Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

ЕҢБЕГІМЕН ТӨРГЕ ОЗҒАН ЕР

    Еңбек еткен адамның ерні етке, аузы аққа тиетіні рас. Қайырымдылықты да қатар алып жүрсе қайырлы істің қайырымын көретіні тағы бар. Соңғы Пайғамбардың өзі солай деген емес пе? Оның үстіне адамдық туын жықпай, отанының көк аспанында желбірете білсе, ол да нағыз жігіттік қасиет. Біздің кейіпкер бұл үдеден шығып, өзін дәлелдеп қойғалы қашан. Ол сол үшін де "Сыр жанашыры" атанды. Еңбегі еленді. Руханиятты жаңғыртуды өзінің күнделікті жұмысынан бөліп-жармай жаны қалаған дүниені жасай білді. Біз тілге тиек еткелі отырған жан - Мұрат Абайұлы Сәрсенбаев.

Ол өзінің еңбек жолында басшылық жасаған "Абзал және компания" толық серіктестігінде қыруар жұмыстарды, тындырымды істерге нүкте қоя білген азамат. Еңбектің, адал істің сырын білетін сырбаз жанмен тілдесудің сәті түскен еді. Әңгімелесудің ба­сын 2018 жылдың табалдырығын аттап, жаңа күн­тізбенің бетін ашқан Сыр еліне, еңбексүйер жандарға ақ лебізін, жүрекжарды тілегін арнаудан бастады.

- Жер ананың қадірін білген егіншілер қауымына, он саусағымен түйін түйген еңбек адамының баршасына табыс пен бақыт тілеймін. Компанияның басты саласы күріш егу болғандықтан, бұл жұ­мыстың машақаты көп. Оны егіп, баптап, орып алып, одан соң өңдеп, қаптап, сатылымға шығарамын дегенше түрлі кезеңдердегі жұмыстар өз ауыртпа­шылығымен маңызды. Сондай қиын сәттерде мен осы егінші деген үлкен қауымға жігер мен шыдам тілеймін. Сонда ғана өнімнің өнімділігі арта түспек.

 

Иә, күріш өндірісі күрделі сатылардан тұратыны рас. Сондай белесте бел бүкпей, биікке қарыштап дамуды көздейтін бұл сала мамандарының маңдай тері адал. Ал, жүзге жуық жұмысшы мен қызмет­керді ұйымдастырып, жұмысты алға ілгерілету білікті басшының ғана қолынан келетін іс екені даусыз. М.Абайұлы бұл жолда да адасқан жоқ. Күрделі сұрақтарға жауап тауып, сан сауалға шешім айта білген. Қызмет жолында кездескен кедергілерді де бір кісідей, ұжымымен бірге алып шығып, "Алтын сапа" марапатына да қол жеткізген. Бәрі дерлік осы үлкен ұжымның арқасы. Қажырлы жұмыстарының нәтижесі.

М.Сәрсенбаев басшылық қызметінде ғана емес, ол осы саланың ыстық-суығына ерте кезден-ақ бел шеше араласқан адам. Ең әуелгі кездерде жүргізуші болып, шет өңірлерге күрішті өзі тасыған сәттері де болған. Ол еңбегі аздың өнбегі аз екенін түсініп, "кәсіп түбі нәсіп" деп алға қарай жүріп отырды. Соның нәтижесінде бүгінгідей белесті бағындыра білді. Қазақ халқы жігіттің түсін емес, ісін айтатын жұрт. Сондықтан жақсының жақсылығын, сансыз жасап жатқан қайырымдылық шараларын қалың қауым білсін деп, қалам тербеп отырмыз.

Мұрат Сәрсенбаев өз әңгімесінде компания турасында егжей-тегжейлі айтып берді.

- "Абзал және Компания" толық серіктестігі - ауыл шаруашылығы саласындағы тұрақты дамушы компаниялардың бірі болып саналады. Респуб­ликадағы күріш өндіруші компаниялардың үштігіне сенімді түрде енгеніміз де соның дәлелі болмақ. "Абзал және Компания" Қазақстан мен ТМД мемлекеттерінің аумағында өзінің нарықтағы позициясын дамыта отырып, едәуір ауқымға ие болып отыр. 2011 жылдан бастап өнімнің 30%-ы экспортқа шығарылды. Миллиондаған тұтынушылар "Абзал және Компанияның" өнімін таңдады. Сонымен қатар біз сапа үшін ғана жұмыс жасаймыз. Сол үшін өнім бағасы қымбат болуы мүмкін, алайда халық соған қарамастан біздің күріш өнімін тұтынады, - дейді А.Сәрсенбаев.

Расында, өзге мемлекеттердің Қызылорданы Сыр күріші арқылы тануында "Абзал және К" толық серіктестігінің үлесі зор. Таза өнімді таңдайтын кірпияз шетелдіктердің сынына төтеп беріп отырған компанияның басшысынан жұмысшысына дейін жауапкершілікпен жұмыс жасап, сапалы күріш өндіруі Сыр экономикасына да айтарлықтай пайда түсіріп отыр.

Компанияның тағы бір ерекшелігі, әлеуметтік жауапкершілік пен әлеуметтік саясатты дұрыс жүргізуді бизнестің ұзақ мерзімді дамуының өзекті белгілері деп ұғынғандығында. Компания өз қызметінде ауылды қолдауға, мәдени-әлеуметтік жобаларға, қоғамдық іс-шараларға демеушілік жасауға үлкен көңіл бөледі. Қайырымдылық жасаудан да өзгелерден көш ілгері тұр. Әлеуметтік жауапкершіліктің жоғарғы деңгейге жетуі де корпоративтік мәдениетінің бір бөлігі екеніне ешкім күмән келтіре алмайды.

