Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Материалдар

Аида Әбибуллаева: "Әрбір қызметіміз халық көңілінен шығуы керек"

   

     Қазір айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алатын заман. Бұрынғыдай емес, алыстан жететін хаттар, сағындырып келетін сәлемдемелер күн құрғатпай қолға тиеді. Мұның бәрі уақыт ағымымен дамып, сұраныс өлшемімен жетіліп отырған Қазпоштаның қызметі. Біле білгенге, бүгінде Қазпоштаның қызмет аясы кеңейді. Жаңа сервистік қызметтер жұмысбасты адамның уақытын әрі қаржысын үнемдейді. Зейнеткерге де, қызметтегі азаматтарға да, іскер бизнесмендерге де қолайлы қызметі бар Қазпоштаның Қызылорда облыстық филиалы ел игілігі жолында тер төгіп келеді. Ал, халықпен етене жақын жұмыс істейтін мекемені басқарудың жолын жалғап, жаңа механизмдерін дамытып отырған филиал директоры Аида Әбибуллаева Қазпоштаны жаңа белеске көтеруге күш салып келеді. Халыққа қызмет атқаруда тәжірибесі мол, іскер жан Аида Ибрагимқызымен тілдесіп, Қазпоштаның бір күндік қызметімен танысып қайттық.

- Аида Ибрагимқызы, сіздің Қазпошта басшылығына келгеңізге тура жарты жыл болыпты. Тізгінді қолға алған сәттен бас­тап компанияның имиджіне жұмыс жүр­гі­зіп, қызу тірлікті бастап кеттіңіз. Қаз­пош­та қызметін ілгерілету үшін тағы қан­дай қадамдарға бардыңыз?

- Қазпошта - әлеуметтік құрылым. Күн сайын халықпен жұмыс істеп, қажетті қызмет көрсететіндіктен әрбір клиентке сапалы қыз­мет­пен қатар, жайлы орта қалыптас­тыруымыз керек. Жылы қабақ танытып, клиенттермен тіл табыса білу қажет. Мен Халыққа қызмет көр­се­ту орталығынан алған тәжірибеме сүйеніп, халықпен қызмет атқаратын әрбір қызмет­кердің жұмыс сапасына мән бердім. Аса бір өзгеріс жасап, жаңашылдық енгіздім деп айта алмаймын. Мәселелердің бәрі де қаржыға келіп тірелетіндіктен, бірқатар бағыттарды енді дамыту үстіндемін.

Қазірде халықтың талабы жоғары. Бәсе­келестік ортада жайлы қызмет көрсете алсақ қана халық сенімін ақтаймыз. Себебі әрбір қыз­метіміз халық көңілінен шығуы керек.

 

- Ақпараттық заманға аяқ басып, сала­ларда цифрландыру жүріп жатқанда хат жазып, пікір алмасатындардың қатары көп емес шығар. Десе де, сіздер өткен жы­лы журналистермен кездесуі­ңізде "хат жа­­зып тұрайық" деп бастама көтеріп, халыққа серпін бердіңіздер. Содан бері хат жазушылардың қатары көбейді ме?

- Бүгінгі заманның екпіні қатты. Кейде өзім "біз қайда бара жатырмыз?" деп ой үстінде қаламын. Шынын айтсақ, жаңа технологиялар, түрлі идеялардың жүзеге асқаны жақсы. Де­ген­мен, адамдардың бір-біріне деген жылулық сезімін жеткізуі, білдіруі азайып бара жатқан сияқты. Ал, жылылық жоқ жерде қатыгездік пайда болады. Бұрындары қолға қалам алып, жүрек түкпірінен шыққан жылы сөздерді жазып, оны хат арқылы жіберетін едік. Қазір мұндай хаттарды жазатындар азайып барады. Мен жоғары оқу орнында оқып жүргенде әжем­­нен, ата-анамнан хаттар алып тұра­тын­мын. Әлі күнге дейін жүрекжарды лебіздері есімде. Қазір мен де анамын. Бірақ балаларыма хат жаздыра алмаймын. Мүмкін бұл техно­ло­гияның әсері шығар. Қалай десек те хат арқылы адамның бір-біріне құрметі артады, өйткені ол хатты жазуда адам еңбектенеді, сағынышын жет­­кізеді. Осы себептен де "хат жазып тұ­райық" деп ой білдіріп, халықты шақырамыз. Барлығына уақыт таразы. Көбіне аға буын өкілдері хат алмасуды үзген емес.

