Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

СЫДЫҚОВТАР ОТБАСЫЛЫҚ АНСАМБЛІ

     Аралдың өнері мен мәдениетін сөз еткенде, Сыдықовтар отбасылық халықтық ансамблі ойға орала кетеді. Биыл құрылғанына 38 жыл толған отбасылық ансамбль ұжымның бірлігінің арқасында осы күнге дейін жетіп отыр. Тек бір аудан емес, республикаға танымал Сыдықовтар отбасылық ансамблі – еліміз бойынша тұңғыш рет «халықтық ансамбль» атағына ие болған, дарындылық қасиетімен, өнерге жан-тәнімен берілген жанкештілігімен қазақ мәдениетін жоғары деңгейге көтеріп келе жатқан өнер ұжымы.

1980 жылы жиырма жылдан аса өнерге қалтқысыз қызмет еткен Аралдың төл перзенті Мұрат Сыдықов жұбайы, өнердегі серігі Базар Қостаевамен бірлесіп, отбасы мүшелерімен ансамбль құрады. Бар ғұмырын өнерге сарп етуге арнаған М.Сыдықов ансамбльдің аяқтан тұрып, елге танылуына барын салады. Ол тек домбырада күй тарту ғана емес, сахна қойылымдарында рольдерде ойнап, әуесқой театрдың халық театры атануына дейін бел шеше еңбек сіңірген. Ал, Базар апаның ән шырқап, әртістік шеберлігімен көрермендерді тәнті еткені осы күндері ел арасында аңыз болып айтылып жүр.

Ансамбльдің елге алғаш танылуы 1984 жыл. Сол жылы Байқоңыр қаласында телевидениенің шақыртуымен «Үкілі хабар» бағдарламасында өнер көрсеткен. Содан бері ансамбльдің аты жан-жаққа тарала бастаған. 1985 жылы «Халықтық, советтік музыкаларды жоғары дәрежеде шығармашылықпен насихаттағаны үшін» арнайы дипломмен марапатталып, еңбектері елене бастайды. 1987 жылы Қызылордада өткен отбасылық ансамбльдердің облыстық бай-қауында ІІ орынды, Алматыда өткен респуб-ликалық байқауда І орынды иеленеді. Үлкен қошеметке ие болған отбасылық ансамбль сол жылы Қазақстан орталық телевидениесінің шақыруымен «Әулет» бағдарламасында өнер көрсетеді.

Жұлдызы жанған Сыдықовтар ансамблі 1988 жылы Мәскеу қаласында І халықаралық фольк-лорлық фестивальге қатысуға мүмкіндік алады. Мәскеу төрінде он шақты концерт беріп, көрер-меннің ыстық ықыласына бөленген ансамбль гала-концертте тіпті жұлдыздары жарқырайды. М.Сыдықовтың «Сыр гүлі» әнін ансамбльдің сүйемелдеуімен Базар Қостаева тамылжыта орындап, ансамбльдің бишісі Санира Сыдықова мың бұрала билегенде көрерменнің тамсанғаны сондай, қайта-қайта қол соғып, сахнадан түсір-мей, әнді екінші мәрте орындайды. Осы жолы ансамбль фестивальдің лауреаттық дипломымен марапатталады.

Маңдай тер қашан да өтеледі. Сыдықовтар балаларын өнерге баулып өсірді. Қызы Санира, ұлдары Жандос пен Төлеген бала кезінен сахна-мен біте қайнасты, музыкалық аспаптарда шебер ойнайтын бесаспап, бірі биші, бірі күйші әрі әртіс болып, елге белгілі өнер адамдарының тәлімін жастайынан бойларына сіңіріп өсті. Әкесі Мұрат Санираны үш жасынан бишілік өнерге баулыса, ұлдарын ұлттық аспаптарға жақындатып, ұлттық әуенді құлаққа сіңіртіп өсірді. Жандос баян, домбырада, Төлеген домбыра, шаңқобыз, сазсырнайда шебер ойнайды. Бірі Алматыдан, бірі Қызылордадан музыкалық білім алған бала-лары Сыдықовтар халық ансамблін кәсіби дәрежеде көтерілуіне, халықаралық өнер байқауының лауреаты атануына, «Халықтық ан-самбль» атағын алуына ерекше еңбек сіңірді.

Сыдықовтар ансамбліне 1989 жылы Қазақстан Мәдениет министрлігінің қаулысымен «Сыдықов-тар отбасылық халықтық ансамблі» құрметті атағы берілді. Ансамбльдің 1990 жылы Алматыда «Арал шақырады», 1994 жылы Қызылордада «Домбырам, кәне, жырлашы!» атты шығарма-шылық кештері өтіп, белгілі өнер шеберлерімен көрсеткен концерт телевидениенің «Алтын қоры-на» қабылданды.

