Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

ХАЛЫҚТЫҢ ҚАМЫН ОЙЛАСАҢ, ҚАРДАРЫҢ СОНЫҢ ІШІНДЕ

Қобызды қолдамайды, бұл заман!

Кішкентай Алмас ұйқысынан шошып оянды. "Әке, әке!". Бала жастықтан басын көтеріп алып: "Қобыз тартамын!" деді жұлып алғандай. Баласының ұйқысырап жатқанын сезіп жатқан әкесі: "Жау қырылып қалды-ау, жау қырылып қалды-ау" деп күбірлеп дұғасын оқыды. Бұл сөзін бастамас бұрын айтатын "биссимиласы" еді. Әкесінің дауысын естіген бала тынышталып, жастыққа басын қойды. Көз алдына ақ шапанды ақсақалдар елестеді. Қорқыт әулиенің мазарына зиярат етіп келетіндер сияқты. Арасында шоқша сақалды, бет біткеннің әдемісі Қалжан ахунның баласы Мақан мақсұм, Қарақалпақстанның Төрткөлінен келетін Махан мақсұм, Омық мақсұм, Жүніс молда, Іскендір молда көрінді. Ақ көйлек, ақ дамбал киіп, тақиясының сыртына ақ орамал бос жіберетін осы атасы үйге жете бере, "Қожеке, қиямет жақын, қиямет жақын" деп күңіренуші еді. Онысы несі?! Бәрін де танып тұр. Құрақ ұшып қарсы алып, қолдарына су құйып, аяғының ұшымен жүріп қызмет ететін аталары... Алмастың кеудесіне сыймай тарсылдаған жүрегі саябырсығандай болды, сәлден соң бірқалыппен тыныстап ұйқыға бас қойды.

Таңертең әкесі Алматұлы Нұрмақан қожа Энгельсте тұратын Баязит қожаға барып, домбыра алып келді. Алмасты шақырып алып: "Балам, қобызды бұл заман қолдамайды, домбыра тартарсың" деп, алып келген аспабын қолына ұстатты.

Бесінші сыныпта оқып жүрген кезі. Бірде әкесі Олжабай жыраудың үйіне ертіп апарды. Амандық-саулықтан соң, келген шаруасына кірісіп:

- Олжеке, біздің Алмасжан өлең айтқысы келіп жүр-ау,- деді. Жырау жаңалықты естіп, қуан­ғанын білдірді. - Сауабы молдау өлең жаттаса деп едім,- деді әкесі сөзін жалғап. Олжабай жырау "қисық әріптермен" жазылғанын ескертіп, бірнеше дәптерді көрсетті. Дәптерді парақтап, көз жүгіртіп көрген соң, әкесі "бірдеңе қылармын" деп, алып кетті. Сөйтсе, бұл жәдидше жазылған Сыр өңірінің ақын-жырауларының жырлары екен. Содан күн сайын құтпан намазынан кейін әкесі Алмасты шақырып алып, өлеңді дауыстап оқиды. Бала әкесінің айтқанын қағазға кириллицамен түсіреді...

 

Содан бері жырау Алмас Алматовтың қолынан домбырасы түскен жоқ.

- Мінекей, қазір жасым алпыстан асты. Сол дәптердегі қасиетті жолдар көкірегімде сайрап тұр. Осы жылдар бойына жолдарды жатқа айтудан жалыққан емеспін. Оның әрбір әрпі, әрбір жолы ішкі сұранысым, рухани азығым десе болғандай. Қазіргі күнде шәкірттеріме өнерге бір күнде және бір күнге келген жоқпыз. Біз мыңжылдықтардың нақыл сөздерін насихат­таушы, алдыңғы өткен бабалардың мінәжаты мен өсиетін, тарихын баяндаушысы екенімізді нықтап, құлақтарын құйып отырамын, - дейді жырау.

Енді қарап отырсам, өнердің киесі барын, күндердің күнінде сол өнердің иесі боларымды алдымен әкем білген екен. Тіпті, көшеде біреу жаман сөз айтып жатса да, ескі шапанының етегімен біздерді қалқалаушы еді. Сонда жүрегімізді кір шалмай, жамандықтан таза болуын қалаған екен-ау. Әр ісімен де, сөзімен де, өнегесі, өсиетімен де кие қонар жүректі аялап, жақсылыққа жетелепті.

