Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

«Мақсатымыз – ой-сананы ояту, өткенді бүгінмен сабақтастыра отырып, рухани әлемді жаңғырту»

Биыл «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қорының құрылғанына – 5 жыл. 2013 жылдың қаңтарында жұмысын бастаған қор ә дегеннен білек сыбана іске кірісіп кеткен-ді. Нақтырақ айтсақ, 2013 жылы «Қызылорда облысы аймағында тарихи-танымдық туризмді дамыту» жобасын қолға алған қор келесі жылдары «Қызылорда қаласының тарихи имиджін көтеру», «Отбасындағы әке мен ана ролін арттыру, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту», «Азаматтық журналистиканың этикалық және құқықтық деңгейін арттыру», «Қазақ тілді журналистердің кәсіби тілдік сауатын көтеру» жобалары арқылы алға жүйелі жоспарлар құрып, жұмыстар жасады. Қоғамдық қордың бір ерекшелігі, дайын асқа тік қасық болмай, мемлекеттік тапсырыс аясында емес, жыл сайын өздері жоба дайындап, оны қорғап, сол бойынша өз аудиториясымен тыңғылықты шаралар ұйымдастырып келеді. Біз бес жылдық қарсаңында қор төрағасы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Нұрлан Көбегенұлы Нұрмахановты сұхбатқа шақырған болатынбыз.

- Нұрлан Көбегенұлы, қарап отырсақ, ру­хани жаңғыруды сіздер осыдан 5 жыл бұрын бастап кеткен екенсіздер. Ұйымды құрудағы мақ­сат-міндеттеріңіз қандай еді, осы атауды таңдағандарыңызға не себеп болды?

- Қандай да бір іс бастамастан бұрын оның мақсаты, халыққа тигізер пайдасы, әрі қарай жұмысты жүргізу реті жоспарланатыны белгілі. Оның үстіне қоғамдағы оқиғалар, жағдайлар, адамдардың дүниетанымы, көзқарасы, бір-бірімен белгілі бір дәрежедегі қарым-қатынасы, іс-әрекеті әсер етеді. Ұйымды құру о баста ойда жүрген еді, пісіп-жетілген уақытында дүниеге келді. Өзім кәсіби журналист болғандықтан бұған дейін тарихи-танымдық, қоғамдық-саяси, қоғам­дық-әлеуметтік, экологиялық басы­лым­дарда жұмыс жасап, тәжірибе жинақтап, елмен етене араласқаннан кейін рухани азықтың ор­та­сында жүрсе де, кейде қадірін білмеу, кейде оны бойға сіңіру, електен өткізу, ұрпаққа пайдасын қал­дыру мәселесіне келгенде адамдардың ой-санасына те­реңірек еніп, ұлтымыздың жадын рухани жаң­ғырту керектігін байқадым. Атаудың өзі сұранып тұр еді. Осылайша қоғамдық қорға "Ру­ханиятты жаңғырту" деген ат қойып, сол жы­лы-ақ алғашқы жобамызбен жұмысымызды бастап жібердік.

 

Әлбетте, туған жер, туған өлке бәрінен де ыс­тық. Ыстықтығы қатты баурағаны сондай, туған жерімізді тастап, кетіп қалған жоқпыз, бір елі де ажырағымыз жоқ. Сондықтан туған өңірімізге қызмет етуге ұйым арқылы да жұмыс жасағымыз келді. Біле білген адамға, Сыр топырағы киелі де құнарлы, қаза алсаңыз, ұлтымыздың арғы-бергі тарихына кезігесіз, мол рухани байлыққа жо­лығасыз. Ұйымның мақсаты да сол - Қызылорда облысының өзіндік ерекшеліктері мен артық­шылықтарын көрсете отырып, өлкеміздің даму жолындағы беделін көтеру, Сыр өңірінің тарихи-мәдени құндылықтарын жарыққа шығару, на­сихаттау, зиялы қауым өкілдерінің қоғамдағы бел­сенділігін арттыруға ықпал жасау. Осы арқы­лы облыс тұрғындарының өңір ерекшеліктерін жетік білу, терең тану арқылы олардың рухани-мәдени сауатын, туған өлкесіне деген сүйіспен­шілігін, патриоттық сезімін арттыру. Ең бастысы, ой-сананы ояту, өткенді бүгінмен сабақтастыра оты­рып, рухани әлемді жаңғырту.

