Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Материалдар

Құмтөбеге құпиясын сіңірген Сіңіртек немесе Ахмет ишан шапағаты

Шілде айында боз дала бозаң тартып, сағым­ға шомылғанда, жап-жасыл боп әрін бермес бұл мекен "Сіңіртек" деп аталады.

Жаз базары тарқап күз келеді. Малды ауыл артынып-тартынып сырға көш басын түзейді. Көш үлкен қаланы басып өтеді. Еру болған малшы ауыл базар базарлап, қорасы  атшап­тырым ағайынның үйінде бірнеше күн болады. Қала өмірі тосындау көрінгенімен бірер күнде үйренісіп кетеміз.

Көше бетте ойнап жүрген біздерге тақап келіп қалған машинадан зәрем ұша қаша жөнелдім. Қорадағы кірпішпен шегендеген құдыққа құлап­пын. Есімді жисам, құдық астауында жатырмын. Бар бала сол жерде. Жаңа машинаның буы көтерген шофер ағайынымыз да осында. Апам басымды кеудесіне басып, бетіме су бүркіп, күбірлеп айтқан сөзінен соң ешқандай қорқу да жоқ, орнымнан атып тұрдым. Құдыққа құлауымнан тұруым тез болды. Бірақ, қор­қыныштан қалған ауруым ұзаққа созылды. Ойнап жүрсем де уақыт, жер таңдамайтын бұл ауру екі-үш жыл әуреге салды. Әуелі бүкіл дүние шыр айналып кетеді де, еш-түсімнен айрылып құлаймын. Апталап нәр сызбай жатамын. Аурудан тұрғанда құр сүлдем ғана қалатын. Аурудан мектепке баратын жылы ғана құтылдым...

...Жүрісі жайлы боз інгенге қоршау қоршалап, оған әжем, апам, мен міндім. Атам мен Шағыр молда салт атты. Көкем балаларымен түйеге қара қой бүктіріп, түс ауа жолға шықтық. Қазан-ошақ, ас-ауқатымыз қоржынға салынып, жетек­тегі түйеге артылған. Дәл бір тойға баратын­даймыз. Бар тәуірімізді киіппіз.

Қозыкөш жер жүріп, діттеген жерімізге де жеттік. Күйдірілген қызыл кірпіштен қалаған алып қос күмбезді Ахмет ишан мазары екен. Көш-көліктерімізді етекке қалдырдық, төбе басындағы мазарды жағалай отырдық, құран оқылды. Молда қолымнан жетектеп, мүрде жатқан алты қанат үйден еңселі күмбездің ішін айналдырып өтіп, қазандық аталатын екінші бөлмеге кіргізді. Бөлменің ортасында мен, молда есік алдына жайғасты. Күңіренген дауыспен молда құран оқыды. Терезеден басқа саңылау жоқ. Есік алдында молда отыр. Қорқыныштан есім шығып кетті. Құлап қалдым. Алыстан ат дүбірі құлағыма талып жеткендей. Молда құран оқып, дем салған кезде есімді жиыппын. Далаға беттедік. Сахара­ның жусан аңқыған ауасын кеуде кере жұттым. Батыс беттегі өркеш-өркеш құмға жантайған күн шапағы бүгін ерекше алаулы еді. Қырдың кешкі салқын самалы денемді тоңазытып барады. Молда көйлегімді көтеріп арқама, көкірек тұсыма су бүркіп, мазарды айналдыра жүргізіп, атам жаққа әкелді. Қазан қайнап, жез самаурын екі иығынан дем алып тұр екен. Үйітілген құйқа, қайнаған ет, лаулай жанған от түтінінің иісі мұрын­ды қытықтайды. Менің көптен бері асқа тәбетімнің тартқаны.

-    Ата, құлақ жеймін,- деппін. Сол күннен бастап мен қорқыныштан болған сол аурудан құлан таза айықтым.

Бұл - Бұқарадағы діни медреседе білім алған, қасиетті Меккеге екі рет барып қажылық қарызын өтеген емші, тәуіп Ахмет ишанның мәңгілік жайы орналасқан мекені.

Алаш қайраткерлерінің бірі Ахмет ишан 1913 жылы "Қазақ" газетінің шығуына қаржылай қолдау көрсеткен. Кейін ел басқару жұмысына да атсалысып, 1916 жылы патша жарлығына қарсы шыққан көтерілісшілердің төбе биі, Байқоңыр ревком төрағасы болған. Көтеріліс басылған соң бала оқыту, медресе-мектеп ашу ісіне бел буып, діни ағартушылық қызметке бет бұрады. 1920 жылы Телікөлдегі медресе-мектебіндегі атақты академик Мұхамеджан Қаратаев нағашысының үйінде жатып, екі жыл оқып сауатын ашады. (М.Қаратаев - Ахмет ишанның үлкен қызы Бибісараның баласы).

