Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

«МЕКТЕПТЕГІ «ОЙБАЙ!»

Мектеп директорының бөлмесінің ашық тұрған терезесінен шыққан ашынған ащы дауыс кешкілік ауаны тілгілеп өтті.

- Ой-бай!... Ой-бай ғана, Құдай-ай!..

Директордың бауыздалған лақтай бақырғаны шағын ауылды дүр сілкіндірді. Әсіресе, мектепке таяу тұрған ауыл мешіті имамы мен дәрігерлік пункт дәрігерінің зәресін зәр түбіне жіберді.

 

Біреуі «Ойбайды» естіп, сөмкесін ала сала жедел-жәрдемге ұмтылса, екіншісі – «Құдайды» естіп, кітабын қолтықтай пенденің иманын үйіруге асықты.

Екеуі мекемелерінен бір мезетте шығып, мектептің есігінің алдында түйісті де қалды. Көздері арбасып қалған «ана ауылдың» маманы мен «мына ауылдың» маманы бір-біріне еріндерін шүртитті.

- Тыш-ш-ту!..

Сөйтті де, бір-бірін енді қайтіп көрмейтіндей шорт бұрылып, есікке ұмтылды. Ашуға булыққан олар бірін-бірі итерісіп тұрды да, кенет ішке қарай құлап, оңқа-шоңқа болды. Бір қызығы, екеуі де тілдерін кесіп тастағандай үнсіз!

Қолдарынан ұшып кеткен заттарын дереу ала сала, орындарынан тұрар-тұрмастан енді директордың кабинетіне қарай жанталасты.

Бір тәуірі, бұл сәтте сабақ әлдеқашан аяқталған-ды. Тек әр кабинетте еден жуған бірен-саран адамдар болмаса, лауазым кабинетінде әзірге директордан басқа ешкім жоқ болатын. Қырсыққанда, бұлар директор кабинетінің есігін аша сала, бір-біріне жол берместен, тағы да кептелді де қалды.

Мыналардың ерсі әрекетіне қатты қайран қалған директор сахнада ескерткіш сомдаған әртісше екі қолы екі жаққа жайылып, аузы ашылған күйі, тапжылмай әлі тұр. Әлі де түкке түсінер емес.

Кенет бірін-бірі итерісіп тұрған әлгілер ішке қарай гүрс етіп құлап, еденді солқ еткізді. Сонда ғана барып есін жиған директордың тілі кәлимаға келді.

-Уа, не болды?!.

Құлаған екеу жауап қатпастан, біреуі – сөмкесін, енді біреуі – кітабын ала сала, директордың жайылып тұрған қолдарына жабыса кетті.

Молдекең директордың оң қолын «еншілесе», дәрігер сол қолын «еншіледі». Сөйтті де,«еншілеріне» ие болған екеуі бір-біріне сөз берместен жарыса сарнай жөнелді.

Молдекең:

- Биссимилла... – десе,

Дәрігер:

- Қан қысымы көтерілген... – дейді.

Екеуі біріне-бірі кезек бермей, лепіріп жатыр, лепіріп жатыр. Қояр емес! Бұлардың әрекетіне әлі түсінбей, миы ашып, мәңгіре бастаған директор столды ұрып үлгерді-ау!

- Уа, не болды! Айтсаңыздаршы, түге!

Бірінші боп, директорды «ана ауылға» асықтырып тұрған  молдекең киліге кетті.

- Мана ымырт үйіріле біреудің «Құдай-ай!» деген жан тәсілім даусын естідім. Сөйтсем, ол сіздікі екен!... Бейшара, директор болса да, мұсылман ғой!... «Жаман айтпай, жақсы жоқ» деген... Жұлдыз шықпай, иманын үйіріп қояйын деп...

«Мынау не деп тұр?!» дегендей директор араша іздеп, енді дәрігерге  қарады.