Алмас аға өткеніне көз жүгіртіп, естеліктерін баяндап отырды. Әр сөзінен ақыл есіп отырған үзік-үзік ойларды тек қағазға түсіре бердім.

 

Қожаны "әулием" деген

 қазақ - әулие

Қорқыт разьезінен Қармақшы ауданының Жаңа қала ауылына көшіп бардық. Бұл "Кете-Шөмекей" деген ел отырған, төрдегі ақсақалдары түгел, ынтымағы асқан, берекелі мекен екен. Бұлар Бәйіш қожа мен менің әкемді "тақсыр" деп тік тұрып сыйлайтын. Сол ауылдың бала-ша­ғасына дейін алақанына салып, "әулие, піріміз" деуші еді. Соғымның кезінде түйе сойған басы мен бүтін жілігін әкеліп, "бәте бер" дейді, соғымға жылқы сойса, жылқының шекесі мен жарты жілік етін әкемнің алдына алып келіп, бала-шаға­сы­ның амандығына бата сұрайтын. Ел-халықтың санасында әулие-пірлеріне оның ұрпақтарына деген құрметі керемет еді-ау. Сол елдің "нанның ұсағынан, қожаның ұрпағынан сақтан" деген де сөзі болатын. Содан да болар, бала-екеш біз­дер­дің де көп қараның ішінде шоқтығымыз биік еді.

Бір топ бала мектептен қайтып келеміз. Ауыл­дың бір шетінде жиын-той, не құдайы болған ғой деймін. Бірі - салт аттылы, бірі - есекке мінген ауылдың шалдары көшені толтырып келе жатты. Жолдың шетінде мектептен келе жатқан мені көргеннен, "әулие, пірім келе жатыр ғой" деп жапырылып аттан түсіп, бірі маңдайымнан, екіншісі қолымнан сүйіп жатады. Құрдастарым: "Қожа болып жатыр" деп мазақтап күледі. Сақа­лы белуарына түскен ақсақалдарға оғаш мінез көрсететін жайым жоқ, ізетпен амандасамын. Есен-саулық біліп, аттарына қайта мініп, мін­бегені көліктерін жетелеп, көпке дейін еріп жү­руші еді. Мен іштей қысылсам да, сыр білдір­меймін. Әйтсе де, кейде көшеде өтіп бара жатқан шалдарды көрсем, тасада бұғып қалатын бол­дым. Ондағым, құрдастарымның сөзінен қысыл­сам, әрі соларға еріп, тосын мінез көрсетпейін де­ген сақтығым да. Әкеміздің алдында тек тізер­леп отырып, қарсы сөйлемек түгіл, басымызды тік көтеріп қарап, тосын мінез көрсетпейтінбіз. Әрі жетесіз дегізбей, әкемдей қариялардың көңі­ліне қаяу түсіргім келмегені де. Бұл әдет жас өр­кен жетіліп, ескінің шалдары келместің кемесіне мініп кеткенге дейін жалғасты. Кейіннен әкем­нен "неге солай?" деп, ерекше құрметтің сырын сұрадым. Сонда әкем тәспісін тартып, ұзақ ой­ланып отырып: "Балам, өздері сияқты екі аяқты бір басты пендені әулие деп жүрген - қазақ әулие. Біз әулие емеспіз, әулетпіз. Пайғамбар әулетіміз. Қазақ әулие көріп алақанына салса, соған лайық болыңдар" деп жауап берді. Әкемнің бір ауыз сөзі күні бүгінге дейін санамызда тұр. Бүгінгі ұрпа­ғыма да осы өсиетті айтамын.

Осыдан бірнеше жыл бұрын әкемнің сөзін Қалтай Мұхамеджанов ағамызға айтып бергенім бар. Сөз қадірін білетін жан ғой, "Ойпырмай, мынау анық айтылған сөз екен" деп тәнті бо­лып, басын шайқап, біраз ойланып қалып еді. Міне, бізді қалыптастырған әкеміздің тәрбиесі, көзіміз көріп, насихатын  тыңдаған жақсылардың тәрбиесі.

"Ұлы адам ұлық болмайды, мәуелі ағаш биік болмайды" деп отырушы еді. Орта ғасырлық со­пылар: "Өзге - жақсы, біз - жаман", "Өзге - би­дай, біз - сабан" деп өздерін басып, қайырып оты­ра­ды екен. Сонда деймін-ау, жаратқанның молы­нан берген күш-қуатты, арнасына сыймай асып-тасып бара жатқан көңілдерін дұға-зікірімен басып отыратын болғаны-ау.

