Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

«ЗЕРГЕРЛІК - ҚАНЫМЫЗДА БАР ӨНЕР»

Алтынмен аптап, күміспен күптеп, темірден түйін түйген зергерлердің еңбегі қай кезде де бағалы. Өйткені, өңі келіскен бұйымдардың барлығы он саусағынан өнер тамған шеберлердің қолынан шығады. Халқымыздың киелі өнерін жанына серік еткен жас зергер Бауыржан Жетпісәлиевтің туындылары да біздің назарымызды аудартпай қоймады. Әшекей бұйымдардың түр-түрін жасайтын Бауыржан тарихи оқиғалардың желісін де күміспен сөйлете біледі. Суретшілер Одағының мүшесі, халықаралық "Шабыт - 2017" фестивалінің, "Шебер - 2017" байқауының жеңімпазы атанған дарынды қолөнер шеберімен әңгімелесудің сәті түскен еді.

- Бауыржан Мұратұлы, зергерлік кез келген адам игеріп кете алатын өнер емес. Бұл өнерге қалай келдіңіз?

- Қолөнерге ден қойып, қабілетімді шыңдай түсуге әкем Мұрат Жетпісәлиевтің берген бағыт-бағдары ерекше ықпал етті деп есептеймін. Өйткені, әкем сурет өнерін жан-тәнімен сүйетін адам. Бүгінде Суретшілер Одағының мүшесі. Жеке көрмелері де өтіп тұрады. Әкемнің салған бейнелерін көріп өскендіктен болар, мектеп кезінен бастап сурет салуға деген қызығушылығым өте жоғары болды. Атам да шебер кісі болған екен. Қолөнер қазақтың тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасып кеткен дүние ғой. Зергерлік төзімділікті, ұшқыр қиялды, шебер суретші болуды талап етеді. Қазақ халқында қай заманда болмасын, ұсталық жолын ұстаған жандар көп болған. Демек, зергерлік дегеннің өзі - біздің қанымызда бар өнер.

- Әке тәлімін әрі қарай қалай шыңдадыңыз? Қай жерде білім алдыңыз?

- Мен Қызылорда облысының Арал ауданына қарасты Сексеуіл кентінде дүниеге келдім. Әдетте шағын ғана ауылда өнеріңді шыңдай түсуге көп мүмкіндік бола бермейді ғой. Сондықтан, орта мектепті тәмамдаған соң 2006 жылы Шымкент қаласындағы Әбілхан Қастеев атындағы "Дизайн және өнер" колледжінің "Теріні өңдеу" мамандығына оқуға түстім. Мұнда Мейірлан Мәмбетақонов сынды білікті ұстаздан дәріс алдым. Терімен жұмыс істеудің қыр-сырын осында игердім. Колледжді аяқтаған соң 2010-2014 жылдар аралығында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында зергерлік мамандығы бойынша білімімді шыңдадым. Академиядағы ұстазым Сержан Баширов болды. Зергерліктің нағыз қайнаған ортасын осы қара шаңырақта көрдім десем қателеспеймін.

- Жеке жұмыстарыңыздың ішінен әшекей бұйымдардан бөлек күмістен жасалған картиналарды байқадық. Идеяны қайдан аласыз?

- Қандай да бір бұйымды жасауға кіріспес бұрын кітап оқимын. Бұл менің дағдыма айналып кетті. Әсіресе, тарихи еңбектерді бір шолып өтуді жан-дүнием қалап тұрады. Зергерлік бізге ата-бабамыздан жеткен мұра болғандықтан, оның астарында ұлтымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі, мәдениеті мен тарихы жатады. Халқымыздың өткен тарихын парақтай отырып, мен сайын даламыздың иісін, көшпенділердің бай мұрасын сезіне аламын. Бабалар мұрасы - идеяның қайнар көзі. Алдымен, санама әр түрлі бұйымдардың сұлбасы келеді. Оны ақырындап қағаз бетіне түсіремін. Содан соң кітаптарға үңілемін. Адамның қиялын, рухани әлемін шыңдауға кітаптан артық дүниенің қажеті де жоқ. Табиғат аясына шығып, іштей сырласамын. Осындай ізденістерден соң көкейде жүрген идеялар жарыққа шығады.

- Күміспен көмкерілген картиналарыңыз жайлы айта кетсеңіз...

- Бастапқыда күмістен сырға, алқа, білезік, сақина сынды түрлі әшекей бұйымдарды жасап жүрдім. Жеке жиынтық ретінде дайындаған бұйымдарым да болды. Артынша ауқымды жұмыстарға ден қоя бастадым. Алғашқы жұмысымды 2015 жылы бастадым. Туындыма "Балық қала" деген атау бердім. Көркемсурет галлереясының жаңартылып ашылу сәтінде осы жұмысым қойылды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов "Балық қала" картинасын ұнатып, өз қорына сатып алған болатын. Сондай-ақ, 2016 жылы ел тәуелсіз­дігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған көрмелер кезінде "Мәңгілік Ел", "Ақ дастархан" атты жұмыстарымды өз қорына алды. Содан кейін менің жұмыстарыма қызығушылық танытқан адамдардың қатары көбейді. Соның әсерінен де болар, шабытым шыңдала түскендей болды. Картиналарымды әрі қарай күрделендіре бастадым. "Бәйтерек", "Көш", "Ақтық", "Ақ дастархан", "Мәңгілік Ел", "Ұлы дала" атты бейнелер дүниеге келді. "Көш" атты жұмысым Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Шымкент шаһарына арнайы келген Елбасымызға сыйлық ретінде тарту етілді. Қолыңнан шыққан дүние өз бағасын тауып жатса, өнеріңе қуат бітеді емес пе?! Жасаған жұмысымның Елбасымызға ұсынылуы мен үшін үлкен мәртебе.