Бес жыл ішінде мемлекеттің қолдауымен бес жобаны жүзеге асырдық. Біреуге телміріп отыр­маймыз, жобамызды өзіміз жазып, өзіміз да­йындап, өтті-кетті емес, ісімізден нәтиже болғанын жөн көреміз. Сонымен бірге қоғамдық қор жанынан "Зияткер" білім беру орталығы және "Сөз құны" журналистердің кеңесу клубы құ­рыл­ған. Олар арқылы да жұмыстар жүргізіліп келеді.

- Өткен жолдарыңызға қарап отырсақ, соңғы екі жыл ішінде журналистика мәсе­лесіне басымдық беріпсіздер. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған жобалар жасауға не түрткі болды?

- Журналист елдің алдында жүріп, елдің мұңын қозғайтын, кемшілікті бірінші көріп, бірінші жөндеуге ұмтылатын патриот мамандық емес пе?! Мемлекеттің идеологиялық саясатын ұстанғандар да, ой-сананы түзеп, тәрбиелеу­ші­лер де - журналистер. Сондықтан журналистер са­уатты болуға тиісті. Журналист неғұрлым са­уатты болса, соғұрлым елге жөн сөз айтылады. Әуелгі уақытта өңір журналистерінің үлкені мен кішісінің басын қосып, пікірлестіріп алғанымыз сол еді. Сол кезде саладағы өткір мәселелерді ашық әрі шынайы айтуға мүмкіндік берілді, қо­лына қалам ұстағандардың салмағы таразы­ланып, бағыт-бағдары белгіленді.

- Сөзіңіз аузыңызда, қазіргі күні журна­лис­терге түрлі сыни пікірлер аз айтылып жатқан жоқ. Өзіңіз де журналиссіз, әрі үкіметтік емес ұйымының басшысысыз. Ортақ мәселеге ой білдіретін журналистердің басын қосатын "Сөз құны" журналистердің кеңесу клубын аш­тыңыз. Клуб қаншалықты өрелі ой айтып, өңір журналистикасының дамуына үлес қосып жүр?

- Үш буынның басын қосқандағы себеп те осында еді: бір жарым ғасыр тарихы бар жур­налистика өз беделінен айырылмау керек, ел ал­дындағы қызметтерін адал орындау қажет. Мойындаймыз, сыни пікір айтылып жүр, жур­налистік әдептен аттап жүрген әріптестеріміз бар. Мәселе, соларға жол сілтеу, кәсіби сауатын арттыру, құқықтық білімін көтеру. Бұл тұрғыда семинар-тренингтер, байқау, зияткерлік сайыс өткізіп, бір сілкіп алдық. Әсіресе, жас журна­лис­терге үлкен сабақ болды. Ортаға тасталған ұсы­нысқа сәйкес "Сөз құны" журналистердің кеңесу клуб­ы ашылды. Клуб ашылғалы бері еркін ойлы журналистер өзара бас қосып, қоғамдағы мә­селелерді талқылауға көшті. Келесі кезек­те қандай мәселе көтеру керектігі кеңінен қоз­ғалды. Журналистердің кәсіби бағытта дамуы, ау­диторияны дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету жайы сөз етілетін болды.

Былтыр жылдың аяғында жаңа форматта жобамызды бастадық. Клуб отырысына бір өзекті тақырып бойынша мамандар шақырылды. Жур­налистер алдында мамандар қозғалған тақы­рыптың бүге-шігесіне дейін әңгімелеп, оның проблемасын, шешілу жолдарын көрсетті. Сұ­рақтарға нақты әрі еркін жауап берілді. Яғни, бұ­рын-соңды атүсті айтылып жүрген тақырыптар клуб отырысында жан-жақты қозғалады. Жур­налистер белгілі бір тақырып бойынша маман­данады. Өткір материал дайындағанда дәйекті, са­уатты шығады. Кәсібилікке қарай мойын бұру деген осы. Бұл жобамыз биыл жалғасын таба­тын болады.

- Қазір технологияның табалдырығын ат­тап тұрған уақытта тіл білудің қажеттілігі се­зіліп тұр. Тілдік сауаттанудың алғашқы бас­тамасын журналистерден бастапсыздар. Тіл­шілерге тіл үйрету қаншалықты қажет деп санайсыз?

- Бүгінде ақпарат саласының мамандарына тіл­дік білімнің қажеттігі баса айтылады. Әсіресе, ақпарат алмасу бағытында ағылшын тілінің рөлі айқын сезіледі. Себебі жаһандық деңгейдегі ақпараттардың дені - ағылшын тілінде. Сол ақ­парат ағынына ілесу үшін қазақ тілді журна­листердің салалық білімінің бір бағыты тілдік бі­лімін арттыру - кезек күттірмейтін жағдай. Соның се­бебінен болар, қазірде үлкен қалаларда қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеріп, үш тілде еркін жаза алатын журналистер тобы шыға бастады. Бұл - журналистикадағы үлкен жетістік. Себебі ақпарат алу мүмкіндігі артады, осы ар­қы­лы тақырыпты терең ашып, шынайы бере алады.