Сыдықовтар өнер биігінде жүрсе де, халқын еш ұмытпады. 1990, 1991 және 1993 жылдары облыстың елді мекендерін аралап, концерттер беріп, одан түскен қаржыны «Аралды құтқару» қорына аударып, суы тартылып, аңқасы кепкен Арал-анасына қол ұшын созды. Жүректері нәзік, бар тапқан-таянғанын руханиятқа арнаған үлгілі өнер ұжымы осы жолы да азаматтық жолды көрсетіп, тамшыдай болса да, теңізіне қарайласты.

Сыдықовтар отбасылық ансамблінің өнері шет мемлекеттерді де қызықтыра бастады. Аралға Ресей, Франция, Португалия, Швейцария, Дания т.б. елдерінің телестудия қызметкерлері келіп, телефильм түсірді. Телеөнім әлемнің көптеген ел-дерінде көрсетіліп, Сыдықовтардың өнері арқылы қазақ ұлтының ұлттық өнері насихатталды.

Ал, Швейцарияның Женева қаласынан Аралға арнайы іссапарлап келген «Маурицио Джулиани» киностудиясының қызметкерлері Мұрат Сыды-қовты және отбасылық ансамблінің өнері мен өнерге сіңірген өлшеусіз еңбегі туралы «Теңіз және жыршы» телефильмін түсірді.

Қаншама еңбектің өтеуі жерде қалған емес. Мұрат Сыдықов өз талантымен жер жарып жүріп, атақ-даңққа қол жеткізсе, отбасылық ансамбльдің да бағы ашылды. Өнер үшін ішкен асын жерге қойып, өздері құрған ансамблін мәпелеп, одан халықтық атақ алып, жылдар өткенде ұрпақтары жалғастырып, ал үлкендері ақылшы болып отыр-ған отбасылық ансамбльді көрдіңіз бе?! Осы күні республика бойынша ансамбль түгілі, шағын тобына ие бола алмай, тарап жатқандар қаншама? Өнердің алдында ант-су ішіп, туын жықпауға уәде берген отбасылық топ болса, ол Сыдықовтар ансамблі дер едік. Сыдықовтардан халықтық атақты ешкім тартып ала алмайды, себебі осыдан отыз жылдай уақыт бұрын министрліктің қаулысымен берілген және ол атаққа халық алдында лайықты қызмет етіп жүр. Сыдықовтар-дың қолынан ешбір пенде домбырасын ала алмай-ды. Олар атадан келе жатқан аманатқа қиянат жасамай жалғастырып келеді, рухани мұрада олардың еншісі бар.

Бүгінде Сыдықовтар отбасында екі ұл – Жан-дос пен Төлеген әке жолын жалғастырып келеді. Жандос Арал-Қазалы өңірі жыршы-жыраулар-дың ән-мақамдарын нотаға түсіріп, ұлттық мұра-ға жанашырлық танытып, оқырман қолына кітап етіп ұсынуға айрықша еңбек сіңірді. Ал, Төлеген отбасылық ан-самбльмен біте қайнасқан. 4 жасынан бас-тап ән салған. 10 жасында Алматыда ан-самбьлдің рес-публикалық байқауында өнер көрсет-кен. 1991 жы-лы Украина-ның Дружба қа-ласында өткен өнер фестива-лінде «Арал әуендері» фольклорлық ансамблінде сазсырнай ойнап, ән шырқаған.

Төлегеннің әртістігі өз алдына. Кезінде театр режиссері Ерғали Оразымбетов ойнаған роліне таңдана қарап: «Текке қарап тұрған екен ғой. Шебер сомдады»,- дегені бар. Ал, күй орындау шеберлігіне Елбасының өзі таңданысын байқат-қан. 2005 жылы Аралға келгенде Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында төгілтіп күй орындаған Төлеген тебіренгенін жасырмайды.

- Күй тартып отырғанда Елбасының маған бар ынтасымен қарағаны мені тебірентіп жіберді. Мән бере, зер салып, маған қолдау көрсетті. Өнер-ді бағалағаны қатты қуантты - дейді Төлеген Сыдықов.

Сыдықовтар отбасылық ансамблі содан бері талай мәдени шаралардың қасынан табылды. Өнерді өрістетіп, өрге сүйреп келеді. Біз де отбасылық ансамбльдің өміршең болуына, әрбір мүшесінің отбасылық шаттыққа бөленуіне тілектестігімізді білдіреміз.

Н.КӨБЕГЕНҰЛЫ

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 58 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.