Мұны тез аңғара қойған дәрігер «жолым болды-ау!» дегендей:

- Бұлардікі осы! Жақсын-жақпасын укол сала салатын надан дәрігерлердей... О дүниеге аттана ма, аттанбай ма, қарамайды... Иманын үйіре салатын надан молда ғой!... Сөзін не қыласыз?! Тіл – өзінікі!... Мен сіз сықылды сыйлы  адамдарға тек қымбат дәрілер саламын. Ештеңе етпейді. Әлі-ақ жазылып кетесіз!.. – деді әлденеден үміттене жарымсақтана сөйлеп.

Мұны естігенде, молдекең шоқ басып алғандай баж ете қалды.

- Өзің надан! Мен жаңа ғана директор үшін ең қымбат аяттарды оқып, жанын алып қалдым. Ал, сен уколыңды әлі салып үлгерген де жоқсың. Демек, директордың жанын алып қалған сен емес, мына мен!

Енді бұл «қорлауға» шыдай алмай, дәрігер желпінді.

- Өйдөйт дерсің! «Қымбат аят» дегенің не тағы?! Өзің базарда тұрмысың?! Құранды саудаға салып жүрген сендейлерден сақтасын!

Екі жағынан кезек-кезек айқайлап тұрған «ана ауыл» мен «мына ауыл» мамандарынан миы атала бола бастаған директор одан әріге шыдай алмай столды қойып қалды.

- Тоқ... тоқ-та-тың-дар!

Осыншама ащы дауысты бұрын-соңды естімеген әлгі екеу табан асты жым болды. Сонда да директордан әлденені дәмететіндей, үміттене қарағыштай береді.

Мұны сезген директор:

- Бұйымтайларыңызды айтыңыздар! – деді шаршаңқы үнмен күрсіне.

Асқан ептілікпен дәрігердің алдын орап кеткен молдекең өзінің пысықтығына аса риза кейіпте жымиған күйі жарамсақтана сөз бастады.

- «Жақсылыққа-жақсылық» демекші, менің әлгіндегі, уақытты ұттырмай, аяттың тәуірін оқып үлгіріп, жаныңызға жалау болған жақсылығымның өтеуі ретінде сізден өтінерім – биыл мұғалімдік оқуды бітіріп келген балдызым бар еді...

Молдекең алыстан орағытқан шырмауық сөзін аяқтап үлгірмеді. Қырсыққанда, директордың алдындағы телефон безілдеп қоя берді.

- Әл-е-е!

- Әй, бә-ле! Директор қайда?!

- Ме... мен...

- Сен болсаң, бұл аудан әкімшілігінен...

- Иә-иә, аға!...

- Менің ана балдызымды не қылдың? Жұмысқа аласың ба, алмайсың ба?!

Директор қипақтап қалды.

- Бізде орын жоқ қой! Әсіресе, ондай мамандық иелері өте көп. Сағат жоқ. Қайда тығарымызды білмей...

Телефонның ар жағындағы өктем дауыс директордың сөзін бөліп жіберді.

- Әй, бала, көп сөзді қой! Қайда тықсаң да, бірдеңе қыл! Әйтпесе, өзіңді бір жерге тығып жіберермін. Ертең өкініп жүрме!..

Байланыс үзіліп кетті. Алайда, қытайдың саңқылдақ телефонынан әңгіме желісі түгел естілген-ді. Бұл жәйт директордың кабинетіне сүріне-қабына кірген әлгі екі «үміткердің» үміт отын өшіре жаздаса, директор басын ұстаған күйі тағы да ойбайлайын деп еді, есіне әлдене түскендей райынан тез қайтты. Дереу есін жиып, жан-жағына қарағыштай бергені сол еді,- әлгі қытай телефоны қайта шар ете қалғаны.

Директор қорқасоқтай телефонды ақырын көтерді. Әдеттегідей «ә-ле» десе, тағы да бір дөкейден «бәле» дегенді естіп қалармын деді ме, даусын сәл зорайта:

- Әлө-ө! – деді.

