Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Материалдар

«БОЗАЙҒЫРДАН» «АБЫРЖЫҒА» ДЕЙІН..

    Асылы, кең-байтақ қазақ жерінің әрбір атырабы, әрбір ауылы киелі болады. Сонау жетпісінші жылдары Қаратерең ауылынан жиырмадан астам ұшқыштар қанат қақса, Сырдың бергі бетіндегі Бөген елді мекенінен ауыз толтырып айтарлықтай 25-ке жуық қаламгер шыққанын айтсақ та жеткілікті болар. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қайсар қаламгер Зейнолла Шүкіровтің ізін баса, осы ауылдың іргесіндегі "Қамау" атты кішкентай елді мекенде туып-өскен Сайлаубай ағамыз әдебиет көгіне ерте көтерілді. Біздің әдебиет ауылына араласуымызға, атсалысуымызға, мерзімді бәйгелерде жүлдегер атануымызға, танымал болуымызға үлес қосқан осы мектептің Жалғас Құрманов, Байбазар Жұмахметов, Тастыбай Әбдиев тәрізді ұстаздарының берік негіз қалағанын айта кеткенім жөн болар.

Біз 6-7 сыныпта оқып жүрген жылдары Сайлаубай ағамыз осы мектептің аға пионер вожатыйы болатын. Осынау ұзын бойлы, келбетті ағамыздың мектептегі "Балауса" атты қабырға газетінен әр түрлі тақырыптағы өлеңдерін қызыға оқып, Қуаныш Жиенбаев екеуміз оған үлкен таңданыспен қарайтынбыз. Тіпті, кейде теңізге тиіп тұрған бәкене тамына іздеп барып, Сәкеңмен біраз сөйлесіп, ақыл-кеңесін тыңдайтынбыз. Әкесі Жұбатыр ақ­сақал - біртоға кісі. Әдебиетпен, саясатпен шаруасы жоқ, ауылдың момақан қариясы болатын. Ағасы Ботабай біраз жыл Алматы қаласында тұрып, бұл кездері ауылда дәрігер болып қызмет атқарып жүрген. Бір бар­ға­нымызда, Сәкең төргі бөлмеде "Жұлдыз" журналын ақтарып, белгілі жазушы Рамазан Тоқтаровтың проза туралы көлемді мақаласын оқып отыр екен. Есіктен енген Қуаныш екеумізге бізге ол кездері тосындау, бей­таныстау ұғым болса да, әдебиеттің реалистік бағыты туралы біраз пәлсапа соққаны әлі күнге есімде. Сонда біз ағамыздың үлкен әдебиетке үлкен дайындықпен әзірленіп жатқанын білгендей болдық. Көп кешікпей Сәкеңнің 18 жасында республикалық "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінің екі санында "Бо­зайғыр" атты тырнақалды көлемді әңгімесі жарияланды. Әрине, әлгі әңгіменің кейіп­керлері дәл қазір менің есімде жоқ. Өзімше осы мектептің мұғалімі, Ұлы Отан соғысының ардагері, ауыл-аймаққа атбегілігімен әбден танымал Әлимұрат Нұрекешов әлгі әңгіменің басты кейіпкері шығар деп жорамалдаймын. Әйтеуір, бұл әңгімесі жарияланған соң көп кешікпей Сәкең Алматыға оқуға аттанды. Университеттің ІІ курсында оқып жүрген жылдары ағамыздың "Алыстағы аралдар" атты тұңғыш повесі Қазақстан комсомолы Орталық комитеті мен "Жалын" баспасының біріккен жабық бәйгесінде жүлделі ІІ орынға ие болғанын мерзімді басылымдардан оқып, ауылда жүрген біздер мәз-мейрам болғанбыз. Тап осы повесі жөнінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Шерхан Мұртаза, Фариза Оңғарсынова, Төлен Әбдіковтер бірауыздан "Жыл келгендей жаңалық" десті. Іле-шала жазылған "Жасыл сағым", "Отты өткел", "Тамұқ төріндегі қазына", "Бумеранг" атты кітаптары республикалық баспалардан бірінен соң бірі жарық көріп, жасөспірімдер түгілі, үлкен­дердің игілігіне айналғанын жақсы білеміз. Бірқатар повестерінің желісімен "Қазақфильм" киностудиясы онға жуық көркем фильмдер түсірді. Сәкеңнің "Ән салатын аралдар" атты көркем фильмі сексенінші жылдары Бүкілодақтық телевидение арқылы көрсе­тілгені көпшіліктің есінде болар.

