Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

БІЗДЕ БӘРІ ТЕГІН...

Бір қазақ америкадан тапқан досы Джекпен сыра ішіп отыр дейді.

- Сіздің елде халыққа тегін қызметтер көр­сетіле ме?-деп сұрады Джек.

- Әрине, бізде бәрі тегін!

- Қалай?

- Автобус, пойыз, ұшақтардан түскен соң, жаяу тегін жүресің.

- Қызық екен.

- Өз үйіңде тегін ұйықтайсың. Өз үйіңдегі моншаға тегін түсесің.

 

- Жоқ, достым, былай, тегін нәрсе не бар? Қоғамдық дегенім ғой?

- Бізде халыққа барлық жағдай жасалған. Ұрлық та, қарақшылық та, парақорлық та тегін.

- Мәселен?

- Мәселен, бай бол­саңыз, үйі­ңіз­ді тегін ұр­лата ала­сыз. Ақша беріп ұрлата алмай жүрген кедей­лер де бар.

- Жоқ, қазақ бауырым, түсін­бедің. Сіз­дің елде не тегін беріледі?

- Қайыршыларға тегін тиын-тебен тастап кетеміз.

- Сосын?

- Он қабатты үйлерден тегін құлап, тегін өліп жатамыз.

- Сосын?

- Тегін жұмыс істейміз...

- Қалай тегін?

- Құрылысшылар айлар бойы тегін жұмыс істеп, компания басшылары теріс қарап, тегін тоңқаяды.

- Сіздерде мұнай көп...

- Иә, иә, авто көліктерімізге бензин құйған соң, бактың қақпағын тегін жауып береді.

- Керемет екен ғой!

- Бізде әр азаматтың он сотық тегін жер алуға құқы бар. Тек Бетпақдаладан, теңіздің астынан, Ай үстінен...

- Неткен ғажап жағдай! Адамдарға бұдан артық не керек?

- Бізде жастар көшеде кетіп бара жатып, тегін сүйісе береді. Бір-бірінен тиын сұра­майды.

- Неткен бақыт!

- Тегін жала жауып, тегін соттатып жатамыз.

- Тамаша! Тамаша құрмет!

- Тегін сасық ауа жұтамыз... Тегін есінейміз, тегін ыржиямыз, тегін күлеміз, тегін жылаймыз тегін ос... Бізде қысқасы, бәрі тегін! Үкімет халықтың жағдайын жасап қойған. Соған біз мас­танып кеткенбіз! Тегін оқығымыз кел­мей, ақ­ша­ға оқып жүр­міз, тегін су, тегін газ, тегін жа­рық дегенге намыс­танып, қымбат­татып жатыр­мыз! "Қымбаттатыңдар!" деп көше­ге, шеруге шығамыз.

- Не деген жұмақ еді, Қазақстан!

- Біз жан-жағымыздағы елдерге жерімізді тегін бере саламыз! Бізде не көп, жер көп. Құдайға шүкір, жетеді!

- Міне, азаматтық демократия!

- Біздің иттеріміз де тегін үреді...

- Тамсанып тұрмын. Бізде бір рет үру - бес доллар...

- Бізде ювелир дүкендері тегін қызмет етеді.

- О, қалай?

- Ішіне кіріп, тегін тамсанып,сүзіле қара-ап шығасың. Тегін көресің.

- Міне, байлық! Қазақстан халқы бай-бақуатты тұрады екен ғой!

- Арақ ішуде алдымызға жан салмай, тегін ішеміз.

- Түсінбедім?

- Арақты сатып алған соң, үйде тегін ішіп жатамыз... Кешір достым,"тегін, тегін" деген сөзге үйреніп қалыппын... Ең бастысы, сендердегідей "тегін террордан" сақтасын!

- Иә, қазақ бауырым, Құдайым адамдарды тегін ажалдан сақтасын! Екеуі тегін құшақтасып, сыраханадан көңілді қайтты. Жолай бір полицай тоқтатып, қазақ бауы­рымызды "сен осы болашақ шпион емессің бе?" деп тегін қамауға алды.

"О, тегін демократия!".

Мұхтар Шерім

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.