Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

Жазушы Қалтай Мұхамеджановтың өнегелі ерлігі

Биыл қазақтың Халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов 90 жасқа толады. Сатира жанры­ның шебері атанған Қалтай ағамыздың "Құдағи келіпті", "Қуырдақ дайын" және басқа комеди­я­лық пьесаларын көрмеген қазақ жоқ шығар. Олар еліміздің барлық театрларында қойылды. Көп­шілік жазушының бұл шығармаларын жақсы қа­­­был­дады. Алайда, Қалтай ағамыздың дра­малық пьесаларының жолы ауыр болған секілді. Жа­зушының жұбайы Фатима Бекжанқызы жур­налист Қорғанбек Аманжолға берген сұхбатында бы­лай дейді: "Жалпы, Қалекеңнің қай пьесасы бол­­са да оңай өткен жоқ. Солақай сыншылар, тиіс­ті бақылаушы орындар ылғи да қоймай түр­тінектеп, ана-мына жерлерінен мін тауып отыр­маса ішкен астары бойларына тарамайтын..." дейді. Расында, "Біз періште емеспіз" пьесасы жазу­шының үстелінің тартпасында ұзақ жатып, бірнеше жылдан кейін қойылды. "Бөлтірік бөрік астында" пьесасы премьерасынан кейін қатты сынға алынғаны белгілі. "Қырағы" сыншылар: "Бұл кеңестік өмірге жабылған жала, жағылған күйе, мұндай кейіпкерлер, мұндай жастар шын өмірде жоқ" деп, Қалтай ағамызды жерден алып, жерге салды. Тек, Мұхтар Әуезов пьесаға араша түсіп, Қалтай ағамызды да, пьесасын да аман алып қалды. Бір жылдан кейін пьеса сахнаға әрең шықты.

"Жат елде" атты пьесасының тағдыры одан да ауыр болды. Бұл пьеса 1966 жылы жазылды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік уни­верситетінің аға оқытушысы, филология ғы­лым­­дарының кандидаты Қ.Әжиев "Қалтай Мұхамеджанов драматургиясындағы тартыс" атты мақаласында: "Драматург бұл шығармасын мемлекеттік тапсырыс бойынша шығарғаны бел­гілі. Бірақ ол тапсырыс талабына сәйкес сати­ра­лық комедия емес, саяси-әлеуметтік драма жаз­ған" дейді. Осы университеттің профессоры Қ.Құдайбергенов "Қайсар тұлға еді Қалағаң" ат­ты мақаласында әріптесін қолдайды. "Үкімет тара­пынан комедияға тапсырма алған автордың кенет драмаға ауысуының себебі неде? Ол сол тұста "Голос Америки", "Би-би-си", "Свободная Европа" радиостанцияларының "түймедейді түйедей еткен саяси соқырлығына қайтарылған нақ­ты жауабы еді" дейді Қазыбай Құдайбер­генов.

"Жат елде" пьесасында Ұлы Отан соғысы кезінде эмигранттардың бірі, ұлты өзбек Вали Каюмов пен тұтқынға түскен білімді түркіс­тан­дық жауынгерлерден құрылған "Түркістан ұлт­тық комитеті" туралы баян етіледі. Соғыстан кейін қауіпсіздік органдары оған қатысқан 49 адамды, "Отанына опасыздық" жасаған деп жазалады. Архивтік қылмыстық ісі (45 том - Ә.Б.) Қазақстан Респуликасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құпия белгісі соғылған арнайы қорында сақ­таулы. Бұл іспен танысуға қатаң тыйым са­лынған. Қазір бұл шешімді заңмен мүлдем шеге­леп тастады. Қазақстан Республикасы Бас про­куратурасы 1995 жылы 2 ақпанда аталмыш архивтік қылмыстық ісін қайта қарап, тиісті қорытынды жасаған. Онда былай делінген: "По уголовному делу вина обвиняемых в измене Родине, пропаганде и подрыве или ослаблении Советской власти, а также в способствовании инстранному государству, находившемуся с СССР в состоянии войны, доказана полностью, а поэтому все они осуждены объективно и реа­би­литации не подлежат...". Ал, заң бойыша қылмыстық іс қысқартылып, жауапқа тартыл­ған адамдар ақталған жағдайда ғана архивтік тергеу ісімен танысуға болады. 2005 жылы тергеу құжаттарымен танысуға рұқсат сұраға­нымда, маған мынадай жауап берілді: "Соглас­но Закону РК "О реаби­литации жертв массо­вых политических реп­рессий" от 14 апреля 1993 года, ознакомление с материа­лами данной категории архивных уголовных дел возможно только в случае прекращения этих дел и полной реабилитации лиц, проходившие по ним...". Сөйтіп өтінішімді қанағаттандырмай тастады. 