Арал тақырыбы Сәкеңнің өмір бойғы мұраты десек, артық айтқандығымыз болмас. Осыдан елу жыл бұрын "Білім және Еңбек" журналында қаршадай студент С.Жұбаты­ровтың Арал теңізінің бастапқы арнасынан қайтып бара жатқандығы туралы дабыл қағарлық мақаласы жарияланды. Бұл сол кездегі биліктің үстінен сақылдаған сары аязда бір шелек мұздай су құйып жібергенмен пара-пар тосын іс болатын. Ол елдің жағасы жайлауда, не ішемін, не киемін демейтін аста-төк кезеңі еді. Теңіз жағалауында атам заманнан тіршілік түтінін түтетіп, тереңнен су маржанын сүзген әкелеріміздің ойына "Аралдың бағы байланады" деген ұғым әсте кірмеген тұс еді. Міне, осы тұста Сайлаубай Жұбатыровтың жанайқайға толы мақаласы мектеп қабырғасында оқып жүрген біздің төбе шашымызды тік тұрғызды. Себебі, қазынасы халқымызға ризық-несібе болған осынау теңіз-анамыз жағалауынан қайтып барады деген ой кімнің басына келіпті.

Экология аралдықтардың да, басқалардың да ол кезде ойына мүлдем кереғар ұғым болатын. 18-19 жастағы Сәкең келешек зардабы запыранға бергісіз Аралдың басына төніп келе жатқан қауіп-қатерді жұрттың бәрінен бұрын аңғара білді. Сөйтіп, күллі елді шырт ұйқыдан оятты. Аралдан және басқа жерлерден мыңдаған адамға қол қойғызып, Арал қасіреті туралы хатты ұйымдастырған қаламгердің аманаты ақыры республика басшысы Д.А.Қонаевтың алдына жетті. Сөйтіп, КПСС ХХVІ съезінде Арал теңізінің басына төніп келе жатқан қатер жөнінде Димаш Ахметұлының осынау хат тарихи сөзіне өзек болғанын біреу біліп, біреу білмес.

Айтпақшы, Сәкеңнің "Алыстағы аралдар" повесі әлемдік әдебиеттің інжу-маржаны саналатын "Қазына аралы", "Робинзон Крузо" тәрізді шытырман оқиғалы шығармалардың қазақ әдебиетіндегі жаңаша үлгісі екенін сол кездегі сыншылар қауымы жарыса жазып жатты. Аталмыш шығарманың кейіпкерлері де шетінен қиялшыл, арманшыл балалар болатын. Теңіз жағалауында өскен бізге айрықша әсер еткен шығарма кейінірек жеке кітап болып басылды. Іле-шала жазушының "Жасыл сағым" атты повесі жарық көрді. Мұнда да аңғырт та албырт ауыл балаларының тұрмыс-тіршілігі барынша көркемдікпен суреттелді.

Қаламы жүйрік журналистің бәрі бірдей қабырғалы жазушы бола алмайтыны секілді, мықты жазушының да мықты журналист бола алмайтыны аян. Сайлаубай Жұбатыров Арал туралы көптеген публицистикалық, проб­ле­малық мақалалардың авторы ретінде оқырман қауымға жақсы таныс. "Қазақ әдебиеті" газетінің сол кездегі бас редакторы, Қазақ­станның халық жазушысы Шерхан Мұртаза Арал туралы ақиқат әлі ешкімнің аузынан шықпаған тұстары Сәкеңнің "Сұрауы бар су еді..." атты проблемалық мақаласын Үкімет орындарынан жасқанбай жариялап жібергені бар. Жалпы, Сәкеңнің Арал туралы толғақты мәселелерге толы мақалаларының өзі 4 томға жүк болатындай дүние көрінеді.

