Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

Тарихи мешіт – бабалардан жеткен мұра

     Сыр бойы - талай тарихтың куәсіне айналған қасиетті мекен. Қазақылығы бұзылмаған, имандылығы сарқылмаған құтты жер. Сырдария бойындағы әрбір төмпешіктің тарихынан сыр шертіп, рухани шабыт алуға әбден болады. Сырын ішіне бүккен кең даламыздан талай әулиелер, ахун мен ишандар туылып, елдің руханиятында өшпестей із қалдырғаны сөзсіз.

Міне, биыл - Қызылорда қаласының 200 жылдығы. Қаланың қалыптасып, кемелденуіне айтарлықтай екі ғасыр толыпты. Қаламыздағы рухани мұраларамызды да қайта жаңғыртып, ұрпаққа кең көлемді насихаттау - бүгінгінің еншісі. Өткеніңді еске түсіріп, қарт тарихтан үн қататын қастерлі орындар шүкір, қазірде де бар. Солардың қатарында құрметтеуге де, қадірлеуге де лайықты мекеннің бірі - Қызылорда қалалық "Айтбай" мешіті.

Иә, мешіт салу - күллі пайғамбарлар шұғыл­данған ұлы іс. Құран Кәрімде былай делінген: "Алла Тағаланың мешіттерін тек Аллаға және ақырет күніне иман еткен, намаз оқыған, зекетін берген және Алладан басқа ешкімнен қорық­пайтындар ғана салады" (Тәубә сүресі, 18-аят). Сондай-ақ, мешіт қашаннан мұсылман қауымы­ның ортақ құтханасы. Ол жер жай ғана құлшылық орны емес, сонымен бірге оқу-ағарту, қайырым­дылық, қазылық, ел-халыққа ақыл-кеңес беретін қасиетті мекен. Өйткені, қай жерде мұсылмандар мекендеген болса, бірінші кезекте құлшылық орнын тұрғызуы, рухани орталық ретінде мешіт-медресе салуы үлкен маңызды іс екенін аңғартады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадисінде былай дейді: "Кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды".

Қай кезден де мешіт - қауіпсіздік кепілі. Бабаларымыз ертеде керуенмен көшіп жүрген кезде бір елдің іргесіне келіп тоқтаса, елшілерін жіберіп "мына елдің мешіті бар ма, жоқ па?" деп алдымен мән-жайды анықтайды екен. Егер сол елді мекеннің мұнаралы мешіті болса, бабаларымыз "онда бір-екі күн мұнда аялдауы­мызға, тынығып демалуымызға болады" деп, жайлана бастайтын көрінеді. Өйткені, "мешіт болса, әуелі құлшылығымызды қаза етпей, уақытылы орындаймыз, екінші ол жерде иман­дылық бар. Демек ұрлық, тонау, бұзақылық секілді жат нәрселер ол жерде болмайды, бізге де ешбір зияны тимейді" деп өздерін қауіпсіз сезінеді екен.

Егер мешіт болмаса, бабаларымыз еш кідірмес­тен жүріп кете беретін болған. Имандылық болмаған жерде, бұзақылықтың кең етек алып, азғындықтың жайылуы әбден мүмкін екенін осыдан-ақ байқайсыз.

Тарихшы А.Айдосов, М.Кереев және Ы.Қалиев жазған "Қызылорда" тарихи-танымдық кітабында ("Тұмар", 2005) Сыр өңіріндегі мешіттердің құрылысы жайында мынадай мәлімет келтіреді: "1870 жылдан бастап қалада мұсылман мешіттері пайда болды. 1871-1872 жылдары Құлбай Бекмырза тегінің салдырған мешітіне барлық мұсылмандар барған. Азан шақыратын мұнарасы болған. Оның ең үлкені - 1882 жылы салынып, жұмыс істеген "Намаз" мешіті. Оны имам Қадырбай салғызды. 80-жылдардың аяғында ол Бисембай молданың иелігіне көшті. Ол тағы бір мешіт тұрғызып, қала мұсылмандарының парызын өтеді. Осы кезде өзбектер мен сарттарға арнап бұқар сарты Нұрбай Хайруллатегі мұнарасы бар мешіт салғызды. Татарлар мешіті 1891 жылы саудагер-бай Камаловтың қоражайында ашылды. Оның да азан шақыратын мұнарасы болды. Қазақтың ең үлкен мұнаралы мешіті 1905 жылы салынды. Оны салдырған ауқатты қазақ Айтбай Балтабайтегі еді. Мешітке 40 мың сом қаражат жұмсалды. Перовск қаласы мұсылман діни сенімдерін таратуда Сыр өңірінде елеулі қызмет атқарды. Ислам дінінің орталықтары жоғарыда көрсетілген мешіттер болды".