Тағы бір мәселе, елдегі ірі саяси-эконо­ми­ка­лық шараларды ақпараттандыруда, шартараптан келген шетелдік мамандармен сұхбат жүргізуде қазақ журналистерінің ақсап жататын кезеңдері аз емес. Бұл әсіресе, аймақтық деңгейдегі өте өзекті проблемалардың қатарында тұрғаны жа­сырын емес.

Өткен жылы өңірдегі бұқаралық ақпарат құ­ралдарында қызмет ететін журналистерді кәсіби тіл курстарына тарту бастамасын көтердік. Қол­дау тапқан соң тіл сындырып жүрген әріп­тес­теріміздің басын қостық. Мақсат белгілі, бұқа­ралық ақпарат құралдарында қызмет ететін жур­налистердің тілдік базасын арттыру, ақпарат ал­масудың жаңа формациясын қалыптастыру. Қол­ға алынатын жоба қазақ тілді журналистердің тек тілдік сауатын көтеріп қана қоймайды, сала­лық бағытта дамуына, ақпарат алмасудың ар­насын кеңейтуге мүмкіндік береді. Әрине, біздікі алғашқы қадам ғана.

- Сөзіңізге қарағанда, бірсарында өтетін жиындардан бас тартатын уақыттың жет­кенін байқататындай...

- Боссөзділіктен арылуымыз керек. Бір мәселе жөнінде нақты жоспармен бас қосқаннан кейін әрі қарай жүйелі жұмыс жасаған дұрыс деп есептеймін. Қазір, өзіңіз білесіз, бір нәрсені сылтау етіп, комиссия құрып, топ жасақтап, екі мезгіл үсті-үстіне жиналыс жасап, жұртты мезі етіп, уақытын ұрлайтын шаққа тап болдық.

- Нұрлан Көбегенұлы, енді үкіметтік емес ұйымдардың маңыздылығына тоқталсақ. Қалай ойлайсыз, бүгінде үкіметтік емес ұйым­дар өз миссиясын толық орындап отыр ма, қоғамдық мәселелерге үн қатып, ашық демократиялық саясат ұстанып жүр ме?

- Біз демократиялық мемлекет қатарындамыз, азаматтық қоғам қалыптастырып жатқан елміз. Сол жолда әрбір үкіметтік емес ұйым өз миссия­сымен, өз тобымен қоғамның дамуына үлес қос­уы керек. Бұл тұрғыда ҮЕҰ-дардың көпшілігі қоғамда белсенділік танытып, жұмыс жасау үшін қаржыға тәуелді болып отыр. Әрине, ашық пікі­рін білдіру, билікке өз ойларын жеткізу жағына келгенде алдыңғы қатарда. Алайда, осы күні об­лыста көптеген мемлекеттік мекемелер тара­пы­нан ҮЕҰ-мен санасып, тізе қосып жұмыс жасау жағы кемшін түсіп жатыр. Бұл азаматтық қоғам институтттарының дамуына кедергі келтіретіні айтпаса да түсінікті.

- Биыл - Қызылорда қаласының 200 жыл­дық мерейтойы. Әу баста тарихи жобалармен танылдыңыздар. Мерейлі мерекеге арналған жобаларыңыз бар шығар...

- Біз тарапынан ұсыныстар айтылады, бірақ оның жүзеге асуы бөлек әңгіме. Қаламыздың тарихына тереңірек үңіліп, екі ғасырдың мәнін ашатын тың жобалармен жұмыс жасалса, әрине өңіріміздің имиджі үшін де дұрыс болар еді. Әзірге "Руханиятты жаңғырту" қоғамдық қорының ақ­па­раттық қолдаушысы "Әлімсақ" журналы ар­қылы тиісті бөлімдермен бірлесе отырып, Қы­зылорда қаласының 200 жылдығын қамтитын тарихи деректерді ғылыми айналымға шығару, тарихи оқиғаларды зерделеу, қазақ әдебиетінің дамуына із салған көрнекті ақын-жазушылардың әдеби мұраларын зерттеуді әрі насихаттауды мақсат тұтқан байқау өткізуді жоспарлап отыр­мыз. Алла сәтін салса, қолға алған дүниелер жүзеге асып қалар.

- Әңгімеңізге рақмет, сәттілік тілейміз.

Сұқбаттасқан

 

Абай Тағыберген

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.