 

Жақсыны керек қылмайтын

заман туады

Отыз жыл бойы болыс болған Шөмекей Бақа би жалғыз баласы Әбілтайды орнына болыс қойса, екі жылдан кейін болыстықты тастап кетіпті. Сонда би бабадан "Жақсыдан жақсы туа ма?" деп сұраған екен. "Әй, шырағым, жақсыдан жақсы туады, алдында жақсыны керек қыл­майтын күн туады" деп жауап беріпті. Бұл 1911 жылдары, жаңа жиырмасыншы ғасыр қылқиып қылаң берген кезде айтылса керек-ті.

Жақсыны керек қылмайтын заман көп күт­тірген жоқ. Бұл сөз айтылған кезде әкем оннан енді асқан екен. Алматтың кіндігінен тараған тоғыз ұлдың аман қалғаны жалғыз менің әкем - Нұрмақан. Жиналса жер қайысқан қол болатын әулетіміз 1928 жылдарға дейін Сыр өңірінің Мырзалы деген жерді мекен етіпті. Бүгінде киесі кеткен мешіттің қалқиған қабырғасының орны қалды. Ел әлдеқашан көшіп кеткен. "Қожа менен молданы қойдай қуған" заманда, белсенділер қаптың түбінде бір уыс дән қалдырмай, ақшаңқан ордаларының шаңырағын ортасына түсіріп, сексеуілдің көлеңкесінде зар жылап қалған қатын-балаға киіз үйдің бір-бір керегесін, туырлықтың жартысын ұстатып, Алматтың алты баласын айдап кете барады. Арыстарынан тірідей айы­рыл­ған бала-шаға елден қуылады. Бұхараны бетке ала шыққан босқындар жолай Қарақал­пақ­тың Шалыш деген жеріне жеткенде бадаба деген індетке шалдығады. Айдалып кеткен тоғыздың алтауының әйел-баласы бар, барлығы 48 жан бо­лыпты. "Небір сұлу қыздары мен аяулы жеңге­ле­ріміз, небір жеткіншек-бауырларымыз аурудан ажал құшты. Бас-аяғы екі жұмада екі қамба етіп үйілген мүрделерді көміп тастап өте бардық" деп әкем еске алады. Содан әкемнің екі ағасы Сапақ пен Бейман қалады. Әкеміз Бұхараға жеткенде қа­малады. "Бір нашар бала өкімет ісіне араласып отыр екен. Өзі біздің мешіттің жамағатының қызы болып шықты. Мен жайлы әкесіне айтқан бо­луы керек. "Ойбай ол - піріміз, әулиенің тұқымы. Қапастан құтқар" деп тапсырады. Сонда әлгі бала: "Сіздің істі тоқтаттым. Сізге енді бұл жерде қалуға болмайды. Есіктің алдында арба тұр. Үйге барып, жуынып-шайынып, дереу жолға қамданыңыз" дейді. Ауғанстанға жол жабық. Қызылдар қаруын кезеніп, босқындарды күтіп жүр. Амал жоқ, әкеміз елге оралады. Алмат­ты­ң алты ұлы ғана емес, барлық қожалар­дың ізіне шам алып түскендер Нұрмақанды қой­сын ба, мұнда келе сала тағы да түрмеге жабады. Қазалының түрмесінде отырған жерінен, бұл 1932 жылдары болса керек, қуатты азаматтарды қара жұмысқа жегеді. Сол тұста Шәмшіқожа де­ген жас жігіт сот болып келеді. Оның ағасы Шоқан қожа сот інісіне "Алтауы кетті, екеуінің хабары тағы жоқ, Алматтан қалған жалғыз тұяқ, ең болмаса, осыны аман алып қалайық" деп қолқа салады. Содан әкемді Кемесалған деген разьезге қалдырып кетеді. Айналасындағылар су-суанын алып келіп тұрады. Үш-төрт күннен ке­йін ісін қысқартып, осында жұмысшы етіп, түрмеден құтқарып қалады. Артынша соғыс басталады. 1941 жылы екінші рет соғысқа жи­нал­ған кезде, майданға аттанғалы вокзалда тұр­ған жерінде "теміржолшыларға тиіспеңдер" деген бронь шығып, қанды қырғыннан тағы аман қа­лады. "Алланың қазынасы кең ғой, үміттеріңді үз­беңдер" деп отырушы еді. Бұдан артық не айтарсың?!

