т.Рысқұлов пен И.Тоқтыбаев Мәскеу билеуші­лерінің қарсылығына қарамастан оны қайта ұстатып, Орынбор түрмесіне жаптырады.

Қазақстанда оның ішінде Сыр өңірінде кеңес үкіметінің орнауы жергілікті халыққа үлкен озбыр­лықпен, лаңкестік әрекеттермен, ал­дап-арбаумен тапқан табыстарын тартып алумен көрінді. Боль­ше­виктер мен ақгвардияшылардың қақтығысынан мың­даған қазақ зардап шегіп, шетелге үдере көшті.

А.Асуатов,

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану

музейінің ғылыми қызметкері

 

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Мамыр 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 26 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.