Арғы жақтан мұның қатесін түзегендей біреу:

- Ө-ө!.. – деп алды да, - бұл облыстық білім  басқармасынан ғой! – деді ыңырана.

Директордың өңі сұп-сұр боп кетті. Өзі аңғарғандай әңгіме желісі әлгіндегідей өрбіді. Бұл жолғысы облыстағы жуанның бір танысын мектепке жұмысқа алдыру екен.

Әттегенайы сол – бұл әңгіме де директорға сес көрсетумен аяқталды. Сесінің айбатты шыққаны сол - «үміткерлердің» жүні жығылды да қалды. Үміттері мүлде үзілуге айналды. Осы сәтті аңдығандай әлгі қытай телефоны тағы да бажылдай жөнелді. Тұтқа көтерілді.

- Қайдан?...

- Министрліктен!

Осы кезде кабинетте қызық жағдай қалыптасты. Әлгі екі үміткердің қалтырағандары сонша - аяздан қорғанған мысықтардай бір уыс боп, бір-біріне тығыла түсті. Есесіне, «министрлік» дегенді естігенде, «Елбасына жақын адамдар ғой, ақыры әділеттіктің ақ туын желбірететін болды-ау!» деп ойлап, еңсесін тіктеп, командиріне мәлімдеме жасайтын сарбаздай жиналып, тіп-тік тұрған күйі:

- Біз Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын басшылыққа алып... – деп саңқылдап бастай берген директордың патриоттық рухқа толы сөзін телефонның арғы жағындағы дөкейдің гүрілі бөліп жіберді.

- Жолдас директор! Сізге жаңғыру керек пе?!

- Иә.

- Онда анау менің адамымды жұмысқа қабылдаңыз! Әйтпесе, маған ренжімеңіз!.. Жігіттерді жіберіп, құлағыңызға қаңылтырдан барабан қақтырып, кәстрөлдің қақпағын ойнатып, миыңызды мәңгілікке жаңғыртып, түсіңізден шошытып, өзіңізбен өзіңізді сөйлетіп, әулиелерді жағалатып қоярмын! Түсінікті ме?!

- Тү...тү...тү...

- Түсінікті болса, орындаңыз!

Сыпайы болса да, мынадай өктемдіктің куәсі болған молдекең мен дәрігер көптен сағынысып, «ой, бауырымдап!» көріскен бауырлардай бір-біріне жабысқан үстіне жабыса түсті.

Мұны азсынғандай, айналасына қорқы-ныштың дәнекері боп тұрған әлгі телефоны бар болғыр, кенет әдеттегіден ерекше үн шығара безілдей жөнелмесі бар ма?! «Қашайын деп тұрған қоянға «тәйт!» деген соң, не оңсын?!» демекші, директордың кабинетінде «табысқан бауырлар» бір-біріне жабысқан күйі, сатылап өсіп келе жатқан телефондағы дөкейлер дәрежесінің кезегі кімге келіп тірелгенін іштей сезгендей, «қашпақ болсаң, зымыра» дегендей, әлгіндегі сыймаған есіктен зып етіп шығып, көзден ғайып болды.

Мына көрініс директордың басын еріксіз шайқатты. «Қорыққаннан артың бір уыс болады» деген халық даналығына қайран қалды.

Қиялына сәл ерік беріп алған директор тез есін жиып алды. Өйткені, әлгі «ерекше телефон» айрықша үн шығара әлі безілдеп тұр екен. «Үлкен адамды бұлайша күттіріп қою – мен үшін өліммен тең!» деген патриоттық сезім директорға телефон трубкасын еріксіз алдырды. Тұла бойында ұлы сілкініс пайда болған директор аса салтанатты түрде:

- Алло! – деді.

- Бұл - Елдосы! – деді ар жақтан іліп әкетіп.

«Қорыққанға қос көрінер» деген, қапелімде «Елдосы» дегенді «Елбасы» деп ұққан директор:

- Құрметті Елбасы, сізбен сөйлесу құрметіне ие болғаным үшін аса бақыттымын! –деді салтанатты түрде.

