Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Материалдар

САУАПҚА ТОЛЫ ҚАСИЕТТІ ҮШ АЙ

 Дінімізде кейбір айлар мен күндер және түндердің өзіндік қасиеттері, ерекшеліктері бар. Өзге айларға қарағанда рухани тұрғыдан шоқтығы биік мы­надай үш ай бар: ере­жеп, шағ­бан, рамазан. Діні­міздегі қасиет­ті күндер мен түндердің көбі де осы аталған айлардың ішінде. Сол себепті өзге айларға қара­ғанда осы үш ай көптеген ар­тық­шылыққа ие. 19 наурызда қа­сиетті үш ай басталды. Ар­дақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: "Ережеп - Алла­ның айы, Шағбан - менің айым, Рамазан - үмметімнің айы".

Әуелі Ережеп айынан бас­тайық. Ислам діні келместен алдын да арабтар үшін ережеп айы қасиетті болатын. Осы ай кірген кезде араб тайпалары өза­ра соғыс пен жанжалдарын тоқтатып, ешкімге тимеуге ты­рысатын. Сондықтан бұл айда араб қауымы өздерін қауіпсіз сезінетін.

Алла тағаланың Құран ая­ты­мен арнайы атап өткен, құр­мет тұтылған айлары діні­мізде "харам айлар"деп атала­ды. Бұл жайында Құран бізге былай дейді: "Алланың көктер мен жерді жаратқан күні жазған үкімі (орнатқан заңдылығы) бойынша айлардың саны - он екі, олардың төртеуі - ха­рам айлар. Міне, ең дұрыс үкім, әрі мінсіз жүйе (есеп) - осы. Ен­деше бұл айларда (яғни қасиетті айларды құрмет тұтпай не­месе ор­нын ауыстыру ар­қылы) өз-өздеріңе қия­нат жаса­маңдар". ("Тәубе" сүресі, 36-аят). Яғни, қа­сиетті айлар - харам істер­дің ты­йым салынатын айлары.

 

Харам айлар жайында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) былай дегені бар: "Жыл он екі айдан тұрады. Бұлардың төртеуі харам айлар. Оның үшеуі бірінен кейін бірі ке­леді. Бұл айлар зулқағда, зулхижжа, мухаррам. Төртіншісі болса - Ережеп". Демек, Пайғам­бары­мыздың (с.ғ.с.) аузымен атал­ған бұл айлар барша мұсыл­мандар үшін құн­ды әрі қадірлі. Алла Елшісі (с.ғ.с.): "Харам айларда бір күн ораза ұстап, бір күн ауыз аш­қан­ның артық­шылығы көп",- деп айтқан.

Ережеп айына тиесілі екі қасиетті түн бар. Ол - раға­йып және миғраж түні. Ере­жеп айының алғашқы жұмасын - Рағайып түні деп атайды. Адам­зат тарихында қайта­ланбас мұғжиза болған миғраж оқиғасы да осы ережеп айы­ның 26-нан 27-іне қараған түні. Биылғы 13 сәуір - қасиетті Миғраж түніне сәйкес келеді. Миғраж - көтерілу, биікке шығу, ру­хани дәреженің шыңына биік­теу мағыналарын білдіреді. Миғраж түн хазіреті Пайғам­барымыз (с.ғ.с.) Меккеден Құ­дысқа, ол жерден көк қабатына көте­рілуімен ерекше­ленген.

Ережеп айының мұсыл­мандар үшін қасиетті болуы­ның тағы бір мынадай себебі бар. Алла тағала миғраж түнін­де Пайғамбары­мызға (с.ғ.с.) мынадай үш нәрсені сый еткен:

1. Бес уақыт намазды парыз етті.

2. Осы түнде "Бақара" сүре­сінің соңғы 285-286 аяттарын уахи етті.

3. Аллаға серік қоспаған жанды кешіретінін сүйіншіледі.

Ережеп айы басталғанда ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дұға ететін еді: «Ей, Аллаһым! Ережеп пен шағбанды бізге берекелі еткейсің. Бізді рамазан айына аман-есен қауыштыра гөр». Демек, бұл дұғаны айтып жүру күллі үмметке маңызды. Қасиетті айлардың берекесінен тыс қалмай, сауабын иемдену – әрбір мүмін-мұсылманның мұраты.

Ережеп айы турасында Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай деген: «Бір кісі ережеп айын оразамен өткізсе, Жаратушының мынадай үш жақсы-лығына ие болады:

1. Өткен күнәларын кешіреді;

2. Қалған өмірінде түрлі теріс қылықтардан сақтайды;

3. Қиямет күні Алла тағала оның шөлін қандырады.

Ережеп айы барысында әркім шамасы мен мүмкіншілігіне орай нәпіл ораза ұстауға болады. Бірақ бір ай бойы ораза ұстау бұйырылмаған. Себебі ай бойы ораза ұстау тек рамазан айында парыз етілген. Ал, нәпіл ораза ретінде бірнеше күн ұстауға да рұқсат етіледі.

Дініміздегі абзал үш айдың екіншісі – Шағбан. (Шағбан айының басталуы – 17 сәуір) Бұл – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) айы. Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Шағбан айы кіргенде, өзде-ріңізді тазалаңыздар және ниеттеріңізді дұрыс-таңыздар»,– десе, бір хадисінде: «Шама-шар-қыңызға қарай амал жасаңыз. Өйткені сіз жалықпайынша, Алла да сізге жалығатын амал-ды жүктемейді. Алланың құзырында қабыл болатын амал – аз да болса игі істің тұрақты жалғасып тұрғаны»,- деп айтқан.