 

Алладан басқа тәңір жоқ

Арманда кеткен алты боздақтың, Ауған аспақ болған екі азаматтың бір белгісін таппақ болған талпынысымыз бар. Бұхараның қапасынан босатып алған қыздың да хабарын білгіміз келеді. Алайда, арада көп жыл өткен соң, оның бір ха­бары қолымызға тиіп отырған жоқ. Арыс­та­рымыз қамалған Қазалының Ақмешіт түрмесінде "бір күнде 36 қожа-молда, ишандар атылды" деген дерек ел аузында жүретін. Кейіннен іздестіргенде болған жайт расталды, бірақ боздақтардың аты-жөні анықталмай отыр. Осы оқиғаға қатысты әкемнің айтқаны бар еді.

Жаңалық жата ма, "Сүлеймен ишан атылмай аман шығыпты" дегенде, әкем де ағаларының хабарын білмек болып іздеп барып, жолыққан екен. Қазалыдан Жезқазғанға шығар бетінде үлкен қорым, ишанның атымен аталады. Тірісінде елге сыйлы болған ишанның өзі Керей Марал ишанның тұқымы, ал ол тарихта қалған белгілі тұлға.

Әкем барып, Сүлеймен ишан оңаша қалғанда "қасыңызда біздің де кісілер болып па еді" деп бастайды. "Болды, тақсырлар. Үш ай қамалып жаттық. Үкіметтен келіп, кінәмізді бетімізге басқан ешкім болмады. Оған да ренжіген ешкім жоқ, ақсақалдарымыз "Үкіметтің қолы тимей жатқан шығар" деп жамандыққа жорыған жоқ. Үш ай дегенде таң қараңғысында, тұтқындарды сыртқа шығарып, түрменің қабырғасын жағалай тұрғызып қойды. Шолақ күрте киіп, белдерін шарт буған үш-төртеуі үйіріліп тұрды да, орталарынан біреуі шығып, біздерге жақындады. "Не болады?" деп қарап тұрмыз. Бір кезде саптың басында тұрған ақсақалға жақындап, тапан­шасын маңдайына кезеп, "Құдай бар ма?" деп сұрады. Ақсақал: "Астафралла" дегенше болған жоқ, маңдайдан оқ тиіп сұлап түсті. Ишан-қо­жалар есін жиып үлгерген жоқ, шетінен баудай қиылып құлап жатыр. Жаналғыш саптың соңына да тақап қалды. Жанымда тұрған Алпа­мыс деген қожа еді. Білегімнен ұстап алып, "Балам тым жассың. Амал қыл, Алла кешіреді, кешіреді. Мына алапатты жұртқа жеткіз" дей берді. Тапаншасын тақап, діннен безгеннің сұрағына іркілместен, "Аллаһу акбар" деді де, Алпамыс қожа құлап түсті. Тажал менен де "Құдай бар ма?" деп сұрады. "Жоқ" деп көзіне тура қарадым. Менен қарсылық күтпеген болса керек, жаналғыш абдырап, тапаншасын төмен түсіріп, басқаларына "Мынау "жоқ" деді" деп дауыстады. Содан  түрмеден босатылдым. Көз алдымда небір тақсыр, молдалар иманына берік күйінде оққа ұшып, шейіт болды" - деп Сүлеймен ишан сөзін аяқтайды.

Әкем ауыр күрсініп, суалған жанарын сүртіп, ишанға қараса, екі көзінен аққан жас бетін жуып кетіпті. Сақалының ұшындағы тамшылар өңірін ылғалдапты. Екі бүктетіліп қалған кеудесін көтеріп, әкеме қарайды. Күдігін сейілткісі келген әкем: "Тақсыр, Аллаға шәк келтірдіңіз бе?" дейді.  Сонда Сүлеймен ишан: "Алладан басқа тәңір" деген сөйлемді ішімнен, ал "жоқ" деген сөзді дыбыстап айттым" деп жауап беріпті. "Алладан басқа тәңір жоқ" деген сөзді айтып, аман қалдым. Ал, Жаратқанның бірлігіне шек келтірмек түгіл, қас-қағым сәтте сұрқия сауалды санасына сый­дыра алмаған дуалы ауызды арыстарымыз "Аллаһ ұлық" деп қайырылмай кете барды.

 

Айгүл УАЙСОВА,

Астана

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Наурыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 78 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.