Кезінде атышулы жазушы, кауіпсіздік органдарының полковнигі С.Шәкібаев сол кездегі МҚК-нің төрағасы А.Арыстан­бековтың келісімін алып, "Түркістан ұлттық комитеті" туралы архивтік қылмыстық ісімен танысып, "Үлкен Түркістанның күйреуі" атты кітап жазған. Кітаптің қолжазбасын 1965 жылы аяқтап, баспаға тапсырады. Алайда, арада біраз уақыт өтіп, кітап 1972 жылы (арада жеті жыл өткен соң) жарық көреді. С.Шәкібаевтің сөзіне қарағанда, идеология басшыларының бірі "Ұлы Отан соғы­сының негізгі сатқындары қазақтар бола алмайды. Алдымен орыстың генералы Власов пен "власовшылар" туралы кітап шығарылсын" депті. Енді біреулері "ұлтшыл-буржуазияшыл Мұстафа Шоқайдың "Үлкен Түркістан" туралы идеясы совет азаматтары арасында кеңінен таралып кетуі мүмкін, ал бұл қоғамға өте қауіпті" деп тү­сін­дірген. Бұл С.Шәкібаевтың "Үлкен Түркістанның күйреуі" атты кітабын мем­лекеттік тапсырыс емес, жеке өзінің баста­масымен шығарғанын дәлелдейді.

Қалтай ағамыз да "Жат елде" шығар­масын мемлекеттік тапсырыспен шығарған жоқ. Бірінші кезекте жазушыны Мұстафа Шоқай тұлғасы қызықтырды. Бұрын-соңды халыққа беймәлім болып келген ұлы күрескер туралы шындықты қалың жұртқа жеткізгісі келді. Осы мақсатпен шетелдің "Радио Свобода" және басқа радио­станцияларын тыңдады. Сол заманда шетел радио­станцияларын шындық іздеп кім тыңдамады? Бұрынғы Кеңес Одағында шындық айтылмайтын еді ғой. Тіпті, мемлекет басшысы М.С.Горбачев "Форос" атты резиденциясында демалып жатқан жерінде КГБ ор­ган­дары оны барлық байланыстан айырып, оңашалаған кезде "Голос Америки" радиос­танциясын тың­дап, елінде болып жатқан төтенше жағдайдан хабардар болып отырғаны жалпыға белгілі. Қалтай ағамыз да Мұстафа Шоқай туралы шындықты шетел радиостанциясы арқылы естіп, біледі. Сөзіміз құрғақ болмасын, қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммедтің "Благочестивый" атты мақаласынан үзінді келтірейік: "Не знаю, что натолкнуло меня на этот замысел. Воз­мож­но, не обошлось без влияния "Радио Свобода", пос­тоянным слушателем которого был и я. А возможно, захотелось донести до людей ту правду, ко­торую кто-то знал, а кто-то даже не подозревал о ней... Словом, тема эта все беспокоила и тянула к себе. Дав­но я вынашивал эти мысли и, быть может, поэтому пьесу ту ("Жат елде"- Ә.Б.) я написал быстро, на едином дыхании. Сейчас вспоминаю об этом и думаю: только жар и безрассудство юности могли подвигнуть меня на эту опасную тему, от которой любой нормальный человек бежал бы как черт от ладана! Если же смотреть на проблему с позиции сегодняшнего Калтая, то ответ был бы аналогичен: сей­час я бы ни за какие деньги и посулы не приблизился бы к этой теме даже на пушечный выстрел!" - так вспоминал об этом благочестивый патриарх (Қалтай Мұхамеджанов - Ә.Б.) в одном из интервью конца 80-х".

Айта кету керек, Мұстафа Шоқай туралы әңгімелерді Қалтай ағамыз алғашқы рет әкесінен естігені айдан анық. Әкесі Мұхаммеджан Нұрекеұлы "қара молда" атанған атақты кісі болған. Ұзақ жылдар бойы сыртта оқыған, бірнеше тіл білген, әулиелігі мол, терең ғұлама адам. Қайғылы 1937 жылы басқа молдалармен бірге тұтқындалған. Оларға "ишандар контр­ре­во­люциялық мұсылман көтерісшілер тобының белсенді мүшелері, колхозшыларды діни қоғамына тарту жұмыстарымен айналысқан. Сонымен қатар, Қызылорда ауданында контрреволюциялық молдалар көтерісшілер тобын құрып, оны басқарған колхозшылар арасында контрреволюциялық ұлтшылдық насихат жүргізіп, оларды кеңес үкіметіне қарсы қойған, колхоздың экономикалық қуатын әлсіретуге бейімдеген, көтерілісшілер тобына тар­туға адам дайындаған, елді мекендегі жұртшылықты жаппай Өзбекстанға көшуге ұйымдастырып, белсенді жұмыс жүргізген, барлық молдалар мен байларды, дінге сенуші мұсылмандарды біріктіріп, соғыс бола қойған жағдайда көтеріліс жасап, Қазақстанда ерікті ұлттық мемлекет құруды мақсат етіп қойған" деп айып таққан. Нәтижесінде, Мұхамеджан Нұрекеұлы және басқалары 1937 жылы 1 қарашада "үштіктің" шешімімен ату жазасына кесілген. Бұл заңсыз шешім сол жылғы 14 қараша күні сағат 24.00-де (НКВД-нің хаттамасында солай жазылған - Ә.Б.) жүзеге асырылған.

