Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

ЖАСЫН ЖЫРДЫҢ ЖАРҚЫЛЫ

Өлең өл­кесі­не Жарасқан ақындай бесік­тен белі шықпай жатып, қарша­дайынан келген талант иелері некен-саяқ бо­лар. Бір кездері күллі Алматы­ның жастары аға­мыздың сту­дент­­­тік шақта жазған махаббат лирикасын ауди­то­рияның үс­тінде, көше­лер­де, жиын-тойлар­да та­ласа-тарма­са оқып, жаттап өсті десем бекер емес. Сол тұс­тары Жақаңның:

Қайдасың менің жаза алмай

                                          жүрген жырларым,

Мақамы мұңды пірлі әнім.

Баулардасың ба, бозбалалар қыдырған.

Таулардасың ба, көкірегі толы нұрлы ағын,

немесе:

О, наз гүлім, шын күлкіні сағынған,

Батпайсың ба, қайғырмашы деуге де.

Ана сынды әлдиінен жаңылған,

Мен мұңайсам тұнжырайсың сен неге? - деген жыр жолдары республикалық "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш"), "Қазақ әдебиеті" басы­лымдарында жарық көріп жататын.

Кешегі дәуірдегі кеңес халқын төрт жыл  бо­йы сағындырып күткізген Ұлы Жеңістен үш жыл кейін, 1948 жылғы 7 наурызда Қызылорда облысындағы Арал ауданының бұрынғы Ақша­тау колхозында Мағжан Жұмабаев атын­дағы әдеби сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жазу­шы­лар одағының мүшесі, талантты ақын Жарасқан Әбдірашев дүниеге келді. Әкесі колхоз басқар­ма­сының төрағасы, анасы үй ша­р­уасындағы қа­ра­пайым жан болатын. Болашақ ақын ауылдағы мектепте хат танып жүрген тұста басқарманың үйіне келген қо­нақтар Нұр­туған ақын, Дәріқұл жырау, Сартай батыр жа­йында сан алуан аңыздардың тиегін ағытушы еді. Бәлкім, сол көкірегіне өнер сәулесін құй­ды ма, әйтеуір аядай Ақшатау ауы­лы­ның ақ­шаң­дағын жалаң аяқ аспанға көтерген қаршадай бала әсершіл, сезімтал болып өсіпті. Мүмкін, бала Жарасқанның нәзік жүрегіне Ақшатаудың алдындағы "бақасы қойдай шу­лаған, сазаны тайдай тулаған", жан-жағын жа­сыл құрақ көм­кер­ген күміс көлдері, алуан түр­лі аңыздың арқа­уы болған ауыл аттас биік тө­бесі шуақты нұр, қуатты жыр сыйлаған болар.

 Жарасқан ақынның ең алғашқы өлеңі қай газетте, қай уақытта жарияланды, ол жағы бізге бей­мәлім. Оның есесіне ол кіндік қаны тамған ту­ған жері - Ақшатау ауылын өмір бақи естен шығармай өтті. Кез келген жыр жинағында аты аталып, түсі түстелмесе де, ауыл жайлы өрнек­ті өлең­дері молынан кездеседі. Соның бар­ша­сының түйіні - күні кешеге дейін түтіні түзу ұш­қан бұрынғы Ақшатау ауылы екенін көкірек тезіңмен түсінесің. Мысалы, ақынның "Сана соқпағы" кітабындағы "Мен туған ауыл" жырын дәл солайша қабылдарың анық.

Сабырлы Сырдың аяғы,

Аралға құяр тұстағы -

Бар ма екен әлі баяғы,

Бабамның ескі қыстауы?

Жанымды жиі бүреді,

Жел қуған жайсыз бір хабар.

Түсіме түнде кіреді,

Сорайған сұсты моржалар.

Арманын тыңдап Ай мұңды,

Азынап әнге сала ма ол,

Бар ма екен әлі айдынды,

Шұқыр көлменен қаракөл?

Сүйетін самал жүзімнен,

Қайтқанда қарап ауды әкем.

Жағада қаздай тізілген,

Жатаған үйлер бар ма екен? - деп, ақын жү­регі балалық шағын, кір жуып, кіндік кескен ту­ған ауылын армандайды. Осы өлеңнің соңғы шу­мағы оқыған жанды сағынышты оймен тер­бетіп, төмендегіше аяқталады:

Сорасын сүртіп көзімнің,

Қол ұшын берер  маған кім?

Беймарал бала кезімнің,

Белгісін қайдан табармын?

Ақын Жарасқан Әбдірашев Қазалы қала­сын­дағы бұрынғы ауыл шаруашылығы техни­ку­мының түлегі екенін екінің бірі біле бермес. Осынау арнаулы орта оқу орнында бірге оқы­ған курстастары бір кездері өздерінің жа­нын­дағы қағылез бозбаланың араға жылдар салып, қазақ әдебиетінде белгілі қаламгер болып қа­лыпта­са­тынын білмеген болар. Әй­теуір, осы­дан соң қа­зақ мемлекеттік универси­те­тінің жур­налистика факультетінде оқыған жылдары Жарасқан аға­мыздың ойлы да ойнақы лири­ка­лары жыр сүйер қауымды дүр сілкінтті. Әсі­ресе:

Ақ бұлақтар,

Алқынған ақ бұлақтар,

Қазір көктем,

Алдың жаз, шапқылап қал, - деп баста­ла­тын, немесе:

Арызым бар, Табиғат айтар менің:

нар ұлдарын еліме қайтар менің...