Қазір хат жазуға көбісінің қолы тие бер­мейді. Дегенмен, пошта жаңа тетікті іске қос­ты. Қазпоштаның арнайы телефон бағдар­ламасын жүктеу арқылы достарыңызға, жақын туыстарыңызға көңіл білдіретін сәлемхаттар, қарапайым тілмен айтсақ, телефоныңыздағы суретті жүктеп, жүрек тебірентер жылы сөздер жазып, құттықтау хат жолдай аласыз. Бұл - кезіндегі дәстүрлі хаттардың заманауи түрі. Ол үшін пошта бөлімшелеріне барудың қажеті жоқ.

- Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары Қазпошта қызметінің жұмысы жанданып, қызметтер аясы кеңейді. Алыстағы ағайын­ға хат-хабар, сәлемдемелер жіберу­де қандай жаңашылдықтар бар?

- Қазіргі таңда Қазпоштада 260 қызмет көрсетіледі. Бәрінің де өзіне тән жауап­кер­шілігі мен қиындығы бар. Негізінде, Қазпошта 3 ірі бағытта жұмыс жасайды. Ең біріншісі - пошталық қызмет. Ірі габаритті жөнелтілімдер, хаттар мен сәлемдемелер, постоматтар, мер­зім­ді баспасөзге жазылу, филателия сынды қызметтері бар. Ал, қаржы­лық бағытта ақша аударымдарды, төлемдерді қабылдау, зейнет­ақы мен жәрдемақы төлем­дері, валюта айырбасы қызметтерін атқарады. Үшіншісі агент­тік қызмет. Оған несиелер беру, депо­зиттер ашу, теміржол билеттерін сату қыз­меттері, авто не өзге де мүліктерді сақтан­дыру қыз­меттері қоса кіреді. Мұнан бөлек, Қаз­пошта соңғы кездері Халыққа қызмет көр­сету орталығындағы мемлекеттік қызметтерді де атқарады. 70-тен астам түрлі құжаттар, анық­тамаларды пошта арқылы рәсімдеуге бола­тынын еске саламын. Халық өзіне қажетті қыз­мет түрін таңдай отыра біздің сервисімізге жүгіне алады.

Мұнан басқа, жаңадан франчайзинг бағыты іске асуда. Қазіргі нарық уақытында фран­чайзинг бағыты жылдам даму үстінде. Осы қызметті Қазпошта арқылы да жандандыруға болады. Яғни, кез келген кәсіпкер поштаның франшизалық бөлімін ашып алып, жұмыс жасайды. Бұл халыққа да, кәсіпкерге де тама­ша мүмкіндік. Алдағы күндері Қазпош­таның  алғашқы франчайзинг бөлімшесі ашылмақ. Бүгінге дейін жекеленген 10-ға жуық ұсыныс келіп түсті. Франчайзинг арқылы жұмыс жүр­гізу қай жағынан тиімді деген сұрақ тууы мүмкін. Іс бастаған кәсіпкер дүкендерде, аудандағы сауда орталығында пошта бөлімше­сін ашып, қызметін жүзеге асырады. Бастапқы келісім-шартқа сәйкес түскен табыстың бөлі­гін алып отырады. Яғни, кәсіпкер жаңадан жұ­мыс істейтін әлеуметтік серіктестерді ізде­мейді. Сондықтан іскер кәсіпкерлерді осы бағыт­та жұмыс істеуге шақырамын.

- Білуімше, қазір зейнетақыны үйге дейін жеткізіп беру қызметін атқарасыз­дар. Бұл қызметті қолданушылардың қата­ры қалай? Қариялар сервистік қыз­мет­тің жетілгеніне қарамастан зейнет­ақыны әлі күнге дейін поштаға келіп алады. Айына бір мәрте замандастарымен бірге кезек күтіп, зейнетақы алғанды жақ­сы көретін шығар. Сіз қалай ойлайсыз?

