Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

НАРКОМ ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ НЕМЕСЕ ЖҮРГЕНОВТЕР ОТБАСЫНЫҢ ТРАГЕДИЯСЫ

Қайғылы 1937 жылы КСРО және республикалық НКВД органдары мифтік ұлтшыл-буржуазиялық ұйымдарды жою мақсатында терең ойластырған кең масштабты операция өткізді. Нәтижесінде, бірқатар қоғам және мемлекет қайраткерлері жалған айыптармен қамауға алынды. Әдепкі ұсталғандардың ішінде С.Қожанов, С.Есқараев, Т.Жүргенов және басқа да қазақтың аяулы азаматтары болды. С.Қожанов Ташкент қаласында ұсталды. Кейін оны Мәскеуге алдыртып, тергеуін КСРО НКВД-нің өзі жүргізді. Алдын ала тергеу барысында НКВД қызметкерлері алпысқа жуық "ұлтшылдардың" тізімін жасаған екен. Осы тізімнің бетінде қолмен жазылған мынадай сөздер бар: "Неполный, далеко неполный состав членов националистической организации". Бұл қаралы белгіні қалдырған адам белгісіз. Бірақ, оның жоғарғы лауазым иесі екені анық. "Ұлтшылдармен" күресу науқаны осылайша Мәскеуде әзірленген болатын. Қазақстанда "ұлтшыл­дармен" күресуді жүргізген белгілі жендет Залин Лев Борисович. Ол 1935-1937 жылдары республикалық қауіпсіздік органдарын басқарған. Кейіннен қызмет бабымен Мәскеуге қоныс аударған. Орталық НКВД-нің бөлім бастығы болған. 1938 жылы "шетел барлауының агенті" ретінде қамауға алынған. Тергеуге берген жауаптарының бірінде ол былай депті: "Мен Ягода, Мирзоян және басқаларымен қылмыстық байланыста болғаным рас. 1937 жылы Мирзоянның нұсқауымен Жүргенов, Есқараев, Садуақасов, Сырғабеков, Қабылов және Досовты тұтқынға алудан құтқаруға тырыстым...".

 

Бұл оның жаны қысылғанда айтқан сандырағы. Ал, іс жүзінде ол "ұлтшылдарды" жоюға өте белсенділік көрсеткен. Оны қолымыздағы құжаттар айғақтайды. 1937 жылы 1-5 тамызда Қазақстан Орталық КП(б) Комитетінің Пленумы болып өткен. Күн тәртібі бойынша басқа мәселелермен қатар НКВД комиссары Залиннің мәлімдемесі тыңдалған. Осыған орай Пленум арнайы қаулы қабылдаған. Содан үзінді келтірейік.

ҚАУЛЫДАН:

"ОК және Қазақ ССР НКВД алдағы уақытта барлық контрреволюциялық элементерді түгелдей талқандап, тамырына дейін құртқанша жұмыстарын әрі қарай жалғастырсын.

Халық жауы Т.Жүргенов орталық КП (б) Комитетінің Пленумы құрамынан шығарылсын.

Орталық КП (б) хатшысы Л.Мирзоян".

Темірбек Жүргенов үстіне қара бұлт төнгенін сезген болуы керек. Республика басшысы Мирзоянға басқа жұмысқа ауысуына ықылас та білдірген. Осыған байланысты жазған өтінішінің соңында былай депті:

"Мені ғылыми-зерттеу жұмыстарына пайдаланған дұрыс деп есептеймін.

Жүргенов. 1937 жыл, 27 көкек".

Алайда, бұл өтініш белгілі себептермен қанағаттандырылмаған.