Қоғам қайраткері Шайхислам Серікбайұлы "Ай­тылмай жүрген ақын, жарияланбай жүрген жазушы" атты мақаласында Қалтай Мұхамеджанов ағамыздың інісі Ибраиһиммен (екін­ші аты Қырғызбек - Ә.Б.) бірнеше рет кез­десіп, әңгімелескенін айтады. Сондай кезде­сулердің бірінде Ибраиһим: "Әкем діни адам­дардан басқа Тұрар Рысқұлов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқаевтармен жақын қарым-қатынаста болған" деп айтқан екен. Міне, Қалтай ағамыздың Мұстафа Шоқайға деген қы­зу­­шылығы осы жағдайларға байланысты болса керек.

Сонау 60-шы жылдары Мемлекет қауіпсіздік комитетіне жол тауып, Қалтай ағамыз "Түркіс­тан ұлттық комитеті" туралы архивтік қылмыс­тық іспен танысқан. Сөйтіп, деректі оқиғалардан құралған "Жат елде" драмасы дүниеге келді. Қал­тай ағамыз журналистерге берген сұхбат­та­ры­ның бірінде былай дейді: "Жат елде" пьесам қыруар уақытымды алды. Мүлдем жабық жатқан тақырып еді ғой. Шет жұрттарда тентіреп, қаңғып қалған қандастарымды сахнаға шығару жолында қаншама уайым-қайғы шектім. Қазір ғой заман­ның өзгеріп, өмір ұстанымдарының шуақ себе бас­тағаны...".

Расында, "Жат елде" пьесасына байланысты Қалтай ағамызға қысым-қудалау көп болған. "Бұл Мұстафа Шоқай туралы ғой. Ол кезде білмейтін жұрт мүлде білмейді де, білетіндері Шоқайдың атын атауға қорқады. Соңында шылдырлаған қоңы­рауы бола тұра, сол тақырыпқа Қалекеңнің бару­ының өзі ерлік еді. Спектакль дайындығы жүріп жатқан кезде КГБ-дан екі кісі келіп: "Мұстафа Шоқай деп алуға болмайды, сіз оған басқа ат беріңіз!" деді. Сөйткесін бас кейіпкерді Таңатаров деп алды. "Таң шығыстан, сол жақтан атады деп әдейі таңдап алып тұрсың ғой" деп, онысына тағы да тиісті..." дейді Фатима апай.

Билік басындағы идеологтар "Жат елде" театр­да қойылатын күні премьерасын кейінге қалды­рып, көрермендер сатып алған билеттерін кассаға тап­сыруға мәжбүр болған көрінеді. Қалтай ағамыз пьесаны қайта қарап, сыншылар мен бақылаушы орын­дарының сын-ескертпелерін амалсыздан назарға алып, жіберілген "кемшіліктерді" түзетіп, жөндеген соң ғана пьеса сахнаға шығады. Қазақстанның Халық артисі Сәбит Оразбаев былай дей­ді: "1968 жылы Қалтай Мұхамеджанов­тың "Жат елде" атты пьесасы Әуезов атындағы ака­демиялық драма театрының сахнасына шық­ты. Айта кететін жай, Қалекеңнің осы шығармасы көп талқыланды. Бірден жүріп кете қойған жоқ. Сол заманның саясатына қайшы келетін жерлері болса керек, қысқартты дегендей...".

Қазіргі тарихшылар мен мамандар Қалтай Мұхамеджанов ағамыздың шығармаларының кейбір тараулары кезінде "зиянды" деп табылып, "кітаптан алынып тасталды" дейді. Олай болса "Біз періште емеспіз", "Жат елде" және басқа шығармаларын қайта қарап, жазушының архивінде сақталған қолжазбаларымен салыстырып, кезінде саяси желеумен алынып тасталған жерлерін қалпына келтіріп, түпнұсқасы бойынша басып шығарса құба-құп болар еді.

Әмірхан БӘКІРҰЛЫ,

Қызылорда қаласы

 

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Сәуір 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 29
30            

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 45 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.