- Қазірдің өзінде бірқатар зейнеткерлер зейнетақыны үйіне алдырады. Себебі жүріп-тұруы қиын қариялар үшін бұл қызметтің пайдасы мол. Зейнетақыны үйге апарып бере­тін қызметтің құны аса қымбат емес. Расында, көптеген зейнеткерлер Қазпоштаға келіп, кезек күтіп зейнетақыны алғанды ұнатады. Мүмкін уақыт өте келе карточка арқылы алуға көшер, бірақ басым бөлігі әлі де біздің опера­торлардың қызметіне жүгінеді. Осы ретте мен мына мәселені айта кеткім келеді. Қазпошта өзге компаниялар сынды пайыздық үстеме арқылы пайда таппайды. Себебі әлеуметтік бағытталған құрылым. Елді мекендердің іргесінде Қазпошта бөлімшелері тұр. Ауыл халқы осы пошта бөлімшелерінің қызметін пайдалануға толық мүмкіндігі бар. Қазірдің өзінде халықтың жартысының көбісі өте белсенді пайдалануда.  Мәселен, Тұрғын үй жинақ банкісінің депозиттерін Қазпошта арқылы ашу сұранысқа ие. Сонымен бірге тұрғындар "Банк Хоум Кредит", "Альфа банк­тің" несиелерін пошта арқылы ала алады. Бұл қызметтерді жүзеге асыруда Қызылорда об­лы­сы республикада алдыңғы қатарда. Тағы бір тиімді тұсы, Қазпоштада теміржол, әуе билет­терін пошта бөлімшелері арқылы алу кез кел­ген тұрғынға қолжетімді. Міне, осы себеп­ті пай­далана отырып, шеткері ауылдарда біздің қызметті пайдалануға шақырамын. Себебі Қазпошта - ауылдағы елді мекендер­дегі биз­нес, қаржы орталығының бірден бір жүйесі. Оған дәлел, ауыл тұрғындары зейне­т­ақы мен жәрде­мақы және басқа да төлемдерін аудан орталығына бармай-ақ, жол шығыны мен уақытын үнемдеп, пошта бөлімшесінен ала ала­ды. Мұның бәрі халық игілігі үшін жолға қойылған.

Қазіргі ақпараттық технологиялардың күн санап жетілгеніне қарай, Қазпошта көпке тиімді қызметтерді көбейтіп жатыр. Соның бірі - Билайн ұялы байланыс операторларының көмегі негізінде ақшаны салу, оны алу қызметі. Нақты айтсақ, туысыңызға жылдам ақ­ша керек болған сәтте, сіз оның ұялы теле­фонындағы билайн нөміріне 100 мың теңгеге дейінгі қаржы сала аласыз. Телефон нөміріне келіп түскен қомақты ақшаны Қазпошта бө­лім­шелеріне келіп, арнайы смс код арқылы шыға­рып алып кете алады. Бұл - сенімді әрі қысқа уақытта әрекет етудің жолы.

- Поштамат туралы айтып қалдыңыз. Бұл терминалдың тиімділігін тұрғындар сезініп жүр ме?

- Еліміз цифрландыруға аяқ басқан тұста Қазпоштада интернет коммерция қарқынды жүруде. Бүгінде Қазпошта АҚ дүниежүзілік 350 мыңнан аса интернет дүкендермен сәлем­демелер және басқа да тұтынушылық тауар­ларды жеткізіп беруі бойынша келісім шартқа қол қойды. Соның бірі әлемге белгілі биз­несмен Джек Ма басқаратын "Аli Express" компаниясымен келісімге келіп, тауарларын жеткізу жұмысын бастап кетті. Бұл арқылы кез келген клиент өзіне қажетті заттарды шет елден интернет арқылы сатып алады. Бағасы да көңілге қонымды, әрі уақыт жоғалтпайды. Мен өзім де осы қызмет түрін жиі пайдалана­мын. Ал, сұрағыңызға айтарым, соңғы кезде поштамат қызметін игеретіндер саны артуда. Мәселен, сіз бір қалаға зат жібергіңіз келсе, пошта бөлімшелерінде орналасқан пошта­матқа келіп, затыңызды салып жібересіз. Және оның жеткізілу жолын таңдағаннан кейін, белгілі бір уақыт ішінде телефоныңызға смс хабарлама келеді. Бұрынғыдай поезд жағалап, зат арқалап тасымайсыз. Тиімді әрі қолай­лы.

Өзіңіз білесіз, қазір адамдар жұмысбасты. Бұл ретте уақытты ұтымды пайдалану үшін Қазпошта "post.kz" мобильдік қосымшасын іске қосты. Бұл қосымша адамдардың қызығу­шы­лығын тудырып жатыр, яғни сұраныс көп. Мәселен, сіз осы мобильдік қосымшада оты­рып, қандай да бір жөнелтілім не құжат­тарыңыздың жеткізілу процесін қадағалай аласыз. Бумада көрсетілген тірек нөмірлер арқылы өз затыңыздың екінші адамға жетуіне дейінгі аралықты интернет арқылы бақылап отырасыз.

