Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

МІНЕЗ

Сөз басы

Міне, тәуелсіздігіміздің тізгіні қолға тигелі де, аттай ширек ғасырдан асып барады. Тарих үшін осы бір қас-қағым сәтте Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында зор жетістіктерге қол жеткіздік. Еліміз аяғынан тік тұрып қана қоймай, әлем алдында қанымызға cіңген бейбітшілік сүйгіштік қасиетімізбен де, ара ағайындық игі істерімізбен де беделдің биік шыңына шыға білдік.

Елбасымыз 2017 жылдың 12 сәуірі күні жариялаған "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы арқылы ұлтымыздың әлемдік бәсекеде қабілетті болуы үшін ұлттық кодын, салт-дәстүрі мен мәдениетін шыңдай беруі керектігіне де бағыт-бағдар беріп, жол сілтеді.

Ұлтқа қалтқысыз қызмет ету үшін, алдымен мінез, сосын барып білімнің қажеттілігін ХХ ғасырдың басында Алаш зиялылары ескертіп кеткендігі баршаға аян.

Осы қағидатты басшылыққа алған шенділеріміз алдымен қимылдап, елдің алдына түсті. Ерекше белсенділік танытқан олар, бұрын-соңды байқатпаған "мінездерін" көрсетіп, Елбасы мақаласы үшін отқа да түсуге, суға да батуға әзір екендіктерін жарияға жар салды. "Рухани жаңғыруды" қолдап мақала жазудағы өзара бәсекелестікте бір-біріне есе жібергісі келмейтіндіктерін білдірді. Ақпарат құралдарында пікірталастың көркін қыздырды. Мұның бәрі, сайып келгенде, қарапайым халық үшін орасан зор пайдасы болды. Көңілдерінде болашаққа деген үміт оты жанған халықтың рухы күрт көтерілді.

 

 "Ұра берсе, киіз қазық жерге кірер" демекші, жер-көкті жаңғыртып жатқан "рухани жаңғырудың" әсері талайдың соқыр көзінен жас ағызып, қараңғы көкіректеріне нұрдан шашу шашты! Сондықтан қазақтың "рухани жиналысына" айналған бүгінгі садақа-тойлардағы асқақтаған "рухани жаңғырудың" кейбір сәттерін барынша ыждағаттылықпен, аса салтанатты түрде, патриоттық сезімге бөлене отырып жеткізуді өзімнің Отан алдындағы тікелей азаматтық борышым деп санадым.

 

"Қарағайдай мүйіз" немесе "билер кеңесін" аңсау

Садақа үсті. Әңгіме қызған шақ. Әңгіме арқауы - "рухани жаңғыру!" Шайдан соң, ет әкелінді. Аңқыған жас еттің иісі жұрттың рухын көтеріп, кейбірінің делебесін қоздыра түсті.

Кенет ет турап отырған жігіт садақадан қалмай, ер кісілермен жағаласып, төрге шығып алатын жылмаңдаған кемпірлерге қарай кәрі жілікті ысырып жіберді.

Мұны көріп, манадан бері еттің иісіне мастанып, ұлттық рухтан қуат алып, делебесі қозып, арқасы ұстап, "рухани жаңғырып" отырғандардың бірі:

- Әй, көргенсіз!.. Салт-дәстүрді неге сыйламайсың?! Ер азамат отырғанда, қатындарға кәрі жілік ұсынғаның, қай сасқаның?! - деп ақырып қалды.

Әлгі ет турап отырған жігіт не газет оқымайтын, не теледидардан жаңалық тыңдамайтын, тек үнді фильмдерін көрумен шектелетін, өре түрегеліп жатқандарынан еш хабары жоқ, көкірегі қалың ұйқыдағы сорлы-ау, шамасы!

Ет турағыш жігітті маңдайына тиген кәрі жілік тіл-аузын байлап, жар жолдан кілт тоқтатты. Көзінің оты жарқ ете қалған байғұс қапелімде түк көрмей, жер сипады да қалды. Күтпеген соққыдан сәл-пәл абдырап, көзі түк көрмей жер сипап қалған ет турағыш жігіт те қайтпас қайсар, мінезді екен. Сәл ес жиған бойда-ақ, шалт қимылдап, еш ойланбастан, алдындағы ет толы табақты "рухани жаңғырып", ұлттық салт-дәстүрді қызғыштай қорғап отырған "намысқойдың" басына төңкере салды.

Бұл оқыс қимылдың нәтижелі болғаны сонша - әлгі "намысқой" құлындай шыңғырды. Артынша биеге таласқан айғырларша қып-қызыл қырғынды бастап кеп жіберді. Кімді кім ұрып жатқаны белгісіз. "Аттан! Аттан, қазақ!..." деп ұрандатқан дауыстар Амантай қажыны еріксіз еске түсіріп, құлақтың құрышын бір қандырғандай.

Апай-топай төбелестің саябыр сәтін күтіп тұрған бір арық жігіт дастарқаннан аш қас­қырша бірдеңені іле далаға қашты. Мұны көріп, ізіне өзіндей арық біреу түсті.