- Зергерлік бұйымдарды жасауға қанша уақыт кетеді?

- Әр кезде әрқалай. Мысалы, кішігірім әшекейлерді бір аптада жасауым мүмкін. Ал, картиналарға ұзағырақ уақыт кетеді. Бір ай, кейде екі айға созылып жатады. Өйткені, картинаға жұмсалатын күмістің салмағы бар, оны балқыту, қажетті қалыпқа келтіру сынды жұмыстар үшін әлбетте уақыт керек. Қазақ хандығына қатысты жұмыста хандық тарихымен байланысты дүниелерді мейлінше қамтуға тырыстым. Бұл жұмысым үшін бес келідей күміс қолданылды. "Яссауи" атты туындым да ауқымды жұмыс болды. Қолым қалт ете қалса, ертоқым сынды ат әбзелдерін жасағанды ұнатамын. Қалқан, қылыш секілді дүниелер де назарымнан тыс қалған емес.

- Зергерлік - өнер, бір жағынан кәсіп. Тұтынушыларыңыз қаншалықты?

- Тұтынушыларым көп деп айта алмаймын. Өйткені, өзімді ешқашан жарнамалаған емеспін. Әшекей бұйымдарға тапсырыс берушілер бар. Бағасы қолжетімді болған соң көпшіліктің сұра­нысы әшекейлерге түседі. Уақытымның басым бөлігі картинаға жұмсалады. Ол жұмыс­тар­ды ха­лық сатып алады деп айту қиын. Бірін­шіден, баға­сы жоғары. Екіншіден, мұндай дүние­лерге қызы­ға­тындар әдетте көп бола бермейді. Кө­бі­не әкім­дер, министрлер, депутаттар қызығушылық та­ны­тып, жұмысымды сатып алатын сәттер бола­ды. Жалпы, картина жасау мен үшін творчество­лық жұмыс. Өзім үшін, көрмелер үшін дайын­даймын.

- "Шабыт - 2017" халықаралық фести­валінің бірінші орын иегері атаныпсыз. Оған қоса шеберлер бас қосатын "Шебер - 2017" байқа­уы­ның бас жүлдесін иеленіпсіз. Кіл жүйріктің арасынан суырылып алға шығу­дың өзі үлкен еңбектің нәтижесі. Байқаудың талаптары қандай болды?

- Әрине, "Шабыт" фестиваліне де, "Шебер" байқауына да нағыз таланттар қатысады. Мен де бағымды сынап көрейін дедім. "Шабыт - 2017" байқауына қолөнер бағыты бойынша "Мәңгілік Ел" деген жұмысымды ұсындым. Әділқазылар алқасы оң бағасын беріп, бірінші орынға ие бол­дым. Байқауға белгілі скульптор Тоқтар Ермеков, қол­өнер шеберлері Құттыбек Жақып, Батима Зәуірбекова, зергер Асылмардан Қадырбаев, арме­­ниялық скульптура маманы Гагик Геворгян қазы­лық жасады. Халықаралық байқау болған­дықтан, бірнеше елдің өнерлі азаматтары бақ сы­на­ды. Қолөнер бағыты бойынша менің жұмысым үздік деп бағаланды. Ал, "Шебер - 2017" - қазақ-с­тандық қолөнершілер арасында өткен байқау. Бұл додаға да бірнеше жұмыстарымды ұсындым. Нәтижесінде жеңімпаз атандым. Бұл байқаулар мен үшін тәжірибе алаңы. Әрі шығар­машылық ізденіске ашылар жол деп баға берер едім.

– Зергерліктің жолын қуғысы келетін жастар өте аз. Осы өнердің қыр-сырын үйренемін дейтін ізбасарлар табылып жатса, баулуға дайынсыз ба?

– Менің негізгі қызметім мектеппен байланысты. Бүгінде Шымкент қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №65 гимназияда технология пәні бойынша сабақ беремін. Яғни, таң атқаннан кешке дейін мектептің жұмысымен біте қайнасып жүреміз. Оқушыларға ағаштан, басқа да материалдардан әр түрлі бұйымдар жасауды үйреттім. Олар барынша меңгеруге тырысып жатады. Алайда, зергер болғысы келесі жеткіншекті әзірге байқамадым. Егер үйренем, ізденем деген жастар табылып жатса, неге баулымасқа?! Қуанар едім.

– Мектепте сабақ берудің өзі үлкен жауапкершілік. Сонда осыншама қолөнер бұйымдарын жасауға қалай үлгересіз?

– Зергерлік бұйымдарды түнгі уақытта жасаймын. Сол мезет мен үшін өте қолайлы. Шеберханам да соншалықты үлкен емес. Өзім тұратын үйдің жертөлесін шағын ғана шеберханаға айналдырдым. Ауқымды жұмыстарым сол жерде жасалады. Уақытты тиімді пайдалансақ, бәріне де жетеді.

– Мақсатыңыз қандай?

– Мақсатым өте көп. Адам баласы үнемі өз алдына мақсат қоя білуі тиіс. Жақын арада қолөнерші әріптестеріммен бірлесе отырып, көрме өткізсем деген жоспарым бар. Мендегі негізгі мақсат – ойға алған туындыларымды жарыққа шығару, ұлтымызға тән әрбір құндылықты алтынмен, күміспен бейнелеп көрсету. Қазақ халқының атадан балаға мирас еткен қасиетті өнерін насихаттап, әлемге танытсақ, нұр үстіне нұр емес пе?! Зергерлік өнер бізге тарту етілген екен, ендеше әрі қарай дамыта түсу де мақсатымызға айналуы тиіс.

– Әңгімеңізге рахмет!

 

Сұхбаттасқан Сағира УӘЛИ

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Наурыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.