Уақытты тоқтату мүмкін емес. Жұмыс­басты, не үй шаруасынан қолы тимейтін тұрғындарға Қазпошта қашанда көмек қолын созады. Белгілі бір мөлшердегі заттар не сәлемдемелерді көзделген мекен-жайға апару үшін үйге курьер шақыруға болады. Тарифке сәйкес бағасы бекітілген бұл қызметті сайт арқылы пайдалануға толық мүмкіндік бар.

- Қазпошта туралы айтқанда, газет-журналдарға жазылым жайынан айналып өте алмаймыз. Қазір баспасөзге жазылу­шы­лардың белсенділігі қалай?

- Оқырмандар кәсіби мамандығына бай­ланысты материалдарды іздейді. Дәрі­герлер медицина, ұстаздар педагогика, кәсіп­керлер бизнес саласындағы газет-журналдарға жазы­лады. Мұнан бөлек, танымдық бағыттағы әдебиет, руханият тақырыптарын, қоғамдық мәсе­лелерді көтере­тін басылымдарды іздеп оқиды. Меніңше, қанша дегенмен гаджеттер алға шыққанымен, мерзімді баспасөз басы­лым­да­рына сұраныс азаймайды.

- Халықпен жұмыс жүргізу қарапайым болып көрінуі мүмкін, деген­мен әр тұтынушының көңілінен шығу мүмкін емес. Мекемеде ашықтық ор­на­тып, қара­мағыңыздағы қызметкер­лердің жұмыс сапасына жеке өзіңіз мән бересіз. Тіпті жеке телефоныңыздың нөмі­­рі әрбір пош­та бөлімшелерінде тұр. Мұндай тәсілдің пайдасын сезіне алды­ңыз ба?

- Халыққа қызмет көрсету орталығы ашыл­ғанда мен бұл тәсілді қолданып көргенмін. Тиімділігі бар деп есептеймін. Себебі әрбір адамның пікірі маңызды. Егер мен келушінің сұрағын, пікірін уақытында біліп отырсам, қандай да бір мәселе немесе сұрақ туындаған кезде жедел шаралар қабылдай аламын. Бұл тұтынушыларға өте ыңғайлы және қызмет сапасын анықтауға әрі қызметкер­лердің жауапкершілігін саралауға жол ашып берді.

- Аида Ибрагимқызы, күн сайынғы қауырт тірлікпен қатар әлеуметтік желіде де белсендісіз. Бұл да қоғаммен байланыс орнатудың жолы болар...

- Солай ма? Тіпті байқамайды екенмін. Ең жақсысы, әлеуметтік желіде отыру арқылы адамдардың ойын біле аласың. Кейде ой сарт етіп бірден келе қалады. Сондайда бірден іркілмей желіге жаза саламын. Кейде бір жаз­ба­ны жазу үшін ойлануға тура келеді. Көп жағдайда жолға шыққанда, көлік ішінде жазбалар жазам. Сонымен бірге, Қазпошта қызметіне қатысты халықтың пікірін білемін. Сол арқылы қай тұсқа мән беріп, нені жетілдіру керектігіне назар аударамын. Өзіңіз білесіз, әлеуметтік желіде адамдар ойын бүгіп қалмайды, тура айта салады. Халықтан келіп түскен сын арқылы өзімді қайрап отырамын. Әлеуметтік желінің пайдасын осылай сезінемін.

- Іссапар деп айтып қалдыңыз. Басшылыққа келген сәттен бері аудандар­дағы Қазпоштаның жағдайымен таныс­тыңыз ба?

- Әрине, бәрін бақылау қажет. Облыстың барлық аудандарына барып, пошта бөлімше­леріндегі қызметкерлердің жағдайы­мен, ондағы қызметтің сапасын бақылап қайттым. Менің бір байқағаным, тәжірибелі мамандар өз ісіне аса бір жауапкер­шілікпен қарайды. Себебі олар өз беделіне нұқсан келгенін қаламайды. Ал, кейбір жас буын тек жұмысты бітіргенше асыға­ды. Әрине, тәжірибе жинай келе бұл мамандар да қалыптасады.