- Әй , нақұрыс! Ілген олжаңмен бөліс!-дейді әлгі ізге түскені қырылдап.

- Бөліспеймін!.. Өзімнің де аузым қызылға тимегелі аттай бір ай болды!.. Оның үстіне, мынауың қас қылғандай, ет емес, желке боп шықты! - дейді қашып бара жатқаны. Десе де, мұрнын еттің исі қытықтап-ақ бара жатқаны да анық-ты. Онысын иіскелектеген мұрны жасыра алар емес. "Аш бала тоқ баламен ойнамайды" деген осы- ау! Ізіне түскен жүдеу де "ет деген­де, бет бар ма?!" қағидасын қатты қадір тұта­тын, қадалған жерден қан алмай қоймайтын нағыз"мінезді ойыншы" боп шықты.

Иә-ә, желкеге таласқандардың жан дүниесін түсінуге де болар!.. Бұлар "рухани жаңғыруда" шатағы жоқ, әлеуметтік жағынан аз қамтылған топқа жататындардан еді. Ауылда жұмыс жоқ. Шиеттей бала-шаға. Анда-санда қолға тиетін азын-аулақ тиын-тебен қайсыбіріне жетсін! "Қасқыр мен қазақтың түсіне ет кіреді" демекші, кей-кейде ет жегісі кеп, қызылсырағанда осындай садақалардың үстінен түсіп, "кедейдің бір тойғаны - шала байығаны" дегендей, "шала байып" қалатын­дары бар еді. Бүгін оның да сәті түспеді. Әкім-қараны жағалап, көңілдерін тауып, бала-шағаларын жұмысқа орналастырып, жан-жағын қамтып алғандар, қысқаша айтқанда, кілең тойынып, " рухани жаңғырғандар" жаға жыртысып, берекелерін кетірді. "Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді" деген осы екен-ау!

"Тең-теңімен, тезек қабымен" деген! Бұлар желкені бөлісе алмай, бірін-бірі қуып кет­кенде, іште қалып, дастарқан басында тө­белесті қыздырып жатқан өңкей дөкей ер­кектердің арасында ішкі есептері - "дастарқан сыпыру" өнерлері толық іске аспай, қысты­рылып қалған әлгі "жілік ұстағыш" кемпір­лердің жағдайы мүлде мүшкілденіп кеткен-ді. Бұл аз болғандай, төбелестің туындауына "бас­ты себепкер" ретінде кемпірлерді кінәлап жатқандар да жетеді.

- Ағайындар! Ортаға ақ орамал тасталды! Шайқас тоқтатылсын! Ата дәстүрден атта­майық! - деп айқайлады алдымен ес жиған біреуі.

Мұны естігендер айылдарын тез жиды. "Ойпырмай! Ақ орамалдың құдіреті-ай!" дескен жұрт "соғысты" аяқ асты тоқтатып, пікірта­ласты бастап кеп жіберді.

- Қап! - деді осы арада өкінген біреу жұ­тына. - Ең болмағанда, майлы еттен бір асағанымда ғой!

- Енді өкінгеннен не пайда!

- Ойбай-ау, осының бәрі - мынаның кесірі! - деді біреу дастарқанда "шіреніп" жатқан кәрі жілікті нұсқап.

- Жоқ!- деді мұны естіген манағы "рухани жаңғырған" патриот, кәрі жіліктің "жанашыры". - Мұның бәрі - қатындарға жілік ұстатқан ананың кесірі!

Жұрт назары енді ет тураған жігітке ауды. Көпшілік ішінен біреуі шыдай алмай:

- Ата дәстүрді бұзып, қатындарға жілік ұстатқанда шыққан мүйізің қане!- деді ашына. Дау ұзап кетті. Шегіне жетер емес. Манадан бері ештеңеге араласпай, тыныш отырған төрдегі ақсақалды кісінің бітпес даудан басы қатып кетті-ау, шамасы?! Сол қолымен маңдайын ұстаған күйі, оң қолымен үстелді қойып қалды.

- Уа, жетер! "Өспейтін бала өнбейтін дауды даулайды" демекші, өңкей өспейтін бала боп кеттіңдер ме, түге?!

Мұндай қаһарлы дауысты Кеңес үкіметі құлағалы естімеген жұрт "тағы да "қызыл командир" келіп қалды ма?" дегендей бір сәт жым болды.

- Тоқтат, өңкей шуылдақтар! Байқаймын, бәріңді де жын қаққан екен! Енді жындарыңды мен қағайын! Дәстүрді сыйлау, рухани жаңғыру - сендердің не теңдеріңді алған! Біреудің дастарқанын бүлдіріп!.. Шеттеріңнен қамату керек!