Дегенмен кей тарихшылардың жеткізуінше, мешіт 1878 жылы Айтбай қажының қаржысымен Әулиеата жерінен арнайы шақырылған атақты шебер­лер - Ысқақ пен Камал сал­ған­дығы айтылады. Соны­­мен қатар, имандылық орда­сын ел игілігіне айнал­дыру мақсатында халықтан 40 мың рубль жиналған көрі­неді. Енді бір деректерде, Айтбайдың әкесі Балтабай мешітті өз қаржысына сал­дырып, баласының атымен атағандығы да айтылады.

1875 жылы іргесі қала­нып басталған мешіт құры­лысына үш жыл уақыт жұм­салған. Өз заманында мед­ре­сесі, әрі кітапханасы да қа­тар жұмыс жасаған. Биіктігі 14 метрді құрайды. Алдыңғы жағы үлкен портал болып ке­леді. Күйдірілген қышпен өрнектелген, орта­сында ойық-есік, екі жағы­нан төрт терезе іспеттес етіп әшекей­лен­ген. Ал, 1980 жылы "Қа­зақ жобалау қал­пы­на келтіру" институты мешіттің толық жаңғырту жобасын жасады. Мешіттің қабырғалары мен ішкі жағындағы ағаштан ойып жасалған төрт тіреуі әліге дейін өз құндылығын жой­ған емес.

Мешіт құрылысы аяқталғаннан кейін берісі Түркістан, арғысы Бұхара жерінен білікті ұстаздарды алдыртып, халыққа ағартушылық жұмыс жасауына жағдай жасаған. Тарихы мол "Айтбай" мешітінің осылайша медресенің де қызметін қоса атқарғанын аңғаруға болады.

Кеңес үкіметінің дәуірі дүркіреген тұста мешіт қиратылып, қойма, тігін цехы секілді ғимарат ретінде пайдаланып келген. Кейін 80-жылдар тұсында бабаларымыз мешіттің қалпына келтірілуіне, құлшылық орнына айналып, мешіттің шынайы мақсатына жұмыс жасауына ықпал еткен көрінеді. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда имандылық орны бірнеше рет күрделі жөндеуден өтті. Қазіргі күні қайта жаңарған тарихи мешіт елдің игілігіне тоқтаусыз қызмет етіп келеді.

"Айтбай" мешітінің құндылығын көтеретін, қа­ра­ған жанға таңдай қақты­ратын дүниенің бірі - жерас­ты құдығы. Тарихи өлкета­ну­шы­лардың болжа­уынша, құдықтың артында жерасты жолы бар. Ол жол сол за­ман­да салынған шіркеу мен казармаға апаратын кө­рінеді. Бұл - бір болжамы. Екінші­ден, өзге аймақтармен салыс­тырғанда, Қызылор­даның ауа-райы жазда өте ыстық екені белгілі. Ширек ғасырдан бері келе жатқан мешітте салқын­датқыш құрал болмаған. Ал, сондай тұста мұндағы құдықтың өз ерекшелігі сол - қанша ыстық болса да, имандылық үйінің ішкі ауасын салқындатып, бір қалыпты ұстап тұрады әрі ауаны да тазартады.

Айта кетсек, 2008 жылға дейін "Айтбай" мешіті Қы­зыл­орда облысының орта­лық мешітінің қызметінде болды. 2008 жылдан бері қарай Қызылорда қалалық "Айтбай" мешіті болып жұ­мы­сын жүргізуде. Бес жүз адамға арналған бұл тарихи мешіт республикалық маңыз­ға ие тарихи-мәдени ескерткіштер қатарына енген. Алла қаласа, "Айтбай" мешіті көне тарихтын сыр шертіп қоймай, әлі де жас ұрпақтың имандылыққа тәрбиеленуі үшін қалтқысыз қызметін жасай бермек. Мешіттің салынуына және оның күні бүгінге дейін сақта­луына әрі имандылық үшін аянбай еңбек еткен имамдар мен ұстаздарға Алла разы болсын демекпіз. Ұлы жолда сарқылмас сауап іс жасаған бабаларымызға жәннаттың сыйын Алла нәсіп етсін!

Қайырбек Отызбаев,

Қызылорда қалалық "Айтбай"

мешітінің наиб имамы

 

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Сіз қалаған ұялы телефон қандай?

Айфон - 50%
Нокиа - 5.6%
Самсунг - 11.1%
Хуавей - 5.6%
LG - 27.8%

Дауыс саны: 18
The voting for this poll has ended on: 10 Қар 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Сәуір 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 29
30            

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.