Сондықтан Алла Елшісінің (с.ғ.с.) Рамазан айынан кейінгі ең көп күн ораза ұстаған айы – осы шағбан айы болатын. Ардақты Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) не үшін шағбан айында көп ораза тұтқандығы жайында сұрағанда: «Шағбан – амалдар Алла Тағалаға ұсынылатын ай. Мен де амалдарымның ораза тұтқан кезімде ұсынылғанын қалаймын. Шағбан – адамдардың басым көпшілігінің рамазан мен ережеп айларының ортасында мән бермей кететін ай. Мен ол айды босқа өткізгім келмейді»,- деп жауап берген. Бұл айда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) нәпіл құлшылығын арттыратын. Әсіресе, көбірек ораза ұстайтын. Шағбан айындағы ораза ұстауға қатысты тағы бір хадисінде: «Рамазаннан кейінгі ең абзал ораза шағбан айында ұсталған ораза»,- деген екен.

Шағбан айының ішінде қадірін арттыратын қасиетті «Бәраат» түні бар. Ол түн шағбан айы-ның 14-нен 15-не қараған түн. (биылғы 30 сәуір – қасиетті Бәрағат түні) Тіпті осы түннің артықшылығына байланысты бір хадисте былай дейді: «Шағбан айының ортасындағы түнді құлшылықпен, күндізін ораза ұстаумен өткізіңдер. Ол түні Алла тағала: «Кешірім сұраған бар ма, кешірейін. Ризық сұраған бар ма, несібесін берейін. Дертті адам бар ма, шипасын берейін. Не сұраған болса, сұрағанын берейін», - дейді. Бұл жағдай таңға дейін жалғасады.

Шағбан айы - ережеп айынан кейін келетін шарапаты мол ай. Сахаба Әнас (Алла оған разы болсын) былай дейді: «Алла Елшісінен (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Рамазан-нан кейін қандай ораза маңызды?»- деп сұрал-ғанда, ол: «Рамазанға құрмет ретінде шағбан айы»,- деді. «Қай садақа абзал?»- дегенде: «Рамазан айында берілген садақа»,- деп жауап берді».

Олай болса, шарапаты мол шағбан айының ішіндегі «Бәраат» түнінде көбірек құлшылық етіп, жасаған күнәларымыз үшін тәубе етіп, Алладан көбірек кешірім тілеп, дүниеміз бен ақыретіміз үшін хайырлы болған нәрселерді сұрап, дұға-тілектермен өткізейік.

Күллі мұсылманға ыстық болған қасиетті рамазан айы. Шындығында рамазан айын тек үш абзал айлардың үшіншісі ғана емес, жыл он екі айдың сұлтаны, ұлығы деп те білеміз. (Ра-мазан айының басталуы – 16 мамыр). Айлар-дың сұлтаны деп аталған рамазан айының біз-дерге берер сауабы шексіз. Алла Елшісі (с.ғ.с.) айтады: «Рамазан айы келгенде, жәннаттың қақпалары айқара ашылып, тозақтың қақпа-лары жабылады, шайтандар кісенделеді». Енді бір хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Кімде-кім Рамазан айында шынайы сеніммен, сауапты бір Алладан ғана күтіп, ора-за ұстаса, бұрын-соңды жасаған күнәлары түгелдей кешіріледі».

Мұсылман баласы бұл айды сарыла күтіп, сағына қарсы алуға дайын жүреді. Себебі, сауабы сарқылмайтын қасиетті айдан құр алақан қалып кеткісі келмейді. Рамазан – Алланың құлдарына берген тарту-сыйы ғана емес, мейірім-шапағатына бөленудің мүмкін-шілігі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Ұлылығы шексіз Алла Тағала: Адам баласы-ның ұстаған оразасынан басқа барлық амал-дары өзіне. Ал, оразаның жөні бөлек. Өйткені, ораза менің разылығым үшін ұсталады. Сондықтан да, оның қарымын (сауабын) өзім беремін  деген».

Рамазан айы өзге айлардан ерекше әрі өзін-дік артықшылығы да мол. Сол артықшылық-тарын атап өтер болсақ. Біріншіден, Алла тағала Құранды осы қасиетті айда түсірді. Құранда былай делінеді: «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді» («Бақара» сүресі, 185-аят). Екінші-ден, рамазан айында Алла тағала исламның бес парызының бірі болған ораза ұстауды осы айда парыз етті. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Мекке-ден Мәдинаға 622 жылы қоныс аударғаннан кейін бір жарым жылдан соң, яғни 624 жылы шағбан айының 10-күні ораза парыз етілді. Үшіншіден, рамазан айының артықшылы-ғының тағы бір себебі – Алла осы айда мың айға тең келерлік бір түнді мұсылмандар үшін тарту етті. Ол – қасиетті Қадір түні деп атала-ды. Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Кім Қадір түнін иманмен және сауап тілеп, (намазда) тұрумен өткізсе, өткен күнәлары кешіріледі»,– дейді.

Дінімізде бұйырылғандай, кейбір айлардың өзіндік ерекшеліктері көп-ақ. Жоғарыда айтып өткеніміздей, ережеп, шағбан және рамазан айларының «Исламдағы абзал үш ай» деп аталуының мәнісі де осы. Осы айларды шари-ғатта айтылғандай, құлшылықпен өткізуге тырысайық. Алла жасаған құлшылығымыз бен ниетімізді қабыл етіп, ережеп пен шағбан айларының берекесіне жеткізіп, рамазан айына аман-есен қауышуымызды нәсіп етсін!

Қайырбек ТОҚТЫҚБАЙҰЛЫ,

 дінтанушы.

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Сәуір 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 29
30            

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.