Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Материалдар

ОТАНДЫҚ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНА КІМДЕР МҮДДЕЛІ?

 Жер әлемнің назарын аударып, дүйім жұртты таң­­дай қақтырған америкалық өнертапқыш Илон Маск Марсқа ракета ұшырып, ғылымда төңкеріс жасап, жаңалық ашқып жатқанда біздің ғалымдар билікке өкпелеп, өзара қырық пышақ болып араз­дасуда. Ғылымның өркениет бастауы екені рас бол­са, мұны шетелдіктер дамудың әрі табыстың құра­лына айналдырды. Алайда, қазақ ғалымдары ғы­лым­ның ғаламатын сезіне алмай келеді. Неге? Себебі маман тапшылығы, зертханалық базаларға бөлінетін қаржының аздығы, шетелдік ғалымдарды шақыруға мәжбүрлік, ғылымның бизнеспен біріге алмауы бүгіндері отандық ғылымның демін ішіне тартып тұр. Тіпті басқасы басқа, ғылым саласына да сыбайластық тамыр жайып үлгеріпті. Бір топ ғалымдардың бас көтеріп, Елбасыдан араша сұрап, дау шығаруына не түрткі болды? Неліктен ғылым­ның маңайына топтасқан азаматтардың қатары азайып барады? Сауал көп. Жауап та жоқ емес.

Рас, соңғы кезде отандық ғылымның қадірі қаш­ты. Жасырып жабатыны жоқ,  ғылыми жаңалықтар деп айды аспанға шығармақ түгілі, ғылымдағы қай­нап жатқан кемшіліктер баспасөздің басты ныса­насына айналды. Бар мәселе, ғылыми жобаларды қаржыландыруға бағытталған гранттар бөлінісінен басталып кетті. Негізінде ғалымдар елге қажет тиімді ғылыми жобалар жазуы қажет. Екі кезеңнен сыналып, қолдау тапса, ғылыми жобаларға арнайы қаржы бөлінеді. Дегенмен, жақында бір топ ғалым 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми конкурстың әділ бағаланбағанын ашып айтып, Бас прокурор және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне арнайы хат жазған. Оған себеп конкурс шешімімен мемлекеттік сараптамадан жоғары ұпай жинаған жобалардың өтпей, төмен ұпайға ие болған ғалым­дардың жобалары қолдау тапқан. Әділдік іздеп араша сұраған ғалымдар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу білдіруге мәжбүр болған. Деген­мен ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ұлттық ғылыми кеңес бұл ашық хаттың қарсы бағыт­талғанын, жобалардың елге пайдасы ескеріл­генін айтып, қарсы жауап білдірген. Ал, сырт елдің білімін алып, ғылыми ортаға енді қосылған жастар да бұл шешіммен келіспейтіндігін айтып, бірқатар БАҚ-қа сұхбат берген. Ғалымдар "ҚР "Ғылым тура­лы" заңында көзделген талаптар орындалмай, Ұлт­тық ғылыми кеңес мүшелерін бекітудің ережесі еске­рілмеген" дегенді алға тартып отыр. Даудың себебін анықтауға мойын бұрған ҚР Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова  "Егемен Қазақс­тан" газетінде конкурс қарауына келіп түскен жоба­ларды тексеретін Кеңес мүшелерін тағайындауда біржақты қағида болғанын ашып айтқан.

 

- Барлығы 17 мүшенің 3-уі бір ЖОО-дан тартылған. Ал, көптеген белгілі ЖОО мен ҒЗИ-лардан бір мүше де алынбаған. Бұра тартушы­лық­тың тағы бір себебі, Кеңес құрамына өз жобаларын ұсынған ғалымдар да енгізілгені деп ойлаймыз. Өйткені әркімнің өз жобасын өткізуге ұмтылатыны белгілі. Нәтижесінде, Кеңес мүшелері бірінші кезеңнің нәтижелеріне назар аудармай, 30 ұпайдан жоғары, 10, 15 орынға ие болған ғылыми жұмыс­тарды қабылдамай, бар-жоғы 16, 19 ұпай жинаған жобаларды мақұлдады. Мәселен, 582 өтінім ішінде 450 орында тұрған 20 ұпайы бар Кеңес жетек­шілерінің бірінің өтінімі қаржыландыруға ие болды,- дейді депутат. Сонымен қатар халық қалаулысы грант алуға келіп түскен 580-нен астам жобаның қарауға 3 күн уақыт жұмсалғанын да қоса кетіпті.