Қымбатты оқырман, жан жүрегі баладай нәзік, Аралдың біртуар перзенті, жазушы Сайлаубай Жұбатыров 1996 жылы әуелі орыс тілінде жазып, соңынан ағылшын тіліне аудартқан нұсқасын Францияның астанасы Париж шаһарының маңайында тұрып жатқан әлемдік мұхит зерттеушісі, жиһанкез Жан ив Кусто мырзаға халықаралық пошта арқылы хат жолдады десек, сенесіздер ме? Осы хатында жазушы дүниежүзілік жағрафиялық картаның дәл кіндігінде орналасқан аты шулы Арал теңізінің ендіктері мен бойлықтары, су асты байлықтары, тіпті, атам заманғы тарихы туралы данышпанша толғанады. Әсіресе, Арал теңізінің "жынды толқыны", "жалғыз толқыны" туралы құпияға толы табиғи болмыстарын да ашып жазып, мұның цунамиден мүлдем бөлек құбылыс екенін бажайлап айтады. Қаламгер төрткүл әлемге өзінің жиһанкездік тірлігімен аты кеңінен тарап кеткен Кустоға жазған хатында былай дейді: "Аралға келіңіз! Ол - Жер планетамыздың Көк Алқасының ең жанды тұстағы үзігі Жердің Көк Алқасы - Жерорта, Қара, Арал теңіздері, Балқаш, Алакөл, Зайсан айдындары боп, әдемі тізбек құрып жатыр. Осынау ұлан-ғайыр көк әлем - Табиғат ананың өз пер­зенттеріне деген дана ұй­ғарымы. Шығыс жарты шар­дағы миллиондаған тір­шіліктің өмір алабы. Осы өмір алқасы болмыстың шетін жағдайында экология­лық үйлесім орнаған, тіршілік қиынынан қиыстырып жол тапқан ең сынды тұсы үзіліп кеткелі тұр...".

Аталмыш хаттың тағы бір тұсында жазушы төмен­дегіше толғанады: "Асылы, осы іспетті Арал, менің ойымша, жер бетіндегі Ізгілік пен Зұлымдық ғаззауатының өзіндік барометрі сияқты".

Талай ондаған жылдар бойы Арал тағдыры үшін отқа да, суға да түскен Сайлаубай ағамыз, ақиқатын айтуымыз керек, Мұқағали ақын жырлағандай, "Жалаң аяқ жар кешіп, қызыл аяқ қар кешкен" нағыз қаламгер болатын. Қызығынан гөрі қиындығы, қуанышынан гөрі мұңы бес батпан осынау ұзақ жолда жазушы іштей ширықты. Өзімен бірге қанаттас, тіпті, өзінен кейін әдебиет атты үлкен отаудың шаңырағына уық шанышқан ондаған, жүздеген қаламгер талай-талай мақтау-марапаттарға ие болып, әдеби сыйлықтардың қаншама иегері атанғанда, осы тізімге Сәкең бәзбіреулердей елгезектік танытып, енуге тырысқан жоқ. Ол өзінің рухы күштілігінен тек бірыңғай жазумен шұғылданады. Осындай жанкештілігінің нәтижесінде, бірнеше кітаптан тұратын "Абыржы" романы дүниеге келді. Сізге өтірік, маған шын, бір кездері Қазақстанның Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің "Қан мен тер" трилогиясын жата-жастанып, 4 сыныптық білімі бар балықшының да, көзі ашық басқалардың да мүдірмей оқып шыққанына куә болғанмын. Сонан кейінгі араға талай жылдар салып жарық көрген "Соңғы парыз" романының тілдік сөз қолданысы көптеген оқырманның басын ауыртқаны бар.

Себебі, Әбекеңнің соңғы шығармасы әлемдік әдеби масштабта жазылған болар. Сайлаубай ағамыздың да осының алдындағы "Алыстағы аралдар", "Жасыл сағым" және басқа повестері оп-оңай тез оқылатын, ал "Абыржының" "аруағы" басымдау болды, кез келген оқырманның тісі батпады. Демек, бұл жаңаша түрде жазылған шығарма шығар деп ойлаймын.

Жазушының "Абыржы" атты трилогиясы бастан-аяқ Аралдың кешегі, бүгінгі трагедиясына бағышталған дүние. Романдағы Жұмқан есімді кейіпкердің мінез-құлқы, тіршілік тынысы бізге бала кезімізден жақсы таныс. Соны қаламгер шеберлікпен сомдай білген. Маған алған бетінен қайтпайтын, рухы мықты Сәкең сияқты қаламгерлер қатты ұнайды.

Бұл күні жетпіс жастың асқарына алқынбай жеткен "Парасат" орденінің иегері, "Арал ауданының құрметті азаматы" атанған талантты жазушы Сайлаубай Жұбатырұлының қаламгерлік бітім-болмысы Арал теңізінде тағдыр желі айдаған жалғыз желкенді қайық сияқты көрінеді де тұрады. Жалпы, жазу­шының бітімі, жазылу мәнері бөлек "Абыржы" романы алдағы уақытта үлкен мінберлерде жылы лебіздермен айшықталып айтылатын болар деп ойлаймын. Тек мықтыларын мойындауға қазақтың құнты болса екен. Лайым, өмір айдынын шарлаған ақжал толқынның төсінде ойнақтаған желқайы­ғыңның желкенін жел керіп, аман-сау жүзе бер, Сәке!

Толыбай АБЫЛАЕВ, 

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.