1937 жылы 2 тамызда КСРО прокуроры А.Я.Вышинскийдің санкциясымен Жүргенов қамауға алынады. Оны тергеуге Залин белсенді араласады. Жүргеновті қыркүйектің сегізі күні кабинетіне алдыртып, қарамағындағы қыз­меткерлермен бірге оған қатты қысым жасаған. Осының алдында тура бір ай алты күн бұрын: "Мен өзімді кінәлімін деп есептемеймін. Себебі, ешқандай контрреволюциялық ұйым­ға мүше болғаным жоқ және ондай ұйымның бар-жоғы маған мүлдем белгісіз",-деп, үзілді-кесілді қарсылығын білдірген Жүргенов бір сәтте өзінің "қылмыстық әрекеттерін" мойындап шыға келген. Бірақ Залинге және оның сыбайластарына Жүргеновтің "ұлтшылмын" деп мойындағаны жеткіліксіз болған. Сондықтан бұл іс бойынша Алматы қаласындағы мектептердің бірінде әскери дайындықтан сабақ беретін Н.Т.Сукин деген біреуден қосымша жауап алыпты. Ол тергеуде былай деген: "Халық ағарту комиссары  Темірбек Жүргенов контрреволюциялық ұйымға мені әскери маман ретінде тартты. Оның өтініші бойынша Қазақстанды КСРО-дан бөліп әкету мақсатында дайындалып жатқан ұлтшылдардың көтерілісін жүзеге асыратын оперативтік жоспар дайындадым. Мен жапондардың әскери атташесі, бас штабтың полковнигі Мике және оның көмекшісі Судзукимен шпиондық байланыста болдым. Солардың әңгімелерінен Жүргеновтің ұлтшылдарға қару-жрақ алып беру мақсатында жапондармен құпия жағдайда арнайы келіссөз жүргізгенін аңғардым...".

Әрине, бұл жаланы Жүргенов мойнына алмаған. Соған байланысты 1937 жылы 25 қарашада Сукин мен Жүргеновтің арасында беттестіру жүргізілген. Қазақ ССР НКВД комиссарының орынбасары П.В.Володьз­ко­ның (1939 жылы тергеу істерін бұрмала­ғаны үшін атылып кетті - Ә.Б.) "Сукиннің жауабын қуаттайсың ба?" деп қойған сұрағына Жүргенов: "Жоқ, қуаттамаймын. Оның айтып отырғаны жала. Қарсы отырған Сукинді мүлдем танымаймын және онымен ешқандай байланыста болғаным жоқ",- деген. Шамасы, ол Жүргеновті әшкерелеу үшін НКВД-нің дайындаған адамы болуы керек. Өйткені, келесі күні, яғни 1937 жылы 26 қарашада соттан тыс "үштіктің" шешімімен атылып кеткен. Демек, НКВД қызметкерлері "өздерінің қылмыстық істерін жою мақ­сатында Сукиннің көзін құртқан" деп тұжырымдауға негіз бар. Сөйтіп, осы беттестіруден кейін Жүргеновті "жапондардың шпионы" деп айыптап, Қылмыстық кодексте қаралған тағы бір ауыр бапты мойнына қиып салған.

Бұл кезде республиканың "мемлекетшіл" баспалары Темірбек Жүргенов жайында теріс қоғамдық пікірлер туғызып, оны жазықсыз әшкерелейтін көптеген мақалалар жариялап жатты. Тергеушілер әрекеттерінің "шынайы" екендігін дәлелдеу үшін және басқа айғақтары болмаған соң әлгі мақалаларды газеттен алып, қылмыстық ісіне тіркепті. Солардың кейбірін атап өтейік. "Казахстанская правда" газеті 20 қыркүйекте: "Ликвидировать вражескую пута­ницу в Казахской орфографии"; 21 қыркүйекте: "Как в Наркомпросе редактируют учебники"; 3 қазанда: "Кто скрывается под фамилией Ынтықбаев?"; 17 қарашада: "Вражеские охвостье в органах Наркомпроса" және т.б.

Алдын ала тергеудің қорытындысы бойынша Т.Жүргеновке мынадай сандырақ айыптар тағылған:

1. Жүргенов ұлтшыл-антикеңестік, терорршыл-көтерілісші, шпиондық-зиян­кестік ұйымның құрылған кезінен (1926-1927 жылдары) бастап оған басшылық еткен, іс-әрекеттеріне белсенді қатысқан.

2. Контрреволюциялық ұйымға жаңа мүшелер қабылдаған.