М.Абайұлы бір сөзінде: "Әлеуметтік инфра­құрылымның қайта қалпына келтірілуі және дамуы, кадрларды даярлау, денсаулық сақтау, шағын кәсіпкерліктің дамуына жол ашу, мәдениет және спорт, сонымен қатар ауылды көркейту мен көгалдандыру бойынша да тындырымды дүниелер жасалды",-деген болатын. Туған жеріне әр кез тағзым жасап, өлкенің өсіп-өркендеуіне үлес қосып, жылағанды жұбатып, қайырымды істердің жанынан табылып, үлкеннен бата, кішіден алғыс алу көптеген қалталы азаматтар мен басшылардың қолынан келе бермейтін қасиет. Мұны білікті басшы жақсы түсінеді.

Компанияда бірнеше жыл бұрын әлеуметтік жауапкершілік қызметті жүзеге асыруға арналған арнайы корпоративтік дамыту бөлімі құрылған-ды. Бұл бөлім аз ғана уақыттың ішінде Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Нағи Ильясов атындағы ауыл және Бесарық ауылдық округтерінде құны 250 миллион теңгеден асатын "Нағи Ильясов атындағы ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы" және "Бесарық ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуы" атты екі ірі жобаны жүзеге асырғанын Сыр жұртшылығы жақсы біледі. Сол сәттерде "Туған жерге ту тіккісі келген азаматтар осылай болу керек" десті халық. Елдің батасын алған, халықтың рақымына бөленген дүние мәңгі жасары сөзсіз.

- Жүзеге асырылған жобалар - "Абзал және Компания" ТС-нің стратегиялық даму бағытта­рының айрылмас бөлшегі болып табылатын әлеуметтік жауапкершілік қағидасын ұстануының бірден бір көрсеткіші. Алдағы уақытта да ауыл өмірінің жағдайын жақсартуға байланысты өзіне алған міндеттерін орындауды жалғастыра береміз,- дейді М.Абайұлы.

"Елде болса еріне тиер". Бұл қанатты сөз Мұрат Сәрсенбаевтің басты ұстанымы десек те болады. "Халқымда болса екен, елдің деңгейі, әлеуметтік ахуалы жоғарыласа екен" деген үміті осы сөзінен-ақ байқалады. "Сабыр түбі сары алтын" деп дана халқымыздың айтып кеткен ұлағатты сөзін үнемі жанына серік қылған. Ашу дұшпан екенін біліп, өмірдің қандай бір сәттерінде болсын, сабырлы, байсалды кейпінен танбай, салмақтылық танытады. Сол арқылы өзінің болмысын қалыптастырған жан, өмірдің барлық тосын мінезіне сабырлылығы арқылы үн қатып, жетістікке жету жолын таба білген азамат.

Кәсіпкерлік жол, қызмет саласы өз алдына бір даңғыл болса, оның жеке өмірі де соншалықты ерекше. Ол әке жолынан таймай "әке көрген оқ жонар" деп ата кәсіпті дөңгелетіп әкеткен. Әкеге қарап бой түзеген. Оның әр айтқан ақылын бойына сіңіріп, оны өзінің үлгі тұтатын бас тұлғасына айналдырды. Әкесі Абай Сәрсенбаев та - күріш саласында күні-түн көз ілмей қажырлы қызмет жасаған жан. Еңбек бәрін жеңбек деп, болашақ үлкен компанияның алғашқы даму белестерін, алғашқы іргетасын қалап, кейінгі буынға табыстаған белгілі азаматтардың бірі. Адамдық қасиетті жоғары ұстап, тәрбиеге салғырт қарамаған әкеге ұлағатты ұлы зор алғысын айтады.

2016 жылы 17 мамыр күнінен бастап басшылық тізгінді қолына алған Мұрат Абайұлы осы уақыт ішінде елеулі еңбегімен елдің есінде қала білді. Өмірлік тәжірибе мен сапа үшін атқарылған еңбек күріш дақылының бітік шығуына сеп болды. Шығын мен кірісті қадағалауда да қапы қалған тұсы болмаған. 2003 жылы Солтүстік Кореядан әкелінген зaводпен бүгінде ілкімді шаруалар жасалынып, күріш өндіру жолы да жақсара түскен. Бұрынның еншісінде қалған осы секілді маңызды шешімдер бүгінгі алпауыт компанияның қарыштап дамуына өз үлесін әлде де қоса бермек.

Талай белесті бағындырған компанияның келешегі кемел, болашағы айқын. Ерді жеңіске жеткізген де, елге атын шығарған да осы - еңбек. Біздің кейіпкер болашақ буынға да осыны тілеп, алтын шыққан жерді белден қазуға ерінбеуін тілейді. Ұлт болашағы да жас өскіндердің қолында болғандықтан, кейінгі буынға ағалық қамқорлығын көрсетуден аянбайды.

Сабырлы болуды санаға сақтап, жігерлілікті жүрегіне жиып, еңбекке етене еніп, әкеден қалған тәрбиені ой талқысында таразылайтын, қайырым­дылық - қазақтың қанына сіңген қасиет деп білетін Мұрат Абайұлы Сәрсенбевтың көркем келбеті осы.

Айдар САЙЛАУОВ

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Сіз қалаған ұялы телефон қандай?

Айфон - 50%
Нокиа - 5.6%
Самсунг - 11.1%
Хуавей - 5.6%
LG - 27.8%

Дауыс саны: 18
The voting for this poll has ended on: 10 Қар 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.