20-жылдары қыр қазақтарына оба дерті келгенде Бибісара екеуі мыңдаған жанды оба дертінен сақтап қалған. Сарысу өзенінен ишан арығын қаздырып, қыр қазақтарын егіншілікке үйреткен жан. Бала кезімізде ишан ата арығы бойында атыздарында қозы-лақ жайып, ойнап өскенбіз. Әулие атаның сауапты ісінің куәсіндей әлі сайрап жатыр. Бұл өңір біздің 40 жылдан аса жаз жайлауымыз болған. Байзақ пен Айткүлден өсіп-өнген ұрпақтардың кіндік қаны тамған, ер жетіп етек жиып, ат арқасына мінгізген құтты мекен.

Сіңіртектен таяқ тастам жерде Қыпшақ мемлекеті тұсында салынған хан сарайының орны Белең ана - талай сәулет өнерінің озық үлгілерінің жұқанасы зерттеушісін күтіп, жың­ғыл-тоғай мен құм төбеде құпиясын қойнына бүгіп жатқан шежірелі өлке.

Қозыкөш жерде атқан күнде тербетіп шөккен нардай болып Таңбалы нұрасы жатыр. Қазақ­тың алғашқы ханы Керейден кейінгі хан Жәні­бекті хан көтеріп, Асан қайғы қазақтың басты қырық руының таңбасын тасқа қашаған тарихи орын. Қазақтың тасқа қашалған шежіресі шашы­лып, жинаушысын күтіп ол жатыр. Туған жерге деген сағыныштан сарғайып аңсап жетер киелі мекеніміз - Сіңіртек.

Төбе басында торы атына тебіне түсіп алыстан көрінген көлікке қолына күн салып күтіп алатын әкеміздің мыңғырған мал өсірген, атақ-абыройдан кенде етпеген құт мекені.

Анамыздың ақ жаулығы көрінгеннен сағы­ныштың өксігі көкірегімізге кептеліп, көзіміздің алды сағыныштың сағымына шомылған ыстық мекен - Сіңіртек.

Киров кеңшарынан келген жездеміз мұртты Мұқанның әңгімесі де қайта жаңғырып еске түскені.

Қыр қазағының бірі Ұлы Отан соғысы кезінде басынан жараланып госпитальға түседі.

Басындағы жарақатын емдеген әскери білікті дәрігер:

-    Бала кезіңізде басың жарылып ауруханаға түсіп пе ең? - деп сұраса керек.

Қыр қазағы:

-    Жоқ, аурухана дегенді көріп тұрғаным осы.

-    Жоқ, жауынгер бала кезіңізде бас сүйегіңізге ота жасалыпты. Есіңізге түсіріп көріңізші,- дейді.

-    Жоқ, ол дәрігер емес, аулымыздың мол­дасы Ахмет ишан ғой,- дейтін көрінеді.

Үш жасында еңбегі ойылып, жаңа сойылған қозының жауырынының етінен тазартып, ақ сүйек етін ойыққа кесіп алып тігіп, бас терісін қаптап, қозының ащы ішегімен тігіп тастаған, екі жас төлдің сүйегі кірігіп ізін білдірмей бітіп кеткен. Басынан кешкен ересектерден естіген әңгімені естіген әскери дәрігер:

-    Далалықтар жайлы талай аңыз әңгіме естіп едім, мына әңгімең бәрінен де асып түсті,- деп таң-тамаша қалыпты.

Көп жылдан бері туған жерге ат басын бұрып, зиярат етудің сәті түсті. Мазар бұрын­ғыдай емес, айналасы қоршалған жарылған, құлаған кесектері қаланып бүтінделген. Кейінгі ұрпақ ардақты атаға деген ілтипатын осылай білдірген сыңайлы.

Жер әңгімешіл, жер әңгімешіл болған соң ел әңгімешіл. Сағына жеткен туған жердің ақ шағыл құмына аунап жатып, жадымда жаңғырған көп сырдың бірін оқырманға жеткізуді жөн көрдім.

Жұмабай Байзақұлы,

Бесарық ауылы,

Сырдария ауданы.

 

 

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

"Рухани жаңғыру" идеясын қалай түсініп жүрсіз?

Ұлттық құндылықтарды қайта жаңғырту - 56.3%
Адамның өзін-өзін жетілдіруі - 6.3%
Тарихты тірілту және өткенді зерттеу - 0%
Ата-тегіңді түгендеу - 6.3%
Тарихи мұраларды шетелге таныту - 31.3%

Дауыс саны: 16
The voting for this poll has ended on: 10 Қаз 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Сәуір 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 29
30            

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.