3. 1930 жылғы Кеңес өкіметіне қарсы Қарақұм көтерілісін ұйымдастырушыларының бірі болған. Шетел мемлекеттерінің Кеңес Одағына қарсы соғыс жариялауына туралап көтеріліс әзірлеген.

4. Контрреволюциялық ұйымының террор­шыл жұмыстары жайында хабардар болған және кадрларды сол мақсатқа дайындаған. Ұйым басшыларының тапсырмасы бойынша Орталық ВКП (б) Комитетінің Саяси Бюро мүшелеріне террорлық акт әзірлеген. Сондай-ақ, Қазақстан ОК КП(б) хатшысы Мирзоян жолдасқа террорлық акт жасауға басшылардан тапсырма алған.

5. Қазақстанда өнеркәсіп және ауыл шаруашылығындағы жүргізіліп жатқан диверсиялық әрекеттерді білген. Басшылардың директивасы бойынша жеке өзі де диверсиялық топ құрып, 1936 жылы Алматы қаласындағы баспахананы өртеуге дайындық жүргізген және ұйым мүшелеріне теміржолда диверсиялық әрекеттерді жүргізуге тапсырма берген.

6. Халық ағарту комиссариатының барлық саласында зиянкестік жұмыс жүргізген және бұл іске өзі басшылық еткен, яғни РСФСР Қылмыстық кодексінің 58-1 "а", 58-7, 58-8 және 58-9 баптарында қаралған қылмыстарды жасаған...

Осы айыптау бойынша КСРО Жоғарғы сотының әскери коллегиясының көшпелі мәжілісінде (1938 жылы 25 ақпанда) Темірбек Жүргеновтің "қылмыстық ісін" қысқа мерзімде, небәрі 20 минут ішінде қарап, оны ату жаза­сына кескен. Үкімді сот мәжілісі аяқталысымен-ақ сол кеште жүзеге асырған.

Айта кету керек, Темірбек Жүргенов қамауға алынғаннан кейін Қызылорда облысының Қармақшы аудандық НКВД бөлімшесінің бастығы сержант С.А.Пяткин кідірместен Оңтүстік Казақстан облыстық НКВД бас­қармасына (ол кезде Қызылорда және аудандық НКВД бөлімшелер осы жаққа қарайтын - Ә.Б.) арнайы қысқа хат жолдап, мынаны мәлімдеген:

"Капитан Кальнингке. Бүгінде қамауға алынған Халық ағарту комиссарының әкесі Қара Жүргенов конфескеленген жартылай феодал, шыққан жері Қармақшы ауданы, 16 ауыл, 1928 жылы конфескеленген, сот арқылы 3 жылға жер аударылып, кулактар лагерінде болған. Конфескелеуге дейін 450 ірі қара, 1000 майда малы болған және 7 батрак жалдаған. Жартылай феодал және баласы Халық ағарту комиссары болған соң ауылда құрметке ие болды. Жат элементтер мен ауылдың активтерін маңайына жинайды. Олар да оны кез келген себептермен қонақ етіп сыйлайды. Кездесулерде ол теріс сөздер айтады. Бұл жайында 3-бөлімде (облыстық НКВД басқармасының бөлімі - Ә.Б.) толық материалдар бар. Олар да оны бірінші категорияға (ату жазасына - Ә.Б.) жатқызуды қолдаған. Бірақ кезінде оперативтік қызметкерлер болмай, мұны жүзеге асыра алмадық. Сонымен қатар, мынаны да еске алу қажет. Баласының қамалғанына байланысты ол құмға кетіп, жасырынуы мүмкін. Олай болған жағдайда оны іздеп табу қиынға түседі.

Сержант С.А.Пяткин".

