Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

ТАРИХИ ТҰЛҒА, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ

Адам мен қоғам - егіз ұғым. Қоғам өзінің заңды ерекшеліктерімен адамның іс-әрекеттері арқылы айшықталады, дамиды. Адамдардың іс-әрекеттері қоғам дамуының объективті заңдарына бағынады. Ол заңдардың дұрыс-бұрыстығын түйсініп, әрекет ету ерекшеліктерін түсініп білетін ерекше дарынды адамдар - тұлғалар, қоғам қайраткерлері. Сондықтан олардың кейбіреулері келешегі жоқ қоғамға қарсы болуы да мүмкін. Бұл ретте өзі өмір сүрген ортасына қарсы болып өткен Абайды, тәуелсіздігімізді армандап, соның жолына бүкіл ғұмырын сарп еткен Мұстафа Шоқай мен Алаштың арыстарын, ұлттық мәдениет пен өнер саласы мамандарын даярлауға көп көңіл бөліп, қазақ жастарының КСРО-ның орталық қалаларындағы оқу орындарында білім алуына көмек көрсеткен мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновті, барлық жағынан ресми тұмшаланған Кеңестік саясатты қазақ ұлты мен оның келешегі үшін жете пайдалана білген Дінмұхамед Қонаевты, кеңестік саясаттың ұлт мүддесіне қайшы келетін жерлеріне ашық қарсы шыққан Ж.Тәшеновті жатқызуға болады. Ал, қазіргі біздің "қоғам қайраткерлері" деп айдар тағып, аспандатып жүргендерімізді жоғарыда аталған азаматтармен салыстыруға бола ма? Қазіргі сансыз "қоғам қайраткерлеріміздің" көбісі кешегі Кеңестік дәуірдің келешегін болжады ма? Ендеше Т.Жүргеновтің тарихи тұлға, қоғам қайраткері екенін дәлелдеп көрейік.

Біріншіден, оған білімге деген құштарлық пен үлкен жүректілік тектілігімен, қанымен берілген. "Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады" деген қазақы пәлсапаны басшылықққа алсақ, Т.Жүрге­новтің әкесі Қара да, атасы Қуан да дәулетті, көзі ашық, сол уақыт деңгейімен есептегенде білімді, жан-жақты, ел сыйлаған азаматтар болған. Шешесі Жәніш қазақтың ескі қисса дастандары мен аңыздарын жатқа айтатын, сабырлы да салмақты, бала тәрбиесіне үлкен мән берген адал жүректі ана.

 

Екіншіден, тарихи тұлға болу мен қайраткерліктің бірден-бір шарты - білімділік. Бастауыш білімді Ақмешітте, жер өлшеушілер училищесін Уфада, рабфакты Орынборда бастаған Т.Жүргеновтің Ташкенттегі Орта Азия университетінің заң факультетін үздік бітіруі сөзіміздің дәлелі. Құқық, саяси экономия, тарих, журналистика, тіл, статистика, демография ғылымдарына ден қойып, көптеген ғылыми-проблемалық еңбектер жазды. Сөйтіп аз уақыт ішінде жан-жақты ғалым ретінде де оның тарихи тұлғасы ерекшелене түсті.

Үшіншіден, Т.Жүргеновті тек қазақтың ғана жоғын жоқтаған тарихи тұлға ретінде қарастыруға болмайды. Себебі, өзбек, тәжік, қырғыз халық­тарының тарихы мен тілін жетік білген ол жалпы Орта Азия халықтарының мұңы мен мүддесін, олардың жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етті. Қазақ АСР-нің Түркістан Республи­касындағы (кейін Өзбек АССР-нің) өкілетті уәкілі, соңғы курста Қазақ педагогика институтының ректоры, Қазақстан мен Түркістан Орталық атқару комитетінің мүшесі, Тәжік АССР- ның Финанс наркомы, Өзбек АССР, Қазақ АССР Ағарту Халық комиссары қызметін атқаруы оның қайраткерлік қарымының ауқымын көрсетсе керек. Демек, Т.Жүргенов Орта Азия ха­лық­тарына ортақ тарихи тұлға, белсенді қоғам қай­раткері. Бұл ретте оның іс-әрекеттерін қазіргі уақыт деңгейінен алып қарасақ, тәуелсіздікті армандап, сол жолда өмірін сарп еткен Мұстафа Шоқайдың арманымен үндесіп жатқандай.

Төртіншіден, Т.Жүргенов - білікті басшы, шебер ұйымдастырушы, атына заты сай қызметте темір тәртіп орнатқан, кезінде әлем мойындаған кеңестік білім жүйесінің негізін қалаушылардың бірі болған тұлға. Қызметтегі еркіндігін қамтамасыз ету үшін Л.Мирзоянға қойған үш шарты (1.Бай баласы деп көзтүрткі жасамау; 2.Өкілеттік беру; 3.Бөлінген қаражатты жұмсау билігінен кақпау) көп мәселені аңғартады. Т.Жүргеновтің ерен еңбегі арқасында Қазақстанда бастауыш, жетіжылдық орта кластық білім беру жүйесі қалыптасты. Көптеген орта, жоғарғы оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері мен мәдениет ошақтары, архив, музейлер өмірге келді.

Бесіншіден, Т.Жүргеновтің тарихи тұлғасы мен қайраткерлік қарымын айшықтай түсетін тұстарының бірі - оның білікті, болашақты болжай білетін көреген саясаткерлігі. Кеңестік идеологияның күшті ықпалы мен оның мол мүмкіндіктерін ұлтының мүддесіне (экономикасы, ғылымы, мәдениеті, тарихи т.б.) ұтымды да шебер пайдалана білген Т.Жүргеновтің тарихи тұлғасы қазіргі тәуелсіздігіміздің тізгінін сеніп тапсыратын болашақ жастарымызға үлкен жауапкершілік жүктейді.

К.Құдайбергенова,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

"Қорқыттану және өлке тарихы"

ғылыми-зерттеу институтының 

ғылыми қызметкері

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Сіз қалаған ұялы телефон қандай?

Айфон - 50%
Нокиа - 5.6%
Самсунг - 11.1%
Хуавей - 5.6%
LG - 27.8%

Дауыс саны: 18
The voting for this poll has ended on: 10 Қар 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.