Арғы жақта сәл үнсіздік орнады. Мұны Елбасының аса сыпайылығы, қарапайым халықты құрметтеуі деп ұққан директор арқасы бар адамдай тіпті аруақтанып кетті.

- Біз сіздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақалаңызды басшылыққа ала отырып, «Болашақ – білімде» деген ескертпеңізді есімізге нық ұстап, биылғы оқу жылында барлық қысымға қарамастан, тамыр-таныссыз, тек қабілетті жастарды ұстаздыққа қабылдауды ұйғардық. Сіздің салып берген сара жолыңыздан сәл де ауытқымаймыз! Алға, Қазақстан! Алға, Елбасы!

«Мына сөзді маған айтып тұрма, әлде басқаға ма?» деп аң-таң қалған Елдосы ішіндегі «жүз грамының» күшімен кенет қарқылға басты.

- Өй, жарайсың! Есіңіз кірейін  депті ғой! О-ха-ха-ха!

Мына күлкіні естігенде, директор қатты таңқалды. Елбасының риясыз күлкісі – өзінің балдызының күлкісіне қатты ұқсайды екен! «О, тоба, қандай сәйкестік!»

- Кешіріңіз, Елбасы! Сіздің күлкіңіз менің балдызымның күлкісінен аумайды екен!..

- Мен сіздің балдызың емей, кімнің балдызы едім?!

Директор бұл сауалға сәл абыржып қалды.

- А-а!... Сіз Елбасы емесcіз бе, сонда?!.

- Жоқ, мен Елбасы емеспін, Елдосымын! Яғни, сіздің балдызыңыз... Мектепке жақында қарауыл боп кірген!.. Өзіңіз біртүрлі сөйлеп тұрсыз ғой?! Ауырып тұрған жоқпысыз?!

Манадан бері патриотизмның сезіміне бөленіп тұрған директор осы жерде күйіп кетті. Бағанадан Елбасымен сұхбаттасып тұрмын десе, алқаш балдызының алдында «ақымақ» боп тұр екен-ау!

- Иә – иә, не дейсің?! – деді балдызына қатты ашулана.

- Не дегенде ... Сәл-пәл кешігіп жатыр едім. Мектепке бас-көз бола тұрсаңыз. Көп кешікпей барамын...

- Сонда... Сонда маған енді қалғаны – мектепке қарауыл  болу ма?!

Директордың аяқ-қолы дірілдеп, трубканы тастай салды. Біразға дейін өзіне-өзі келе алмады. Тек «Жаман иттің атын Бөрібасар қояды» деген рас екен -ау!»- деді тістене.

Туған-туыстарының қысымымен осы бір есерсоқтау балдызын мектепке қарауылдыққа алғаны есіне түсті. Енді онысына өзі де қатты өкіне бастады. Ойбайлайын деп еді, «тағы біреу жетіп келер» деп қорықты.

Есік-терезені әбден қымтап жауып болған соң барып:

- Ой-бай, ой-бай ғана, Құдай-ай! Бұл қазақ қашан адамдарды туған-туыстыққа бөлмей, қабілетіне қарай бағалар екен! - деп, қапалана ақырды.

Сөйтті де: «Жылда осы! Мектептерде ауыс-түйіс қозып, әсіресе халық тығыз орналасқан оңтүстік өңірлердегі мектептерде орын болмаса да, тамыр-таныстарын тықпалаған дөкейлер мектеп директорларын ойбайлатады да жатады.

Бұған тыйым бар ма?! Қоғам бұлай өзгеріссіз қала берсе, оның түбі жақсылыққа апармас!.. Одан да сол дөкейлер жастардың жағдайын жасап, жұмысы көп, адамы аз солтүстік өңірлерге неге көптеп жібермеске?!.» – деді директор өзінің де қылығына қынжыла сыбырлай, орындығына сылқ етіп отыра кетті.

Нұрбай ЖҮСІП

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 29 30 31

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 24 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.