Қанішер Пяткин Шымкент қаласындағы басшыларынан қолдау тауып, 17 тамызда сексен жастағы Қара Жүргеновты қамауға алған. Тергеу мәліметтері бойынша, Қазан төңкерісіне дейін 300 жылқысы, 70 түйесі, 140 сиыры, 700 қой, 6 қара үйі және басқа да дүние-мүліктері болған. Төңкерістен кейін 250 жылқысы, 50 түйесі, 80 сиыры, 400-500-дей қойы қалған. Осы цифрлардың соңына НКВД қызметкерлері былай деп ескертіпті: "Бұл шамамен жазылған, нақты қанша малы болғаны анықталмаған". Қамауға алынар алдында оның қолында бір құлын мен екі түйесі ғана қалыпты. Ел аузындағы әңгімелерге құлақ салсақ, Қара Жүргеновтің малдарының көп болғаны соншалық, олар Сырдарияны кешіп өткенде ағып жатқан су байланады екен. Міне, сол қалың малдан 1928 жылғы конфескеден кейін қалғаны осы.

Осыдан кейін Қара Жүргенов Кеңес өкіметін мойындар ма еді?! Тергеуші И.В.Ивановтың: "Сіз контрреволюциялық ұйымға мүшесіз. Қылмыстық әрекетіңізді тыңғылықты етіп айтып беріңіз",- деп қойған сауалына ол былай деп жауап берген: "Мен ешқандай контрреволюциялық ұйымына мүше бол­ғаным жоқ. Бұрын бай және болыс болғаным рас. 1928 жылы Кеңес өкіметі менің барлық мал-мүлкімді конфескелеп, өзімді Ырғыз ауданынан Қарқаралы округіне жер аударды. Сол сәттен бастап мен Кеңес өкіметіне өшпенділікпен қарадым...".

Осы жауаптың негізінде 1937 жылы 15 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан НКВД басқармасының "үштігі" Қара Жүргеновті ату жазасына кескен. Үкім 25 қыркүйекте Қызылорда қаласында жүзеге асырылған. Жалпы, Қара Жүрге­новтің жеті ұлы, бір қызы болған. Ұлдары Қосжан мен Досжан Қараевтар отызыншы жылдардың бас кезінде малдары конфескеленіп, өздері жер аударылған. Кейіннен екеуі де жазықсыз репрессияға ұшырап, атылып кетеді. 1937 жылы Ысқақ деген ұлы да НКВД қолынан қаза табады.

Қазан төңкерісінің қайғылы беттерінің бірі - әкені балаға, баланы әкеге қарсы айдап салғанын айтпасқа болмас. Әкесі Қара Жүргенов пен баласы Темірбек Жүргенов он жылдан астам бір-бірімен кездеспеген. Әкесі малынан айырған Кеңес өкіметіне қызмет еткен баласына ренжіп қатыспаған. Ал, баласы болса, Кеңес өкіметінің каһарынан сескеніп, ұзақ жылдар бойы әкесімен жүздесе алмаған, ақыр соңында оның өзі де сол өкіметтің құрбандығына шалынды. (Темірбек Жүргеновтің тергеу ісімен танысқан адам еріксіз осындай ойға келеді).

Темірбек Жүргеновтің зайыбы Ермекова (Жүргенова) Дәмеш апай "халық жауының әйелі" атанып, сегіз жылға сотты болған. Он екі жастағы жалғыз ұлдары Жұманазар Жала­ғаш ауданында тұратын ағайын-туыстарының қолында тәрбиеленген. Мектепте оқып жүрген кезінде "халық жауының баласы" атанып, біраз қорлық көрген көрінеді. Бала кезінде: "Өскен соң әкем мен анамды ақтап аламын, олар халық жауы емес",- деп, жиі айтады екен. Соғыс басталған кезде өзіне бір-екі жас қосып, 16-17 жасында майданға аттанып кетеді. Содан қайтып елге оралмайды, соғыста қаза табады. Жұманазардың сол арманы кеш те болса орындалды. Архивтік тергеу ісіндегі құжаттарға қарағанда, НКВД-нің арнайы тұтқындар ұстайтын лагерінде жазасын өтеп жүрген анасы Дәмеш апай күйеуінің ақталуына көп күш салады. Жоғарғы инстанцияларға жолдаған хаттары тергеу ісінде сақтаулы. Нәти­жесінде, 1957 жылы 16 көкекте КСРО Жоғарғы сотының әскери коллегия­сының қаулысымен Темірбек Жүргенов заң жүзінде толық ақталды.

 

Әмірхан БӘКІРҰЛЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Наурыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.