Қазпошта АҚ-ның иелігінде Қазақстанның бүкіл аумағын, әсіресе, аудандық және ауыл­дық мекендерді (3400-ден астам пошта бөлімшелерін) қамтитын елдегі ең ауқымды бөлімшелік желі бар. Пошта желісі бизнес пен халық үшін электронды сауданы, көлік-логистикалық сервисті, агенттік, қаржылық қызметтерді дамытудың тиімді құралы болып табылады.

- Басшы ретіндегі қызметіңізді ел біледі. Дегенмен ең бірінші сіз анасыз. Әйел қауымы ретінде бүгінгі күні сізді қандай ойлар мазалап жүр?

- Меніңше, барлық әйелдер қауымы бала тәрбиесіне алаңдайды. Отбасындағы береке, отбасы құндылықтарын сақталуына көңіл бөлем. Бірінші мамандығым ұстаз болған­дықтан ба, мұғалім беделінің өте жоғары болғанын қалаймын. Өткен жылы Жапонияға жолым түсті. Күншығыс елінде мемлекеттік және қоғамдық тұрғыда ұстазға деген құрмет­ті, оның мәртебесінің жоғары екенін көріп іш­тей қызықтым. Біздің елде де солай болса екен деп тілеймін.

- Қазпоштада қызмет атқаратын әйел­дердің үлес-салмағы қандай? Жалпы қа­ра­пайым пошташылардың еңбегі қанша­лықты бағаланады?

- Бірден жауап берейін, Қазпоштада еңбек ететін қызметкерлердің 75 пайызы әйелдер. Біле білсек, пошташылардың жауапкершілігі жоғары. Поштада еңбек ететін әйелдер жан­қияр­лық жұмыс атқарады. Себебі күніне 6-8 көше аралап, 10 шақты шақырым жол жүріп, діттеген жерге сәлемдеме мен хаттар жөнел­теді. Күн сайын біздің қызметкерлер түрлі қиындықтарға тап болады. Көше атауларының жүйе­сіздігі, нөмірлердің ретсіз­дігінен шатаса­ды. Жаңбырда да, көк тайғақта да, аптап ыстық­та да халыққа уақытылы қызмет етеді. Тіпті, көшеде жүрген бос иттерге де кезігіп қалады. Соған қарамастан пошта­шы­лар­дың маңдай тер еңбегі тиісті бағалануы қажет.

Соңғы кездері пошташылардың жұмысын ілгерілету үшін жаңа қадамдар жасалуда. Арнайы қызметтік смартфондармен, жолда жүру жолақысымен, қыстық, жаздық киім­дер­мен және аяқ-киімдермен қамтамасыз етілуі пошташылардың алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Сонымен бірге күн сайын хат, сәлемдеме таситын пошташыларға арнайы велосипедтер алынып берілуде. Мұның бәрі қызметті жедел әрі сапалы орындауға септігін тигізеді.

Пошташылардың мәртебесін көтеруге бас­шы ретінде ықпал етуге жұмыс жүргіземін. Әйел заты ретінде таңмен таласа тұрып, үйді-үйді аралайтын пошташының еңбегі лайықты бағалануы керек.

Міне, сырттай қарағанда қарапайым болып көрінуі мүмкін, дегенмен Қазпошта халықтың сенімінен шығу үшін барлық қызмет түрлерін жоғары сапада көрсетеді. Елдің инновациялық дамуына поштаның қосар үлесі аз емес. Сондықтан халықпен бірге жасап келе жатқан Қазпошта әрдайым халық үшін қызмет ете бермек.

- Алдағы апта 8-наурыз мерекесі тойла­нады. Мерейлі мерекеде өзіңіздің жүрек­жарды лебізіңізді білдірсеңіз.

- Барша қазақстандық әйелдер мен қыз-келіншектерді 8-наурыз - халықаралық әйел­дер күні мерекесімен құттықтаймын. Өмір толқынында тынымсыз тер төгіп жүрген қыз-келіншектерге, ақ жаулықты аналарға, бойжет­кендерге шуақты мерекеде табыс тілеймін. Отбасында амандық, бақ-береке, ырыс-несібе мол болсын. Ал, барша әріптестеріме ел игілігін жолындағы еңбегіне жеміс, толайым табыс­тар тілеймін.

- Аида Ибрагимқызы, сізді де мере­кеңізбен құттықтаймыз, емен-жар­қын әңгімеңізге алғыс білдіремін. Ел алдын­дағы еңбегі­ңізге табыс тілейміз!

 

Сұхбаттасқан

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

 

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Наурыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.