"Қамату керек!" дегенді естігенде, көп­шілік мұрындарына мұрындық салынған түйелердей жуаси қалды. Тіпті, кейбірі "байтал түгіл бас қайғының" күйін кешіп, "рухани жаң­ғырамыз" деп, ит жеккенге айдалып кетер жа­йымыз жоқ" дегендей, сыртқа қарай жылыстай бастады. Дегенмен, бұл гүріл нәтижелі боп, байлаудан босанып, еркіндіктің ауасын қалай болса, солай жұртқандай күйде, мұрындарына иісі бармаса да, "Демократия!", "Бостандық!" деп даурығып, "демократияның балалық ау­руына шалдыққандай", қарапайым тәртіпті ұмытқан көпшіліктің алыста қалған "кеңестік синдромын" қайта оятып, қорыққандарынан алдарында тұрған "көсемдеріне" бас шұлғыта берді.

Бақтарына орай, бұл "көсем" "қызыл көсем" болмай шықты. Көпшілікті ақылға шақырды. Әсіресе, мына рухы орнықпаған қоғамдағы ер азаматтардың отбасында күрт түсіп кеткен беделін қайта көтеру керек екендігін, отбасы құндылығын қайта жаңғырту, ата-баба айтып кеткен, "Қатынды - бастан, баланы - жастан" қағидасының жалғасы іспетті "Қатын бастаған көш оңбас" ескертпесін естен шығарға­нымызды баса айтты.

- Нәтижесінде, -деді ойын сабақтай түсіп, - қазақ қоғамында "қатын билеген" заман орнап, "Қызды қырық үйден тыю" тәмсілінің тереңіне үңіле алмайтын халге жеттік. Ол ол ма?!. "Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?" демекші, ұлт намысы­ның өлшемі боп келген ару қыздарымыз әлем алдында - интернетте сәукелелерін киіп ап , уәж емес, ақша үшін анадан тумай тыр жалаңаш шешінуге дейін баруын немен түсіндіруге болады?!. Міне, осының бәрі - отбасын билеген көк айыл қатындардың "өзім білемге" салынып, ұлтымыздың ар өлшемі - қызда­рымызды шетелдіктерге байлық үшін, ақша үшін, басқа да нәрселерге дәмелі боп, еш ойланбастан қолдарына ұстата салуды үрдіске айналдырғандарының кесірі екені өкінішті-ақ!

Осылай дей келе, әлгі ақ сақалды кісі "қатындар билеген елде" ұлтымыздың рухани іріп бара жатқанын жеткізді. Сондықтан, бұл үрдісті тоқтатып, ұлт боп ұюымыз үшін шара ретінде әр ауылда ұлттық салт-дәстүрді дұрыс дәріптеп, оны бүгінгі күні ел алдына қойылып отырған ұлы мақсат - "ұлттық жаңғырумен" ұштастырып, дәстүріміздің жаңа үлгісін  жасауда "Билер кеңесін" құруға шақырды.

Көпшілік бұл ұсынысты бір ауыздан мақұлдады.

Иә, бұл пәлсафа иесінің аталы сөзі. Бұл оқиға - ел ішінде белең алған есерсоқтық сезімге бөленгендерден бөлек, ұлттық дәс­түрге берік, нағыз патриоттардың да әлі аз емес екенін көрсетті!

Тек осындай қаймақтарды су бетіне тезірек қалқытып шығарар жағдай қашан туар екен?!

 

Сөз соңы

Иә-ә!.. Бұл оқиғаның негізі - бүгінгі қазақ қоғамындағы, оның ішінде рухани тірегіміз - ауылдардағы шындықтың бір сынығы іспетті. Сонымен қатар, бұдан елімізде қолға алынып жатқан "рухани жаңғыру" әсерінің жұртшылық үшін қаншалықты пәрменін де аңғара аламыз.

Бірақ, қай қоғам болмасын, әр ұлттың толыққанды ұлт болуы үшін өзіне тән мінезі керек екені - бұлтартпас шындық! Бұл туралы талай даналарымыз кезінде қайта-қайта айтып кеткен. Оның дәлелі ретінде, сөз басында келтіріп кеткендей, ХХ ғасырдың басында Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов "Ұлтқа қызмет ету - алдымен, мінезден, сосын білім­нен" деп мінезді алдыға қойса, хакім Абай:

Ынсап, ұят, ар, намыс, сабыр, талап -

Бұларды керек қылмас ешкім қалап.

Терең ой, терең ғылым іздемейді,

Өтірік пен өсекті жүндей сабап,- деп бүгінгі біздің қоғамымыздағы белең алған мінезсіз жандарды да тап басып, міней отырып:

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ -

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой -

Бес асыл іс, көнсеңіз,- деп ұлтымызға қандай мінездің керек екенін, керек емес екенін талдап, айырып, жөн сілтеп кеткен емес пе?!

Ендеше, бізге адуын, оспадар, ойсыз мінезден арылып, парасатты, қиындыққа мойымайтын, жігерлі, сабырлы, қайсарлық сынды адами құндылықтарға толы мінез қажет-ақ! Олай болса, осы жолда аянбай тер төгіп, Қазақ елінің болашағын баянды ету, тәуелсіздігімізді тұғырлы қып, мәңгілік өркениетті ел боп қалыптасу жолында мінезді түзеп, алға нық қадам басуымыз керек-ақ!

 Нұрбай Жүсіп,

Арал ауданы

 Қызылорда облысы

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.