Депутат Меруерт Қазбекованың бірінші кезең­дегі еленбей қалған ұпай деп отырғаны, өзге де бір мәселенің шетін шығарады. Ұлттық Ғылыми кеңес­тен бұрын ғылыми жобалар шетелдік ғалымдардың сараптауынан өтеді. Бұл сараптамаға мемлекеттен қыруар қаржы бөлінеді. Алайда, елдегі Кеңес мүшелері шетелдік әріптестерінің үздік деп таныған жобаларын керек қылмай отыр. Себебі соңғы шешім­ді ғылыми кеңес шығарады. Бұл сараптама жасауға кеткен ақша желге ұшты деген сөз.

Ашық хат жазып, жанайқайын жұртқа жеткізген ғалымдардың шамына тиетіні, конкурстық комиссия құрамында отырған ғалымдардың өз жобаларының өтіп кетуі. Ғалымдар мұның артында бармақ басты, көз қысты әрекеттің бар екеніне сенімді. Бірақ ғылыми Кеңес мүшелері арнайы ережеге сай өз жобалары қаралатын уақытта олардың дауысы есепке алынбайтынын, шешімнің әділ шыққанын айтып бағуда. Қоғамға тез таралған мәселе Этика жөніндегі кеңесте қаралды. Ғалымдар мен Кеңес мүшелері арасындағы дау-дамай екі тараптың пікірін екіге жарғанымен, нақты шешім қабылдана қоймайды. Мұның арты немен аяқталатынын уақыт көрсетеді. Десе де, ғылыми жаңалықтарға сұранып тұрған жобалардың тағдырын шешетін Кеңестің мүшелері жемқорлыққа жол берді деп тура айта алмаймыз. Мұны құқық қорғау органдары анық­тайды. Бірақ, бір терінің пұшпағын илеп жүрген ғалым­дар арасындағы дау біздегі ғылымның деңгейін әйгілеп қойды. Әйтсе де, қазақ ғылымының өркендеуіне аяқтан тартатын бұл бір ғана мәселе емес.

Грант үшін таластың алдында бұқаралық ақпа­рат құралдарында қазақ ғалымдарының 250-ден ас­там мақалалары жалған журналдарға жариялап, атақ алуға ұмтылғаны турасындағы тақырыптың қызуы әлі басыла қойған жоқ. Алматы Менеджмент уни­вер­ситеті ғылыми зерттеу орталығының директоры Данияр Сапарғалиевтің сөзіне сенсек, ғылымда док­тор атану үшін міндетті түрде ғылыми жаңалықтары қамтылған мақалалар шетелдік басылымдарда жариялануы тиіс. Неғұрлым көп мақалалар басылса, соғұрлым ғалымдардың да наны жүреді. Талап бойынша, ғалымдар "Web of Science" және "Scopus" ақпараттық базаларында көрсетілген журналдарға мақалалар жіберуі керек. Алайда, нарықтық қағи­даны меңгерген шетелдік кейбір басылымдар ға­лым­дардың ақшасын қағып алып, жалған жур­налдарға мақала шығарады. Құны да қалтаны қаға­ды. Мәселен, бір ғылыми мақала үшін кемінде 1500 дол­лар қаржы төлейсіз.

Бір жыл ішінде 200-ден астам мақаланың беделі төмен басылымдарға шығуы, ғалымдардың біліп не білмей баруы жас ғалымдарға алаяқ басылымдар­дан аяғын тартып жүруге сабақ болса игі. Себебі ғылым саласындағы жалғандықтың түбі ашылатын­дығын уақыт дәлелдеп отыр.