қайтар менің еліме нар ұлдарын -

Қайтар қайталанбайтын дарындарын! - деген жыр жолдары біздің тұстастарымыздың санасында әлі күнге сайрап тұр.

Шығармашылық алғашқы адымынан бастап ақырғы күндеріне дейін Жарасқан аға­мыздың сүйікті тақырыбы - махаббат туралы болатын.

О, махаббат, сегіз әріп, бір арман!

О, бір арман, қырық қыздан құралған.

Мұңды жырсың -

Тебіренсем, толғасам.

Бір қыз болып жолығасың сен қашан?

***

Күтпеген жерден кез болдың,

Сен мынау қара бұрымсың.

Телмірген талай көздерің,

Түбіне жеткен зұлымсың.

О бастан саған гүл ынтық,

Көбелек қонса той қылар.

Жібере ме деп жынұртып,

Қорқады сенен ойлылар...

***

Жолықтым саған...

Оңымнан самал ескенде,

Қорықтым содан,

Биіктеу екен мәртебең.

Ұмыттым бәрін... ұмыттым шулы кештерді,

Ұмытылды бүкіл жарты әлем.

Жарасқан ақынның махаббат лирикасын зерт­тейтін күн де туар. Әрбір зерттеуші ға­лым ав­тордың әр өлеңінің астарына, мазмұ­нына бізден де гөрі тереңірек, байсалдырақ ба­ратын болар.

Сонау жетпісінші жылдардың соңы мен сек­сенінші жылдардың басында Жарасқан ақынның атышулы "Дала, сенің ұлыңмын" атты кезекті жыр жинағы жарық көрген болатын. Осы тұста әде­биет ауылындағы "тырнақ асты­нан кір іздеу­шілер" жазылу формасы, мазмұны әл­деқайда те­рең осынау кітапты "Мағжан Жұма­баевтың са­рыны", ал авторын "Мағжан Жұма­баевтың құ­йыршығы" деп тып-тыныш жат­қан тұнық көлге тас лақтырғандай болды. Сол сол-ақ екен, сол кез­дері азу тісі балтадай "Ара" журналында ақын­ның аталмыш кітабы іске алғысыз етіп сыналды. Естуімізше, Жарас­қан ақынға тиесілі Қазақстан ком­сомолы сыйлығының лауреаты атағы осы кітабы үшін берілмеген көрінеді. Міне, саған кеңестік ке­зең­дегі әдеби ахуалымыздың сиқы.

Жалпы, Жарасқан Әбдірашев бар болғаны елу екі жыл ғұмыр кешті. Осынау қысқа ғұ­мы­­рында қаламынан "Найзағалы жаз", "Ақ қайраң", "Сая­хат", "Парасат пен парыз", "Соғыс­тан соң туған­дар", "Сана соқпағы", "Перзент парызы", "Құлпы­тас" атты тамаша жыр жинақ­тары туындады. Ол тұңғыш рет республикалық дә­режеде өткен Қарабура әулиеге арналған мү­шәйраның бас жүлдегері болатын. Өзі жаз­ғандай:

Соғыс көрген әкелерден жаралып,

Соғыс көрген аналарды емгенбіз, - деген ұрпақтың өкілі еді.

Жақаңның атында қазір Алматыдағы жаңа шағын ауданда көше бар. Биыл тірі болғанда жетпістің асқарына шығатын аяулы жерлесі­міздің атын ардақтап, Сыр өңірінде көше, білім орда­ла­рының бірінің атын еншілесек, нұр үсті­не нұр болар еді. Өйткені, өнер мен өлең мәң­гілік. Рухани құндылықтарымыз барша байлы­ғы­мыздан әрдайым жоғары тұруы тиіс.

Ақын туралы айшықты естеліктер, әсерлі әң­гі­мелер әлі-ақ айтылатын болады. Соның бе­та­шары ретінде бұл күндері елімізге кеңінен та­ны­мал, картиналары шет елдерде жоғары бағаға ие болып жүрген талантты кино режис­сер, сү­йікті ұлы Рүстем Әбдірашевтың Жа­қаң­ның жас­тық, балалық шағы туралы түсірген "Қаладан келген қыз" атты көркем фильмін рес­публикалық теле­дидардан бірнеше рет тамашаладық.

Данышпан Абай атамыздың "Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қал­дырған" деген әйгілі сөзі тура кешегі өткен Жарас­қан, Кеңшілік, Жұматай ағаларымызға бағыштап айтылғандай болады да тұрады. Осы­дан он жыл бұрын Жақаңның 60 жыл­ды­ғына байланысты Арал қаласынан бір көшенің, бір орта мектептің есімін еншіледі. Жарасқан ақын осы атаққа әбден лайықты тұлға.

Кім едік?

Кім болдық біз?

Халық таныр!

Әйтеуір ұмтылғанбыз жарыққа бір!

Марқұмбыз -  бәрімізде болашаққа,

Жер деген - Адамзатқа алып қабыр.

Жарасқан ағамыздың осы сөзі рас екен. Қазір ол Алматыдағы Кеңсай зиратындағы мәң­гілік ме­кенінде жатыр. Тәңірім бәлкім, арманда кеткен ақынның рухын туған жері Аралмен ұштас­тырып жатқан болар.

Толыбай Абылаев,

ақын, Жарасқан Әбдірашев атындағы сыйлықтың лауреаты

 

 

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Наурыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 54 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.