Ғылыммен айналысу кез келгеннің қолынан келе бермес. Жаңалық ашып, оны ұзақ жыл зерттеу тұтас өмірінді арнаумен тең. Бірақ, кейде біз бен сіз ойла­ған­дай дүние бола бермейді. Ақпараттық техно­ло­гияға имене кіріп, тыңнан түрен салуда ғалымдар плагиаттыққа ұрынып жатыр. Ғылымның бел ортасында жүр­ген азаматтардың көшірмеден көшір­меге ұрынып, күн көруі ғылым саласындағы пла­гиат­тыққа жол ашты. Мұны Елбасы ғалымдармен басқосуда қадап айтып жүр. Алайда Ұлттық Ғылым Академиясының президенті Мұрат Жұрынов "Матрица" сайтына берген сұхбатында ғылымды тек плагиат қана те­жеп тұрған жоқ. Себепті  "өн­діріске ашық жолдың жоқ­тығынан іздеу керек" депті.

- Ғылымның 5-10 пайызы плагиат болса, оның ешкімге зияны жоқ, пайдасы да жоқ. Ең бастысы, ғылыми жұмысты нағыз ғалым істегенде, ол еш уақытта плагиат жасамайды. Егер ол плагиатқа жол берсе, оның ғылыми нәтижелері өндіріске салғанда өтірік болып шығады да, өндіріс жүрмейді. Бірақ, өндіріс пен лаборатория арасындағы көпір бұзылды. Бұрын кеңес өкіметінің кезінде, біздің елу зауы­тымыз Мәскеуге бағынатын. Ал, ол жақтағы орта­лық зауыттарға қаржы бөлетін. Ал, қазір ғалым мен өндірістің арасында дәнекер болатын сынақ цехтары жоқ,- дейді М.Жұрынов.

Академиктің айтқаны рас. Қазір ғылым мен биз­нес біріге алмай жатыр. Ғалымдар қорғаған жобалар өндіріске тура жол таба алмауда. Оның үстіне, сарапшы мамандар Қазақстанда ғылымға бөлінген қаржының мардымсыз екенін алға тартады. ҚР БҒМ Ғылыми комитеті жүргізетін жыл сайынғы қоры­тындыны алға тартсақ, дүниежүзілік банк мәліметі бойынша, ғылыми зерттеуге бөлінген қаржының ІЖӨ-дегі үлесі бойынша әлемде Израиль мен Оңтүстік Корея көш бастап тұр. Қытайлықтар да ғылымға қаржы құюдан аянып қалған емес. Ал, Қазақстан Ресейден кейінгі сатыда. Ресми мәлімет­терге сүйенсек, соңғы үш жылда Қазақстан ғылымы үшін 10 млрд. теңге қаржы бөлінген. Әйткенмен бұл жаһан елдерімен салыстырғанда әлі де жеткіліксіз.

Түйін. Ғылымға қолдау керек. Ғылымға қыруар қаржы қажет. Ұлы ақын Абай да бар табыстың бастауы ғы­лымға байлаулы екенін жазып кетті. Дегенмен, екі ғасыр өтсе де, қазақ ғылымының дамуына тұсау са­лып, тізгінді тартып тұрған мәселелерге мән бермей, ғылым дамудың жолына түсе алмайды. Ал, бөлінген қаржыны қолды етсек, жас ғалымдардың сеніміне селкеу түсіріп, оларды сыртқа тепкендей бол­маймыз ба?

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

 

28.02.2018 жыл

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінгі күні оқушылар мамандықты қалай таңдайды?

Ата-анасының қалауымен - 60%
Өз таңдауына сүйенеді - 0%
Гранты бар мамандықтарға барады - 0%
Көпшілік таңдауына мән береді - 10%
Шет аймақтардағы ұпайы аз мамандықтарға беттейді - 30%

Дауыс саны: 10
The voting for this poll has ended on: 17 Қаң 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Наурыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.